Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 714 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 136 бұйрығымен бекітілген
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу
жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша
статистикалық әдіснама
-
Жалпы ережелер
1. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы
19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және 16-бабының
2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру әдісін (бұдан әрі – Әдіснама) айқындайды.
2. Статистикалық әдіснаманың негізгі міндеті үй шаруашылықтары және шаруа немесе фермер қожалықтары (бұдан әрі – ШФҚ) бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсынуын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы Әдіснамада Қазақстан Республикасының Заңнамасында айқындалған мәндердегі ұғымдар және келесі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі –уәкілетті органның ведомствосы);
2) электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ЭӘШБЕА БҚ) – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізу, түзету және сақтауды жүзеге асыруға, сонымен қатар енгізілген ақпарат негізінде жиынтық біріктірілген деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.
4. ЭӘШБЕА БҚ үй шаруашылықтары және ШФҚ бойынша деректерді тіркеудің бірыңғай көп деңгейлі жүйесін білдіреді.
ЭӘШБЕА БҚ уәкілетті органның ведомствосы әр шаруашылық бойынша есепке алудың сапасын жақсарту және тиісті деректерді қалыптастыру және өңдеу, уәкілетті органның ведомствосына тапсыру бойынша үдерістерді автоматтандыру жолымен кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерінің еңбек шығындарын қысқарту мақсатында әзірлеген.
ЭӘШБЕА БҚ жұмыс етуі «Е-статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйе шеңберінде жүзеге асырылады. ЭӘШБЕА БҚ орнату файлдары және оны қолдану бойынша нұсқау уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында еркін қол жеткізуге болатындай орналастырылған (www.stat.gov.kz).
ЭӘШБЕА БҚ-ға деректерді енгізу және түзету ЭӘШБЕА БҚ рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Осы Әдіснаманы сақтау:
1) әкімшілік деректердің және алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын;
2) әр шаруашылық бойынша есепке алудың және басқа статистикалық байқаулардың арасындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2. Тіркеу жазбаларын жүргізу
6. ЭӘШБЕА БҚ-да әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбаларын енгізу үшін бес жыл мерзімге есептелген мынадай дәптерлер арналады:
осы Әдіснаманың 1-қосымшасына сәйкес үй шаруашылықтарының есепке алу дәптері;
осы Әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес ШФҚ есепке алу дәптері.
Жұмыс дәптерлері кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері үй шаруашылықтары, ШФҚ аралау кезінде мәліметтерді одан әрі ЭӘШБЕА БҚ-ға ауыстыру үшін көмекші құрал ретінде пайдалануына арналған.
Бес жылдық мерзім аяқталған соң кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі дәптерлерге қажеттілігін айқындайды және бес жылдық мерзім өткеннен кейін
1 ақпанына дейінгі мерзімде қажетті дәптерлердің саны туралы ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.
7. Уәкілетті органның ведомствосы:
1) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерін дәптерлермен қамтамасыз етеді;
2) ЭӘШБЕА БҚ жетілдіреді;
3) әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің ұйымдық және әдіснамалық қағидаттарын әзірлейді және жетілдіреді.
8. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері әр шаруашылық бойынша есепке алуды өздеріне бағынысты елді мекендер бойынша жүргізеді.
ЭӘШБЕА БҚ-да ақпараттың сақталуын, уақтылы және дұрыс енгізілуін кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімі қамтамасыз етеді. ЭӘШБЕА БҚ-ға ақпаратты уақтылы енгізу мен түзету мақсатында кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жұмыстарын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органның маманын тартады.
9. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіруді күнтізбелік жылғы
1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіруді аулаларды толық аралап шығу және халыққа, сондай-ақ ШФҚ басшыларына күнтізбелік жылғы 1 мен 20 қаңтар және 1 мен 20 шілде аралығындағы кезеңде дәптерлерді пайдалана отырып пікіртерім жүргізу және деректерді ЭӘШБЕА БҚ-ға одан әрі ауыстыру арқылы түзетуді жүргізеді.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу ақпараттарының өзгеруі туралы мәліметтерді азаматтар және ШФҚ басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға жүгінуі кезінде қажеттілігіне қарай жазбаша түрде өз бетінше ұсынады. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе жергілікті атқарушы органның мамандары мұндай өтініш түскен кезде көрсетілген мәліметтерді ЭӘШБЕА БҚ-ға енгізулері қажет.
Егер болған өзгерістер туралы ресми дереккөздерден дәйекті ақпараттар бар болса кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері басқа күндердегі жағдай бойынша ЭӘШБЕА БҚ деректерді өз бетінше өзектендіреді.
ЭӘШБЕА БҚ деректерді енгізу әр үй шаруашылығын және ШФҚ міндетті аралаудан кейін немесе азаматтардан немесе ШФҚ басшылары өтініш білдіргеннен кейін жүзеге асырылады.
10. Жекелеген тұрғын үйлердің, ұсақ елді мекендердің және ШФҚ қамтылмай қалуын болдырмау үшін кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе жергілікті атқарушы органның маманы әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру алдында:
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында орналасқан барлық үй шаруашылықтарының және ШФҚ тізімін нақтылайды – бұл ретте әр шаруашылық бойынша есепке алуға барлық ұсақ елді мекендерді және жеке орналасқан тұрғын үйлердің (жол айрықтарының, қыстаулардың, мал жайылымдарының, кіші шаруашылықтардың, станциялардың) қосылғанына назар аударады;
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауруханалық мекемелерде, ведомстволық үйлерде, қосалқы шаруашылықтарда, мал жайылымдарында, жатақханаларда, оқушыларға арналған интернаттарда, балалар үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінде тұратын азаматтардың отбасыларының болуын тексереді.
11. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе жергілікті атқарушы органның маманы барлық үй шаруашылықтары және ШФҚ-ны 20 күнтізбелік күн ішінде (күнтізбелік жылғы қаңтардың 1-інен 20-сына дейін және шілденің 1-інен 20-сына дейін) жеке аралап және осы мерзімде әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіруді жүзеге асыра алмайтын ірі елді мекендерде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі оған көмекке жергілікті атқарушы органның басқа мамандарын қосымша тартады. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органның маманы елді мекендердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының тізімдерін нақтылағаннан кейін, оларды жекелеген шеткі учаскелерге бөледі, бұл учаскелерді жұмысқа тартылған мамандар арасында бөледі және бұл тізімді кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бекітуге ұсынады. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жұмысқа тартылған мамандар тізімін бекітеді, мұнда осы жұмысты кімнің, қай елді мекендерде, қай көшелерде (ірі елді мекендерде) жүргізуі керек екендігін тапсырады. Жұмысқа тартылған мамандардың барлық жұмысына кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі басшылық жасайды. Тіркеу жазбаларын толтыру, тексеру және нақтылау үшін әкімдер дәптерлерді тартылған мамандарға береді. Әкім әр маманнан толтырылған дәптерлерді, бұл ретте жазбалардың ресімделу дұрыстығын, енгізілген нақтылаулардың айқындылығын және негізділігін бақылай отырып қабылдайды.
12. Статистика органдарына әр шаруашылық бойынша есепке алу жөніндегі біріктірілген мынадай деректерді ұсыну:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 151 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12228 болып тіркелген, «Үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың, ауылшаруашылық техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» коды 1761103, индексі 7-ж (халық) – кезеңділігі жартыжылдық (бұдан әрі – 7-ж статистикалық нысан) және «Үй шаруашылықтарында пайдаланатын жердің бары туралы мәліметтер» коды 1771104, индексі 7-р (халық) – кезеңділігі жылдық (бұдан әрі – 7-р статистикалық нысан), «Шаруа немесе фермер қожалықтарындағы мал мен құстың, ауыл шаруашылығы техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» коды 1731103, индексі 6-ж (фермер) – кезеңділігі жартыжылдық (бұдан әрі – 6-ж статистикалық нысан), «Шаруа немесе фермер қожалықтарында пайдаланатын жердің және егістік алқаптарының нақты бары туралы мәліметтер» коды 1741104, индексі 6-р (фермер) – кезеңділігі жылдық (бұдан әрі – 6-р статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде қағаз жеткізгіште;
2) электронды түрде (электронды жеткізгіштерде) үй шаруашылықтары және ШФҚ бөлінісінде 6-ж, 6-р, 7-ж, 7-р статистикалық нысандарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
13. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін:
уәкілетті орган ведомствосы – статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін;
жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өздерінің функцияларын орындау үшін қолданады.
Үй шаруашылықтары бойынша жазбаларды жүргізу тәртібі 14. Әр шаруашылық бойынша есепке алумен кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан үй шаруашылықтары барлық мүшелері құрылысы, мекені, малының болуына қарамастан қамтылады.
Уақытша тұратындар қатарында халықтың мынадай санаттары есепке алынады:
-
кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағына уақытша келгендерге:
оқу орнының орналасқан жері бойынша (оқу орындарының жатақханаларында, мектеп жанындағы интернаттарда) оқу кезеңінде тұратын, оқушылар;
балалар үйінің тәрбиеленушілері;
мүгедектер және қарттар үйлеріндегі мүгедектер мен қарттар;
ауруханалық мекемелерде ұзақ мерзімді ем алып жатқан науқастар;
уақытша және маусымды жұмысқа, сондай-ақ шарт бойынша жұмысқа келген адамдар;
қалалық мекендерде тіркеліп, бірақ іс жүзінде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында тұратын азаматтар;
әскери қызметшілердің әскери қызметтен өтетін орнына келген және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында тұратын әскери қызметкерлердің отбасы есепке алынады;
-
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағына келген бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде босатылған және осы кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында белгілі бір уақыт ішінде тұрып жатқан адамдар;
Тіркеу жазбаларында жазғы маусымға тұрғын үй-жайларды жалдайтын адамдар және кенттің, ауылдың, ауылдық округ аумағында орналасқан саяжай иелері (салушылары), қалалық мекенде тұрғылықты тұратындар және тіркелгендер есепке алынбайды.
Уақытша тұратын адамдардың санатын анықтау үшін уақытша тұру мерзімі өлшемшарт ретінде белгіленбеген және жұмыстың, емделудің, оқудың басталған және аяқталған мерзімімен немесе басқа да негіздермен айқындалады.
Уақытша тұратындарды енгізу олардың кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағына келген сәтінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте ЭӘШБЕА БҚ-ға шаруашылықтың барлық мүшелері кіреді.
Жұмысшылар және білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, балалар үйлеріне, мүгедектерге арналған үйлерге қызмет көрсететін қызметшілер және осы жергілікті жерде тұрақты тұратындар кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында уақытша тұратындар болып саналмайды, әр шаруашылық бойынша есепке алуда тұрғылықты жері бойынша есепке алынады.
15. Ұсақ елді мекендердің үй шаруашылықтары «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармақшасына сәйкес ЭӘШБЕА БҚ-сына енгізіледі.
16. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне елді мекендер бойынша дәптерлерді сәйкестендіру мақсатында әрбір дәптердің титулдық парағында осы елді мекендердің үй шаруашылықтарының дербес шоттары орналасқан беттер нөмірлерінің әрқайсысына қарама-қарсы жерде белгісі бар елді мекендердің атауын жазу ұсынылады. Ірі елді мекендер үшін жасалған дәптерлерде елді мекеннің атауынан басқа көшелердің атауларын, олардың әрбіреуіне қарама-қарсы жерінде осы көшелердегі шаруашылықтардың дербес шоттары орналасқан бет нөмірлерін белгілей отырып, жазып алу ұсынылады.
17. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері ЭӘШБЕА БҚ-да барлық үй шаруашылықтары үшін дербес шоттар нөмірлерін (үй шаруашылықтарының жазбаларының реттік нөмірі) жасауға және жүргізуге міндетті. Дербес шоттың нөмірі осы үй шаруашылықтары үшін барлық мерзімге немесе үй шаруашылықтары жабылған сәтке дейін тұрақты болып табылады. Үй шаруашылықтары дербес шотының нөмірі бойынша қажеттілігіне қарай ЭӘШБЕА БҚ-дан үй шаруашылықтары бойынша ақпарат қалыптастырылады.
18. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі және жергілікті атқарушы органының маманы бір жыл ішінде ағымдағы тәртіппен үй шаруашылықтары бойынша тиісті жазбаларды жүргізеді:
Атап айтқанда мынадай:
азаматтық хал актілері жазбасының материалдары бойынша туғандар және қайтыс болғандар туралы;
отбасы мүшелерінің хабарламалары негізінде үй шаруашылықтарының уақытша болмаған мүшелерінің үй шаруашылықтарынан кетуі және оған қайтып келуі туралы;
үй шаруашылықтары (отбасы) иесінің өзгеруі туралы;
үй шаруашылықтары бөлінуі және бірігуі туралы;
үй шаруашылықтары барлық мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге көшуі және кетуі туралы ақпарат нақтыланады.
19. Үй шаруашылықтары бойынша деректерді ЭӘШБЕА БҚ-ға енгізу кезінде ең алдымен:
дербес шоттың нөмірі;
жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;
үй шаруашылықтары мекенжайы және телефоны (ол болған кезде) толтырылады.
20. І «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі» бөлімі әр жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша өзектендіріледі және деректер келесі тәртіппен енгізіледі.
Әрбір нақты жағдайда үй шаруашылықтары жалпы келісімі бойынша оның кәмелетке толған мүшелері болып айқындалатын үй шаруашылықтары мүшесі бірінші болып енгізіледі және дербес шотта ол адам бірінші жазылады.
Бірінші жазылған адамнан кейін үй шаруашылықтарының бар, сондай-ақ уақытша жоқ барлық қалған мүшелері жазылады.
Үй шаруашылықтарының әрбір мүшесіне жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) қойылады. ЖСН – жеке тұлға, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір. Егер үй шаруашылықтары мүшесінде немесе үй шаруашылықтары мүшелерінде ЖСН коды болмаған жағдайда ол адамдарға оны алу үшін аумақтық ішкі істер органдарына жүгіну қажет;
«Жынысы» деген жолда осы жолда келтірілген кодтардың біреуіне сәйкес келетін код қойылады.
«Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» деген жолда бірінші жазылған үй шаруашылықтары мүшесі тегінің, атының, әкесінің атының (бар болған жағдайда) астына «бірінші жазылған тұлға» деген 1 – код қойылады, ал қалған үй шаруашылықтары мүшелеріне осы жолда келтірілген кодтардың біреуіне сәйкес келетін кодтар қойылады.
«Ұлты» деген жолда осы Әдіснаманың 3-қосымшасына сәйкес код қойылады. Балалардың ұлты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабына сәйкес айқындалады.
«Оқиға күнін көрсетіңіз» деген жолдарда осы елді мекенде тұрақты тұратын адамдардың немесе осы елді мекенге тұрақты тұруға келген адамдардың тиісті оқиғаларының (туылуы, қайтыс болуы, келуі, кетуі) күні көрсетіледі, бұл ретте күні (күні, айы және жылы) толық көрсетіледі. Оқиғалардың күндері үй шаруашылықтары иесінің сөзінен немесе тиісті құжаттарды (төлқұжат, жеке куәлік, туу, қайтыс болуы, неке қию туралы куәлік және басқа құжаттарды) ұсынған кезде көрсетіледі. Сонымен қатар оқуға, қызметке немесе басқа себептерге байланысты уақытша (бір жыл немесе одан көп) кеткен адамдардың келген немесе кеткен оқиғаларының күні жазылады.
«Осы елді мекенде уақытша тұрады» деген жолда уақытша тұруға келген күні көрсетіледі.
«Кенттің, ауылдың, ауылдық округтың шегінен тыс уақытша тұратындардың кетуі туралы белгі» деген жолда уақытша тұрған адамның кеткен күні көрсетіледі.
«Білім деңгейі» деген жолда үй шаруашылықтары барлық мүшелеріне осы Әдіснаманың 4-қосымшасына сәйкес кодтар қойылады.
«Білім беру ұйымдарында білім алушылар» деген жолда білім беру ұйымдарында оқитын үй шаруашылықтары мүшелеріне, негізгі қорлар жіктеуіші бойынша білім ұйымдарының тізбесіне сәйкес осы Әдіснаманың 5-қосымшасына сәйкес кодтар қойылады.
«Жұмыспен қамтылу жағдайы» деген жолда 15 жастағы немесе одан үлкен үй шаруашылықтары мүшелеріне жұмыспен қамтылу жағдайының тізбесіне сәйкес осы Әдіснаманың 6-қосымшасына сәйкес кодтар қойылады.
«Күнкөрістің қаражат көздері» деген жолда шаруашылықтың барлық мүшелеріне күнкөрістің қаражат көздерінің тізбесіне сәйкес осы Әдіснаманың 7-қосымшасына сәйкес кодтар қойылады.
21. II «Тұрғын үй жағдайлары» бөлімінде күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғын үй туралы мынадай:
үй түрі;
үй ахуалы;
меншік түрі (жеке немесе мемлекеттік);
алаңының (жалпы және тұрғын) мөлшері;
бөлме саны;
абаттандырылуы;
сыртқы қабырғаларының материалдары туралы деректер енгізіледі.
ЭӘШБЕА БҚ-да «үйдің сәйкестендіру коды» (бұдан әрі – ҮСК) сәйкестендіргіші бар.
ҮСК«Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі» (бұдан әрі – ТҚСТ) ақпараттық жүйесінде республикалық деңгейде құрылады және әрбір үйді сәйкестендіру, ТҚСТ-да ЭӘШБЕА БҚ-дан үй туралы ақпаратты салыстыруды және өзектендіруді жүзеге асыру үшін қызмет етеді. ҮСК бұрын енгізілген барлық үйлерге берілген. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе жергілікті атқарушы органның мамандары жаңа үйді ЭӘШБЕА БҚ-ға енгізілгеннен кейін аудандық статистика органдарына үй бойынша барлық сипаттамаларды (үй шаруашылықтары дербес шоты, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, үйдің мекенжайы, түрі, үйдің ахуалы, меншік түрі, жалпы және тұрғын алаңдарының көлемдері, бөлмелердің саны, абаттандырудың болуы, сыртқы қабырғаларының материалдары, үй шаруашылықтарының және тұратындардың саны) хабарлайды. Үй бойынша сипаттамаларды ТҚСТ-ға аудандық статистика органдарының қызметкерлері енгізеді, содан кейін ҮСК автоматты түрде беру жүргізіледі. Бұдан әрі ҮСК аудандық статистика органдарынан осы дербес шот немесе мекенжайы бойынша ЭӘШБЕА БҚ-ге енгізу үшін тиісті жергілікті атқарушы органға беріледі.
ЭӘШБЕА БҚ-да мекенжайдың тіркеу кодын (бұдан әрі – МТК) толтыру қарастырылған. МТК – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен бірігетін мекенжай беру объектісінің коды. МТК коды бірегей және мекенжай беру объектісінің барлық циклі кезінде тұрақты болып табылады. Бұл жол қажет болған жағдайда толтырылады және міндетті емес болып табылады. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері немесе жергілікті атқарушы органның мамандары МТК бойынша ақпаратты ЭӘШБЕА БҚ-ны «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорымен интеграциялауды жүзеге асыру мақсатында толтырады.
«Тұрғын үй типі» жолын толтыру кезінде («V») белгісі бір жерде ғана көрсетіледі, мынадай тұрғын үй типтерінің біреуі көрсетіледі:
-
бір пәтерлі (жеке) – үй жанындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстарымен және жасыл желектi екпелерімен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
2) екі пәтерлі – екі пәтерден тұратын үй;
3) үш және одан да көп пәтерлі үй – үш және одан да көп пәтерден тұратын үй.
«Үйдің жағдайы» деген жолда «V» белгісі бір жерде ғана көрсетіледі, мынадай тұрғын үй ахуалдарының біреуі көрсетіледі:
1) тұрғын (тұру үшін жарамды, ескірген, апатты, бос немесе иесіз);
2) істен шыққан үй (үй істен шыққан кезде істен шыққан күні мен себебі толтырылады).
Үйдің «ескі» немесе «апатты» жағдайын жергілікті атқарушы органның жанындағы тұрғын үй-коммуналдық комиссиясы арқылы айқындайды.
Бос немесе иесіз үйлер дегеніміз, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына онда ешкім тұрған жоқ деген дәйекті мәліметтер бар ауылдық жерлерде орналасқан тұрғын үйлер.
Үй істен шыққан кезде істен шығу себептерінің бірі қойылады: ескіру, табиғат апаттары, қайта жабдықталған тұрғын емес үй, апаттылығы бойынша, тастап кеткен үй немесе басқа себептер.
«Меншік түрі» деген жолда «V» белгісі бір жерде ғана көрсетіледі. Үйдің меншік түрлерінің біреуі көрсетіледі:
-
жеке;
-
мемлекеттік.
«Жеке» жолында белгі, егер үй немесе пәтер жеке тұлғаға(ларға) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға(ларға) тиесілі болған жағдайда көрсетіледі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқарудағы «Мемлекеттік» жолында белгі егер үй немесе пәтер мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген жағдайда көрсетіледі.
Жалпы және тұрғын алаңының көлемі тұрғын үй-жайдың жоспары негізінде анықталады, егер де жоспар болмаған немесе жоспардан ауытқулар болған жағдайда тұрғын үй – жай ішкі өлшемімен анықталады және шаршы метрмен көрсетіледі.
Тұрғын жайдың жалпы алаңы – тұрғын жайдың пайдалы алаңының және төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы:
балкондар және террассалар үшін – 0,3;
лоджиялар үшін – 0,5;
біріктірілген лоджий балкондар үшін – 0,4;
дәліздер – 0,8.
Тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңының жиынтығы;
Тұрғын жайдың тұрғын алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;
Тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңдарының жиынтығы;
«Бөлме саны» деген жолда тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің саны көрсетіледі.
«Абаттандыру» деген жолы тиісті шаруашылыққа жататын үйге немесе үйдің бөлігіне жүргізіледі. Тұрғын үй қорын абаттандыруды өзектендіру кезінде тұрғын үй-жай жабдықталған деп есептелетінін ескеру қажет:
-
егер үйде электр сымдары болса, электр тоғымен;
-
сумен жабдықтау:
егер үйдің ішінде су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан түсетін тарату желісі болса, үйдегі (пәтердегі) су құбырымен;
егер үйдің (жеке тұрған ас үй немесе үйдің сыртындағы ұқсас үй-жайлар) сыртында су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан түсетін тарату желісі болса, үй (пәтер) сыртындағы су құбырымен;
егер үй ауласында құдық немесе су таратқыш шүмек (колонка) немесе ұқсас сумен жабдықтау көздері болса, құдықпен, колонкамен немесе ұқсас сумен жабдықтау көздерімен;
егер үйде жоғарыда көрсетілген сумен жабдықтау көздері болмаса және ауыз суды жеткізу басқа өңірлерден, алыс орналасқан су көздерінен немесе ұқсас сумен жабдықтау көздерінен, көлікпен жүзеге асырылса, ауыз суды жеткізумен;
-
егер үйдің ішінде көшедегі кәріз желісіне шаруашылық нәжіс суларының ағуына арналған кәріз құрылғысы немесе сорғыш құдықтар болса, орталық кәрізбен. Су құбыры жоқ, сондай-ақ биодәретханасы бар болған жағдайда тұрғын үй кәрізбен жабдықталған тұрғын үй деп есептелмейді;
-
жылытумен:
егер өз үйінде жылу қазандығы, орамдық немесе аудандық қазандық, жылу электрорталықтары, сондай-ақ автоматты газ сужылытқыштарын орнату (ЖЭО) болса, орталықтан жылытумен;
жеке қондырғылармен жылытумен: егер жылу қондырғыларынан немесе дәстүрлі тұрғын үйдің ішінде тұрған немесе үлкен жеке үйлердің немесе коттедждердің және уақытша шағын үйлердің иелерінде айрықша жағдайлар үшін қосымша нұсқа ретіндегі газ және қатты, сұйық отынмен жағылатын жабдықтан жылыту бар болса, пешпен жылытумен;
-
егер жеке ванна бөлмесімен қатар, осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмеде ыстық судың түсу тәсіліне қарамастан, стационарлық ванна немесе себезгімен, бұл ретте ванна (себезгі) орнатылып, ал кәріз жоқ болса тұрғын үй ваннамен немесе себезгімен жабдықталған деп есептелмейтінін;
-
ыстық сумен жабдықтау;
егер тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждығы үшін ыстық суды орталықтан беретін арнайы су құбыры болса, орталық ыстық сумен қамтамасыз етумен;
егер пәтердегі су жылытқыштардан, газды (ағашты) колонкалардан, кіші жылу қазандықтарын қоса алғанда ыстық су беретін арнайы су құбыры болса жеке су жылытқыштан ыстық сумен қамтамасыз етумен;
-
газбен
егер желілік табиғи газбен жабдықталған еденүсті газ плитасы болса, желілік (табиғи) газбен;
егер сұйытылған (газ тәрізді заттарды сақтауға арналған баллондағы немесе газгольдердегі-резервуарлардағы) газбен жабдықталған еденүсті газ плитасы болса, сұйытылған газбен жабдықталған деп есептелетінін, сондай-ақ сұйытылған газбен жабдықталған еденүсті газ плитасы орнатылған бөлек тұрған асүйі бар үй газдандырылған деп есептелетінін;
-
егер еденүсті электр плитасы болса, еденүсті электр плитасымен жабдықталған деп есептеледі немесе еденүсті электр плитасы орнатылған бөлек тұрған асүй (асүйге арналған арнаулы күрделі ғимарат) бар үй еденүсті электр плитасымен жабдықталған деп есептелетінін ескеру қажет.
«Сыртқы қабырғалардың материалдары» – деген жолда үйдің сырты (сыртқы қабырғасы) салынған құрылыс материалдары көрсетіледі. Егер қабырғалар бірнеше материалдардан салынса, басым материал көрсетіледі.
22. ІІІ «Жеке меншіктегі және пайдаланудағы жерлер» бөлімінде әрбір үй шаруашылығы бойынша күнтізбелік жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруашылықтың жеке меншігіне жататын жер ауданы шаршы метрмен көрсетіледі.
III бөлімнің А кіші бөлімінде шаруашылықтың жеке меншігіне жататын барлық жер ауданы жазылады. Халықтың жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге арналған жер ауданы туралы деректер жер учаскесіне жеке меншік құқығын иелену актісінен жазып алынады.
III бөлімінің Б кіші бөлімінде басқа да жер иелерінен қолданысқа алынған жерлер жазылады. Бұл кіші бөлімде күнтізбелік жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша үй шаруашылықтары пайдаланатын егістіктер, табиғи пішендіктер және жайылымдар көрсетіледі.
III бөлімінің В бөлімінде ағымдағы жылғы астыққа егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі (барлық егіс алқабы) туралы деректер үй шаруашылық иесіне (немесе үй шаруашылықтарының кәмелетке толған мүшелеріне) сұрау жүргізу арқылы толтырылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үй іргесіндегі учаскелердегі және бөлінген бау-бақшалардағы егістерді қамтиды.
Қатараралық бау-бақшалардағы егістер тиісті дақылдың егіс алаңының қорытындысына және барлық егіс алаңының қорытындысына кіреді. Қатараралық жыртылып өндірілген дақылдардың егістігі, сондай-ақ қайталап егілетіндер (аңыздықтар) егіс алаңына кірмейді. Егіс алаңында бау-бақшалар, жидек егісі, жасыл көгал, сүрлеу жолдар және ауылшаруашылығы дақылдары егілмеген басқа да алаңдар есептелмейді.
«Дәнді (күрішті қоспағанда) және бұршақты дақылдар» жолы бойынша дән түрінде пайдалануға арналған сақталып қалған күздік (бидай, қара бидай, арпа) және астық түрінде қолдануға арналған жаздық дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, масақтылар қоспасы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш, құмай жүгері, дәнді бұршақтылар) егісі енгізіледі. Басқа мақсаттарға (көк азыққа, сүрлемге, пішенге) арналған дәнді дақылдар бұл жолға енгізілмейді.
«Дәнді (күрішті қоспағанда) және бұршақты дақылдар» деген жолдан есепті жылы егілген дәнді дақылдардың түрлері бойынша егістіктер белгіленеді (бидай, жүгері (маис), арпа, қара бидай, сұлы, қонақ жүгері, тары, қарақұмық, тритикале (бидай-қара бидай буданы), масақтылар қоспасы, жасыл ірі бұршақ көкөністер (жаңа піскен), кептірілген бұршақты көкөністер).
«Жүгері (маис)» деген жолда сүрлем мен жасыл азыққа пайдаланылатын, сүттенгенге дейінгі балауыз, сүтті-балауыз және балауызданып піскендерді алып тастағанда, толық піскен жүгерінің дәні көрсетіледі. Бұл дақылдар азық дақылдары бойынша көрсетіледі.
«Майлы дақылдар» жолы бойынша майлы дақылдарға арналған егіс алаңдары көрсетіледі.
«Майлы дақылдар» деген жолдан шашақты зығырдың, қыша, рапс, күнбағыстың, мақсары, соя бұршақтары, жер жаңғағы тұқымдары және басқа да дақылдарға арналған егіс алаңдары көрсетіледі.
Күнбағыс бойынша ағымдағы жылы өндірілген егістер, сондай-ақ қыстың алдында өндірілген күнбағыстың дәнге сақталған егістері кіреді. Күнбағыстың сүрлемге арналған егістері бұл көрсеткішке кірмейді.
«Ақталмаған күріш» деген жолда күріш егістігіне арналған жер алаңы көрсетіледі.
«Көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер» деген жолда көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілерге арналған жалпы егіс алаңдары көрсетіледі.
«Көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер» деген жолдан қырыққабат, бұрыш, қияр, баялды, қызанақ, асқабақ, кәді, асханалық сәбіз, сарымсақ, басты пияз, шомыр, шалғам, асханалық қызылша, бақша дақылдары, картоп, қант қызылшасы, саңырауқұлақ және өзге де көкөністерге арналған егіс алаңдары көрсетіледі.
«Темекі» деген жолда темекі егісінің алаңы көрсетіледі.
«Тұқымнан тазаланған немесе тазаланбаған мақта» деген жолда көлеңкелеу үшін жағалай отырғызылған ағаштың жолақтары, жеке тұрған ағаштардың көлеңкелік алаңын қоса алғанда мақта егісінің барлық нақты алаңы көрсетіледі.
«Азықтық дақылдар» деген жолда барлық азықтық дақылдардың егістері көрсетіледі.
«Азықтық дақылдар» деген жолдан азықтық тамыржемісті, азықтық бақша (азықтық асқабақ, азықтық қарбыз және азықтық кәділер), дәнді және дәнді бұршақты, сүрлемге арналған азық (жүгерісіз), азықтық жүгері, пішендіктер және басқа да дақылдар егістері көрсетіледі.
«Гүлдер» деген жолда ашық жерде өсірілетін гүл егістерінің алаңдары бойынша деректер көрсетіледі.
III бөлімнің Г кіші бөлімінде көпжылдық дақылдардың: жүзім, алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, қара өрік, жеміс және жидектер (соның ішінде таңқурай, қой бүлдірген (құлпынай), қарақат және басқалары) жаңғақтар және басқа да көпжылдық дақылдар егістерінің алаңдары бойынша деректер толтырылады.
23. IV «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)» бөлімінде мал басы, құстар және өзге де ауылшаруашылығы жануарлары туралы деректер көрсетіледі.
Есептеу үй шаруашылықтары иесінің немесе кәмелеттік жастағы мүшелерінің қатысуымен малдың нақты барын қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Нақты бар мал басын қайта есептеу малдың қорада болған уақытында жүзеге асырылады. Құстың саны үй шаруашылықтары иесінен немесе кәмелеттік жастағы мүшелерінен сұрау жүргізу арқылы енгізіледі.
Егер нақты қайта есептеуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, мысалы, мал жайылымда немесе жұмыста болғанда, мал басы туралы деректер үй шаруашылықтары иесінен немесе осы үй шаруашылықтарының кәмелеттік жастағы мүшесіне сұрау жүргізу арқылы енгізіледі.
Егер үй шаруашылықтарында осы үй шаруашылықтарының тұлғаларына тиісті емес мал бар болса, Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер қорында (бұдан әрі – АШЖ БҚ) осы малдың кімнің атына тіркелгендігін нақтылау қажет. Бұдан әрі бұл ақпаратты VII «Қосымша мәліметтер» бөлімінде көрсету қажет.
Малды есепке алу кезінде малдар мен құстардың түрлері «Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) статистикалық жіктеуішіне» сәйкес белгіленеді.
Ірі қара малдың басы жөніндегі деректерді толтыру кезінде сүтті табынға қара ала, голштин фриз, қызыл далалық, әулиеата, айршир, латвиялық қоңыр сияқты тұқымдар кіретінін ескеру керек. Етті табынға қазақтың ақбас, әулиекөл, ангус, герефорд, обрак, шароле, лимузин, санта-гертруда, галловей, қалмақ сияқты тұқымдар жатады. Тұқымдық емес малды пайдалану мақсатына қарай (ет немесе сүт алуға) сүтті немесе етті табынға жатқызады, яғни сиырдан сүтті адамның одан әрі тұтынуы немесе өткізуі үшін алатын болса, онда мұндай сиырларды сүтті табынға жатқызады.
Мал саны туралы нақты деректер алу мақсатында әр шаруашылық бойынша есепке алу деректеріне нақтылауды жүргізетін адамдар күнтізбелік жылғы қаңтардың 1-інен 20-сына және шілденің 1-інен 20-сына дейінгі кезеңде оларға тапсырылған учаскедегі барлық шаруашылықтарды осы шаруашылықтарда малдың бар не жоқ екендігіне қарамастан аралап шығады және бұл ретте көрші учаскемен (елді мекенмен) шектелетін аулалардың қалып қоймауына ерекше назар аударылады.
«Балық және басқа су жануарларын аулау, кг» деген жолда үй шаруашылықтарының мүшелері бір жылдың ішінде табиғи ортада ауланған балықтың және басқа да су жануарларының саны килограммен көрсетіледі.
24. V «Күнтізбелік жылғы 1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының қолда бары туралы мәліметтер» бөлімінде ауыл шаруашылығы техникаларының сан түрлері және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған жабдықтары бойынша көрсетіледі.
Түрлері бойынша ауыл шаруашылығының техникаларын және ауыл шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеуге арналған жабдықтар осы Әдіснаманың 8-қосымшасына сәйкес ӨӨСЖ бойынша көрсетіледі.
25. VІ «Күнтізбелік жылғы 1 қаңтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және мал ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар» бөлімінде жарықтандырылуы, арнайы жабдығы, температуралық режимді ұстап тұратын желдеткіші бар жерасты және жерүсті күрделі құрылыстары мен имараттары бойынша ақпарат көрсетіледі.
Құрылыстар бойынша көрсеткіштер «Негізгі қорлар жіктеуішіне»
(бұдан әрі – НҚЖ), осы Әдіснаманың 9-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұстауға арналған құрылыстар» - құрылыстың түрі, құрылыстың әрбір түрі бойынша олардың саны және сыйымдылығы көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен имараттардың сыйымдылығы қойманың сақтау орнының немесе имараттың пайдалы көлемін өнімнің бір текше метрінің орташа салмағына көбейту арқылы есептеледі.
«Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыстар» - құрылыстың түрі көрсетіледі, құрылыстың әрбір түрі бойынша олардың саны және мал орындарының саны көрсетіледі. Малдардың әртүрлі түрлерін бірге ұстауға арналған құрылыстарға мал орнының саны қойылмайды.
«Өсіруге арналған жылыжайлар» - жабық жерде көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді өсіруге арналған алаңдар бойынша деректер көрсетіледі. Алаң шаршы метрмен көрсетіледі.
Дәптерлерде жазылған барлық деректер (мәліметтер) үш жүмыс күнінің ішінде, ал азаматтардың өтініштері – өтініш жасаған күні ЭӘШБЕА БҚ-ға енгізілуі тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша жазбаларды жүргізу тәртібі
26. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында тіркелген барлық ШФҚ құрылысы, мекені және малының болуына қарамастан әр шаруашылық бойынша есепке алумен қамтылады.
ШФҚ басшысын сол шаруашылықтың басқа тұлғасына ауыстырған жағдайда (қайтыс болуына немесе басқа да себептерге байланысты), ШФҚ бұрынғы басшысының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) ауыстырады және жаңа басшыны негіздеуші құжатқа сілтеме жасай отырып енгізеді. Егер де ШФҚ жеке кәсіпкерлік нысанында тіркелген жағдайда ЖСН ауыстыру жүргізіледі.
Егер ШФҚ қызметін тоқтатқан болса, оның мекенжай бөлігі жабылады, қызметін тоқтатқан күні және себебі көрсетіледі (банкроттық, жер учаскесіне жеке меншік құқығын және жерге ие болу құқығын тоқтату).
ШФҚ басшысы басқа көшеге немесе басқа елді мекенге тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда «Шаруа немесе фермер қожалықтары басшысының тұрақты тұрғылықты жері» деген жолда бұрынғы мекенжайы жаңа мекенжайға ауыстырылады.
Егер ШФҚ бірнеше қожалықтарға тарап кетсе, онда бұрынғы қожалықтың мекенжай бөлігін сызып тастап, себептерін жазады: «….-ке бөлінді» және жерге ие болу туралы жаңадан берілген актінің нөмірі жəне күні қойылады. Содан кейін ЭӘШБЕА БҚ-да жерге иелік ету актісіне сəйкес жаңадан құрылған ШФҚ-ны құрады.
ШФҚ мекенжайы оған ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін берілген жер үлесінің нақты тұрған жеріне сəйкес болуы қажет. Егер ШФҚ елді мекеннен немесе ауылдық округтан тыс жерлер бар болған жағдайда, онда ол «шаруа немесе фермер қожалығының қосымша мекенжайы» жолы бойынша көрсетіледі.
ШФҚ қызметінің негізгі бағыты: өсімдік шаруашылығы немесе мал шаруашылығы немесе аралас (өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы) болып табылады.
27. І «Шаруа немесе фермер қожалықтарының құрамы туралы мəліметтер» бөлімінде жылына бір рет күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына толтырылады. Осы бөлімде ауылшаруашылығы өндірісімен шұғылданатын қызметкерлердің орташа жылдық санын көрсетеді. Оларға ШФҚ-ның тұрақты жұмыс істейтін барлық мүшелері, осы ШФҚ-да жалданып жұмыс істейтін азаматтар (еңбек шарты немесе келісімшарт бойынша қабылданған), соның ішінде маусымдық жұмысқа тартылғандар жатады.
Қызметкерлердің орташа жылдық санын есептеу үшін есептеу арқылы анықталатын қызметкерлердің орташа айлық саны пайдаланылады. Мысалы,
3 мамыр мен 20 мамыр аралығында ШФҚ-да 5 жалдамалы қызметкер 18 күнді жұмыспен өтеді. ШФҚ тұрақты жұмыс істейтін мүшелерінің саны 4 адам. Мамырдағы жалдамалы қызметкерлер санының жиынтығы 1 күнде жұмыс істейтіндердің санын осы айдағы жұмыспен өтелген күн санына көбейту арқылы есептеледі (5адам*18=90 адам-күндер). Мамырдағы жалдамалы қызметкерлер санының жиынтығы 90 адам-күнді құрайды, мамырдағы күнтізбелік күннің саны 31, жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны орта есеппен мамырда 3 адамды
(90 адам-күн /31 күн=2,9 адам – дөңгелектеу есебімен 3 адам) құрады. Мамырдағы ШФҚ-да жұмыс істейтін барлық мүшелерінің санын 7 адамды (жалдамалы қызметкер 3 адам + тұрақты жұмыс істейтін мүшелер 4 адам=7 адам) құрады.
Шаруа қожалығының қай айда тіркелгеніне қарамастан, қызметкерлердің орташа жылдық саны қызметкерлердің орташа айлық санын жұмыстың барлық айларына қосу арқылы жəне алынған қосындыны 12-ге бөлу жолымен анықталады. Мысалы, шаруа немесе фермер қожалығы 1 сəуірде тіркелген. Шаруа қожалығының тұрақты жұмыс істейтін мүшелерінің саны 4 адам. Мамырда маусымдық жұмысқа 5 адам – 18 күнге жəне қыркүйекте 3 адам 10 күнге қабылданған болатын. Қызметкерлердің орташа айлық саны сəуірде – 4 адамды, мамырда 7 адамды (5 адам*18күн/31 күн+4 адам) құрады, маусым, шілде жəне тамыздан 4 адамнан, қыркүйекте – 5 адам (3 адам*10күн/30күн+4 адам), қазан, қараша жəне желтоқсанда 4 адамнан болды. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 3,3 адамды ((4+7+4+4+4+5+4+4+4) адам/12 ай= 3,3 адам) құрайды.
Жұмыс істейтіндердің жалпы санынан жұмыс істейтін əйелдердің орташа жылдық саны жеке көрсетіледі, ол осыған ұқсас тəсілмен есептеледі.
Маусымдық жұмысқа тартылғандарды ескере отырып, жалдамалы қызметкерлердің (еңбек шарты немесе келісімшарт бойынша қабылданған) орташа жылдық саны жеке көрсетіледі. Мысалы, мамырда 5 адам 18 күнге жəне қыркүйекте 3 адам 10 күнге тартылды. Жалдамалы қызметкерлердің орташа жылдық саны 0,3 адамды (5 адам*18/31 күн+3 адам*10 күн/30 күн)/12 ай=0,3 адамды) құрайды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығынан басқа, тек қана ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен жəне басқа да қызмет түрлерімен шұғылданатын қызметкерлердің орташа жылдық саны көрсетіледі.
28. ІІ «Күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына кенттің, ауылдың, ауылдық округ аумағының шегінде және шегінен тыс жалға берілген (алынған) жеке меншіктегі жерлер» бөлімінде жер алаңы 0,1 гектарға дейінгі дәлдікпен гектармен көрсетіледі.
ІІ бөлімнің А кіші бөлімінде иелік етуге немесе уақытша пайдалануға алынған жалпы жер алаңы көрсетіледі. Ақпарат ШФҚ тіркеу кезінде алынған жерді пайдалану құқығына арналған актінің негізінде толтырылады.
«Жалға берілген жерлер» және «Жалға алынған жерлер» деген жолдар, егер жер «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 6-тармағына сәйкес ұзақ мерзімді жалға алынған болса, бұл жолдарда осы жер бойынша ақпарат ескерілмейді.
ІІ бөлімнің Б кіші бөлімінде ағымдағы жылғы астыққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері (барлық егістік алаңы) туралы деректер ШФҚ-ның басшысынан немесе оның мүшелерінен сұрау жүргізу арқылы толтырылады.
Қатараралық бақтардағы егістер тиісті дақылдың егістік алаңының қорытындысына және барлық егістік алаңының қорытындысына енгізіледі. Отамалы дақылдардың қатараралықтарында жүргізілген егістері, сондай-ақ қайталанған (аңыздық) егістер егістік алаңына кірмейді. Егістік алаңында баулар, жидектіктер, жасыл көгалдар, жолдар және ауыл шаруашылығы дақылдары егілмеген басқа алаңдар есепке алынбайды.
«Дәнді (күрішті қоспағанда) және бұршақты дақылдар» жолы бойынша дән түрінде пайдалануға арналған сақталып қалған күздік (бидай, қара бидай, арпа) және жаздық дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, масақтылар қоспасы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш, құмай жүгері, дәнді бұршақтылар) егісі енгізіледі. Басқа мақсаттарға (көк азыққа, сүрлемге, пішенге) арналған дәнді дақылдар енгізілмейді.
«Дәнді (күрішті қоспағанда) және бұршақты дақылдар» деген жолдан есепті жылы егілген дәнді дақылдардың түрлері (бидай, жүгері (маис), арпа, қара бидай, сұлы, қонақ жүгері, тары, қарақұмық, тритикале (бидай – қарабидай буданы), масақтылар қоспасы, жасыл (жаңа піскен) бұршақ көкөністері, кептірілген бұршақты көкөністер) бойынша егістіктер белгіленеді.
«Жүгері (маис)» деген жолда сүрлем мен жасыл азыққа пайдаланылатын сүтті-балауыз және балауызданып піскендерді алып тастағанда, толық піскен жүгерінің дәні көрсетіледі. Бұл дақылдар азық дақылдары бойынша көрсетіледі.
«Майлы дақылдар» жолы бойынша майлы дақылдарға арналған егістердің жалпы алаңы көрсетіледі.
«Майлы дақылдар» жолынан шашақты зығырдың, қышаның, рапстың, күнбағыстың, мақсары, соя бұршақтарының, жер жаңғағының тұқымдары және басқа да тұқымдарға арналған егіс алаңдары көрсетіледі.
Күнбағыс егісіне ағымдағы жылы өндірілген егістер, сондай-ақ қыстың алдында өндірілген күнбағыстың дәнге сақталған егістері кіреді. Күнбағыстың сүрлемдік егістері бұл көрсеткішке кірмейді.
«Ақталмаған күріш» деген жолда күріш егістігіне арналған жер алаңы көрсетіледі.
«Көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер» деген жолда көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілерге арналған жалпы егіс алаңдары көрсетіледі.
«Көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер» деген жолынан қырыққабат, бұрыш, қияр, баялды, қызанақ, асқабақ, кәді, асханалық сәбіз, сарымсақ, басты пияз, шомыр, шалғам, асханалық қызылша, бақша дақылдары, картоп, қант қызылшасы, саңырауқұлақ және өзге де көкөністерге арналған егіс алаңдары көрсетіледі.
«Темекі» деген жолда темекі егісінің алаңы көрсетіледі.
«Тұқымнан тазаланған немесе тазаланбаған мақта» деген жолда көлеңкелеу үшін жағалай отырғызылған тұт ағашының жолақтары, жеке тұрған ағаштардың көлеңкелік алаңын қоса алғанда мақта егісінің барлық нақты алаңы көрсетіледі.
«Азықтық дақылдар» деген жолда барлық азықтық дақылдардың егістері көрсетіледі.
«Азықтық дақылдар» деген жолдан азықтық тамыржемісті, азықтық бақша (азықтық асқабақ, азықтық қарбыз және азықтық кәділер), дәнді және дәнді бұршақты, сүрлемге арналған азық (жүгерісіз), азықтық жүгері, пішендіктер және басқа да дақылдар егістері көрсетіледі.
«Гүлдер» деген жолда ашық жерде өсірілетін гүл егістері алаңдары бойынша деректер көрсетіледі.
II бөлімнің В кіші бөлімінде көпжылдық дақылдар: жүзімдіктер, алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, қара өрік, жеміс және жидектер (соның ішінде таңқурай, қой бүлдірген (құлпынай), қарақат және басқалары) жаңғақтар және басқа да көпжылдық дақылдар егістерінің алаңдары бойынша деректер толтырылады.
ШФҚ бойынша егістік алаңдары туралы деректер үй жанындағы телімді есепке алмағандағы жерді қамтиды.
29. ІІІ «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)» бөлімінде мал басы, құстар және өзге де ауылшаруашылығы жануарлары туралы деректер көрсетіледі.
ШФҚ аралау, ШФҚ басшысына сұрау жүргізу жəне малдарды тірі күйінде қайта есептеу, мал фермада (үй ауласында) болған кезінде жүргізіледі. Егер нақты есептеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда мал басы туралы деректер ауыл шаруашылығы малдары басының нақты саны туралы осы ШФҚ иесіне сұрау жүргізу арқылы жазылады. Малды есепке алу күнтізбелік жылдың
1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жүргізіледі.
ШФҚ бойынша малдың жалпы санына сол немесе басқа шаруашылықтың қызметкерінің жеке меншігіне жататын үй шаруашылықтары бойынша нақтыланған мал басы кірмейді.
Мұндай мал болған жағдайда ШФҚ басшысы жергілікті атқарушы органның маманына отарында малы бар азаматтардың тізімін беру керек. Бұл мал үй шаруашылықтары бойынша халықтың малы ретінде жазылады.
Әр ШФҚ бойынша малдардың жайылымда жəне өрісте не болмаса жұмыста немесе басқа шаруашылықтың қарауында жүргеніне қарамастан, ШФҚ иелігіндегі барлық мал көрсетіледі.
Егер ШФҚ малды үй шаруашылықтарында өсіруге (бордақылауға) беретіндігі анықталған болса, онда мұндай санының үй шаруашылықтары бойынша есепке кірмегенін анықтау қажет.
Осындай фактілер анықталған жағдайда жергілікті атқарушы органның малдың есебін жүргізуші маманы үй шаруашылықтарын тіркеу жазбаларына өзгерістер енгізеді, яғни бұл малды үй шаруашылықтарынан алып тастайды.
Бұл жағдайда тағы да бір рет сол мал санының ШФҚ бойынша енгізілгенін тексеру керек.
Егер ШФҚ-да шарт бойынша бордақылауға қойылған мал болса мұндай малдың саны туралы мəлімет тіркеу жазбаларында жазылмайды.
Егер ШФҚ сол кенттің, ауылдың және ауылдық округтің аумағында тұрмайтын адамға тиесілі мал болса, онда мұндай малдың саны туралы мəлімет тіркеу жазбаларында, VII «Қосымша мəліметтер» бөлімінде мал ұстайтын ШФҚ-ға жазылады.
Басқа ШФҚ-дан ұзақ ұстауға қабылданған малдарды өткізіп және есепке алынбауын болдырмау мақсатында, барлық жағдайда есепке алу малдың тұрған жері бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар бұл малдың нақты кімге тиесілігі мұқият тексеріледі және ақпарат VII «Қосымша мəліметтер» бөлімінде көрсетіледі.
30. ІV «Күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының қолда бары туралы мәліметтер» бөлімінде ауыл шаруашылығының техникаларының саны түрлері және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған жабдықтар бойынша көрсетіледі.
Түрлері бойынша ауыл шаруашылығының техникасы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған жабдықтар осы Әдіснаманың
8-қосымшасына сәйкес, ӨӨСЖ бойынша көрсетіледі.
31. V «Күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және мал ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар» бөлімінде жарықтандыруы, арнайы жабдығы, температуралық режимді ұстап тұратын желдеткіші бар жерасты және жерүсті күрделі құрылыстары және имараттары бойынша ақпарат көрсетіледі.
Құрылыстар бойынша көрсеткіштер НҚЖ негізінде, осы Әдіснаманың
9-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұстауға арналған құрылыстар» - құрылыстың түрі, әрбір құрылыстың түрі бойынша олардың саны және сыйымдылығы көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен ғимараттардың сыйымдылығы қойманың сақтау орнының немесе ғимараттың пайдалы көлемін өнімнің 1 текше метрінің орташа салмағына көбейту арқылы есептеледі.
«Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыстар» - құрылыстың түрі көрсетіледі, құрылыстың түрі бойынша олардың саны және мал орындарының саны көрсетіледі. Әртүрлі малдарды бірге ұстауға арналған құрылыстарға мал орнының саны қойылмайды.
«Мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстың бары» - мұнай өнімдерін сақтауға арналған тұрақты жəне жылжымалы металл резервуарлардың (автоцистерналардың) болуы, бірлікпен жəне олардың тиісті сыйымдылығы – текше метрмен көрсетіледі.
«Өсіруге арналған жылыжайлар» - жабық жерде көкөністер, гүлдер мен басқада өсімдіктерді өсіруге арналған алаңдар бойынша деректер көрсетіледі. Алаң шаршы метрмен көрсетіледі.
«Ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға арналған үй-жайлар» - ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға арналған: күрделі, ыңғайластырылған жəне жабынды үй-жайлардың саны бірлікпен жəне оларға тиісті алаң шаршы метрмен көрсетіледі.
32. VI «Күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына сатып алу кооперативтiк бірлестіктерінің, сатып алу орталықтарының нақты бары» бөлімінде заттай мәнде толтырылған тауарлар бойынша деректер көрсетіледі.
33. VIІ «Қосымша мəліметтер» бөлімінде жалға берілген (немесе алынған) жер туралы деректер, оның жалға берілген (немесе алынған) кімге берілгені (немесе кімнен алынғаны) көрсетіліп, сондай-ақ басқа да қосымша мəліметтер жазылады.
Дәптерлерде жазылған барлық деректер (мәліметтер) ЭӘШБЕА
БҚ-ға үш жүмыс күнінің ішінде, ал ШФҚ басшысы жүгінген кезде – өтініш жасаған күні енгізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |