Энп-11-1 тобының магистранты



Дата04.07.2016
өлшемі35.32 Kb.
#178620
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің

ЭНП-11-1 тобының магистранты

Мырзалимов Медет Бергенович

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ҮНЕМДЕУ МҮМКІНДІКТЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОҢТАЙЛАНДЫРУ


В данной статье сказано о путях уменьшения производственных расходов на предприятиях

Әрбір кәсіпорын өз қызметін жүргізу барысыныда үлкен пайда алу мүмкіндігін көздейді. Осыған орай, әрбір кәсіпорын алдында өндірістің өнім көлемін ұлғайту факторларымен қатар, өндіріс шығындарын үнемдеу проблемасы туындайды.

Шығындарды үнемдеудің маңызды жолдары еңбек және материалдық өндірісте тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу болып табылады. Өндіріс шығындарының құрылымының маңызды бөлігін еңбек өтемақысы алады. Сол себепті шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, еңбек өнімділігінің өсуін, әкімшілік-қызмет көрсететін персоналдың санын төмендету сияқты міндеттер өзекті болып табылады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуге, еңбек өнімділігін өсуіруге әр түрлі тәсілдермен қол жеткізуге болады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары - өндірісті механизациялау мен автоматтандыру, прогрессивті, жоғары өндірістік технологияларды құру және қолдану, ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру және модернизациялау. Бірақ, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жақсартусыз қолданылатын техника мен технологияларды жетілдіру шараларын жүргізу қажетті нәтиже бермейді.

Еңбек өнімділігін жоғарылату үшін маңызды жағдай оны ұйымдастыру, яғни жұмыс орынын дайындау, алдынғы қатарлы әдістерді қолдану және жұмысты қабылдау б.т.

Өндірісті ұйымдастыруға аутсорсингті мысалға келтіруге болады. Аутсорсинг деп өндірістің негізгі процесіне көңіл бөле отырып, жанама өндірістік процестерді басқа арнайы маманданған компанияларға тапсыруын айтамыз. Яғни, жанама өндірісті басқа компанияларға бере отырып, кәсіпорын өзінің еңбек сыйымдылығын азайтады және еңбек өнімділігін көбейтеді. Осы жанама өндіріске кететін шығындарды азайтады. Бұл әдісті пайда болғанына аз уақыт болса да кеңінен қолданыла бастады әсіресе жақында болған дағдарыс кезінде байқауға болады. Енді осы аутсорсинг жайында тоқтала кетейік.

Аутсорсинг жайында шешімді келесі факторларды есепке ала отырып қабылдаған жөн:


  • Көмекші яғни, жанама өндіріспен айналысатын компанияның мүмкіншіліктері мен қуаттылығы;

  • шығындар және артықшылықтарының байланыстары;

  • корпоративтік мәдениет ерекшелiктерiн есепке алу.

Мысалға, ОАО «Олкон» 2003 жылдан бастап өзінің кейбір жанама жұмыстарды орындауды арнайы маманданған компанияларға берді: [1]

  • техникалық қызмет көрсету тау және уатқыш-майдалау жабдықтардың ағымдағы және авариялық жөндеу (ООО «Реммех – техно) ;

  • Жылу энергиясын өндіру (ООО «ТЭК»);

  • Комсомол карьерасынан кендерді тасымалдау (ООО «РВД – сервис»)

Қаламыздағы Қазақмыс корпорациясы да аутсорсингті кеңінен қолдануда. 2007 жылдан бастап маманданған компанияларға бере бастады:

  • Кендерді тау кен кәсіпорындардан теміржол көлігімен тасымалдау, локомативтерді және теміржолдарды жөндеу және қызмет көрсету;

  • Шахтерлердiң, көмекші персоналдардың, цехтар мен кәсіпорындарға қызмет ететіндердің алдын алу қоректенуi;

Осы жұмыстар жүргізілгесін біршама шығындар азайған оны 2008 – 2010 жылдардағы персонал санының азайғанынан білуге болады (1 сурет)[2]

Яғни, 2008 жылы жұмыскер саны 30400 адамды құраса, 2009 жылы 29227 адамды құраған ал, 2010 жылы бұл көрсеткіш 26375 адамға азайған . Жұмыскердің азаюы персоналдарға кететін шығындың азаюына әкеледі.Енді еңбек сыйымдылығына келетін болсақ.

Өнім өндірісінде шығындар құрылымында материалдық ресурстар 3/5 бөлігін құрайды. Бұл жерде ресурс жинақтаушы технологиялық прооцестерді қолдану мәселесі орын алады. Жеткізіп берушілерден келіп түсетін шикізат пен материалдардың, бұйымдардың сапасын бақылау және талаптарды күшейту де маңызды мәселелер болып отыр.

Сатып алынатын шикізаттардың, материалдардың легі қаншалықты көп болса, орташа жылдық қор көлемі және де осы шикізат пен материалды қоймаға орналастырумен байланысты болатын (қойманы жалға алғаны үшін төлемдер, ұзақ уақыт бойы сақтаудан болған жоғалтулар, инфляциямен байланысты және т.б. ) шығындар көлемі де соншалықты көп болады.

Өзіндік құнды жоспарлаудың негізгі мақсаты өндіріс шығындарын үнемдеудің бар резервтерін анықтау мен қолдану және ішкі шаруашылық жинақтарды жоғарылаты. Өзіндік құн бойынша жоспарлар еңбектің прогресивті шығындар нормасынан, құрал-жабдықтарды қолданудан, шикізат, материалдар жанармай және энергия шығындарын ескере отырып туындауы қажет. Шығындарды тек қана ғылыми ұйымдасқан нормалау кезінде өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға және қолдануға болады.

Өнімнің бір түрін шығару кезінде осы өнім бірлігінің өзіндік құны оны өндіруге кететін шығын деңгейі мен динамикасын көрсететін көрсеткіш болып табылады.Әр түрлі өнім түрлерінің өзіндік құнын сипаттау үшін жоспарлар мен есептеулерде салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құнын төмендету көрсеткіші мен тауар өнімінің 1 тенгеге шығын көрсеткіші қолданылады.




Қолданылған әдебиеттер :


  1. Горный журналы 2009ж

  2. Незаметдинов М.К. // «Шығындарды басқару», 2010ж

  3. Дауренбекова А.Н. // «Шығындарды басқару » 2009ж


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет