Жеке тұлғалардың валюталық операциялары бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі туралы
2009 жылғы 11 тамызда «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуіне сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі № 167- IV Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді (бұдан әрі - Заң).
Оны іске асыру, сондай-ақ валюта режимін заңдастыру мақсатында заңға тәуелді нормативтік акт – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (бұдан әрі - Ереже). Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы
№76 қаулысына сәйкес осы өзгерістер мен толықтырулар 2009 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енді.
Заңның және Ереженің нормаларына сәйкес валюталық операциялар бойынша жеке тұлғалардың ақша төлемдері мен аударымдарын өткізудің мынадай тәртібі белгіленді.
1. Кіріс/шығыс төлемдерін (ақша аударымдарын) Қазақстан Республикасының уәкілетті банкі арқылы жүргізген кезде жеке тұлға – резидент және резидент емес ақша жіберуші/алушы жеке тұлғаны және төлем мақсатын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынады:
-
жеке басын куәландыратын құжат;
-
салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру туралы куәлік, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты, егер осы құжат бұрын уәкілетті банкке ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;
-
белгіленген жағдайларды қоспағанда, валюта шарты (қараңыз. төменде 3-5-тармақ);
-
жеке тұлғалар-резиденттер үшін - тіркеу куәлігі, жеке тұлғаның операцияларына Заңға сәйкес валюталық реттеу режимінің қолданылуына сәйкес хабарлама туралы куәлік;
-
жеке тұлғалар-резиденттер үшін - Заңға сәйкес мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тіркелген, жеке кәсіпкердің экспорттық (импорттық) операциялары бойынша төлемдер үшін мәміле паспорты.
Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат берілуі мүмкін. Осы құжат мындай жеке тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасының резиденті ретіндегі мәртебесін айқындау үшін беріледі.
Валюта шарты ретінде жеке тұлғаның заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттары, шот-фактуралар, инвойстар, салық, лицензиялық төлемдер, айыппұлдар, алименттер төлеу квитанциялары және т.б. берілуі мүмкін. Жария шарттар үшін валюта шарты ретінде анықталмаған тұлғаға оферт ұсынуға жол беріледі (баспа және электрондық басылымдарға жазылу, ақпараттық жүйелерге рұқсат алу және басқа тауарлар мен қызметтерге жария оферттер). Валюта шарты ретінде құжат қабылдау үшін онда бенефициардың төлемдерді, сомаларды жүзеге асырылатын төлемдердің мақсатын сәйкестендіретін деректемелердің болуы міндетті талап болып табылады.
2. Жеке тұлға валюталық операциялар бойынша мынадай төлемдерді (ақша аударымдарын) уәкілетті банкте шот ашпастан жүзеге асыруға құқылы:
- жеке тұлғалардың, сондай-ақ жарғылық қызметі қайырымдылық қызметке бағытталған заңды тұлғалардың пайдасына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтеусіз ақша аударымдары;
- салық, лицензиялық төлемдер, айыппұлдар, алименттер, гранттар төлеу және т.б. қоса алғанда Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтеусіз аударымдар;
- Қазақстан Республикасынан жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты емес және оған қатысты мәміле паспортын, тіркеу немесе хабарлама куәлігін ресімдеу талап ету белгіленбеген өзге ақша аударымдары.
Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес банктік шот ашпастан ақша сомасы мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Қазіргі уақытта банктік шот ашпастан аударым сомасы бойынша шектеулер белгіленбеген.
Жоғарыда көрсетілмеген жеке тұлғалардың төлемдері және (немесе) ақша аударымдары уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады.
3. Жүзеге асырылған аударым сомасына қарамастан валюта шартын беру оған қатысты тіркеу, хабарлама, мәміле паспортын (резиденттер жүзеге асыратын аударымдар) ресімдеу талаптары белгіленген валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы үшін міндетті.
4. Резидент емес жеке тұлғалар валюта шартын ұсынбай валюталық операциялар бойынша мынадай ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыруға құқылы:
-
уәкілетті банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктік шоттан аударымға;
-
баламасы *10 мың АҚШ долларынан аспайтын сомада банктік шот бойынша аударымға;
-
банктік шот ашпастан өтеусіз аударымға.
-
Валюта шартын ұсынбастан шот ашпастан төлемдерді және (немесе) аударымдарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат не осы тұлғаның Қазақстан Республикасы салық органдарында тіркеу есебінде тұрмайтындығы туралы салық органының құжатын ұсынбаған жағдайларда ақша (алуға) аударуға тапсырмада (өтініште) резидент емес жеке тұлға осы төлем және (немесе) аударым туралы банкке құқық қорғау органдарына және ҚҰБ-ға олардың талап етуі бойынша және осы ақша төлемінің және (немесе) аударымының кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес екендігін растайтын ақпарат беруге рұқсат ететін жазбалар жасайды.
Егер банктік шот бойынша аударым сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан* асқан болса және аударым уәкілетті банк шығарған төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылса, резидент емес жеке тұлғалар:
не валюталық шартты ұсынады,
не ақша (алуға) аударуға тапсырмада (өтініште) банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және ҚҰБ-ға олардың талап етуі бойынша беруге рұқсат ететін жазбаларды жасайды.
Валюталық шарт және Ереженің 7-тармағында көрсетілген өзге құжаттар уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылады.
-
Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.
5. Резидент жеке тұлғалар валюта шартын ұсынбай валюталық операциялар бойынша мынадай ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыруға құқылы:
-
уәкілетті банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктік шоттан аударымға;
-
егер аударым оған қатысты тіркеу, хабарлама, мәміле паспортын ресімдеу талаптары белгіленген валюталық операциялар байланысты болмаса, баламасы *10 мың АҚШ долларынан аспайтын сомада банктік шот бойынша аударымға. Уәкілетті банк қызметкерінің валюталық операцияны қате жіктеу тәуекелін алып тастау үшін жеке тұлға ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) осы аударым оған қатысты тіркеу, хабарлама, мәміле паспортын ресімдеу талаптары белгіленген валюталық операцияларды жүзеге асырумен байланысты емес екендігін көрсетеді;
-
банктік шот ашпастан өтеусіз аударымға.
-
Валюта шартын ұсынбастан шот ашпастан төлемдерді және (немесе) аударымдарды жүзеге асырған кезде резидент жеке тұлға ақша аударуға (алуға) тапсырмада (өтініште) (1) банкке ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және ҚҰБ олардың талап етуі бойынша рұқсат ететін, (2) осы ақша төлемінің және (немесе) аударымының оған қатысты тіркеу, хабарлама, мәміле паспортын ресімдеу талаптары белгіленген валюталық операцияларды жүзеге асырумен байланысты емес және (3) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес екендігін растайтын ақпарат беруге рұқсат ететін жазбалар жасайды.
Егер банктік шот бойынша аударым сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан* асқан болса және аударым уәкілетті банк шығарған төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылса, резидент емес жеке тұлғалар:
не валюталық шартты ұсынады,
не ақша (алуға) аударуға тапсырмада (өтініште) банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және ҚҰБ-ға олардың талап етуі бойынша беруге рұқсат ететін және осы ақша төлемінің және (немесе) аударымының оған қатысты тіркеу, хабарлама, мәміле паспортын ресімдеу талаптары белгіленген валюталық операцияларды жүзеге асырумен байланысты емес екендігін растайтын ақпарат беруге рұқсат ететін жазбалар жасайды.
Валюталық шарт және Ереженің 7-тармағында көрсетілген өзге құжаттар уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылады.
-
Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.
6. Жеке тұлға валюталық шарт бойынша жұбайы және жақын туысы үшін төлемдерді жүзеге асыруға құқылы (шет елде оқыту, жылжымайтын мүлікті жалға беру және т.б. шарттар). Бұл ретте валюталық шартқа қосымша жеке тұлғаның және төлем жүзеге асырылған адамның арасында өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шарттың орнына тиісті растау құжаты ұсынылуы мүмкін (неке туралы куәлік, тууы туралы куәлік және т.б.).
Ескерту: ҚР заңнамасына сәйкес жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар,ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңілілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы).
7. Уәкілетті банк Ережеге 2- қосымшаның нысаны бойынша ай сайын жеке тұлғалардың жүзеге асырған мынадай операциялары туралы Ұлттық Банкке ақпарат береді:
1) егер аударым сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан* асқан болса, шот ашпастан аударым туралы;
2) егер аударым сомасы 50 мың АҚШ доллары баламасынан* асқан болса, төлем карточкасын пайдаланбастан банктік шот бойынша ақша аударымы туралы ;
3) ) егер осындай аударым немесе осындай алу сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан* асқан болса, банктік шот бойынша аударым не Қазақстан Республикасынан тыс жердетөлем карточкасын пайдаланып банктік шоттан қолма-қол алу туралы.
Ұлттық Банкке берілетін ақпаратқа жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішіндегі аударымдары қосылмайды.
8. Жеке тұлғалардың шетел банкіндегі меншік шотына/меншік шотынан аударымдары үшін шетел банкінде шот ашуға шарт ұсыну талап етілмейді. Осындай аударымдарды жүзеге асыратын банк Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша аударымдардың көлемі туралы Ұлттық Банкті хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |