Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері. №9 ӨСӨЖ жұмысы Орындаған: Елемесова М. 104(2) Қабылдаған: Т.Ғ.К. Доцент Бегимбаева Ж.
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті“Екі шет тілі мұғалімдерін даярлау” факультеті
Жоспар / - I Кіріспе
- II Негізгі бөлімі
- 2.1 Алаш партиясының құрылуы
- 2.2 Қазақ зиялыларының мемлекет құрудағы әрекеттері
- 2.3 Жалпы қазақ съездері
- III Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе - Қазақ зиялыларының қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттық мүддені қалпына келтіру саясаты негізінде ұлттық сана, ұлттық бірегейлік, халықтың ауыз біршілігі, соны реттеу жолға қойылған. Ұлт сақталу үшін кейінгі ұрпақ ұлттық рухты иеленіп, ақылды, білікті және білімді, бәсекеге қабілетті болуы шарт. Мәдени өркендеуге рухани мүмкіндігі жоқ қоғам ел болашағына қайшы келетін нәрселерге қарсы тұрмақ түгіл, оның қоғамға қалай келіп, қалай кететінін шамалауға дәрменсіз келеді. Демек, ұлттық сана, ұлттық идея тарихтан берілетін ұлттың рухани қазынасы, ол ұлт болмысының бойындағы рухани иммунитеттің сақталуына немесе қайта қалпына келуіне мүмкіндік бермек. «Қазақ сайлауы – деген Әлихан Бөкейханов – жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады» [4]. Сырттан келетін нәрселер, яғни, жаңа саяси мәдениет мемлекеттің ұлттық мәдениеті мен қоғамдық құрылысына кері әсерін тигізбеуі керек. Нағыз ұлттық дәстүрі сақталған, адам болмысында қалатын шынайылық бар, әділеттілік қалыптасқан әлеуметтік ортада, халықтың талғамы жоғары қоғамда ұлттың болмысын тірек ететін құндылықтар, әдеп үлгілері орнығады. Ақшаның күшіне емес, біліміне, адамгершілігіне, тәжірибесі мен біліміне жүгінетін адамдар қоғамға жасаған пайдалы ісімен халықтан өз бағасын алады
Алаш партиясының құрылуы - Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисін қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ съезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, олар Ресей құрамында ұлттық мүддені көздейтін демократиялық құрылымды негізге алатын автономия құру мәселесін алға тартты. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, ол 1920 жылда таралды.
- Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.
- Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
Достарыңызбен бөлісу: |