Энтериттер, колиттер, панкреатиттер. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру



бет1/6
Дата23.11.2022
өлшемі485.83 Kb.
#465501
  1   2   3   4   5   6
Энтериттер, колиттер, панкреатиттер. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Энтериттер, колиттер, панкреатиттер.

Созылмалы энтерит

  • Созылмалы энтерит
  • Созылмалы энтерит – жіңішке ішектің кілегей қабатының қабынуынан, дистрофиялық, атрофиялық өзгерістерінен жіңішке ішекте ас қорытылуының, сіңірілуінің бұзылысына алып келетін полиэтиологиялық ауру.
  • Этиологиясы. Созылмалы энтерит – полиэтиологиялық ауру;
  • 1. Инфекциялар (сальмонеллез, дизентерия, иерсиниоз, энтеровирустық инфекция), паразиттік инвазия (лямблиоз, ішек құрттары).
  • 2. Улық ықпалдар – дәрмектер, ішімдік.
  • 3. Алиментарлық ықпалдар (белоктық, витаминдердің тапшылығы, үнемі құрғақ тамақ ішу, тамақты тоя ішу).
  • 4. Тағамдық аллергия (көбінесе сүтке, шоколадқа, жұмыртқаға, балыққа, әсіресе теңіз балықтарының етіне).
  • 5. Асқорыту жолдарының функциялық бұзылыстары.

Клиникалық көрінісі.

  • Клиникалық көрінісі.
  • Мальдегистия синдромы; ас қорытылуына қажетті ферменттердің жетіспеуінен химустың (тамақтың) ішек бойында тез өтуі.
  • Ішектік диспепсия; іш тәулігіне 6-8 рет өтіп, нәжісі 1-1,5 л. болады. Дәреті қоймалжын немесе сүйық . Сүт ішсе – іші қорылдап, түйіліп ауыра бастайды және өтеді. Іштің ауыруы ішектің түйілуінен, газбен керілуінен немесе шажырқай түйіндердің қабынуынан болады. Метеоризмге байланысты ауырсыну тамақтанғаннан 1 -3 сағаттан кейін білінеді, кешке жақын күшейеді, дефекациядан немесе жел шығарғаннан басылады.
  • Мальабсорбция синдромы. Ішектің сіңіру процесстері бұзылғандықтан дене салмағы төмендейді, астенизацияның, полигиповитаминоздың көріністері пайда болады - тілдің ашып ауыруы, сілекейдің ағуы, глоссит, дерматит, деменция, терінің құрғақтығы, түлегіштігі, жұқаруы, тырнақтардың жолақтанып қалыңдауы, шаштың түсуі анықталады.
  • Гипокальциемия белгілері – саусақтың, тіл үшының, мұрын, ауыз үшбұрышының жансыздануы, ұю сезімдері, сүйектердің сырқырап ауыруы.

Тексергенде:

  • Тексергенде:
  • 1. Копрологиялық зерттеуде - сары, сүйық, сілтілі реакциялы нәжіс, полифекалия, креаторея.
  • 2.Дисбактериозды анықтау үшін нәжістің микробтық құрамы зерттеледі: қалыпты флора азаяды, ал ішек таяқшалары, протей, стафилококк, гемолиздеуші стрептококк көбейеді.
  • Емі. Емдәммен емдеу. Өршу кезінде N4, диарея азайып ремиссия болғанға дейін N4б, Ал ремиссия кезінде N4в емдәм беріледі.
  • Антибактериялық – тетрациклин, левомецитин, эритромицин, фурозалидон.
  • Пробиотиктер: аэробтық флорада– колибактерин, анаэробтық флорада – бифидумбактерин, аралас флорада – бификол, бифиформ
  • Антидиареялық дәрмектер: Реасек, имодиум іш өткен сайын 1 капсуладан.
  • Ферменттік дәрмектер: панкреатин, фестал, полизим, дигестал, хилак форте .
  • Спазмолитиктер: но- шпа, дюпасталин
  • Метаболизмдік бұзылыстарды жоюға: ретаболил, неробол, поливитаминдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет