Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде реттелмелі экологиялық туризмді өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі N 559 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6509 болып енгізілді
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 42-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде реттелмелі экологиялық туризмді өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап онкүнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Е. Аман
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
N 559 бұйрығымен бекітілген
Ерекше құнды экологиялық жүйелерді және объектілерді қамтымайтын, мемлекеттік табиғи қорықтарда арнайы бөлінген учаскелерде реттелетін экологиялық туризмді жүргізуге арналған экскурсиялық соқпақтар мен маршруттарды құру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 42-бабына сәйкес әзірленді және ерекше бағалы экологиялық жүйелерді және объектілерді қамтымайтын, мемлекеттік табиғи қорықтарда арнайы бөлінген учаскелерде реттелетін экологиялық туризмді жүргізуге арналған экскурсиялық соқпақтар мен маршруттарды құру тәртібін айқындайды.
2. Қорықтарда реттелетін экологиялық туризмді жүргізуге арналған экскурсиялық соқпақтар (маршрут) паспортының жобасын ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын қорық учаскелерінде, сондай-ақ қорықтың күзет аймақтарында мемлекеттік табиғи қорықтың (бұдан әрі - қорық) әкімшілігі әзірленеді.
3. Экскурсиялық соқпақ (бұдан әрі - соқпақ) жаяу, велосипедпен, шаңғымен немесе атқа (салт атқа) мініп жүруге арналған.
Экскурсиялық маршрут (бұдан әрі - маршрут) автомобиль, ат-арба, велосипедпен немесе су (қайық, сал, моторсыз катамаран) көлігімен жүруге арналған.
2. Соқпақты (маршрутты) жобалау мен құруға қойылатын
негізгі талаптар
4. Соқпақ (маршрут) паспортының жобасын әзірлеу соқпақ (маршрут) құру көзделетін аумақтарды экспедициялық тексеру есебінің материалдары негізінде жүзеге асырылады.
Жобаланып отырған соқпақтың (маршруттың) экспедициялық тексеру есебі қорықтың ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына және бекітуіне жатады.
5. Соқпақты (маршрутты) жобалау мыналарды көздейді:
1) осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген жіктемеге сэйкес соқпақ (маршрут) түрін айқындау;
2) тексеру объектілерін сипаттау;
3) маршрутты картографиялық негізге келтіру;
4) көрсеткіштердің, аншлагтардың, тұрақтардың, қарау (шолу)алаңдарының, суретке түсіру орындарының, соқпақ жолдар қоршауларының, туристік мүкәммалдың, жарақтардың, көлік құралдарының (автомобиль, аттар, велосипедтер, қайықтар (моторсыз)) және басқа да құрал-жабдықтың қажетті сандарын есептеу;
5) туризм бойынша нұсқаушыларға, басқа қызмет көрсетуші персоналға қажеттілікті айқындауын және оларды даярлауын ұйымдастыру;
6) соқпақтың (маршруттың) сипаттамасы бар жарнамалық-ақпараттық материалдарды дайындау.
6. Соқпақты (маршрутты) жобалау және құру кезінде мыналар есепке алынады:
соқпақпен (маршрут) жүріп - өту кезінде жануарларды мазалау факторлары мен өсімдіктердің бүліну немесе оларды жою қатері болмауы тиіс;
соқпақта (маршрутта) жүріп өтетін уақыт шығынның ұзақтығы мен қосымша жабдықтану қажеттігін айқындайтын рельфтің ерекшелігі, жергілікті кедергілер мен соқпақтың (маршруттың) ұзақтығы, жердің климаттық ерекшелігі, баурайдың құламасы, өзен ағысының жылдамдығы маршруттың сипаттамасы.
7. Соқпақ (маршрут) паспортының жобасын әзірлеу және көрсету объектілерін айқындау кезіндегі ғылыми зерттеу материалдары, қорық табиғаты шежіресінің қолданылуы, объектілерді қарау (экскурсия жасау) бағдарламасы әзірленеді.
8. Соқпақтар мен маршруттар:
1) бағыты бойынша; ғылыми-танымдық, туристік-экскурсиялық және оқу-ағартушылық;
2) қозғалу түрлері бойынша: жаяу жүріс, суда (қайықта, салда, моторсыз катамаранда), шаңғымен, велосипедпен, атпен, ат-арбамен, автомобильмен (тек күзет аймағында), аралас;
3) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы және маусымдық;
4) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық (5-6 адамға дейін) және жеке болып жіктеледі.
9. Бағытына қарай соқпақтардың (маршруттардың) мынадай түрлері құрылады:
1) ғылыми-танымдық соқпақтар (маршруттар) - ұзақтығы шамамен 4-8 километр. Соқпақ (маршрут) қорық шекарасына басым жақын жерде болуы тиіс, туристердің мамандандырылған ғылыми контингентін көздейтін жекелеген жағдайларда - ерекше құнды объектілерді айқын көру қамтамасыз етілетін жекелеген учаскелерге кіруге болады;
2) туристік-экскурсиялық соқпақтар (маршруттар) - ұзақтығы орта есеппен бірнеше ондаған километр. Мұндай типтегі соқпақтарды (маршруттарды) қорықтың күзет аймақтарында салу ұсынылады;
3) оқу-ағартушылық соқпақтар (маршруттар) (оқыту мақсатында аса мамандандырылған) - үш сағаттан кем емес уақыт ішінде оқу экскурсияларын жүргізу есебінен ұзақтығы ұзындығы 2 километрден аспайды. Мұндай соқпақтар (маршруттар) бірінші кезекте олардың оқушылары оқу орындарына келуіне есептелген және ол қорықтың күзет аймағының аумағында құрылады.
10. Соқпақтарды (маршруттарды) ұзындығы 10 сағаттан аспайтындай үздіксіз жоспарлау ұсынылады. Бұл ретте олар қорық аумағында тамақ дайындауды, түнеуді және ұзаққа тоқталуды көздемеуге тиіс.
Соқпақ (маршрут) учаскелерін (тау, таулы алқап және өзгелері) немесе қорықтың күзет аймағындағы жергілікті кедергілерді байланыстырған жағдайда, егер ол қорықтың тұтастығын бұзбайтын болса, соқпақ (маршрут) шегінде көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
11. Соқпақтарды (маршрутты) құру рекреациялық жүктеме нормаларын ескере отырып, қарау (шолу) алаңдарын, суретке түсіру пункттерін орналастыру жиынтығында жүзеге асырылады.
Жануарларды қарауға арналған алаңдарды таңдау жануарларды мазаламайтын орындарда болуы тиіс.
12. Соқпақпен (маршрут) өткен кезде тұрақтарды арақашықтығы 2-3 сағат есебімен орналастыру ұсынылады.
Тұрақтар қажетті шағын нысанды құрылыстармен (демалу орындары, орындықтар, қоқыс бактары және тағы сол сияқтылар) және бірінші медициналық көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз етіледі. Тұраққа қызметтік құрылыстар мен қорық аумағында олар алып отырған учаскелерді пайдаланған жөн.
13. Су бөгеттері мен өтуге қиын учаскелер кешіп өту, төсеме, аспалы және ағаш көпірлермен қамтамасыз етіледі.
14. Бүкіл соқпақтың (маршрут) бойында ерекше көңіл бөлуді, жекелеген режим талаптарын сақтауды талап ететін учаскелер шектеледі және тақтайшалармен, көрсеткіштермен және аншлагтармен белгіленеді.
15. Соқпақтардың (маршруттардың) құрылыстары мен жабдық құралдары қоршаған жергілікті жермен үйлесімді болып орнатылады.
16. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскелерінде оларды айналып
өтудің қосымша нұсқалары көзделеді.
3. Соқпақтардың (маршруттың) паспортын келісу
және оны бекіту
17. Соқпақтардың (маршруттың) экспедициялық тексеру есептерінің материалдары, олардың паспорттарының жобалары қорықтың ғылыми-техникалық кеңесінде қаралады.
18. Қорықтың ғылыми-техникалық кеңесі мен қорық әкімшілігінің ұсынымдары негізінде соқпақтардың (маршруттың) паспорттарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының келісімі бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Соқпақтың (маршруттың) паспортын ресімдеу осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
19. Соқпақтың (маршруттың) паспорты бекітілгеннен кейін ол бойынша деректер ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортына енгізіледі.
Ерекше бағалы экологиялық жүйелерді
және объектілерді қамтымайтын,
мемлекеттік табиғи қорықтарда
арнайы бөлінген учаскелерде
реттелетін экологиялық туризмді
жүргізуге арналған экскурсиялық
соқпақтар мен маршруттарды жасау
ережесіне қосымша
Нысаны
«Келісілген» «Бекітемін»
____________________________ ____________________________
(уәкілетті органның аумақтық (уәкілетті органның басшысы)
органының басшысы)
20___жылғы «___»____________ 20___жылғы «___»____________
Экскурсиялық соқпақтардың (маршруттардың) паспорты
1. ЕҚТА атауы
2. Соқпақтың (маршруттың) атауы
3. Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:
1) бағыты бойынша: ғылыми-танымдық, туристік-экскурсиялық, оқу-ағартушылық;
2) орналасу түрі бойынша: жаяу жүріс, суда, шаңғымен (тек күзет аймағында ғана), велосипедпен, атпен, автомобильмен, аралас;
3) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы (тек күзет аймағында ғана), маусымдық;
4) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық, жеке.
4. ___________________________________________________________
(негізгі географиялық пункттердің атауы)
5. Ұзақтығы____км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы____ сағат.
6. Соқпақтың (маршруттың жұмыс істеу мерзімі (мысалы, маусымнан бастап қыркүйектің аяғына дейін).
7. Топтағы адамдардың ең коп саны; шектеу немен байланысты (түрлік алаңының сыйымдылығымен, психикалық жайлы шегімен, рекреациялық жүктеме нормаларымен және тағы басқаларымен). Бір аптаға немесе бір айға (рекреациялық жүктеме) экскурсиялық топтардың шегі.
8. Экскурсия маусымының ішіндегі әртүрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер (егер маусым ішінде қандай да бір кезеңінде жүктемені төмендету қажет болса, мысалы, балапандар басу кезінде құстардың мазасын алмау).
9. Экскурсия ұйымдастырушысыз соқпақта жүру мүмкіндігі (тек күзет аймағында ғана). Қажетті киімдер мен жабдықтар.
10. Соқпақтағы жүріс-тұрыстың ерекше ережелері (осы қорықтағы жүріс-тұрыстың жалпы ережелеріне қосымша; мысалы, соқпақта шығып кетпеу, тік жардың шетіне бармау, жыланды басып кетпеу үшін сақтық шараларын сақтау және тағы сол сияқтылар).
11. Қауіпсіздік шаралары.
12. Соқпақта (маршрутта) жүріп өту жоспары
р/с
|
Соқпақтың (маршрутың) учаскелері
|
Ұзақтығы, км
|
Қозғалыс уақыты
|
Аялдау уақыты
|
Қарау алаңының, суретке түсіру пункттерінің №
|
|
|
дейін
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
|
13. Соқпақтың (маршруттың) схемасы (типографикалық баспа картасы мен соқпақ (маршрут) белгілеумен бірге масштабы 1:200000 кем болмайтын схемаларды желімдеп жапсыруға рұқсат етіледі).
14. Соқпақтың (маршруттың) қысқаша мінездемесі (сипаттамасы).
15. Соқпақ (маршрут) бойынша және қарау (шолу) алаңдарында байқау объектілерінің қысқаша сипаттамасы.
16. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы.
17. Мүмкін болатын стихиялық құбылыстар мен олар байқалған кезде топтың іс-қимылы.
18. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар.
Туристік жабдықтарға, киімге, аяқ-киімге, жүріс-тұрысқа және тағы басқаларына қатысты ұсынымдар енгізіледі _____________________
___________________________________________________________________
19. Соқпақты (маршрутты) абаттандыру
Таңбалау ____________________________________________________
Тұрақтар, паналау орындары, соқпақты (маршрутты) абаттандыру
___________________________________________________________________
20. Мемлекеттік табиғи қорықтың ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі.
Соқпақты әзірлеуге және ресімдеуге жауапты адам _____________
21. Паспорт 20___жылы_________данада жасалды.
М.О.
_______________________________
ЕҚТА басшысының қолы
Достарыңызбен бөлісу: |