Эссе туралы Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың



Дата02.05.2024
өлшемі0.62 Mb.
#500352
Эссе туралы


Эссе туралы

  • Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жан



«Эссе» латынның таразылау, француз тілінен аударғанда тәжірибе, шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы, жазушысы - Мишель Монтень. Ол 1580 жылы «Эссе» деген кітап жазып, онда қоғам, адам тағдыры туралы толғаныстарын ұсынған. Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады.





  • Эссенің мақсаты - өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру. Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі

  • Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді.Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.

  • Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты- адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс.




Эссе құрылымы.

  • Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс.

  • 1. Эссенің жазылу жоспары:

  • - Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

  • - Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

  • - Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);

\

Кіріспе

  • Бұл - берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтіндігіміз анықталады. Тақырыпты таңдау себебі және ол тақырыптың қазіргі таңдағы маңыздылығы туралы айтылады. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап берген тиімді. Мысалы: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша, тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» , т.б.



Негізгі бөлім

  • Негізгі ой мен мәселеге байланысты тезистер мен аргументтер жинақталған бөлім.

  • Аргумент дегеніміз - ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел.

  • Тезис дегеніміз - негізгі ойдың қысқартылып

1-2 сөйлеммен берілуі.

  • Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап,оның туу себептерін көрсетеді.

  • Аргумент бірнешеу болуы мүмкін. Бір аргумент тыңдаушының сенімін туғызбайды.



Қорытынды

  • Тақырып бойынша түйін.Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет.



ЭССЕ ТҮРЛЕРі

  • Салыстырмалы эссе. «Жігіттің қыздан әлсіз ете түсетін факторлар» Эссе авторы жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады.

  • Пайымдық эссе. «Ақылды болсаң неге кедейсің?» Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.

  • Көркем- әдеби эссе. «Бақыттың құны және өмір» Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет