Әож қолжазба құқығында


Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы



бет3/18
Дата05.02.2024
өлшемі55.09 Kb.
#490892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
stud.kz-15190

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
М.Дулатұлының шығармалары негізінде ғаламның тілдік бейнесі анықталып, «тілдік тұлға» теориясы мен лингвомәдениеттану ұстанымдары негізінде түсіндірілуі, сонымен қатар жоғарыда аталған теориялық тұжырымдар жеке тілдік тұлғаның тілінен нақты дәйектелуінің нәтижесіндегі зерттеу тұжырымдары қазақ тіл білімінде қалыптасушы антропоцентристік бағыттағы когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану салаларына белгілі дәрежеде үлес қосады. Ғылыми зерттеу нәтижелері жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде жүргізілетін когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвостилистика бойынша оқылатын дәрістерде және жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстарда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Міржақып Дулатұлы – қоғамдық-саяси қайраткер, көркем суреткер, ағартушы. Осымен байланысты М.Дулатұлы вербалды–семантикалық, лингво-когнитивтік, прагматикалық қырлары арқылы ашылатын тілдік тұлға;
- М.Дулатұлының тілдік тұлғасы мынадай концептілік құрылымдардан тұрады: «ұлтжандылық»; «ислам діні»; «әйел теңдігі»; «оқу-білім»; «надандық»; «ғылым»; «өнер»; «қазақ тілі»;
- М.Дулатұлы тіліндегі «ғаламның тілдік бейнесі» сол кезеңдегі озық ойға құрылған ұмтылыстан тұратын концептілер мен ақын қиялының көрсеткіші. Ол антропоцентристік тұғырдан тұратын, яғни жазушы танымынан қалыптасатын әлем бейнесінің тілдегі көрінісі;
- М.Дулатұлы – аялық білімі ұлттық мәдени құндылықтарға негізделген, баяншы-тыңдарман қатынасына құрылған тілдік тұлға;
- М.Дулатұлы тіліндегі қазақ ұлтының рухани дүниетанымы оның тіліндегі «ғаламның бейнесі» ретінде байқалады. Бұл концептілік құрылым ерекше ұлттық мазмұнға ие;
- Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасын танытатын ерекшелік – оның тіліндегі әр түрлі сипаттағы ұлттық мәдениетпен, дәстүр көрінісі бейнесімен астасып жатқан авторлық метафоралардың молдығы;
- Міржақып тіліндегі оның ұлттық танымының тереңдігін дәлелдейтін әртүрлі символикадағы сөз-символдардың молынан келуі;
- М.Дулатұлын ұлттық тілдік тұлға дәрежесіне биіктеткен факторлардың бірі – оның тіліндегі окказионал сөздердің қолданысы, риторикалық сұраулардың қолданылу ерекшелігі, етістіктің көріктеу құралы ретінде келуі, қайталамалардың көптігі;
- М.Дулатұлының тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі оның ұлтты сүю, оларға насихат айту, уәж, мақсаттарынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет