ЕСЕНОВ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:Педагогика
Тақырыбы:М.Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу,оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Орындаған: Но-18/2 тобының студенті
Тулебай.Ж
Тексерген:Құрмашова.А
Абылай Терпрп
2.1.Абылай АҚТАУ-2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӨМІРІ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ШОЛУ..........................................................................................................................5
1.1 Мұхтар Әуезов еңбек жолы..................................................................................5
1.2 Мұхтар Әуезов еңбектері....................................................................................12
2.МҰХТАР ӘУЕЗОВ (1897-1961) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ...................................................................................................14
2.1Мұхтар Әуезовтің педагогикалық мұрасын заманауи тұрғыда интерпретациялау......................................................................................................14
2.2 М.Әуезовтің педагогикалық идеялары, оның маңызы....................................19
2.3 М.Әуезовтың мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану..........22
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:М.Әуезовтің шығармашылық мұрасын бүгінгі және келешек ұрпаққа таныстыру – дүние жүзі жазушылары мен ғалымдары жоғары бағалаған әдебиеттегі өзекті мәселелердің бірі. Себебі, мектепте Әуезов шығармаларын оқыту өте күрделі, терең де талапты сала.
Әрбір жұмыс үлкен дайындықты, терең эрудицияны, үлкен жүрек пен сезімді қажет етеді.
М.О.Әуезов – қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт бейнесін дәл көрсете білген ұлы тұлға. Ол ХХ ғасырдағы үздік шығармалардың бірінің авторы ғана емес, сонымен қатар күрделі зерттеуші. М.О.Әуезов арқылы бүкіл әлем Абайды танып, Абай арқылы Азияның төсіндегі көшпелі елдің тарихын зерттеп, дала философиясына қанықты. Жазушының шәкірттік кезеңнен өтпей, әдебиет саласына аяқ басқандығы оның тырнақалды сөздерінен аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте сезінген қаламгер қазақ әдебиетіндегі құбылысқа айналды. Ұлттық сөзді биік деңгейге көтерді. Сондықтан М.О.Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының өшпес мұрасы, абыройы болып қала бермек. Дала кемеңгері Абай – қазақтың ең биік ақыны, поэзияның үздігі болса, М.Әуезов шығармалары – адамзаттың рухани қазынасына айналған құнды құндылықтардың бірі. Алаш зиялыларының қатарында азаттық үшін күрескен, қызыл империяның қазақ халқының мүддесі үшін жүргізген саясатын зерделеп, дүниетанымының эволюциясын нақты түсіндіре білген М.Әуезов болды. Кеңестік кезеңде 1919-1921 жылдар аралығында Семей губерниялық ревкомында, губерниялық атқару комитетінде қызмет етіп, «Қазақ тілі» газетінде маңызды саяси-қоғамдық, әдеби-ғылыми баяндамалар жариялады. Дүние сілкініп, ағыс басқа жаққа бұрылып жатқан шақта М.Әуезовтің саяси әрекетке баруы заңды еді.
Халқының мақтанышына айналған М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңестік дәуірде ауқымды зерттеулер жүргізілгенімен, оның кейбір шығармалары қатаң саяси сынға төтеп бере алмай, жоғалып кетті. Шынайы өмір мен көркемдік шешімнің арақатынасы көптеген мәселелерге байланысты екені белгілі. Тоталитарлық қоғамдық жүйе, қатаң идеологиялық саясат, әдеби күштердің қайшылығы, айтыс-тартыстары, жеке адамдардың гуманизмі қаншама өнер туындыларының, қаншама дарынды тұлғалардың қуғын-сүргінге ұшырағанының үлгісі.
Әдебиет қайраткерінің таңдаған жолында ізденістер де, шешімін таппаған мәселелер де аз емес. Соның бірі – ұлт-азаттық идеясының кеңестік жүйенің алғашқы кезеңіндегі әдебиеттегі көрінісі, оны бейнелеуде автор қолданған сан алуан тәсілдердің табиғатын зерттеу. Осы тұрғыдан алғанда, Мұхтар Әуезов шығармаларының қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымы үшін маңызы зор болғанымен, олардың әлі күнге дейін жұртшылыққа беймәлім сырлары мен қырлары көп.
Достарыңызбен бөлісу: |