ӘОЖ: 378 [37. 035: 37. 013] Қолжазба құқығында Иманбетов Аманбек Нұрқасымұлы



бет1/2
Дата27.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#27997
түріДиссертация
  1   2
ӘОЖ: 378 [37.035:37.013] Қолжазба құқығында

Иманбетов Аманбек Нұрқасымұлы


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2007

Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Арынғазин Қ.М.
педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Рамашов Н.Р.


Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Қожахметова К.Ж.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Қалиев Ж.Н.

Жетекші ұйым: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университеті

Диссертация 2007 жылғы «____»________ сағат ___ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, 1-дәрісхана.

Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).


Автореферат 2007 ж. «____» ______________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Мәлібекова М.С.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттердің міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, оларға патриоттық тәрбие беру бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл - сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол - қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі.

Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас болып табылады.

Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға ықпал етті.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.

Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің арқауы болған «социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге жойылды. Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады. Мұның бәрі келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ мамандардың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән беру, олардың бойында патриотизмі қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуін, елімізде тыныштық пе бейбітшіліктің мәңгілік қанат жаюын қамтамасыз ететіні анық. Өйткені патриотизм әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.

Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.

Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру, болашақ мамандарға тәлім-тәрбие беру мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Қ.М.Арынғазин, Қ.Ж.Аганина, Ш.Ә.Әбдіраман, Б.Әбдікәрімұлы, С.Ә.Әбдіманапов, Ғ.З.Әділғазинов, Е.З.Батталханов, А.А.Бейсенбаева, В.В.Егоров, С.Т.Каргин, Б.Т.Кенжебеков, Ғ.М.Кертаева, М.С.Мәлібекова, Г.Ж.Меңлібекова, Б.К.Момынбаев, Н.Ә.Мыңжанов, Л.А.Шкутина, Н.Д.Хмель, т.б.еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау, мамандардың этнопедагогика және этномәдениет негізінде кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдар М.Х.Балтабаев, Қ.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева,т.б. еңбектерінің арқауы болды.

Жастарға интернацоналдық-патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеумен республикамызда бірқатар ғалымдары айналысып, мына бағыттарда зерттеулер жүргізді:

- ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық, интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тәрбиесі - С.Ешімханов, Р.С.Елубаева, Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, С.Нұрмұқашева, Н.Р.Рамашов т.б зерттеулері;

- қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизмді қалыптастыру - К.Т.Әбілғазиева, Ғ.Б.Базарғалиев, Ж.Бөжиг, Д.С.Құсайынова, т.б. зерттеулері;

- халық педагогикасы арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру – А.А.Бейсембаева, Ж.Н.Қалиев, М.Ж.Құрманбаева, т.б. зерттеулері.

Қазақстанда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беру мәселесіне А.К.Қалимолдаева, Е.С.Салтанов, Ү.К.Санабаев зерттеулері арналды.

А.К.Қалимолдаева зерттеуінде қазіргі жағдайда тұтас педагогикалық процесте болашақ мамандардың патриотизмін қалыптастыру мәселесі зерттелді.

Е.С.Салтанов әскери кафедра материалдары негізінде жоғары оқу орындарының оқу процесінде әскери-патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздерін анықтап, әдістемесін жасаған.

Ү.К.Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің педагогикалық негіздердін өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.

Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жасалынған талдау зерттеп отырған мәселенің әлі де болса толық шеміні таппағанын байқатты. Осыдан келіп, қазіргі жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады. Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде студенттерді ел жанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі, қазақ этнопедагогикасы арқылы студенттерге патриоттық тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың жоғары оқу орындарының педагогикалық процесінде жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Сондықтан студенттердің оқу-тәрбие процесін қазақ этнопедагогикасының негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу біздің зерттеу проблемамызды айқындайды.



Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беру процесі.

Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнындағы қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиесі.

Зерттеудің мақсаты: қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктерін анықтап, патриоттық тәрбие берудің моделін жасап, оқу-тәрбие процесіне ендірсе, онда студенттерге патриоттық тәрбие берудің тиімділігі артады, өйткені халықтың педагогикалық тәжірибесі - патриоттық тәрбие өзегі.

Зерттеудің міндеттері:

  • қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздерін ашу;

  • студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу;

  • студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделін жасау;

  • қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие идеялары жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, этнопедагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.

Зерттеудің негізгі көздері: әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-тәрбиелік мұралары; Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы орта және жоғары білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы»; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы (2000); оқу және тәрбие процесінің бағдарламалары; психологтар мен педагог ғалымдардың, жазушылардың, соғыс ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арналған еңбектері.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық, әдебиеттерге талдау жасау; жоғарғы оқу орындарында студенттердің оқу-тәрбие процесін бақылау; студенттермен әңгіме жүргізу; сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері ашылды;

  • «қазақстандық патриотизм» мен «ұлттық патриотизм» ерекшеліктері айқындалды жәні анықтамалары нақтыланды;

  • жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің моделі құрылды;

  • қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесі жасалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:

Жоғарғы оқу орны студенттерін патриотизмге тәрбиелеуде жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды орта арнаулы оқу орындарының оқу- тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болады.

Студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды. Олар мына бағытта пайдаланылады:

- «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» атты типтік бағдарлама жасалып, оқу-тәрбие процесінде пайдаланылды;

- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, оқу процесіне енгізілді;

- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курсты оқытудағы тәрбиелік іс–шаралар жүйесі жасалынды (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату, аударыспақ, т.б. жарыстары);

- «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты оқытушылармен семинар бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық-педагогикалық негіз зерттелді, патриоттық тәрбие беру бойынша деректер жинақталды.

Екінші кезеңде (2002-2005 жж.) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп, сұрыптаудан өткізілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен әдістемесі анықталып, жоғары оқу орындарында іс жүзінде жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде (2005-2007 жж.) жиналған материалдар теориялық тұрғыда қорытындыланды. Патриоттық тәрбиеге байланысты педагогикалық құнды ой -пікірлер сараланып, жүйеге келтірілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қорытындылар жасалды, зерттеу тұжырымдамалары анықталды. Іріктелген материалдар ғылыми зерттеу жұмысы болып жинақталды.

Зерттеудің базасы:

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетінде, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану және дене тәрбиелеу мәдениеті факультетінде өткізілді.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері;

  • студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм ерекшеліктері мен ұлттық патриотизм ерекшеліктері;

  • студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделі;

  • тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың әдістемесі мен нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі.

Зерттеу нәтижелері халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда көрсетілді (Қарағанды-2002-2006; Астана-2005; Павлодар-2005) және ғылыми басылымдарда (Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2003, №4, 2004, №4, 2006, №4; Қазақстан мектебі, 2005, №5-6; Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы, 2006, №2; Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2006, №2) жарияланды. «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» типтік бағдарлама, «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты әдістемелік нұсқау әзірленді.



Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, негізгі кезеңдері, зерттеу базасы, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі берілді.

«Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда студенттерге патриоттық тәрбие берудегі қазақ этнопедагогикасының бағыт-бағдары ашылды, сонымен қатар «қазақстандық патриотизм» мен «ұлттық патриотизм» ерекшеліктері қарастырылды, студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделі жасалып, сипатталды.

«Жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері» атты екінші тарауда жоғары оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың мүмкіншіліктері және студенттерге оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие берудің жолдары қарастырылып, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізу әдістемесі көрсетіледі және оның нәтижелеріне талдау жасалынады.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
Негізгі бөлім
Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды.

Ал Қазақстан - әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан халықтық педагогика негізінде студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы бар.

Ғылыми зерттеулерді оқып-зерделеп талдағанда және педагогикалық тәлім-тәрбиені ұйымдастырғанда студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориясы өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.

Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой-пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын-жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану да қарастырылып келеді.

Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мәні жағынан студенттердің ішкі дүниесін, оның рухани–адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін және солай бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі қазақ халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.

Біз жұмысымызда егемендікпен қоса келген «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм» ұғымдарымен байланысты «қазақстандық патриотизм ерекшеліктері» мен «ұлттық патриотизм ерекшеліктерін» анықтап, жоғарғы оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен бағыттарын айқындадық.

Ұлттық және жалпы қазақстандық намысты ояту мәселесіне келгенде, қазіргі қоғамда демократиялық өзгерістерге орай жаңаша патриоттық беруде қазақ этнопедагогикасы студенттердің рухани азығына айналып отыр.

Студенттер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет.

Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс. Сондықтан да үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижелері басылым беттерінен көрініс тауып жатса, жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруда оң шешім болар еді.

Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан біз өз зерттеуімізде патриотизм, әскери патриотизм, ұлтаралық қатынас мәдениеті тұрғысынан интгеративті құрылым ретінде қазақстандық патриотизмнің мәнін ашып көрсеттік (сурет 1).

Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.

Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

1. Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.

4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.

5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

6. Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпыадамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мектеп, жоғары оқу орындарының тәрбие жұмыстарының негіздеріне кірді. Тәрбиелік жұмыстар коммунистік идеологияға негізделіп, оқу-тәрбие жұмыстары негізінен орыс тілінде жүргізілуіне байланысты қазақ тілі біртіндеп өмірден шеттеле бастады.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланылып, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді. Студенттерге жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершілікті мойындарына алған студент жастар ұйымдары негізінен коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді. Жоғарғы оқу орындары оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспады. Ұлттық тәрбиедегі ұрпақ сабақтастығы сақталмады. Осыған орай, кейбір мәселелердің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анық. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда заман ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындады. Ұғымдар, түсініктер, ереже, қағидалар арқылы студенттер санасында білім қалыптасып, ол өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде қазақстандық патриотизммен қатар сүйенетін негізгі ұғымның бірі – ұлттық патриотизм.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен, белгілі бір ұлттың өкіліне сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы арқылы әрбір адамның патриотизмін күшейте түсіру болып табылады. Жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру ісінің маңызы зор екенін біз өз зерттеулерімізден көріп жүрміз. Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге тиіс. Ұлтының наным-сенімдерін, саяси көзқарастары мен ұстанған бағыт-бағдарын, ұлттың әрбір азаматы өз ұлтының ерекшеліктерін танып білуі керек. Ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, жетістіктеріне шаттану – ұлттың әрбір өкілінің азаматтық борышы. Біздің зерттеуімізде көтеріліп отырған ұлттық патриотизм ерекшеліктері студенттердің өз ұлтының тарихы мен географиясымен, батырлары мен біртуар тұлғаларының ерлік істерін білуіне негізделеді.

Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғары оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруді жүйелі талдап, зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық патриоттизмді қалыптастырудың құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тб. Осыған сәйкес біз ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәнін ашып көрсеттік (сурет 2).

Сурет 2 – Ұлттық патриотизмнің мәні


Ќазаќтыњ патриоттыќ-отанс‰йгіштік тєрбиесі - терењнен тамыр тартќан, халќымыздыњ сан ѓасырлыќ болмысыныњ, д‰ниетану кµзќарасыныњ, аќыл - ойы мен салт-дєст‰р мєдениетініњ кµріқу-тәрбие процесінің гогикасыесп, жоғары оқу оырндарында іс жүзінде жүзеге асырлыд.нісі. Осыларды бойѓа дарытпай т±рып келер ±рпаќты патриоттыќ отанс‰йгіштік тєрбиеге лайыќты ќалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін ќорѓайтын жєне осы маќсат жолында бар к‰ш-жігері мен аќыл ќайратын ж±мсап, отаншыл азаматтарды, яѓни наѓыз патриоттарды тєрбиелеп µсіру м‰мкін емес. Сайып келгенде, студенттерді ±лттыќ тєрбие негізінде жан-жаќты жетілген «сегіз ќырлы, бір сырлы», құзыреті жоғары маман етіп тєрбиелеу қажет. Біздіњ зерттеуіміздіњ µзегі болып отырѓан ќазаќ этнопедагогикасыныњ негізінде патриоттизмге тєрбиелеу осы пайымдаулардан µрбиді. М±ндай кµккейкесті ізгі маќсатты іске асыру жолында мынадай тєрбиелік ±станымдар басшылыќќа алынды:

Біріншіден, к‰ні ертењ болашаќ маманнныњ елін, жерін с‰йетін намысшыл азамат болуын ойластыру. Б±л алдымен, ќадірлі ќариялардыњ, кµпке сыйлы ‰лкендердіњ бата-тілектерінде, ырым-жоралыларында µзекті орын алады.

Екіншіден, студенттерді ењбекс‰йгіш, елгезек азамат етіп тєрбиелеу. Б±л маќсаттаѓы ой-пікірлер ќазаќтыњ халық шығармашылығында мол кездеседі.

‡шіншіден, «бірінші байлыќ - денсаулыќ»-деген ќаѓиданы пір т±тќан халќымыз тєн с±лулыѓына ерекше мєн берген. «Тєні саудыњ - жаны сау!», «Ауру - астан», «Тєн жарасы мен жан жарасы - егіз», - деп дене тєрбиесіне ерекше кµњіл бµлген.

Тµртіншіден, халќымыз этнопедагогикасыныњ ыќпалы арќылы ±рпаќ бойындаѓы ізгі адамгершілік ќасиеттерді орныќтыруѓа парасат иесі етіп тєрбиелеуге ±мтылѓан, ізгілікке, адалдыќќа, ар - ожданды ќастерлеуге, уєдеге берік болуѓа тєрбиелеген. «Жаным - арымныњ садаѓасы», «Жан саќтама, ар саќта», «Тєні с±лу - с±лу емес, жаны с±лу -с±лу»- деп арды, адалдыќ пен ќасетті бєрінен жоѓары ќойѓан.

Бесіншіден, патриоттыќ сезімнен ажыратып алѓысыз гуманизм этнопедагогикалыќ тєрбиеніњ басты ќаѓидаларыныњ бірі. «Отан отбасынан басталады» деген даналыќќа ±йыѓан халќымыз ±рпаѓын ата-ананы, ‰лкендер мен кішілерді ќ±рметтеуге, елдіњ, халыќтыњ ќамќоршысы болуѓа ‰ндеген. Алтыншыдан, «Білім - таусылмас кен, µнер - µлмес м±ра», «Білекті бірді жыѓады, білімді мыњды жыѓады», «Аќыл кµпке жеткізер, µнер кµкке жеткізер», «Оќу - білім б±лаѓы, Білім - µмір шыраѓы» т.б. кµптеген маќал - мєтелдер тудырѓан халќымыз осынау ќ±ндылыќтар - µнер мен ѓылым тіршіліктіњ т±тќасы, µмір шамшыраѓы деп білген. Сондыќтан халќымыздыњ µте бай ауыз єдебиеті н±сќаларындаѓы маќал-мєтелдердіњ мєн-маѓынасын µскелењ, ±рпаќќа насихаттап, санасына сіњіріп отыру ќажет.

Жетіншіден, адам µмірі табиѓат аясында µтетін болѓандыќтан, бабаларымыз ѓ±мыр бойы табиѓатты аялауды м±рат т±тќан. Б‰кілєлемдік тіршіліктіњ ќ±дреттің тµрт т‰рі бар. Олар: К‰н - ана, Жер - ана , ауа мен су. Егер осы тµрт негіздіњ біреуі болмаса, тіршілік тоќтайды. Сондыќтан да адамзат к‰нді, жерді анадай ардаќтайды, жер мен судыњ єулиелігін ќастерлеп, єрекет жасап, ќызыѓын кµреді.

Біз зерттеу жұмысымызда жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы мен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиелілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштерін құрылымдық жүйе ретінде қарастырып әзірледік (кесте 1).

Бұл істердің жүзеге асуы студенттердің оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, студенттердің дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі жіктемесін мақсатты түрде таңдап, олардың үздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, көп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

Осы өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде зерттелетін қасиеттердің қалыптасу деңгейлері анықталды: төмен, орта, жоғары.

1. Төмен деңгей: қазақ этнопедагогикасына деген қызығушылығы, құрмет сезімі бар, оның патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін және ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын жете түсінбейді. Когнитивтік, мінез-құлықтық компоненттерін меңгермеген.

2. Орта деңгейі: қазақ этнопедагогикасына ерекше құрметпен қарайды, оны оқып-үйренуге қызығушылығы бар, құнды идеяларды дұрыс қабылдай алады, оның патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін және ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын түсінеді, қазақ этнопедагогикасы туралы білімі үстірт, патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм туралы түсінігі нақты емес, патриоттыққа, елжандылыққа баулудың қазақ этнопедагогикасындағы халықтық дәстүрлер мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті туралы білімі жеткіліксіз, мінез-құлықтық компоненттің кейбір элементтерін ғана меңгерген.


Кесте 1 – Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиелілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері


Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мотивациялық

Қазақ этнопедагогикасына деген саналы көзқарас, оның қоғамдық мәнін түсіну, қажеттілігін сезіну

қазақ этнопедагогикасына ерекше құрметпен қарау;

қазақ этнопедагогикасын оқып-үйренуге қызығушылықтың болуы;

қазақ этнопедагогикасындағы құнды идеяларды дұрыс қабылдай алуы;

қазақ этнопедагогикасының патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінуі;

қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын түсінуі.


Когнитивтік

Қазақ этнопедагогикасы туралы білімнің және патриоттық сана-сезімнің болуы

қазақ этнопедагогикасының қалыптасу, даму тарихы туралы білімі;

қазақ халық шығармашылығының мазмұндық ерекшеліктері туралы білімі;

қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік идеялары туралы білімі;

патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм туралы түсінігінің болуы;

патриоттыққа, елжандылыққа баулудың қазақ этнопедагогикасындағы халықтық дәстүрлерін игеруі;

қазақ этнопедагогикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игеруі.



Мінез-құлықтық

Қазақ этнопедагогикасын патриоттық іс-әрекетте қолдану білігі

ұлттық мәдени шараларға, үйірмелерге, спорт секцияларына, этномәдениет орталықтарына қатынасуы;

қазақ этнопедагогикасының негіздерін күнделікті іс-әрекетінде қолдану;

қазақ халқының мүддесін қорғай білуі;

іс-әрекетінде қазақ халқының патриоттық құндылықтарын белсенді және саналы түрде қолдануы.


3. Жоғары деңгейі: қазақ этнопедагогикасына ерекше құрметпен қарайды, оны оқып-үйренуге қызығушылығы жоғары, құнды идеяларды саналы қабылдай алады, оның патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін және ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын жете түсінеді, қазақ этнопедагогикасы туралы білімі айтарлықтай терең, патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм туралы түсінігі жоғары, патриоттыққа, елжандылыққа баулудың қазақ этнопедагогикасындағы халықтық дәстүрлер мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті туралы білімі жеткілікті, оларды күнделікті іс-әрекетінде қолдана біледі.

Осылардың барлығы студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің даму деңгейлері мен өмірдегі әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс адамгершілікті мінез-құлықтарын көрсетіп, нақтылы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.

Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Тәрбиенің күрделі процесінің маңызды бір қыры студенттердің патриоттылыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана емес, әрбір студенттің дара тұлғалық дамуына бағытталған педагогика ғылымының қазіргі бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені отанға сүйіспеншілік адамның өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына, өзін онымен байланысты сезінуіне мүмкіндік береді, ал бұл болса, оның өмірде өзіне сенімді болуына, рухани және адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді. Студенттердің бойында патриотизмнің белсенді немесе баяу дамуы жеке тұлғаның қажеттіліктеріне, мүдделеріне, мотивтеріне байланысты.

Жоғары оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беруде «патриот студент» тұлғасын қалыптастыруда, Д.С.Құсайынова, Ж.Н.Қалиев, С.Т.Иманбаеваның, т.б. еңбектеріндегі идеяларды негіз еттік. Модель құрамын анықтауды, біз студенттердің патриоттық деңгейін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасауда қарастырдық. Студенттердің патриотизмін қалыптастыру тетіктері күрделі, қайшылығы мол және ол патриотизмнің барлық құрамды бөліктерін қамтиды: мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық. Біз өзіміздің зерттеуімізде жоғарда айтылған компоненттер, өлшемдер мен көрсеткіштерді негізге ала отырып, қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделін жасадық (сурет 3).

Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі моделдеу әдістерінің арасынан біздің зерттеуімізге тиімді жеке тұлғаның патриоттық сезімін қалыптастыруда оқу-тәрбие берудің ықпалын ескеру негізінде әзірленді.

Сөйтіп, біздің зерттеуіміздің көзқарасы тұрғысынан алғанда, студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізде патриоттық тәрбие беру сапасын анықтайтын өлшемдердің жиынтығы, біріншіден тәрбиеліліктің мотивациялық ком-понентімен байланысты болып, қазақ этнопедагогикасына деген саналы көзқарасымен, оның қоғамдық мәнін түсінумен, өмірде қажеттілігін сезінуімен сипатталады. Екіншіден, зерттеліп отырған тәрбиеліліктің когнитивтік компоненті қазақ этнопедагогикасы туралы теориялық, әдістемелік, ғылыми білімдерінің кешенді жиынтығы және патриоттық сана-сезімнің болуы қаралып отырған процестің мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Үшіншіден, мінез-құлық компоненті студенттердің тәлім-тәрбиелік қызметі барысында жүзеге асырылатын халықтық мінез-құлық, менталитет арқылы патриоттық тәрбиеліліктің практикалық білігі мен дағдыларын меңгеруде көрініс табады.

Дегенмен, жоғары оқу орны студенттерін қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру үшін біз ұсынып отырған патриот студент тұлғасын қалыптастыру моделі соңғы нәтиже болып табылмайды, сондықтан, басқа негіздерде басқа модельдердің жасалуы мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз.

Сурет 3 – Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі
Зерттеу барысында ұсынылып отырған модельдің тиімділігін айқындау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды.

Тәжірибиелік-эксперименттік жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетттік университетінің дене шынықтыру мәдениеті және спорт факультетінде, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене мәдениеті және спорт факультетінде және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану және дене тәрбиелеу мәдениеті факультетінде 2005-2007 оқу жылдарында жүзеге асырылды.

Экспериментке 231 студент қатысты. Оның 119 - эксперименттік, 112-бақылау тобына кіреді. Анықтаушы эксперимент барысында зерттеу әдістерінің кешенін (сауалнамалар, бақылаулар, әңгімелесу, т.б.) көмегімен үш компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлықтық) студенттердің бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиелілік деңгейін анықтадық.

Анықтаушы эксперимент нәтижелерін сараптау бізге студенттердің қазақ этнопедагогикасы, қазақстандық патриотизмнің мәні, жалпы патриотизм, патриотизм туралы субьективті көзқарастары мен білімдері, патриоттық сана-сезімінің қалыптасуы, патриоттық мінез-құлқы туралы хабардар етті. Диагностикалау нәтижелері эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің қалыптасуының төмен деңгейін көрсетті (Сурет 4). Мұның себептерінің бірі жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие беру процесінің өз деңгейінде ұйымдастырылмауы болып табылады.


Сурет 4 – Студенттердің патриоттылығын анықтайтын компоненттер көрсеткіштері (анықтаушы эксперимент нәтижелері)


Осы кезењде зерттелiп отырѓан мєселенiњ м‰мкiндiк шарттарын айќындау маќсатымен жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие берудің мазмұнына арналѓан оќу баѓдарламалары, тәрбие жұмыстарының жоспарлары мен єдiстемелiк єдебиеттерi зерттелiп, талќыланды. Ж‰ргізілген ж±мыстардыњ нєтижесінде қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі жасалды.

Ќалыптастыру экспериментiніњ маќсаты қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделін сынаќтан µткізу жєне оныњ тиiмдiлiгiн тексеру болды. Б±л маќсатќа жету тµмендегiдей мiндеттердiњ шешiмiн табумен байланысты:



  • арнайы пєндердiњ м‰мкiндiктерiн пайдалану;

  • арнайы курс баѓдарламасын жасап, сынаќтан µткiзу;

  • аудиториядан тыс єрт‰рлi тәрбиелік шараларды ұйымдастыру.

Ќалыптастыру экспериментi бiр-бiрiмен µзара тыѓыз байланысты ‰ш кезењде µткiзiлдi, олардыњ єрќайсысы студенттердiњ патриоттық тәрбиелілік деңгейлерін сатылап қалыптастыруды кµздедi. Патриоттылықты қалыптастырудың белгiлi бiр маќсатќа баѓыттылыѓын ќамтамасыз ету ‰шiн єрбiр кезењнiњ маќсаты мен мiндеттерi бµлiп кµрсетiлдi, сол кезењде ќандай сапалар мен кµрсеткiштер ќалыптасу ќажеттiгi аныќталды.

1-шi кезењде «Этнопедагогика», «Әскери-патриоттық тәрбие негіздері» «Әскери өнер тарихы», «Ұлттық спорт ойындары» таңдамалы пәндерінің мазмұны қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруге бағытталған материалдармен толықтырылды. 2-кестеде «Әскери-патриоттық тәрбие негіздері» пәні бойынша қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық идеяларды пайдалану үлгісі ұсынылады.


Кесте 2 – «Әскери-патриоттық тәрбие негіздері» пәнін оқыту барысында қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық идеяларды пайдалану


Бағдарламадағы тақырыптар

Қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие беру идеяларын пайдалану

Әскери-патриоттық тәрбие беру әдістемесі

Қазақ халық шығармашылығындағы жауынгерлік және ерлік дәстүрлерін әскери-патриоттық тәрбиеде пайдалану

Орта оқу орнындағы әскери-патриоттық жұмыс мазмұны

Орта оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысының мазмұны, әдіс-тәсілдері, құралдары мен түрлері

Халықтың әскери және еңбек дәстүрінде жастарды тәрбиелеу

Аңыз-ертегілерде, эпостық және батырлар жырларында көрініс тапқан қазақ батырларының (Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын,т.б.) ерлігінде жастарды тәрбиелеу

Бастапқы әскери дайындық және басқа сабақтарда оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

Бастапқы әскери дайындық және басқа сабақтарда қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру әдістемесі. Халық шығармашылығын, ұлттық ойындарды, қазақтың тәлім-тәрбиелік идеяларын пайдалану жолдары

Сабақтан тыс уақытта оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

Сабақтан тыс уақытта оқушы жастарға қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы әскери-патриоттық тәрбие беру

Жаппай қорғаныс және спорт жұмысын өткізу процесінде оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру

Жаппай қорғаныс және спорт жұмысын өткізу процесінде оқушыларға қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы әскери-патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктері. Қазақ спорт түрлері, әскери-спорттық ұлттық ойындар, оларды ұйымдастыру әдістемесі.

2- кезеңде зерттеуді одан әрі жалғастыру үшін «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» деген түсініктің мәнін анықтап алуымыз керек. Бұл түсінікті бір мағынада пайдалану мазмұны белгілі бір шеңберде нақтылауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, одан арғы жұмысқа теориялық негіз қалауға мүмкіндік жасайды. Сонымен, біздің көзқарасымызша, жоғары оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру дегеніміз – студенттердің аталған мәселеге тұрақты қызығушылығының болуы, тұлғалық және кәсіби қабілеттерінің жетілуі, патриоттық тәрбие мен қазақ этнопедагогикасы туралы теориялық білімдерінің болуы және оларды жүзеге асыру іскерлігі мен дағдыларының қалыптасуы, педагогикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, оқу-құралдарын, әр алуан әдістер мен формаларды пайдалануы. Мұны біз өзіміз зерттеу нысаны етіп алған, жоғары оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беру процесіндегі патриот-студент моделі негізінде анықтадық.

Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруге болатынына біздің көп жылғы іс-тәжірибеміз дәлел бола алады. Сонымен қатар біз қазақ этнопедагогикасы мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың теориялық-әдіснамалық еңбектеріне сүйенеміз. Бұл студенттерге патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістемесін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл көкейкесті мәселенің шешімі «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды (кесте 2).
Кесте 3 – «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курстың жоспары


Тақырыптар аттары

Дәріс

Семи-нар

СӨЖ

Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің мақсаты және міндеттері

2






Қазақ ағартушылары шығармаларындағы патриоттық тәрбие беру мәселелері

2

4



Қазақ хандары мен билерінің патриоттық қасиеттері және олардың бүгінгі күндегі маңызы

2

4

4

Қазіргі халық шығармашылығының патриоттық тәрбиедегі көрінісі

2

4

4

Ұлттық жауынгерлік дәстүрлер арқылы патриоттық тәрбие беру мазмұны

2






Қазақ этнопедагогикасы арқылы патриоттық тәрбие беру жолдары

2




4

Барлығы

12

12

12



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет