Әож 378 жоғары оқу орын студенттері арасындағы экологиялық сананы қалыптасуы



бет3/3
Дата01.10.2024
өлшемі27.84 Kb.
#504224
1   2   3
Султанова Н.; Қалияқпар Ж.Д.

^ Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.
Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуан түрлі өзгерістердің бір-бірімен экологиялық факторлар мен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылысының күрделі анықталып, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашады.
^ Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап, бұл мәселе барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту процесінде назар аударылып келеді.
^ Экологиялық этика – айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары мен ерекшеліктерін білу және оны сақтау.
Экологиялық мәдениет – экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден, экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.
^ Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен оны жүзеге асыруы жатады.
Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.
Өйткені, , экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті -адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету [2].
Сонымен, Бүгінде адам санасы барлық іс-әрекетін экологиялық тұрғыдан қарастырмаса, тіршілігімізге қауіп төніп тұрғаны сөзсіз. Әл-Фараби атамыз айтқандай, «Дүниеде бәрі математикалық дәлдікпен орналасқан, орнынан бір нәрсе жылжыса, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады». Жер тоңы жібіп, алғашқы көк шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Отансүйгіштік рухтағы патриоттық бастамасы жастарымыздың бойында ең басты қазыналарымыздың бірі – экологиялық сананы қалыптастыруға болашаққа да қызмет ете берсе, нұр үстіне нұр демекпіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. – Алматы, 2008 ж, 220 б.

  2. Күлтелеев С.Т., Рахметов Е.Ш. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2008 ж, 10 б.

  3. https://ecoteco.ru/library/magazine/zhurnal-111/ekologiya/kaspiy-problemy- kaspiya-resheniya-problem-kaspiya-na-sovremennom-etape/.

  4. Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны памятников истории и культуры. – 1980. - №2. - С. 38-44.

  5. Гирусов Э.В. Основы социальной экологии: Учебное пособие. - М.: Высшая школа, 1998. – 312 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет