Әож к 54. 265. 7 Химия пәнін жаңа технологияны пайдаланып оқытудың Әдіс-тәсілдерін қолдану



Дата25.02.2016
өлшемі65.27 Kb.
#19039


ӘОЖ К 54.265.7
ХИМИЯ ПӘНІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ
Баймаханова Г.М., Қозыкеева Р.А.
ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Резюме

В современной школе разработана возможность поиска новых творческих образовательных технологий, знаний, профессиональных навыков в подготовке учителей и использования новых образовательных технологий для эффективного преподавания химии.



Summary

The modern school developed the ability to find creative new educational technologies, knowledge and skills in the training of teachers and the use of new educational technologies for effective teaching chemistry.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет [1].

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды химияныны оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты [2].

Ойын арқылы оқыту технологиясының тиімділігі.

Ойын еңбек пен оқумен бірге адамның ең негізгі іс-әрекетінің бірі, біздің тіршілігіміздің ерекше фономені. Ойын дегеніміз - өзін-өзі басқаруы қалыптасатын және жүзеге асатын, қоғамдық тәжірибені меңгеруге және жаңғыртуға бағытталған шартты жағдайдағы іс-әрекеттің түрі.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты- білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы баcқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс немесе әркет сиақты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы мынаны үйренеді:


  • Қисынды ой-қабілетін дамытады;

  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді:

  • Сөздік қоры баийды,тілі дамиды;

  • Зейіні қалыптасады;

  • Байқампаздығы артады;

  • Өзара сыйластыққа үйренеді:

  • Ойынның ережесін бұзбауға, тәртіптілікке баулиды;

  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады;

  • Достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;

  • Сабаққа қызығушылығы артады [3].


«Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын!» интеллектуалдық ойыны

Бұл ойын – 11 - сыныптардың химиядан білімді деген топтары арасында жарыс түрінде өткізіледі. Ойынның мақсаты оқушылардың химияға деген ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру.Теория жүзінде алған білімдерін практика жүзінде тиімді пайдалана білу. Ал міндеті: оқушылардың өз еркімен, өз бетімен жұмыс жасай білуі, өз ойларын еркін жеткізе алуы, сонымен қатар дүниетанымын кеңейту. Топтың ұраны «Ойымыз терең,ісіміз нақты болсын!» Ойын түрлері:

1. « Тас қақпа» Ұяшық таңдау

2. « Күміс қақпа» Кім зерек (капитандар сайысы)



  1. « Алтын қақпа» Қызықты тәжірибелер.

1.« Тас қақпа»ойының шарты:



« Алдарында 6 ұяшық беріледі, әр ұяшықтың өз тақырыптары бар, таңдау ерікті түрде, әр ұяшықта тақырыпқа сәйкес 4 сұрақтан берілген, әрқайсысына көрсетілген ұпайдан беріледі».
Кесте-4 Ұяшықтағы балдар


Ұлы есімдер

5

10

15

20

Қызықты химия

5

10

15

20

Жоғалған формула

5

10

15

20

Заңдар

5

10

15

20

Көмірсутектер

5

10

15

20

Аминдер

5

10

15

20

«Ұлы есімдер»

-Кез-келген жазық орналасқан тұйық система ароматты болады, егер оның құрамындағы гибридтелмеген р-электрондарының саны 4n+2 ге тең болса (n=0,1,2,3…)? (5ұпай).

(Хюккельдің ароматтылық ережесі)
- Қазақтың ұлттық химик мамандарын даярлауға көп үлес қосқан ғалым? (10ұпай).

( Б.Бірімжанов)

- Қай ғалымға сыйлық ретінде 1 грамм металл берілді және ол қандай металл? (15ұпай).

(М.Кюриге 1г радий)

- Қазақстан металлогения ілімінің негізін қалаған ғалым? (20ұпай).

(Қ.Сатпаев)


«Қызықты химия»
- Қай элементтердің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (5ұпай).

(күкірт S)

- Өзара тікелей байланысып тұрған атомдар арасындағы әсер (10ұпай).

(Индукциялық эффект)

-Құрамы бірдей бірақ кеңістікте орналасу әртүрлі қосылыстар? (15ұпай)

(Изомерлер)

– Ұлы қолбасшы Наполеон уланған элемент? (20ұпай).

( Мышьяк As)


«Заңдар»

-Атом құрылысы және химияық байланыстың табиғаты туралы электрондық (квантохимиялық) көзқарастар және химиялық құрылыс теориясының негізінде дамыған органикалық химияның негізі болып органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы саналады (5ұпай).



(А.М. Бутлеров)

-Д.М. Менделеевтің периодтық заңының тұжырымдамасына анықтама беріңіз..... (10ұпай) .

(....Химиялық элементтердің қасиеттері, сондай-ақ элементтер қосылыстарының қасиеттерімен пішіндері олардың атомдарының ядро зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.)

-«Берцелиус И.Я. органикалық химияға қандай ұғымдар енгізді»....? (15ұпай). (Органикалық зат, катализ)


-Н.Зинин қандай затты синтездеп алды.....? (20ұпай).

(1842 ж анилин )


« Жоғалған формула»

- +H2(Ni) (5ұпай).

СН2=CH2 → CH3-.........
(CH3)

-C2H5I+2Na+..........→ C2H5-C2H5 NaI (10ұпай).



( IC2H5 )

-СH3COONa+NaOH → CH4+ ...............(15ұпай) .


( Na2CO3)
«Аминдер»
-Молекуласындағы бір, екі немесе үш сутегі атомының орнын көмірсутегі радикалдары басқан аммиактың NH3 органикалық туындысы (5ұпай).

(Аминдер)

-Аминдерді екі құрылымдық белгілерімен классификациялайды (10ұпай).



( алифатикалық (майлар), ароматты және аралас)

-Біріншілік аминдер? (15ұпай).

(CH3NH2Метиламин)

Екіншілік аминдер? (20ұпай).

(CH3)2NHДиметиламин)
2 « Күміс қақпа» Есептер шешу

1) 30 г метилэтил эфирін алу үшін қанша көлем (қ.ж) этилен қажет.

2) Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы 70℅ болса, 22 г изопропил спиртінен неше грамм этилизопропил эфирін алуға болады.

3) Көлемі 32,6 мл, массалық үлесі 67% (ρ=1,085 г/мл) метил иодидінен 5,2 г диметил эфирі алынды. Диметил эфирінің шығымын есептеңдер.

4) СН3 – СН3 х СН3-СН2ОН у СН3СООН

5) Құрамында С-40,0%, Н-6,6%, О-53.4% болатын карбон қышқылының

формуласын тап?


        1. 1 кг 80%-тік сірке қышқылының молекулалық ерітіндісін алу үшінқанша көлем метан (м3.қ.ж) алу керек екендігін анықтау.

7) 37 г біріншілік спирт тотыққанда, 44г бірнегізді карбон қышқылы алынады.Көмірт ек атомдарының саны өзгенген жоқ. Қандай май қышқылы түзілді?n = 4

8) Егер гидролиз нәтижесінде пайда болған қышқылды гидрлеуге (қ.ж) 13,44 л сутек қажет болса, қанша грамм триолет түзіледі?



    1. г майды (тристеарат) сумен қосып қыздырғанда, қандай қосылыстар қанша мөлшерде түзіледі?

3 « Алтын қақпа» ойының шарты:



Әрбір топқа бір- бірден қызықты тәжірибелер беріледі, онымен танысып, берілген құрал – жабдықтарға сәйкес тәжірибе жасалады. Мысалы «Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай аршуға болады?» Яғни мұндағы мақсат – оқушылардың тәжірибеге деген ұқыптылығын, икемділігін және жылдамдығын байқау» [4].
Әдебиеттер


  1. Бұзаубақова Қ.Ж. /Жаңа педагогикалық технология/ Алматы, 2004ж.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2013ж.

  3. Г. П. Хомченко. Химия /Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған / алматы «Рауан» 1990.

  4. Қарақойшиева Ж. Жаңа технология әдістері – сабақта. Тәрбие құралы 2005ж. 56-58 б





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет