Әож қолжазба құқығында



бет1/18
Дата05.02.2024
өлшемі55.09 Kb.
#490892
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
stud.kz-15190


Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде тілді тек тіл жүйесі ауқымында зерттеп қоймай, сонымен бірге тіл мен мәдениет байланысын, оның ішіндегі тіл иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру көзделіп отыр. Осымен байланысты әдеби тілді дамытушы жеке тілдік тұлғаның тіл ерекшелігін когнитивті тұрғыдан зерттеу - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай жеке тілдік тұлғаны екі түрлі қырдан, атап айтқанда, когнитивтік лингвистика аясында және лингвомәдениеттану бағытында зерттеу оның терең қырларын ашуға өз септігін тигізеді. Осы тұрғыдан қарастырылған М.Дулатұлының шығармаларының концептілік құрылымы негізінде анықталатын ғаламның тілдік бейнесі мен тілдік тұлға ретіндегі болмысын ашуға ұмтылыс тіл мен мәдениет сабақтастығын дәйектейтін өзекті мәселелердің санатындағы қажеттіліктен туындап отыр.


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармалары мүлде лингвистикалық зерттеу нысаны болған емес, осыдан барып М.Дулатұлы мұрасын тілдік тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі айқындалады. Демек, зерттеудің өзектілігі, біріншіден, жалпы М.Дулатұлының тілдік тұлғасының мүлдем зерттелмеуі, Міржақыптану ғылымындағы тілдік ерекшеліктің сөз болмауынан туындайды. Екіншіден, М.Дулатұлының қазақ әдебиетінде тұңғыш роман жазушы ғана емес, сонымен бірге публицист, математик, педагог, саяси қайраткер сынды жан-жақты жетілген тұлғаның тілдік ерекшеліктерінің тілдік тұлға тұрғысынан қарастырылмауы зерттеудің көкейтестілігіне негіз болады. Сондықтан оның шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейіне антропоцентристік тұрғыдан талдау жасау зерттеудің негізгі өзектілігін сипаттайды.
Зерттеудің нысаны - М.Дулатұлының тілдік тұлғасының концептілік аясы және шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолданыс ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық санасын оятушы арыстарымыздың бірі М.Дулатұлын тілдік тұлға ретінде сипаттайтын құндылықтарын шығармаларының тілі арқылы көрсету. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленді:
- М.Дулатұлы тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейін анықтау;
- М.Дулатұлы дискурсындағы өзгеше түр мен сипатқа ие, ұлттық құндылықтарға құрылған «ғаламның тілдік бейнесін» қалыптастыратын негізгі бірліктерді айқындау;
- М.Дулатұлы тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейін анықтап, шығармаларындағы концептілер өрісін когнитивті және құрылымдық тұрғыда зерттеу,
- М.Дулатұлы тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейін саралау;
- М.Дулатұлының көркем шығармаларындағы, публицистикасы мен ғылыми-ағартушылық мақалаларындағы кірме сөздер мен рухани-діни сөздердің, фразеологиялық тіркестер құрамындағы тілдік бірліктердің лингвомәдени мәнін ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет