3 І тарау. ОҚу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері



бет1/10
Дата04.07.2022
өлшемі262.5 Kb.
#459597
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -mekteptegi-oqushylardyn-oqu-tanymdyq-is-areketin-basqarudy-uyymdastyru


Мазмұны


КІРІСПЕ..................................................................................................................3


І ТАРАУ. ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



    1. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мәні мен мазмұны................................5

    2. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару – педагогикалық мәселе...................................................................................................19



ІІ ТАРАУ. қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыру

2.1 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың формалары және әдістері...............................................23


2.2 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың тиімді жолдары.................................................................................30


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................37


ҚОСЫМШАЛАР ................................................................................................38


Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.
Осы орайда педагогика саласында жаңаша жұмыс жасау, жас ұрпаққа білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы педагогикалық жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, қолданылатын іс-әрекеттердің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі дарынды әрі білімді жастарымыз. Жаңа инновациялық-технологиялық жүйелерді үздік қолданып, пайдалана білетін тұлғаны оқытып-тәрбиелеу тек педагог кадрлардың ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің аса маңызды міндетіне айналып отыр.
Біз келешек ұрпаққа білім беру ісін дұрыс жолға қоя білсек, тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан болар едік. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті сабақ үстінде ұйымдастырылып, сабаққа өзбетінше үйде даярлау үстінде жүреді. Әрбір оқушы өзінің оқып жүрген сабақ пәндерінің өзінің өмірі үшін қажет екендігін толық түсінген кезде ғана пән тақырыптарын танып білуге ұмтылады. Қоғам мүшелері толық әрі жан-жақты сауатты әрі білгір де білімді болуы толық жүзеге асқан кезде ғана Отанымыз көршілес елдермен де халықаралық қатынастарға терезесі тең жағдайда қарым-қатынасқа түсе алады. Жан-жақты кемелденген жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамытуда өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра алады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Оқушылардың «оқу-танымдық белсенділігі» мәселесі терең педагогикалық зерттеулер пәні болып табылып, онымен М.А. Данилов, Р.Г. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосқан болса, «оқу-танымдық іс-әрекет» мәселесі көптеген педагогтардың назарынан тыс қалмағанымен, дербес ізденіс мәселесі болып қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар педагог-зерттеушілер оқушылардың қызығушылығының қайнар көзі олардың танымдық мәселелердің мазмұнын анықтауға бар зейіні және ынтасымен толық түрде назар аударуында екендігін анықтаған (С.Л. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, И.Я. Лернер). Осы жерде классикалық зерттеу үлгісіне айналып кеткен Титченардың зерттеу-тәжірибесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл зерттеу-тәжірибе нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқыту үрдісіне тікелей қатысы бар оқушылардың назар аудару сәтінің үш сатысы анықталған.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің жеке-жеке әр пәнге арналғандығынан бұл құбылыс оқушыларды әрбір пәннің әлеміне енгізеді, олардың құндылықтарын айқындап ашады, оқушыларды осы аталған құндылықтарды түсінуіне жағдай жасайды, адамзат жинақтаған білім қорының қол жететін, маңызы зор құндылық екендігін түсініп, сезіну басталады. Осы жағдайдан келіп жасөспірімдердің таным қызығушылығы арта түседі.
Оқу-танымдық іс-әрекет қоғам дамуы, ғылыми-техникалық үрдіс пен халықтардың рухани дамуы талаптарына сәйкес келетін білімді адамдарды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса-қабат оқу-танымдық іс-әрекет оқушы үшін объективті қиыншылықтарға толы күрделі үрдіс. Осы қиыншылық мұғалімнің оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды да күрделендіреді.
Оқу-танымдық іс-әрекет үрдісі ой еңбегі мен күш-қуатының баршама шығындалуын қажет етеді, ал оны жүзеге асыру әрбір оқушының қолынан келе беретін нәрсе емес, өйткені, интеллектуалдық іс-әрекетке барлық оқушылар бірдей жақсы дәрежеде даяр бола бермейді. Сондықтан оқу-танымдық іс-әрекет барысында тек қана білім қоры жинақталып қана қоймай, ұзаққа созылған зейін аудару, ақыл-ой күшін, ерік күшін жұмсау, ең маңызды нәрсеге назар аудару сияқты күрделі үрдіс те жүзеге асырылады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижелері еңбек іс-әрекетінің нәтижесі сияқты нақты көрініс таба алмайды. Мұғалімнің өз жауабына қойған бағасына қанағаттанбаған оқушы «Мен оқыдым-ғой»,– деп наразылығын білдіреді. «Мен оқыдым, мен білемін», – деген сенімі оның жетістігі аз болғанымен, көп уақыт пен күш бөлген еңбегінің нәтижесінде болып отыр. Оқушының үлкен еңбегі мен оны мұғалімнің бағалауының арасындағы мұндай сәйкессіздік оқушы үшін қосымша қиыншылық туындатады. Оқушының ұмтылыстары мен іскерліктері арасындағы сәйкессіздік көп жағдайда оның оқуға деген кері қатынасын қалыптастырады, тіпті оқушы мектепке келуге де ынтасыз болады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің барысын күрделі әрі қызықсыз ететін осындай қиыншылықтар оқыту үрдісінің ішкі мазмұны мен сыртқы сипатының арасындағы сәйккестікті туындатуды қажет ететіндігін айқын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет