Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айындағы



Дата24.02.2016
өлшемі61.6 Kb.
#12127
Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің

2013 жылдың 9 айындағы

атқарған жұмыстары туралы

Е С Е Б І .


Есет Көтібарұлы селолық округі 2 елді мекеннен тұрады. Халық саны-1000 адам. Халыққа 1орта мектеп, 1 фельдшерлік пункт, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 АТС, 1 пошта бөлімшесі, 1 балабақша, 3 сауда дүкені, 1 мешіт қызмет көрсетеді.
2013жылдың 9 айында салалар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

1.Ауыл шаруашылығы бойынша негізінен мал шаруашылығын өркендету, мал басын көбейту бағыттары бойынша жұмыстар жасалды. Селолық округте 51 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтары, сонымен қатар жеке тұрғындар да мал басын өсіріп, одан алынған өнімдерді өткізіп пайда табуда. 2013 жылдың 9 айында өндірілген өнім төмендегідей болды: ет-2998 ц, сүт-7026 ц, жүн-124 ц, 01.10.2013 жылға мал басы төмендегідей: МІҚ-2097, қой-ешкі-11711, түйе-844, жылқы-1471 бас. Қазіргі уақытта 2 айлық мал азығын дайындау айлықтарында10700 т шөп дайындалып, мал қыстақтарына, жеке адамдардың қораларына тасылып алынды. Ветеринарлық шаралар да өз деңгейінде жүргізілуде.

Мал басы түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, тексерілуде. Мал басын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалығы 33,5 млн теңге несие алып, 17 асыл тұқымды бұқа, 110 бас сиыр, «Нұралы» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас тұқымды сиырынан 120 бас аналық, 4 бас бұқа алды. 2013 жылдың 9 айында «Елжас», «Абай» шаруа қожалықтары несие арқылы асыл тұқымды қошқар және қой сатып алуға құжаттарын дайындауда. «Жомарт » шаруа қожалығы лизинг арқылы 1трактор, 1шөп тайлағыш, 1 шөп тиегіш құрылғыларын сатып алды.

2. Елбасы өзінің Жолдауында «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау-Ұлттық экономиканың бастапқы қуаты екендідігін» атап көрсеткендей ауыл аймақтарындағы, сондай-ақ жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін жыл сайынғы өсіммен зор мүмкіндіктер ашып отыр. Кәсіптерін жаңа бастап жүрген кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» курстарында 3 кәсіпкер оқып келді.

Қазіргі таңда 3 дүкен, 1 компьютерлік орталық, 2 жолаушылар тасымалдаушы, 1 қоғамдық монша жұмыс жасауда. Оларда жұмыс істейтін адамдар саны-10.

Алдағы уақытта наубайхана, шаштараз, мейрамхана, қоғамдық монша ашу және дөңгелек жөндеу цехын ашу жоспарлануда. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың санын 120 адамға дейін көбейту жоспарлануда.
3.Білім беру саласы бойынша 2013 жылы мемлекеттік білім стандарты бойынша жоспарлы бағдарламалар толық меңгерілді. Селолық округтегі 1 мектепке қарасты шағын ауданда мектепке тартылмай отырған бала жоқ.. Қорғантұз орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Жылдық үлгерім сапасы- 100 %. ҰБТ бойынша орташа балл 75 пайыз болды. Бұл аудан мектептері арасындағы алғашқы бестіктегі көрсеткіш. Мектеп бітіруші түлектер түгел жоғары және арнаулы оқу орындарына түсіп, білімдерін жалғастыруда. Мектеп оқушылары аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларға тұрақты қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Жыл бойы қамқорлық-қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, «Мектепке жол» акциясы бойынша 147200 теңгеге жәрдем көрсетілді. Оның ішінде қорғаншылықтағы 4, көп балалы отбасылардың 7, толық емес отбасылардың 5, мүмкіндігі шектеулі3, оралман отбасының 1, барлығы 27 балаға киім-кешек, оқу құралдары, оқулықтар алынып берілді. Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шарасы жолға қойылған. Мектептегі волейбол секциясы мүшелері аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысу мүмкіндіктеріне ие болуда.

2013 жылы жаз мезгілінде мектеп жанынан 30 балаға арналған демалыс лагері ұйымдастырылды.

Есепті жыл ішінде мектеп ұстаздары кәсіби байқаулардың, сайыстардың жүлдегері атануда. Облыстық,аудандық байқаулардан мектеп ұстаздары алдыңғы орындардан көрінуде. «Дипломен ауылға» бағдарламасы бойынша 1 жас маман жұмысқа орналасты.


«Шұғыла» балабақшасында да жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. Ата-аналармен жұмысты жолға қою арқылы әлде де болса балабақшаға бала тарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Осы таңда балабақшада 25 бала тәрбиеленуде.

4.Мәдени сала бойынша да жоспарлы түрде жұмыстар өз деңгейінде толық атқарылды. Мереке күндері өз деңгейінде аталып өтіп отырды. Ауыл жастарының мәдени-рухани деңгейін көтеру мақсатында жыл бойына түрлі мәдени шаралар өткізілді. Кітапхана қоры биылғы жылы 170 дана жаңа кітаптармен толықты.

5.Байланыс. Селолық округте 144 номерлі сандық АТС жұмыс істеуде. Үйлеріне телефон қондыруға кезекте тұрған ауыл азаматтарының сұраныстары қанағаттандырылды. Байланыс сапасы жақсарды. Жаз айларында ауыл ішіндегі телефон желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілд.
6.Денсаулық сақтау саласы бойынша Байқадам медпунктінде 2 медбике, Алақозы елді мекенінде 1кіші медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетуде. Тұрғындар толық дәрігерлік тексеруден өткізілді. Жаз айында жылжымалы рентген селолық округте болып, халықты тексеруден өткізді.Дәрігерлер Алақозы елді мекеніне, мал баздарына жоспар бойынша тұрақты барып тұрады. Жаз айларында медициналық пунктке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
7.Спорт. Бұл сала бойынша да жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді. Ауыл жастары аудандық жарыстарға тұрақты қатысып, жақсы өнерлерін көрсетті. Биылғы жылы ұйымдастырылған V ауыл жастары спартакиадасының аймақтық кезеңіне селолық округ жастары қатысып жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл спартакиада ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыруға игі әсерін тигізді. Ауыл жастары, мектеп оқушылары, округтегі мекемелер командалары арасында футбол, волейбол, үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылды. Волейболдан Қорғантұз орта мектебінің оқушылары облыстық жарыстан І орын иелінді. Алдағы уақытта аула клубын ашып, қазақша күресті дамыту жоспарлануда.
8. Әлеуметтік сала. Округте 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 11 адам селолық округте ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.1 адам жастар практикасы бойынша жұмыс істеді. Жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға азайды. Аз қамтылған отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Жыл бойына 157800 теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді. Шалқар қаласында орналасқан жеке кәсіпкер Сынақбаевамен жұмыстар жүргізіліп, ауыл халқы нарық бағасынан төмен бағамен азық-түлікпен қамтылды. Аз қамтылған отбасылардың 18-ге толмаған балаларына балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. Селолық округте атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ. Тыл ардагерлері тиісті жеңілдіктермен толықтай қамтылды.
10. Қоршаған ортаны қорғау. Округтежерді аздырмау мақсатында мал баздарындағы шаруа қожалықтарының жайлауға шығуына ықпал етіліп, соның нәтижесінде шаруа қожалықтарының жаз жайлауға шығу жұмыстары өз деңгейінде жүріп отыр. Алдағы уақытта бұл жұмыстар қадағаланады. Жалпы мал баздарында 26 шаруа қожалығы болса, осы қожалықтардың 24-і жайлауға шықты. Бұл жұмыстар өз ырғағымен жүріп отыруы үшін түсінік жұмыстары әрдайым басты назарда болады. Құм тоқтату мақсатында үстіміздегі жылы 300 түп ағаш отырғызылды. Елді мекендердің санитарлық тазалығын қалыпты ұстау мақсатында тазалық айлықтары ұйымдастырылып, селолық округ тұрғындары, мекемелері 6 рет сенбілікке шықты. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 863392 теңге қаржыға тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2900 тонна күл-қоқыс шығарылды.

11.Инфрақұрылым. Бұл сала бойынша «Ақпан» ЖШС-гі селолық округте зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тұщы су қорын тапты. Алдағы уақытта «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша осы су қорынан Байқадам селосына су құбырын тарту жоспарлануда. Байқадам селосындағы 4 орталық көше жарықтандырылды. Сондай-ақ патриоттық-тәрбиелік мақсаттағы баннерлер жасалып, көрнекті жерлерге ілінді.




2014-2016 жылға жоспарланған жұмыстар мен міндеттер:
Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша:

Негізгі бағыттар: Мал басын одан әрі көбейту, мал басын аман сақтау, төл алу науқанын өз деңгейінде ұйымдастыру, мал басын асылдандыру, жеткілікті мөлшерде жем-шөп қорын жасақтау, мал өнімдерін өткізу, несие алуды ұйымдастыру, лизингке техника алу, бау-бақша егуді ұйымдастыру, қоғамдық күтуді ұйымдастыру.


Кәсіпкерлікті дамыту бойынша:

Негізгі бағыттар: кәсіпкерлер санын көбейту, наубайхана ашу, кәсіпкерлердің несие алуына көмектесу, азық – түлік бағасын тұрақтандыру мақсатындағы жұмыстарды жалғастыру.


Қоғамдық тәртіп бойынша:

Мал ұрлығын болдырмау мақсатында тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, қылмыстың алдын-алу мақсатында жасөспірімдер арасында құқықтық лекциялар ұйымдастыру, қоғамдық тәртіптің сақталуын одан әрі жақсарту.


Спорт саласы бойынша:

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында селолық округте аула клубының филиалын ашуға қол жеткізу, ауылда спорттық шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылуын одан әрі жалғастыру.


Әлеуметтік сала бойынша:

Халықтың жұмыссыздық деңгейін барынша төмендету бағытында жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізу, кәсіптік білім беру және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың мақсатты топтарын барынша көбірек тарту.


Қоршаған ортаны қорғау бойынша:

Елді мекендерді көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру, бұрыннан бар ағаш өскіндерін қорғауды ұйымдастыру, селолық округ елді мекендерінің санитарлық тазалығын қалыпты ұстауға қол жеткізу, құм көшкінін тоқтату мақсатында кең аумақты саябақтар жасау жұмысын жеделтету.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет