Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің



бет1/10
Дата09.06.2016
өлшемі2.05 Mb.
#125473
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 830 бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы «5» желтоқсандағы

№ 132 бұйрығымен

бекітілді



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссия және пайымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – Қазақстан Республикасының біртұтас және тиімді ұлттық экономикасын қалыптастыру.

Министрліктің пайымы – 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнінен үштен бір бөлігінен артық сапалы өсуі.

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік жоспарлаудың және басқарудың тиімді жүйесін дамыту

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесінің жетілдіру және толық жұмыс істеу саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өз Жолдауында 2050 жылға қарай елдің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде ұзақ мерзімді мақсат қойды.

Бүгінгі күні әлемде мемлекеттің даму деңгейінің барынша мойындалған және беделді болып танылған сипаттамаларының бірі – халықаралық рейтингтер мен ЭЫДҰ ұйымында өкілдіктің болуы болып табылады.


Осылайша, 2014 жылғы 29 қазанда жарияланған Дүниежүзілік Банктің Doing Business-2015 рейтингінде Қазақстан 189 елдің арасында 77 орынды иеленді. Жаңа әдістемеге сәйкес қайта есептегеннен кейін Қазақстан позициялары өткен жылғы рейтинг нәтижесіне қарағанда 1 тармаққа төмендеді.

2014 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы жыл сайынғы есебінде Қазақстан 2013 жылғы (4,4 баллмен 50-орын) позицияны сақтай отырып және 2012 жылмен (орташа 4,4 баллмен 51-орын) салыстырғанда жақсартып, орташа 4,4 баллмен қайтадан 50 орынды иеленді.


ЭЫДҰ стандарттарын және мемлекеттік басқару, адами капиталды дамыту, салық-бюджет саясаты және бизнес ахуалды жақсарту сияқты салаларда ең озық тәжірибені қабылдау үшін 2015 жылғы қаңтарда Үкімет пен ЭЫДҰ арасындағы Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасына қол қойылды, оның мақсаты шеңберінде Қазақстан Республикасы әртүрлі құралдарға қосылып, 2014 – 2016 жылдарда ЭЫДҰ құрылымдарының жұмысына қатыса алатын елдік ынтымақтастықтың мүмкін болатын нұсқаларын ұсыну болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін отандық экономикаға құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізіп, адами капиталды едәуір дамыту қажет.

Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып, бірқатар жыл ішінде МЖЖ құжаттарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мемлекеттік жоспарлау құжаттарының иерархиясы құрылған: мемлекеттік жоспарлаудың қисынды қатары қалыптастырылып, экономиканы дамытудың негізгі бағыттары белгіленді және декомпозициялау арқылы мемлекеттік органдар қызметі стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталды.

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы іске асырылуда, оның шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасын және оларды іске асыру деңгейін арттыру, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру тиімділігін бағалауды жетілдіру, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы жұмыс басты кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру міндеттерін шешу көзделген.

Сонымен бірге, жүргізілген жұмысқа, оның ішінде МЖЖ құжаттарын оңтайландыру бойынша жұмысқа қарамастан (2014 жылы облыстық деңгейде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеуді және аудандық деңгейде әлеуметтік-экономикалық даму болжамының алынып тасталуына байланысты, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға ревизия жүргізу қорытындысы бойынша қолданылған шаралар нәтижесінде құжаттар саны 2012 жылмен салыстырғанда 313-ті құрады немесе 36 %-ға қысқарды) МЖЖ жаңа құжаттарын әзірлеу үрдісі байқалуда.

Сонымен, егер 2012 жылғы қаңтарда 6 мемлекеттік және 24 салалық бағдарламалар қолданыста болса, 2013 жылғы қаңтарда – 8 мемлекеттік және 44 салалық бағдарламалар, 2014 жылғы қарашада – 10 мемлекеттік және 15 салалық бағдарламалар қолданыста (ревизия нәтижесі бойынша).

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – СЖ 2020) 2015 жылы алғашқы өткізілген бағалау нәтижесінде айқындалған ел дамуының барлық маңызды көрсеткіштері бойынша оң серпіні кезінде МЖЖ жаңа құжаттарын әзірлеу қажеттілігі СЖ 2020 ережелерінің толық емес декомпозициясының болуын көрсетіп отыр, себебі СЖ 2020 іске асыру төмен тұрған құжаттарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есептілік қағидаларымен мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді орталықсыздандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

2014 жылғы мемлекеттік баскару жүйесі, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының шағын Үкіметін қалыптастыру тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік реформа өткізілді.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заңда Қазақстан Республикасы Үкіметінен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға 1606 функцияны, орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға 261 функцияны, облыстардың жергілікті атқарушы органдарынан мемлекеттік басқарудың аудандық деңгейіне 14 функцияны беру көзделген. Бұдан басқа, 2 функция мемлекеттік емес секторға берілді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жергілікті атқарушы органдардың оларды қосымша табыс көздерімен (салықтың бөлігін беру) қамтамасыз ету есебінен қаржылық дербестігі күшейтілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік аппарат қызметін халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға кезеңмен қайта бағыттау байқалады.

2013 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа тәсілдерді көздейтін, бірінші кезекте өзінің тұтынушысына бағытталған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заңды іске асыру үшін адам өміріндегі әр түрлі салалардағы 2015 жылы 729 мемлекеттік көрсетілетін қызметтен тұратын жаңа форматтағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі қабылданды.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу бойынша мониторинг жүргізілуде. 2013 – 2014 жылдары 631 жуық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен 1989 регламенттері қабылданды.

2011 жылдан бастап жүйелі негізде қызметтің 7 бағыты бойынша, оның ішінде «Жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүргізіледі.

2013 жылғы бағалау нәтижелері бойынша бұл бағыт бойынша жалпы орташа балл 88,05 құрап, бұл 2012 жылға қарағанда (84,29 балл) 3,76 баллға жоғары, 2014 жылы 88,29 балды құрады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Елдің ұзақмерзімді даму перспективаларына уақтылы қол жеткізуін елеулі дәрежеде, стратегиялық құжаттар сапасы және МЖЖ төмен тұрған құжаттары арқылы ойластырылған іске асырылуы айқындайды (мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары, Ұлттық холдингтер мен компаниялар стратегиялары). Дегенмен, МЖЖ құжаттарының өзара байланысы мен стратегиялық міндеттерді шешуде нақты қисынды бірізділігінің жеткіліксіздігі проблемасы, оның жаңа құжаттарды әзірлеу қажеттігінде, әлсіз талдауда, нысаналы индикаторлар-түпкілікті нәтиже, проблемалар деңгейлері арасында қисынды байланысының болмауы, көрініс табатын формальды сипаттағы тәуекелдер пайда болған және тәуекелдерді анықтау жағдайында СЖЖ құжаттарының сапасына және тиісінше СЖЖ құжаттарын іске асыруға әсер етеді.

Мемлекеттік органдардың құзыретін регламенттеу және мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін күшейту бөлігінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктің аражігін ажырату жөніндегі реформаның алдыңғы кезеңдерінің нәтижелеріне қарамастан мемлекеттік органдар функцияларын және мемлекеттік басқару деңгейлерін нақты бөлу, оның ішінде іске асырылатын функцияларды орталықсыздандыру (қызметтерді көрсету тұтынушыларға жақын болуы тиіс) мәселелеріне әлі де көп көңіл бөлу қажет.

Бұдан басқа, кейіннен стандарттау мен регламенттеумен мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу үшін жаңа мемлекеттік қызметтерді анықтау жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары жұмыс деңгейінің төмендігі байқалуда.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік басқару құрылымындағы ықтимал өзгерістер

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру

Кәсібилігі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу

Мемлекеттік органдар қызметіне жүргізілген функционалдық шолулар шеңберінде ұсынымдар әзірлеу

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде ұсынымдар әзірлеу




Мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Мемлекеттік мүлік тізілімінің 2014 жылғы 1 қаңтардағы деректері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны 7647 бірлікті құрады, өсуі 2012 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 7,6% құрады.

Осыған байланысты мемлекеттік активтерді басқару саясаты Қазақстан экономикасында мемлекеттік қатысу үлесін төмендетуге және квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Статистика деректері бойынша, 2013 жылға ЖІӨ-де квазимемлекеттік секторының жалпы қосымша құнының үлес салмағындағы үлесі 28,2% құрады.

Қазақстан экономикасында мемлекеттік қатысу үлесін төмендету мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

- Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын, бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған республикалық мүліктің және квазимемлекеттік сектор мүлкінің ірі ұйымдарының басымды тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бәсекелестік ортаға ұсынылған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес, тәуелді компаниялар тізбесін іске асыру;

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның трансформация бағдарламасын іске асыру;

- «yellow pages» қағидаттарын іске асыру.

Жекешелендірудің кешенді жоспарының шеңберінде 2013 жылы мемлекет қатысуымен 22 ұйым жекешелендірілді, оларды сатудан кіріс - 703,0 млн. теңгені құрады, 2014 жылы 7883,7 млн. теңге сомаға127 объекті сатылды.

2013 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қайта құрылымдау мен жергілікті атқарушы органдарға және бәсекелес ортаға 713 бейінді емес активтерді және еңшілес ұйымдардың объектілерін беру жұмыстарын жүргізуде,олардың ішінде 524 актив қайта құрылымдалған. Активтерге қайта құрылымдау жүргізу компаниялардың қызметін негізгі қызметіне және негізгі құзіретіне баса назар аударуға, операциялық және қаржылық тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде Қазақстандық қор биржасында (KASE) 2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ топтарына кіретін ірі компаниялардың акцияларын орналастыру жүргізілуде: 2012 жылы «КазТрансОйл» АҚ, 2014 жылы «KEGOC» АҚ.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2014 жылы қабылдаған Трансформация бағдарламасы Қордың инвестициялық пен операциялық қызметтерінің тиімділігін арттыруға бағытталған және үш бағытты қамтиды: портфельді компаниялардың құнын көтеру, Қордың инвестициялық қызметті жүргізуге портфель құрылымы мен тәсілдерін өзгерту (қысқарту), өкілеттілік пен жауапкершілікті Қордың басқару жүйесінде және порфелді компанияларда қайта бөлу.

Трансформация бағдарламасына сәйкес еншілес ұйымдардың трансформацияның жол карталары қабылданды, сондай-ақ Қордың корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда қабылданды.

«Yellow pages» қағидаларын енгізу бәсекелі ортасы бар экономика салаларында мемлекеттің қатысу үлесін қысқартудың құқықтық негізін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылға қарай квазимемлекеттік сектор субъектілер саны 15% қысқарды, оның ішінде республикалық меншік бойынша 28%, коммуналдық 10%; ӘКК - 60% және ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша - 36%.

Қазақстан 2014 жылдан бастап ЭЫҰД-ның мемлекеттік меншік және жекешелендіру Жұмыс тобының жұмысына қатысып, оның шақырылған мүшесі болып табылады.

ҚР 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттік қатысу үлесін Экономикалық ыңтымақтастық және даму ұйымының көптеген елдерінің деңгейіне (ЭЫҰД) ЖІӨ-нің 15% жеткізуі жоспарланған.

Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компания тобының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын, қызметінің тиімділігін арттыру үшін мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі электр-энергия және газ тапшылығының орнын толтыру үшін, көлік-логистика орталықтарының тиімді жүйесін дамытуға, барынша жүктелген темір жол учаскелері арасында жеткізу қашықтығы мен уақытын қысқартуға, ұлттық экономикаға жеке инвестициялар тартуға, жаңғыртуға жәрдемдесуге бағытталған инвестициялық жобалар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғылық капиталын көбейту» 049 бюджеттік бағдарлама бойынша іске асырылады.

2012 жылы ЭЫДҰ қолданыстағы заңнаманың мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды енгізудің төмен деңгейін анықтаған корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкестік мәніне талдау жүргізді.

Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:



  • мемлекеттік мүлікті басқару бойынша олардың қызметінің тиімділігіне байланысты мемлекеттік органдарды рейтингтік бағалау;

  • мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқарудың енгізілуін бағалау;

  • ұлттық басқару холдингтарының, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар.

Жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік ұйымдарды, мемлекеттік пакет акциялары бар акционерлік қоғамдар мен мемлекеттің қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді төмен, орта және жоғары тиімділікпен басқаратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар анықталады, сондай-ақ тиісті ұсынымдар әзірленеді.

Мәселен, ұсынылған 29 мемлекеттік органдардың ішінен -24-жоғары нәтижелі, 4-орта нәтижелі және 1- төмен нәтижелі болды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 16 жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық мүлікті басқару бойынша жоғары тиімділікпен – 7, орта тиімділікпен – 8, төмен тиімділікпен – 1.

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ішінен басқару бойынша (196) 93 - жоғары тиімділікпен, 98 - орта тиімділікпен және 5- төмен тиімділікпен.

2013-2014 жылдардағы ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру жөніндегі жұмыстардың нәтижесі бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорынан басқа) әкімшілік шығыстарының жеке түрлерінің лимиттері регламенттелген болатын. «Самұрық-Қазына» Қорының әкімшілік шығыстарының лимиті «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңымен реттеледі.

Осылайша, Қазақстанның экономикасында мемлекеттің қатысу үлесін төмендету және квазимемлекеттік сектордың қызметінің тиімділігін арттыру елдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырумен біруақытта жүргізіліп отыр.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Квазимемлекеттік секторының субъектілер санының өсуі мемлекеттік активтерді басқарудың негізгі проблемасы болып табылады. Мемлекеттік органдар ел басшылығымен қойған әрбір тапсырмаға, міндеттерге жұмыс істейтін компаниялардың әлеуетін және мүмкіншіліктерін қолданбай ұйымдар құрады, бұл квазимемлекеттік секторының субъектілер санының өсуіне, қызметінің қайталануына әкеп соғады және жалпы ел бюджетіне елеулі жүктеме салады.

Мемлекеттік сектор ұйымдары қызметін талдау, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес қызметтерінің бағыттылығы арасындағы нақты аражігін ажырату жоқтығын және әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйым қызметінің қайталануын анықтады.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономикалық ахуалдың нашарлауына және жекешелендіруге жеке сектор субъектілерінің қызығушылығының төмендеуіне байланысты 2020 жылға қарай ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесінің ЖІӨ-ге қарағанда 15 % дейін жетпеуі

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асыру мерзімін бұзу

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұсынатын ақпарат негізінде жобалардың іске асырылуын мониторингілеу


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту саласы

1. Негізгі даму параметрлері

2006 жылғы 7 шілдедегі «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен концессия тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жекеменшік секторға қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз қаланды.

МЖӘ жобаларының тартымдылығын арттыру және олардың кеңінен қолданылуы үшін 2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде заңнамаға қосымша тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді.

2013 жылғы желтоқсанда өңірлерде МЖӘ жобаларын іске асыру процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін, үлгілік және техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша заңнамалық түрде қажетті құжаттаманы дайындау рәсімі оңайлатылды.

МЖӘ жобалары үшін республикалық деңгейде «бір терезе» қағидатын енгізу мақсатында ҰБХ «Бәйтерек» жанында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС құрылды. Орталық мемлекеттік органдар үшін барлық республикалық МЖӘ жобаларын «бір терезеде» дайындау мен сүйемелдеуді, сондай-ақ инвесторларға консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін болады.

2013 жылы мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру бойынша реформалау тәсілдерінің маңызды кезеңі инвестициялық жобаларды бюджеттік қаржыландыру бойынша шешімдерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік немесе жеке инвестициялар есебінен жобаны іске асыру мүмкін болмаған не оның орынсыздығы жағдайларында ғана қабылдауға мүмкіндік беретін «бюджеттік компаратор» тетігін енгізу болып табылады.

2014 жылғы шілдеде жергілікті атқарушы органдардың дербестігін арттыру мақсатында, атап айтқанда, МЖӘ үлгілік жобаларын іске асыру кезінде, сондай-ақ үш жылдық кезеңге ЖАО-ның мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін белгілеу бойынша және құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын жобаларды қоспағанда, жергілікті концессиялық жобаларды келісу мен сараптау өкілеттіктері берілді.

Инвестициялық салада мемлекет пен бизнестің ұзақ мерзімді өзара іс-қимылының барлық аспектілерін кешенді реттеуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының міндетттерін шешуге бағытталған МЖӘ құқықтық өрісін жасау мүмкіндігін беретін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» жеке заң жобасы әзірленді.

Ұсынылған заңнамадағы жаңашылдықтар:

- МЖӘ институционалдық мәселелерін реттеуге;

- МЖӘ қолдану салаларын кеңітуге;

- МЖӘ қатысушылар санын арттыруға;

- жеке қаржылық бастамашылдықты енгізуге;

-МЖӘ-дегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысу нысанын айқындауға;

- өңірлік деңгейде іске асырылатын МЖӘ «шағын жобаларының» өту тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жалпы, қазіргі уақытқа объектілер құрылысының жалпы құны 51,4 миллиард теңге 3 жоба іске асыру сатысында тұр, 60 концессиялық ұсыныс, 10 конкурстық құжаттама топтамасы қаралды. 2014 жыл ішінде «бюджеттік компаратор» кезеңінен өту қорытындылары бойынша 14 жоба бойынша инвестициялық ұсыныстар МЖӘ жобалары ретінде іске асыруға ұсынылған болатын.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту саласындағы негізгі проблемалардың бірі жобалардың төмен инвестициялық тартымдылығы, жобаларды ынталандырушы мемлекеттік органдардың төмен белсенділігі болып табылады. Мемлекеттік және жергілікті органдардың кадрлардың және жергілікті бюджеттердің ұзақ мерзімді инвестициялық мүмкіндіктерінің болмауына байланысты МЖӘ тетіктерін пайдалану жолымен инвестициялық жобаларды іске асыруға жеткілікті түрде қызығушылығы жоқ.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Жеке және халықаралық капиталдың концессиялық жобаларға қатысудан бас тарту тәуекелі

1. Мемлекет пен концессионер арасындағы тәуекелдерді бөлу
2. Концессия бойынша келісімшарттарды мониторингілеу

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің концессиялық ұсыныстар мен конкурстық сараптама жүргізуге құжаттарды ұсынбауы

Концессиялық жобаларды дайындау процесін әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шаралар қабылдау


Статистикалық ақпаратты ұсыну саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Пайдаланушыларды сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету және Қазақстанның статистикалық жүйесінің тиімділігін арттыру үшін статистиканың барлық салаларында халықаралық стандарттар табысты енгізілуде.

Статистика саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдармен және Еуразиялық экономикалық комиссия, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ТМД Статистикалық комитеті сияқты ұлттық статистикалық қызметтермен ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банкімен іске асырылып жатқан «2012-2016 жылдарға арналған Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесін нығайту жөніндегі жоба» жобасы (бұдан әрі – ҚАЗСТАТ жобасы) статистикалық жүйенің институционалды ортасын жетілдіруге және операциялық қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық жүйені және физикалық инфрақұрылымды жақсартуға, кадрлық әлеуетті дамытуға, статистикалық инфрақұрылымды, стандарттар мен әдіснамаларды жақсартуға, пайдаланушылармен және респонденттермен жұмысты жетілдіруге, әдіснамалар мен статистиканың нақты салаларындағы тәжірибені жетілдіруге бағытталған.

Жалпы алғанда, ҚАЗСТАТ жобасын іске асыру аяқталғанда: статистиканың әр түрлі саласындағы 70-тен астам жетілдірілген және жаңа әдістемелерді қабылдау; статесептердің жалпы санын кемінде 15 %-ға азайту; пайдаланушылардың статистикалық деректердің сапасымен қанағаттанушылығын 80%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз жоспарлануда.

2011-2013 жылдары 13 статистикалық әдістеме жетілдіріліп, 26 жаңа статистикалық әдістеме әзірленді. 2014 жылы 14 әдістеме жетілдірілді және жаңадан қабылданды.

2014 жылы респонденттерге түсетін есептік жүктеме 2013 жылмен салыстырғанда 12 %-ға, ал 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда тағы 3 %-ға азайды.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне «Ресми статистикалық ақпараттарды тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі енгізілді.

2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдерді бұзулар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағымдар тіркелмеген.

Ресми статистикалық ақпаратқа қанағаттанушылық бөлігінде қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайын пайдаланушыларға сауалнама жүргізіледі. Жалпы алғанда, пайдаланушылардың статистикаға деген көзқарасы позитивті. Жыл сайын пайдаланушылардың статдеректерге деген сенімінің жоғары дәрежесі байқалады (2012 жылы - 80 %, 2013 жылы – 80,8%, 2014 жылы – 82,2%).

Бұдан басқа, тәуелсіз зерттеу ұйымы – Қоғамдық пікірді зерделеу орталығы 2014 жылғы сәуір-мамырда Қазақстанда пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қанағаттанушылық деңгейін зерделеу бойынша әлеуметтік пікіртерім жүргізді, оның қорытындысы да пайдаланушылардың қанағаттанушылығы деңгейінің жоғары екенін растады.

Статистикалық үдерістерді автоматтандыру және барлық пайдаланушылардың статдеректерге қолайлы қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ 2010-2014 жылдары басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл мақсатында «е-Статистика» жобасы іске асырылды.

Сыртқы пайдаланушылар мен респонденттер үшін ақпараттық технологияларды қолдану бөлігінде «е-Статистика» ИАЖ – «Он-лайн режимде деректерді жинау» АЖ компонентін атап өту қажет. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он-лайн режимде 290 мыңнан астам есеп қабылданған.

Статистиканың Интернет-ресурсын пайдаланушылар санының едәуір артуы байқалады, мәселен, 2014 жылы кірушілер саны 1989 мыңды құраған, яғни 2013 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге, ал 2009 жылмен салыстырғанда 16,6 есеге артық (жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде).

Қазіргі уақытта электрондық түрде деректермен алмасуды қамтамасыз ету үшін әкімшілік деректерді статистика органдарымен статистикалық ақпараттарды түзуде қолданылатын 20 мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен «е-статистика» ИАЖ интеграциялау іске асырылды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Өндірілетін өнімнің сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі жоғары білікті қызметкерлердің болуы болып табылады.

Қазіргі уақытта статистика органдарында жоғары деңгейдегі экономикалық, математикалық, статистикалық және компьютерлік дайындықты, жүйелік талдау мен болжау әдістерін меңгерген мамандардың жетіспеушілігі байқалады.

Респонденттерге түсетін едәуір жүктеме олар ұсынатын алғашқы деректердің сапасына, бұл шығарылатын статистикалық ақпараттың сапасынан көрінеді.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің Комитеттің ИАЖ-ларымен интеграциялануына дайын болмауы

1. Статистика комитеті ақпараттық жүйелерімен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау

2. Мемлекеттік органдармен электронды түрде деректермен алмасу





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет