Ет. Ет биохимиясы.
Жануарларда (омыртқалы) бұлшық ет көлденең жолақты және тегіс бұлшық ет болып келеді. Бұлшық ет- ет талшықтарының шоғыры. Ет адам ағзасына пайдалы ең маңызды азық түрлерінің бірі. МАЛДЫҢ қоңдылығына қарай майлы ұлпалары, ал жасының өсуіне қарай байланыстырғыш қасиеті және сүйек ұлпаларының мөлшері артады. Жасы үлкен малдарда коллогенді және элластикалық талшықтары артады.
Ет тағамдарының құндылығы ұлпаларға байланысты. Ет өнімдерін өндіруде оның құрамы жасанды өзгертілуі мүмкін. Бұлшық ет ұлпаларының азықтық құндылығымен, дәмділігмен ерекшеленеді.Май ұлпасы еттің жоғары калорийлігіне әсер етеді. Еттің химиялық құрамы малдың қоңдылығына, жасына, анатомиялық өзгерістеріне және басқа да факторларға тәуелді. Жас малдардың етінде су көп және майлылығы төмен болып келеді. Үйрек-қаздардың еттері майлы, тауық етінде белокты заттардың мөлшері жоғары болады. Алмаспайтын амин қышқылдары кұс еттерінің құрамына кіреді. Құс еттері ақшыл-қызғылт түстен (ақ ет) қызыл- қоңыр түске (қызыл ет) дейін өзгереді, ол құрамындағы гемопротеиндердің- миоглобин мен гемоглобиннің мөлшеріне байланысты. Ақ еттің құрамында қызыл етке қарағанда кұнды белоктар көп болады.
Белоктарға ет және ет өнімдері бай келеді. Бірақ ет құрамындағы жалпы белок мөлшері еттің тағамдық құндылығын анықтай алмайды, себебі белоктардың құрамында құнды (миоген, миоальбумин, глобулин X, миозин, актин, актомиозин, тропомиозин, тропонин) белоктардан басқа құнсыз (коллаген, эластин, ретикулин) белоктар да кездеседі. Еттің тағамдық құндылығы құрамындағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшерімен анықталады. Бірақ, құндылығы шамалы белоктардың да биологиялық маңызы жоғары. Жалпы алғанда етте барлық алмаспайтын амин қышқылдарының белгілі бір мөлшері болады, олар биологиялық құндылығы жағынан сүт, жұмыртқа белоктарымен бірдей орын алады.
Адамдарға жануар белоктары өсімдік белоктарына қарағанда өте аз мөлшерде қажет. Ет белогіның 96-98% сіңімді келеді.
Коллаген өте күшті қасиеттерге ие. Коллагендерге тән белгі, ол гидроксипролин және стандартты емес амин кышқылы-гидроксилизиннен, қосындысы шамамен 21% құрайды. Гидрокси-пролин көбінесе байланыстырғыш ұлпалардың құрамдық, ал «триптофан/гидроксипролин» еттің сапалық көрсеткішін сипаттайды.
Неғұрлым оның көрсеткіші жоғары болса, еттің сапасы соғүрлым жоғары болады.
OH NH2
HC CH H2N-CH2-CH-CH2-CH2-CH-COOH H2C CH-COOH OH
N Гидроксилизин
Н
Гидроксипролин
Коллаген (грек. «желім шығарушы»)- гликопротеид, жануарлардың ең көп тараған белогі, сүйектің, сіңірдің, шеміршектің негізін құрайды. Суда жақсы ісінеді, нәтижесінде салмағы 1,5-2 есе артады. Сонымен қатар басқа белоктардан артықшылығы құрамынадағы глициннің көптігі. Коллагеннің рН мәні қышқылдық немесе сілтілік ортаға ығысқанда ісінуі жылдам артады. Коллагенге әсер етуші фермент коллагеназа деп аталады. Бұл фермент гироксипролин мен глицин арасындағы гип-гли-про-пептидтік байланысты гидролиздейді.
Екінші маңызды белоктың бірі- эластин (грек. «elasyos»- икемді,оралымды), жалғастырып тұратын ұлпаның негізгі тізбекті белогі.Эластин күрделі құрамды, күрделі белок-гликопротеид. Құрамы глицинмен аланин, пролинге бай келеді. Эластин сіңірде, өкпеде көп кездеседі.Суда, тұз ерітінділерінде, қышқыл, сілті ерітінділерінде де ерімейді. Ұзын тізбекті, тармақталмаған. Ас қорыту ферменттерінің қатысында ыдырамайды. Желім (іркілдек) түзбейді. Эластиннің ерекше мықтылығымен икемділігі десмозин арқылы жүретін коваленттік
«тігіске»байланысты.
Еттің липидтері триглицеридтер, фосфолипидтер, холестерин мен холестеридтер түрінде беріледі. Майдың биологиялық құндылығы оның құрамындағы алмаспайтын жоғары май қышқылдарына (линолен, линол, арахидон) байланысты. Дегенмен, бұл жоғары май қышқылдары жануар майларында өте аз мөлшерде кездеседі. Негізінен олар өсімдік тектес майлардың негізін құрайды.
Тағам майларының энергетикалық қоры ретінде бір-бірінен айырмашылығы елеусіз болады. Бірақ, майлар құрамы мен қасиеттеріне қарай бірдей дәрежеде сіңірілмейді. Шошқа майы (96-98%) сиыр (76-94%) және қой майына (80-90%) карағанда сіңімділігі жақсы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |