Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің басшысы, санаты do-3



Дата03.07.2016
өлшемі104.94 Kb.
#175061
«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» ММ-сі 140005, Павлодар қ., Мир көш. 22, 203 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(7182)661833, 530457, электрондық адрес: asemseitova.gulnara@pavlodar.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің басшысы, санаты DO-3 (лауазым индексі 01-03-01). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; эпизоотияға қарсы іс – шаралардың уақтылы өткізілуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау; жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру; эпизоотиялық мониторинг жүргізеді, эпизоотиялық ошаққа зерттеп-қарау актісін жасайды; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: ветеринария саласында «Ветеринариялық санитария», «Ветеринариялық медицина».



  1. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар және лицензиялау бөлімінің басшысы, санаты DO-3 (лауазым индексі 01-04-1). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің қаулыларын, өкімдерін, басқарма басшысының және орынбасарының бұйрықтарын, ұйғарымдарын орындауына бақылау жасауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласында лицензиялауды жүзеге асыру жасау; бөлім мамандарының міндеттерін анықтау; бөлімнің атқарушылық және еңбек дисциплинасын бақылауды қамтамасыз ету; бөлімнің қызметін және басқарманың басқа бөлімдерімен және басқа мемлекеттік органдармен әрекеттесуді үйлестіреді; ҚР АШМ ВБжҚК ОАИ-мен бірлесе отыра облыстағы эпизоотиялық жағдайға бақылау жасау; алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу жөніндегі комиссияға қатысады; бөлімнің жұмыс жоспары негізінде бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша тексерістер ұйымдастыру; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: ветеринария саласында «Ветеринариялық санитария», «Ветеринариялық медицина».

Мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

3. Әкімшілік бөлімінің бас маманы, санаты DО-4 (лауазым индексі 01-02-2) уақытша, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезеңіне. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша қорытынды дайындауға қатысады; басқарманың лауазымды тұлғаларын өз қызметтіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыру жұмыстарын жүргізеді; бөлім құжаттамаларының жүргізілуі мен сақталу жағдайына жауапты; мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы саятсатты жүзеге асыру; құқықтық мәселелер бойынша есеп беру; құқықтық құжаттарды дайындайды және оларды дайындауға қатысады; шаруашылық жүргізу шарттарын жасау жұмыстарына қатысады, оларға құқықтық сараптама жүргізеді; қолданыстағы заңнамалық нормативтік құқықтық актілерді жүйелендірілген есепке алу жұмысын жүргізеді; сот органдарына құқықтық материалдар дайындайды, құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде басқарма басшысының тапсырмасы бойынша сотта өкілеттік етеді; қзметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту жөнінде белгіленген тәртіпте қажетті материалдар рәсімдейді; бірыңғай құжатайналым; кеңсе есептіліктігі; құқықтық актілермен және лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: құқық саласында «құқықтану» мамандығы бойынша, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша.



4. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің бас маманы, санаты DО-4 (лауазым индексі 01-03-5). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жануарлардың, құстардың, балықтар мен аралардың қатты және созылмалы аурулары бойынша ветеринариялық-санитариялық саулықты қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық алдын алу іс-шаралар жоспарын жинақтау, талдау және орындау; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру; жануарлардың энзотикалық аурулары тізімдемесін бекіту, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру; ветеринария мәселелері бойынша басқа басқармалармен, ұйымдармен ақпарат алмасады; ветеринария мәселесі бойынша азаматтардың арыздары, хаттары және өтініштері бойынша ақпарат дайындау; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: ветеринария саласында «Ветеринариялық санитария», «Ветеринариялық медицина».



5. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар және лицензиялау бөлімінің бас маманы, санаты DО-4 (лауазым индексі 01-04-3). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді жүргізеді; ветеринария мәселелері бойынша басқа басқармалармен, ұйымдармен ақпарат алмасады; ветеринария мәселесі бойынша азаматтардың арыздары, хаттары және өтініштері бойынша ақпарат дайындау; ветеринария мәселелері бойынша ағымдағы және бақылау құжаттары бойынша (әкімдіктерге, комитеттерге, басқармаларға) ақпараттар дайындау; ветеринария қызметі бойынша жиналыстар, отырыстар хаттамаларының бумаларын толтыру; бөлім басшысына құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: ветеринария саласында «Ветеринариялық санитария», «Ветеринариялық медицина».



6. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар және лицензиялау бөлімінің бас маманы, санаты DО-4 (лауазым индексі 01-04-4). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан: тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-аќ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: ветеринария саласында «Ветеринариялық санитария», «Ветеринариялық медицина».



7. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты DО-4 (лауазым индексі 01-05-2). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есептілікті құрастыру, негізгі және тауарлы-материалдық құндылықтар мен басқа материалдар бойынша айналым ведомостарын жүргізу; ветеринария саласын дамыту беталысына талдау жасау негізінде саланың бюджеттік қаржыландыру жоспарын жасайды; веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу; есептесулерге және материалдық құндылықтарға түгендеуді өткізу; бюджеттік бағдарлама төлқұжаттарын құрастыруда қатысу; бөлім қызметінің жоспарын жасайды; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтары бойынша, құқық саласында «Құқықтану» мамандығы бойынша.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*



Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Бекітілген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет