Мектеп оқушыларының сабақтағы ынтасын арттыру жөнінде 50 кеңес Ата-аналар мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі89.76 Kb.
#453059
түріСабақ
  1   2
Мектеп оқушыларының сабақтағы ынтасын арттыру жөнінде 50 кеңес


Мектеп оқушыларының сабақтағы ынтасын арттыру жөнінде 50 кеңес



Ата-аналар мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады:

1. Балаңызбен мектеп және білім алу қаншалықты маңызды екені туралы сөйлесіңіз. Бұл өте маңызды.

2. Балаңыздан күнде мектептегі әр күні қалай өткенін сұрап отырыңыз. Ол сізге бәрін егжей-тегжейлі айтып беретініне көз жеткізіңіз.

3. Балаңызға мұғалімдері үй тапсырмасын бере ме немесе сыныпта өзі жасауы тиіс қандай да бір жоба тапсыра ма – соны біліңіз.

4. Балаңыздың үйде орындайтын ешқандай тапсырмасы болмаса, сабақтарын пысықтап, қайта қарап шығуға кем дегенде 30 минут жұмсауын қадағалаңыз. 

5. Балаңыз үйде қол жеткізген жетістіктерінің қандай да бір сипаттары туралы оқып, онымен сөйлесіңіз. Қажет болса, оның әлдеқандай әрекеттеріне шектеу қойып, не жаман қылықтары турасында бірдеме істеңіз. 

6. Оң әрекеттерді мақтап отырыңыз. Баланың жаман қылықтарына, не теріс мінезіне ғана назар аударып, шүйліге берудің қажеті жоқ.

7. Балаңыз қандай да бір тест не емтиханды нашар тапсырса да, оған қолдау көрсетіңіз.

8. Балаңыз оқудан қиналып жүрсе, оған мұғалімнің, үйге келіп оқытатын репетитордың көмегі қажет.

9. Балаңыз оқудан қиналып жүрсе, оған көмектесетін балама не басқа бір ақпарат көздері туралы мұғалімімен сөйлесіңіз.

10. Ең бастысы – балаңыздың мектептегі үлгерімі мен іс-әрекеттерін қадағалап жүретін мұғалімдерімен үнемі үздіксіз байланыста болыңыз.

11. Жасөспірім баланың алдына нақты мақсат қойыңыз: не нәрсеге қол жеткізгіміз, қандай білімдерді меңгергіміз келеді

12. Қойылған мақсатты жүзеге асыру мерзімін (мен оны түзетемін, жаттаймын) анықтап, жариялаңыз.

13. Мүмкіндігінше, оқытудың қолданбалы бағытын (оны білу маған не үшін керек, мен оны өмірде қалай қолданамын?) анықтаңыз.

14. Балаңыздың бүкіл жұмыс (оқу) барысындағы іс-әрекетінің нәтижелерін нақты әрі уақытылы қадағалап отырыңыз.

15. Мадақтау жүйесін жасаңыз (бүкіл отбасы алдында мақтау). Лайықты ісі үшін мақтаңыз – ынтасын арттырыңыз.

16. Жасөспірім балаға оң қабақпен үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз бен нақты кеңес сынап-мінеуге қарағанда жақсырақ.

17. Мектепте жаңа білім меңгеруге деген оң ынта қалыптастырыңыз.

18. Жасөспірім баланың негізгі іс-әрекеті – қарым-қатынас жасау, топтану болғандықтан, оқыту да қарым-қатынас жасау арқылы жүргізілуі тиіс. Баланың оң іс-әрекетін бағалап, пән туралы пікірін сұрап, пәнді онымен талқылаңыз.

19. Балаңыздың оқу үлгерімін сыныбындағы басқа балалардыкімен салыстырмаңыз, бұл оны ашуландыруы мүмкін.

20. Балаңызды жақсы көріңіз.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет