Этиологиясы мен патогенезі



Дата26.12.2023
өлшемі18.38 Kb.
#488134
Гипотериоз


ГИПОТИРЕОЗ
Гипотиреоз - қалқанша бездің гормон бөлу қызметінің нашарлауы. Гипотиреозбен жас
шамасы әртүрлі адамдар ауырады, тіпті оның тума түрі де кездеседі, дегенмен ол жасы ұлғайған әйелдерде жиірек кездеседі. Бұл ауру микседема деп те аталады. Қазіргі ұғым бойынша, бұлай деп гипотиреоздың ең ауыр ағымды түрі ғана аталуға тиісті.
Этиологиясы мен патогенезі:
Аурудың себептері мен зақымдалған ағзаларға карай гипотиреоз үш түрге бөлінеді.
• Оның бірінші түрі ауруды тудыратын себептер калқанша бездің өзіндік клеткаларын
зақымдағандықтан дамиды. Көбінесе без қабыну процесінен, яғни тиреоидитпен зақымдалады.Кейде әртүрлі әсерден организмде осы безді зақымдайтын антиденелер түзіледі де, соның салдарынан без клеткалары семіп қалып, олардың арасын дәнекер тін басып кетеді. Сондай-ақ, гипотиреоз ағзада йод жеткіліксіз түскенде немесе қалқанша безі ұлғайып, оның гормон бөлу қабілеті жоғары болған науқастар дұрыс емделмегенде дамиды. Ондай жағдай ұлғайған безге операция жасап, оның тым аз бөлігі қалдырылса немесе тиоуроцил, имидазол тобына жататын дәрілерді, дәрігердің бақылауынсыз ұзақ қолданғанда байқалады. Кейде гипотиреоз бездің дұрыс дамып жетілмеуімен де байланысты болады. Гипотиреозбен сырқаттардың 95% оның бірінші түріне шалдығады.
• Гипотиреоздын екінші түрі, гипофиз зақымдалып, тиреотропин аз бөлінгендіктен дамиды.
Әдетте бүл гормон қалқанша безде тироксин (Т4) және үш йодтиронин (Т3) түзілу процесін реттеп отырады. Тиреотропин аз бөлінсе, қалқанша бездің қызметі нашарлап, біртіндеп семіп қалады, гипофизде түзілетін баска да гормондар азаяды (Симмондс-Шиен синдромы).
•Бұл аурудың үшінші түрі, гипоталамус зақымдалып, тиролибериннің аз бөлінуімен
байланысты. Тиролиберин аз болса, гипофиз тиреопропинді аз бөледі. Гипофизбен
гипоталамустың зақымдалуына ми мен оның қабықтарына әсер ететін инфекциялар, гипофиздің алдыңғы бөлігінде дамыған ісіктер себеп болады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген себептермен байланысты тиролибериннің немесе
тиреотропиннің жеткіліксіздігінен, ал көбіне, калқанша бездің өзінің зақымдануынан оның гормон болу қабілеті төмендейді. Қанда осы бездің гормондары үш йодтиронин мен тироксин азаяды.Олардың жеткіліксіздігінен зат алмасу процесі өзгереді. Белоктардың бөлінуі мен түзілуі бәсеңдейді.Сол себепті қанда глюкоза азайып, керісінше, майлы заттар, әсіресе альфа- және бета-липопротеидтер, холестерин көбейеді. Денеге су мен тұздар жиналып, тіндер аралығында лимфа айналымы жылдамдайды, лимфа тамырларының өткізгіштігі артып, терінің шел қабаты, шырышты қабықтардың асты сусіндірленеді, кейде дене қуыстарына да сұйықтық жиналады.
Клиникалық бейнесі:
Науқас адам соңғы кезде ұмытшақтық, селқостық пайда болғанын, жұмысқа қабілеті төмендегенін айтып, ұйқышыл және тоңғыш болып кеткеніне шағымданады. Ол әлсіреп, шаршай береді, асқа тәбеті төмендейді, кейде дауысы өзгереді. Гипотиреозбен сырқаттың дене тұлғасынан да ерекшелік байқалады.. Көбіне олар толық баяу кимылды, селқос
келеді. Беті мен кабағы ісініп, көзінің шарасы кішірейеді. Аяқ-қолы сусіндірленіп, ісінеді. Жүрек
пен бүйрек ауруынан бұл ісінудің айырмашылығы саусақпен басқанда із қалмайды. Терісі бозарып, кейде сарғыш тартады. Сипағанда құрғақ, қалың және салқын екені сезіледі.
Шынтақ пен тізе терісі ерекше қабыршықтанып тұрады. Шашы, қасы түсіп, сиреп, тырнақтары
жұқарып, сынғыш келеді. Нерв жүйесі. Науқастың ұмытшақтық, ұйқышылдық,, селқостық сияқты шағымдары орталық нерв жүйелерінің қызметінің өзгеруімен байланысты. Шеткері жатқан нерв жүйелерінің өзгеруінен аяқ-қолы сырқырайды, бүлшықеттері ісінеді, кейде тырысып қалады, аяғы ауырлап, жүруі қиындайды. Сіңір рефлекстерінің шапшандығы төмендейді. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаты сусыздана ісініп, науқастың дауысы өзгереді.Жүрек-тамыр жүйесі. Бүл ауруға тән белгілердің бірі жүректің соғуы сирейді (брадикардия).
Миокард қабынып бұлшықеттің жиырылуына қажетті белоктар актин мен миозин баяу түзіледі, сондықтан жүректің жиырылу қабілеті нашарлайды. Сол себепті жүрек әр жиырылғанында тамырларға айдалатын қанның көлемі кеміп, бүкіл организмде қан ағысы баяулайды. Жүрек ұлғайып, соғу дыбысы бәсендейді. Гипотиреоздың ауыр түрінде кейде үлпершекке сары су жиналады. Тамырдын соғуы сиреп, каннын, әсіресе, систолалық қысым төмендейд
(гипотония), ЭКГ брадикардияны, Q, Т тісшелерінің, СТК-8 комплексі амплитудасының
төмендегенін бейнелейді.
Асқорыту ағзалары. Гипотиреозбен сырқаттардың тілі ісініп, ұлғаяды, оның жиегінде
тістердің ізі болуы мүмкін. Науқастың тістері үгіліп, сынып, кейде ерте түсіп калады. Асқорыту
жолының шырышты қабықтары ісініп, сөл бөлу кабілеті темендейді де, науқастың асқа тәбеті
төмендейді. Ішкен ас баяу корытылып, нашар сіңіріледі. Организмге аспен сіңірілетін темір
азайып, анемия дамиды. Асқорыту жолдарының, әсіресе ішетін асты жылжыту қызметі де
төмендейді, сондықтан науқастың асқазаны, ішектері созылып, қатпа жиі байқалады. Бүйректе
қанайналымы нашарлап, шумақтарында зәрдің сүзілуі бұзылады, протеинурия дамиды.
Жыныс ағзалары. Әйел адамдардың етеккірі азайып, сирейді. Ауру асқынған кезде етеккірі
мүлде тоқтап (аменорея), бедеу болып қалады. Ер адамдар белсіздікке (импотенция) ұшырайды. Зат алмасуы. Белок түзілу процесі тежеледі. Холестерин мен липопротеидтер көбейіп, глюкоза азаяды.
Лабораториялық тәсілдермен және аспаптармен тексеру. Қанда анемия байқалып,
эритроциттердің түну жылдамдығы (СОЭ) баяулайды, холестерин мен бета-липопротеидтер
көбейеді. Бүл ауруды айқындау үшін қандағы үшйодтиронин мен тироксиннің және
тиреотропиннің мөлшерінің ерекше мәні бар. Гипотиреоздың бірінші түріне шалдыққандардың қанында Т3, Т4 азайып, тиреотропин шамадан артық болса, оның екінші және үшінші түрінде бұл гормондардың бәрінің де мөлшері кемиді. Сонымен қатар қанда белокпен байланысқан йод азайып, қалқанша без таңбалы атомды 0-131) нашар сіңіреді.
Аурудың даму барысы мен зардаптары. Аурудың барысы мен айқындығы қалқанша без
гормондарының қандағы мөлшеріне байланысты. Осыған орай гипотиреоз жеңіл, орташа және
ауыр әсерлі түрлерге бөлінеді.
Гипотиреоздың ең ауыр ағымды асқыну зардабы - гипотиреоидтық кома. Комаға
ұшырағандар есінен танады, гипотиреоздық брадикардия, гипотония сияқты белгілері
анықталады. Команың бұл түріне гипотермия тән. Дененің температурасы 24-25°С-ға дейін
төмендесе, өлім қаупі туады.Аурудың дифференциалдың диагнозы. Гипотиреоздың негізгі белгілерінің бірі – дененің сусінділеніп ісінуі.
Гипотиреозбен сырқаттардың денесі қанайналымы нашарлағандықтан да сусінділеніп ісінуі
мүмкін. Ондай жағдайда, көбінесе кешкілік, алдымен аяқ ісінеді. Ауру дами келе бауыр үлгаяды, аяқ ісініп қана қоймай, ішкі куыстарға да сары су жиналады. Тканьдерде оттегі тапшы
болғандықтан, науқас алқынып, ерні, саусақтары мен башпайлары көгереді. Жүректен
ревматизм ақауларына, миокардитке тән белгілер байқалады.
Емдеу тәсілдері. Гипотиреоздың барлық түрінің басты емі тиреоидтық препараттар.
Аскынбаған ауруды тиреоидтык гормондар мен емдеуді абайлап бастаған жөн. Алдымен дәрінің тәуліктік мөлшерінің 1/3 немесе 1/4-і беріледі де кейін аурудың түріне, науқастың жас шамасына және емнің нәтижесіне қарай оны біртіндеп көбейтуге болады. Емнің мақсаты – науқасты эутиреоидтық жағдайға жеткізу. Қазір тиреоидтық гормондардан көбіне тиреоидин, тиреотом, тиреокомб, үш-йод-тиронин, Л-тироксин қолданылады. Олардың ішінде ең әсерлісі
Үш йодтиронин, сондықтан онымен аурухана жағдайында және жас науқастар ғана емделеді.
Алдымен тәулігіне 10-20 мкг. (әр таблеткасында 20, 50 мкг.) беріп, қажет болса 25-50 мкг-га
жеткізіледі. Оған қоса 25 мг. тиреоидин немесе 25 мкг. Л-тироксин тағайындалады. Олардың
тәуліктік мөлшерін әрбір 3-5 күнде 25 мг көбейте отырып, біртіндеп 150-300 мг - ға жеткізуге
болады. Яғни бұл кезде берілетін дәрінің тәуліктік мөлшері науқастың жағдайына байланысты әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір адамға тиреоидиннің 50 мг ғана жеткілікті болса, басқа адамның эутиреоидтық жағдайын қамтамасыз ету үшін оның 100-150 мг қажет. Бұл дәрілерді науқас өмір бойы үзбей ішіп жүруге мәжбүр болады, өйткені дәріні қабылдамаса, ауруы қайта асқынады. Олардың танертең немесе түске дейін ішкен тиімді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет