«Есілбай жалпы орта білім беру мектебі»кмм «Математикалық сауаттылық негіздері» курсының бағдарламасы



бет1/14
Дата19.09.2023
өлшемі0.52 Mb.
#477999
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Танжанова М.К. авторлық бағдарлама


Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің
«Есілбай жалпы орта білім беру мектебі»КММ

«Математикалық сауаттылық негіздері»
курсының бағдарламасы
6-сынып

Математика пәнінің мұғалімі:
Танжанова Майгуль Кабдуллаевна

Түсінік хат

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.


Математикалық сауаттылық – математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелелерді шешуде еркін қолдану болып табылады.
Ұсынылып отырған бағдарламада білім саласының жаңаша міндеттері айқын көрініс тауып, атап айтқанда, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйретуге бағытталады.
Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі курспен тығыз жанасады және оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі.
Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге, сын тұрғысынан ойлауға және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет