Эссе «Ұстаздық туралы ой »



Дата11.10.2024
өлшемі20.36 Kb.
#504584
Эссе ұстаздық туралы


Эссе «Ұстаздық туралы ой ... »
Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Сол педагогогты мәртебесін арттыру, абыройын көтеру – көп қырлы үдеріс.
Бүгінгі заман талабына сай педагог – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Педагогтың мәртебесін көтеретін басты күш - оның кәсіби құзырлылығы. Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни оқушыларымен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б жатқызамыз.
Әр сабағына өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – дейді Жүсіпбек Аймауытов. Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді ескергендері дұрыс:
- өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу;
- оқушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз;
- оқушылардың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының жауабы дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан;
-тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мүғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт;
- сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру;
- сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз;
- оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;
- сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалдарын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт;
- оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.
Мұғалім қызметінде өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Егер мұғалім жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мұғалім өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі де сай болар еді.
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.
Педагогикалық шеберлік мұғалім тұлғасының белгілі бір сапаларының жиынтығы, олар мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығының жоғары деңгейімен, әр түрлі педагогикалық ситуацияларда жылдам шешім таба алуына негізделеді. 
Педагогикалық шеберлік негіздері – педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлікті «мақсаттар ағашы» ретінде қарастыруға болады, олардың әрбіреуін шешу (мақсаттарды) жиынтығы педагог өнерін дамытады. 
Педагогикалық шеберлік педагогтың кәсіби іс-әрекетінде байқалады. Педагогикалық шеберлік – ол қозғалыстағы жүйе, себебі онда қоғамда жеке тұлғаның объективті және субъективті жағдайлары жеке тұлғаның ерекшеліктері бейнеленеді. 
Педагогикалық шеберлік негізі бұл адамның жеке басының таланты мен осы талантты дамытуға бағытталған қажырлы еңбегі болып табылады. Әрбір маман шебер болып туа бермейді, бірақ еңбектену барысында шебер болуға болады. Мұғалім мамандығының басты ерекшелігі оның үнемі үлгі-өнге бола білуінде. Сондықтан нағыз мұғалім болуы үшін үнемі шеберлікке ұмытылып отыру керек.
Халықтық даналықта шақырылған көп, бірақ таңдалғаны аз деген сөз бар. Мұғалім жай ғана «шақырылған» емес, «таңдалған» болуы үшін біз өзіміз жауаптымыз.

Задания олимпиады по русскому языку


7 класс

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет