Ережеге 11-қосымша
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы
№ 1 хаттама
Орналасқан жері: Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №13 үй, 5 қабат, 504 бөлме («Бабас» бизнес орталығының ғимараты)
Уақыты мен күні: 2014 жылғы 14 наурыз, сағат 10.00.
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №13 үй, 5 қабат, 504 бөлме («Бабас» бизнес орталығының ғимараты), төменде көрсетілген лоттар бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді:
1-лот «Жастарға арналған «Әлеуметтік психологиялық орталық» қызметін ұйымдастыру 1 827 318 ( бір миллион сегіз жүз жиырма жеті мың үш жүз он сегіз) теңге;
6-лот Жастарға арналған ақпараттық-сараптамалық, кеңес беру ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» 5 200 000 ( бес миллион екі жүз мың) теңге;
10-лот «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» 2 722 432 (екі миллион жеті жүз жиырма екі мың төрт жүз отыз екі) теңге;
18-лот «Қызылорда облысында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын дамыту» 2 725 348 (екі миллион жеті жүз жиырма бес мың үш жүз қырық сегіз) теңге.
2. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік атып алу туралы» Заңының 32-бап, 1, 2-тармақшалары және Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 02-01/2-12 бұйрығы.
3. Өнім беруші Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
1) «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1 хатқа орай:
- Жеке төлқұжат көшірмесі;
- Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы 2014 жылғы 22 қаңтарда берілген № 8871-1933-ОО анықтамасы және соңғы енгізілген өзгерістер туралы анықтамасы;
- «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің жарғысының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
«Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларының жалпы жиналысының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №1 хаттамасы;
- «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің бірінші қол қою құқығы туралы бұйрық;
- «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларының жалпы жиналысының 2014 жылғы 24 ақпандағы №2 хаттамасы;
- «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің бастамашыл азаматтарының тізімі;
- «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі қызмет ететін «ВТБ» (Қазақстан) АҚ ЕК Банкінің алдында берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы;
- «ВТБ» (Қазақстан) АҚ ЕК Банкі Қызылорда филиалы директорының сенімхаты;
- «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің 2014 жылдың 27 ақпандағы жағдай бойынша салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;
- 2014 жылға арналған көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
- ұсынылатын қызметтердің техникалық ерекшеліктері;
- әлеуетті өнім берушінің біліктілік туралы мәліметтері;
2) «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1 хатқа орай:
- Қоғамдық бірлестік төрағасының жеке куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі жарғысының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы 2013 жылғы 17 қыркүйекте берілген № 8856-1933-ОО анықтаманың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің құрылтай жиналысының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 3 хаттамасының көшірмесі;
- «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің бастамашыл азаматтарының тізімі;
«Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі қызмет ететін «Банк Центр Кредит» АҚ алдында берешегі жоқ екендігі туралы анықтама;
- «Банк Центр Кредит» АҚ Қызылорда филиалы директорының сенімхаты
«Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің 2014 жылдың 27 ақпандағы жағдай бойынша салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы;
- 2014 жылға арналған көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
- ұсынылатын қызметтердің техникалық ерекшеліктері;
- әлеуетті өнім берушінің біліктілік туралы мәліметтері.
3) «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1 хатқа орай;
- Қоғамдық бірлестік төрағасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- Қоғамдық бірлестіктің 2009 жылғы 12 наурызда №7606-1933-ҚБ нөмірімен мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының салық төлеуші ретіндегі куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі жарғысының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің статистикалық карточкасының көшірмесі;
- «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы жиналыс хаттамасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің 2014 жылдың 18 ақпандағы жағдай бойынша салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы;
- «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі қызмет ететін «Банк Центр Кредит» АҚ алдында берешегі жоқ екендігі туралы анықтама және «Банк Центр Кредит» АҚ Қызылорда филиалы директорының сенімхаты;
- 2014 жылға арналған көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
- ұсынылатын қызметтердің техникалық ерекшеліктері;
- әлеуетті өнім берушінің біліктілік туралы мәліметтері.
4) «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1 хатқа орай;
- Қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облысының әділет департаментінде 2013 жылғы 26 наурызда №8842-1933-ОО нөмірімен мемлекеттiк тiркелгенi туралы анықтамасы;
- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі жарғысының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- Статистикалық бизнес-тіркелімінен заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер бойынша мәліметтер көшірмесі;
- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі құрылтайшылар тобы жиналысының 2013 жылғы 9 ақпандағы хаттамасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі қызмет ететін «БТА» Банкінің алдында берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы;
- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі «БТА» Банкінің филиалында қызмет көрсетілетіндігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2014 жылдың 18 ақпандағы жағдай бойынша салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы;
- 2014 жылға арналған көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
- ұсынылатын қызметтердің техникалық ерекшеліктері;
- әлеуетті өнім берушінің біліктілік туралы мәліметтері.
4. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы:
1) «Жастарға арналған «Әлеуметтік психологиялық орталық» қызметін ұйымдастыру; лоты бойынша, Қазақстан Республикасы, Қызылорда обл, Қызылорда қ, Ипподром көшесі 178 мекен – жайында орналасқан «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі. Келісім шарт бағасы - 1 631 533 ( бір миллион алты жүз отыз бір мың бес жүз отыз үш) теңге 93 тиын.
2) Жастарға арналған ақпараттық-сараптамалық, кеңес беру ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» лоты бойынша Қазақстан Республикасы, Қызылорда обл., Қызылорда қ, Құлтекенов көшесі №158 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі. Келісім шарт бағасы – 4 598 214 (төрт миллион бес жүз тоқсан сегіз мың екі жүз он төрт) теңге 29 тиын.
3) «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» лоты бойынша Қазақстан Республикасы, Қызылорда обл., Қызылорда қ, Қазантаев көшесі 2 үй 75 пәтер мекен-жайында орналасқан «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі. Келісім шарт бағасы - 2 430 742 (екі миллион төрт жүз отыз мың жеті жүз қырық екі) теңге 86 тиын.
4) «Қызылорда облысында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын дамыту» лоты бойынша Қазақстан Республикасы, Қызылорда обл., Қызылорда қ, Шұғыла мөлтек ауданы 19 үй 60 пәтер мекен-жайында орналасқан Қызылорда облыстық «Жас ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі. Келісім шарт бағасы - 2 433 346 (екі миллион төрт жүз отыз үш мың үш жүз қырық алты) теңге 43 тиын.
5. Сарапшылар тартылған жоқ.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) төменде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің қызметтерін сатып алуды:
- Қызылорда обл, Қызылорда қ, Ипподром көшесі 178 мекен – жайында орналасқан «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі;
- Қызылорда обл, Қызылорда қ, Құлтекенов көшесі №158 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі;
- Қызылорда обл, Қызылорда қ, Қазантаев көшесі 2 үй 75 пәтер мекен-жайында орналасқан «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі;
- Қызылорда обл, Қызылорда қ, Шұғыла мөлтек ауданы 19 үй 60 пәтер мекен-жайында орналасқан Қызылорда облыстық «Жас ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі;
2) Қызылорда обл, Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №13 үй, 5 қабат, 504 бөлмеде («Бабас» бизнес орталығының ғимараты) орналасқан «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігіне, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігіне, «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігіне, Қызылорда облыстық «Жас ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігіне мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жобасын жолдап, келісім шарт жобасы жолданған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде аталмыш әлеуетті өнім берушілермен келісім шартқа отыруды.
3) «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы хаттаманың мәтінін Қызылорда облысы әкімдігінің веб-порталына орналастыруды.
Уәкілетті өкілдер:
Басқарма басшысы,
комиссия төрағасы Ж. Базартай
Жастар және жастар ұйымдарымен
жұмыс жасау бөлімінің бас маманы,
комиссия хатшысы Е. Құлмырзаев
Достарыңызбен бөлісу: |