Есіл ауданы
әкімдігінің 2005 жылғы
29 желтоқсандағы № а-12/314
Қаулысымен бекітілген
«Есіл ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ереже.
1. «Есіл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган (әрі қарай Мемлекеттік орган) болып табылады.
2. Мемлекеттік орган өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық актілерге, сонымен бірге осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік орган өзінің мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары бар заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттік орган өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіре алады.
Мемлекеттік органның, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Мемлекеттік орган өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті аумақта міндетті күші бар бұйрық түрінде актілер шығарады.
5. Мемлекеттік органның құрылымы мен шекті штат санын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Есіл ауданы әкімдігі бекітеді.
6. Мемлекеттік органның заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 4.
7. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде: «Есіл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков Есильского района»
8. Мемлекеттік органның құрылтайшысы Есіл ауданы әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
9. Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға бұл органдардың қызметі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шартты қатынастар жасасуға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік органға заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2.Мемлекеттік органның функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
10. Мемлекеттік органның негізгі міндеті Есіл ауданында мәдениет пен тілдерді дамыту саласында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, ұлттық ерекшелікті, ауылда және қалада тұратын халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту.
11. Көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкімет Қаулыларын, аумақтық бағдарламалар мен бөлім құзырына кіретін мәселелер жөніндегі облыс және аудан әкімінің шешімдерін орындау және бақылау жасап отыру;
2) мәдениет, өнер аясындағы жетістіктерге байланысты іс шаралар өткізу, кәсіптік шығармашылық ұйымдармен тығыз байланысты жүзеге асыру, бөлімге қарасты кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің қызметін үйлестіру;
3) мәдениет және тілдерді дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі нұсқаулықтар мен ұсыныстарды дайындауға қатысады;
4) ауданда қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік іс шаралардың өтуін үйлестіреді;
5) мәдениет, тілдерді қолдану мен дамыту Бағдарламасын орындаудағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырып, үйлестіреді;
6) халыққа мәдени қызмет көрсетуді жетілдіру, материалдық-техникалық базаны дамытып, нығайту, тарихи, мәдени ескерткіштер, сәулет және археология жағдайына бақылау жасап отыру жөніндегі мәдени-ағарту мекемелерінің қызметін үйлестіреді,
7) азаматтардың бөлім қызметіне қатысты өтініші, арыз, шағымдарын мерзімінде қаралуына бақылау жасау;
8) азаматтарға құрметті шен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттауларын игеруі туралы ұсынымдарды белгіленген тәртіпте енгізу;
9) репертуарлық саясатты қалыптастыру, жанр бойынша жоғары көркемделген шығарма құруға қамтылған және мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған фестиваль, конкурс, байқаулар және басқа іс шараларды өткізу;
10) Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалуын баќылау, оны бұзу фактілерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау;
11) тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету;
12) жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің, және басқа тілдердің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;
13) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындарға, әр деңгейдегі атқарушы билік органдарына, білім және мәдениет мекемелеріне, әр түрлі халыққа қызмет ету салаларына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруда нақтылы көмек көрсету;
14) аудармашыларға, мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне (семинар-кеңестер өткізу, әдістемелік бюллетеньдерді, салалық сөздік-минимумдарды дайындап шығару, семинар-практикумдарды жүргізу т.б.) нақтылы әдістемелік көмек көрсету;
15) мемлекеттік тілді, ресми және басқа тілдерді дамыту, насихаттау жөнінде нақтылы тәжірибелік іс-шараларды жүргізу; (байқаулар, фестивальдар т.б.)
16) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға деректемелер мен көрнекі ақпаратты Ќазаќстан Республикасының тіл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес рәсімдеуде көмек көрсету;
17) аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, аудандық ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
18) өз жұмысында жариялылықты қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару ісіне, әлеуметтік және халыққа қызмет ету салаларына енгізу барысы туралы халықты ұдайы хабардар етіп отыру, бұқара халық арасында мемлекеттік тілді насихаттау.
12. Қызмет мақсаттары мен түрлерін жүзеге асыруда мемлекеттік органның мамандары мынадай құқықтарға ие:
1) аудан әкіміне аудан дамуының мақсаттары, басымдықтары және стратегиялары жөнінде ұсыныс жасау;
2) жергілікті атқару органдары мен ұйымдардан белгіленген мерзімде барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардан Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалу барысы жайында ақпараттар, мәліметтер, басқа да құжаттар сұратып алуға;
3) жергілікті атқару органдарға олардың қабылдаған ауданда тілдердің және мәдениет саласының дамуының стратегиясын жүзеге асыруға кедергі келтіретін актілерін алып тастауға немесе өзгерту жөнінде ұсыныс жасауға;
4)мемлекеттік органдардың құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліске шақыруға;
5)аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудандық бағдарламалар, стратегиялық және индикативтік жоспарлар мен басқа да құжаттар дайындау үшін жұмыс топтарын құруға;
6) аудандық мекемелерде, ведомстволарда, барлық меншік түрлеріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның, Мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын тексеруге;
7)Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалу мәселесі бойынша және мемлекеттік тілді, ресми және басќа тілдерді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірлесіп іс-қимыл жасауға;
8)қажет болған жағдайда мәдениет және тіл саясатына байланысты мәселелер жөнінде басқа ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен немесе олардың келісімімен қаулылар, бұйрықтар шығаруға құқылы.
3.Мемлекеттік органның мүлкі
13.Мемлекеттік органның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Мемлекеттік органның мүлкі оған мемелекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Мемлекеттік органға бекітіліп берілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі есебінен құрылған мүлік коммуналдық меншікке жатады.
15. Мемлекеттік органның өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Мемлекеттік органға мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдарда мемлекеттік орган билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.
4.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
16. Мемлекеттік органды аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші басшы басқарады.
17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
18.Бірінші басшы осы мақсатта:
1)заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін, өкілетті орган тағайындаған қызметкерлерден басқа қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады
2)заңдарда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
3) Мемлекеттік органды басқа мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың алдына қояды;
4)заңдарға, осы Ережеге сәйкес және уәкіл орган жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік органның қайта ұйымдастырылуы және таратылуы
19.Мемлекеттік органның қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |