«Есілбай жалпы орта білім беру мектебі»кмм «Математикалық сауаттылық негіздері» курсының бағдарламасы


IV. Теңдеулер немесе теңдеулер жүйелерін құруға берілген есептерді шешу



бет14/14
Дата19.09.2023
өлшемі0.52 Mb.
#477999
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Танжанова М.К. авторлық бағдарлама

IV. Теңдеулер немесе теңдеулер жүйелерін құруға берілген есептерді шешу.
1-мысал: Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жылдық жұмыс істегені үшін 1 жылқы және 10000 теңге алу керек болатынғ бірақ ол 7 айдан кейін істегісі келмей, жұмыстан кетеді. Өзімен 1 жылқы және 2000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?
Шешуі: айына алатын жалақысы - , ал жылқының құны - деп белгілейік.
Сонда ?
Теңдеулер жүйесін құрамыз:

Жауабы: 9200
2-мысал: Айтбай орманнан жаңғақ теріп әкелді. Жаңғақтың жартысын ол қарындасына берді, ал қалғанының жартысын інісіне берді. Осыдан кейін Айтбайда 25 жаңғақ қалды. Айтбай орманнан неше жаңғақ әкелген?
Шешуі: Теңдеу құрамыз:
Жауабы: 100
3-мысал: Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады?
Шешуі: Теңдеу құрамыз:
Жауабы: 169


V. Сәйкестендіруге және комбинаторика элементтеріне берілген есептерді шешу.


1-мысал: Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз.
Шешуі.: - басқыштар саны делік. -?
Теңдеу құрамыз:

Жауабы: 20
2-мысал: Жұлдызқұрт ағашта өрмелеп барады. Алғашқы бір сағатта ол 10 см жоғары көтерілді, екінші сағатта 4 см төмен түсті, үшінші сағатта қайтадан 10 см көтеріліп, төртінші сағатта 4 см төмен түсті. 11 сағаттан соң жұлдызқұрт неше см көтерілді?
Шешуі: жұлдызқұрт 2 сағатта 6 см көтерілді, ал 10 сағатта см, тағы 1 сағат тек көтеріледі. Сонда 11 сағатта - 40 см көтеріледі.
Жауабы: 40см.
3-мысал: Мектеп оқушыларының 115-і көлге, 138-і орманға саяхатқа шығу үшін автобусқа тапсырыс берді. Автобустағы орындардың бәріне оқушылар толықтай сыйды, бірде-бір орын қалған жок. Неше автобуска тапсырыс берілген?
Шешуі: Есептің шарты бойынша мектепте 115+138=253 болды. 253-ке қалдықсыз бөлінетін сан 11.
Жауабы: 11 автобус
4-мысал: Мұхтардың қолында 6 құлып және оларға дәл келетін 6 кілт бар. Кілттердің құлыптарға дәл келетіндігін анықтау үшін қанша санау жүргізу қажет?
Шешуі: 6 құлыпты тексеру үшін 5 кілтті тексерсек жеткілікті. 5 құлып үшін 4 кілт және т.с. сияқты.
Сонда 5+4+3+2+1=15
Жауабы: 15



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет