Есептеу машинасы және оның архитектурасы
Дәріс мақсаты: ЭЕМ архитекрурасыжәне ЭЕМ-ң ұйымдастырылуының жалпы принциптерімент таныстыру. Дербес компьютердің аппараттық бөліктері және атқаратын қызметтері, ДК-дің жалпы құрылымдық сызбасын қарастыру.
Дәріс жоспары:
Есептеу машинасы
ЭЕМ архитектурасы
ЭЕМ-ң ұйымдастырылуының жалпы принциптері
4. Дербес компьютердің аппараттық бөліктері және атқаратын қызметтері, ДК-дің жалпы құрылымдық сызбасы.
1. Есептеу машинасы
Информатиканың дамуында есептеу техникасы маңызды роль атқарады. Информатиканың ғасырдың ортасында ғылыми бағыт ретінде пайда болуы ақпаратты сақтауға және түрлендіруге бағытталған ЭЕМ-дің шығуымен тығыз байланысты. ЭЕМ пайда болуы, олардың өте тез дамуымен адам өміріне кеңінен ене бастауы жаңа “есептеу техникасы” деп аталатын ғылыми - техникалық бағыттың қалыптасуына әкелді. Есептеу техникасының түрлеріне:
электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ-дер );
есептеу жүйелері;
есептеу желілері жатады.
Есептеу техникасы мамандары есептеу машиналарының жаңа құрылымдарын және жұмыс істеу принциптерін құрастырады, олардың элементарлық базасының сапасын жақсартады және түрлендіреді, компьютерлік желілер құрады және т.б. Мұндай мамандардың қызметі информатика және программалаумен тығыз байланысты.
Есептеу техникасы мен оның мамандары үшін теоретикалық информатиканың негізгі есептері ірге болып табылады, ол программалық жабдық құрушы программалаушыларсыз ешқандай ЭЕМ жұмыс істемейді. Сондықтан қолданбалы информатика бөлімінде есептеу құралдарын зерттеу маңызды мәселе болып табылады.
“Архитектура” ұғымы негізінен қала құрылысында қолданады. Кез келген қала күрделі құрылым болғандықтан, белгілі бір тәртіппен орналасқан аудандар, алаңдар, көшелер, үйлер т.с.с. тұрады. Тұрғындарды көбінесе әрбір үйдің сыртқы көрінісі және қандай шикізаттан жасалғаны аз қызықтырады, оларға үйдің қай ауданда, көшеде орналасқаны, қандай транспорт түрімен және неғұрлым қысқа жолмен жетуге болатыны қажет.
Әрбір қалада бағыттарды анықтау үшін көшелер аталып, үйлер нөмірленеді. Мұндай адресация болуы әрбір объектінің орның бірмәнді анықтауға және тез табуға мүмкіндік береді. Көбінесе көшелердің орналасуы ретсіз түрде, бірақ тәртіптеліп анықталған, яғни жалпы “архитектураның” белгілі бір бөлігі болып табылатын қалалар бар. Мысалы, Нью-Йорктағы өзара перпендикуляр көшелер (авеню және стрит) жүйесі. Сонымен қатар қала құрлысында “архитектура” суретшілік, әдемілік бағалылығымен анықталуы мүмкін, бірақ бұл көзқарас есептеу техникасына жарамсыз.
Сондықтан ЭЕМ архитектурасы ұғымын пайдаланушыға қажеттілік тұрғысынан қарастырған жөн. Егер “Есептеу жүйелерінің түсіндірмелі сөздігіне” көз жүгіртсек “ЭЕМ архитектурасы” ұғымы оның негізгі логикалық бөліктерінің қызмет істеу принциптері, конфигурациясы және өзара байланысуын анықтайды. Бірақ ЭЕМ ішкі құрылысын анықтау мақсат емес, архитектура тұрғысынан көптеген ұқсас машиналар үшін ортақ байланыстар мен принциптерді қарастыру маңызды (РДР (ДЕС- фирмасының) машиналары, MSX машиналары, IBM-үйлесімді машиналары үшін). Басқаша айтқанда архитектура көзқарасы тұрғысынан ЭЕМ-нің барлық құрылысын (қандай электрондық сызбалардан, т.б.) қарастыру қажет емес, пайдаланушыға және программалауға қажеттігі тұрғысынан қарастыру керек. Сондықтан архитектура ұғымына келесі анықтама берейік:
2. ЭЕМ архитекрурасы дегеніміз – ЭЕМ жұмысын программалық басқаруға және оның негізгі функционалдық бөліктерінің өзара әсерлесуін жүзеге асыратын оны құрудың жалпы принциптері.
60- жылдардың ортасынан бастап есептеу машиналарын құруға деген көзқарас өзгерді, енді аппараттық және математика-программалық жабдықтарды бір-біріне тәуелсіз құрмай, екі негізгі құралдардан, яғни аппараттық (hardware) және программалық (software) жабдықтардан тұратын жүйелер құрылатын болды. Осыған байланысты ЭЕМ архитектурасы деп аппаратты – программалық жабдықтарды құрудың жалпы принциптері мен олардың ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын мінездемелерінің жиынтығын атайды. Бұл екі анықтама өзара эквивалент.
Достарыңызбен бөлісу: |