Етістіктің лексика грамматикалық сипаты



Дата27.09.2022
өлшемі37.1 Kb.
#461449
етістіктің лексика Таңқыбаева Б


Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты

Кіріспе

Негізгі тарау «Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты»
1. 1. Етістіктің морфологиялық сипаттары
1. 2. Етістік тұлғаларының қолданылуы
1. 3. Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты
1. 4. Етістік категориялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.


Заттың іс - қимылын, әрекетін, күйін, белгінің, көңіл - күйдің, қарым қатынастың қимыл түрінде өзгеруін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістіктер семантикалық жағынан қимылдың, іс - әрекетті, әртүрлі өзгеріс, құбылыстарды білдіреді. Сөздерді таптастырудың лексика семантикалық, морфологиялық және синтаксистік қағидаттарының белгілері етістік сөздердің өн бойынан табылатындықтан, етістіктің жеке сөз табы ретінде танылуы еш күмән тудырмайды. Сондай - ақ етістіктердің сөз табы ретіндегі қалыптасу тарихында кейінгі іргелі зерттеулерге негіз болған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Исаев, Н. Оралбай, А. Қалыбаева т. б ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор.


Осы тұрғыдан келгенде менің курстық жұмысыма арқау етіп алып отырған «Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты» атты тақырыптың жаңашылдық сипаты да бар.


Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Қазақ мектебінің мұғалімдері мен оқушылары ана тілінің қасиеті мен байлығын бірі игеруге, бірі білуге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің алдындағы перзенттік борышымызды өтей аламыз. Қазіргі кездегі білім беру ғылымынң, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болу қажет. Білім басталуы бастауыш мектептен басталады.

Алайда бұл мәселелер сексенінші жылдардың аяқ кезіндегі балаларды алты жастан бастап оқытуға көшкен қырық жылдық қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ.


Қазіргі оқыту әдісінің барысында қолданылып жүрген негізгі әдістен бастауыш сынып оқушыларына информацияны меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі нәтиже бере алмай отыр. Яғни жаттап алған білім мен дағдының күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтыны белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды меңгеруде әдістемелік жағдайларға мынадай әдістемелік міндеттер қойылады.
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту. Көрнекті құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс. Етістіктің мағынасын, оның лексика - грамматикалық сипатын, сөйлемдегі қызметін саналы түрде меңгерту.
Менің жұмысым аталған еңбектердегі етістіктің табиғатын танытуға арналады.
Зерттеу нысанасы ретінде етістіктің қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайы, оның лексика - грамматикалық сипаты алынды.

Морфологиялық сипаттары


Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Дара етістіктер


Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. т.

Түбір етістіктер


Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте - бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала - жұмсала келіп, бірте - бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай - ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай - ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.

Туынды етістіктер


Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.

Есім негізді етістіктер


Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
- ла (- ле, - да, - де, - та, - те) жұрнағы;
- лан (- лен, - дан, - ден, - тан, - тен) жұрнағы;
- лас (- лес, - дас, - дес, - тас, - тес) жұрнағы;
- лат (- лет, - дат, - дет) жұрнағы;
- а (- е) жұрнағы;
- ай (- ей, - й) жұрнағы;
- қар (- ғар, - кер, - гер) жұрнағы;
- ар (- ер, - р) жұрнағы;
- ал (- әл, - ыл, - іл, - л) жұрнағы;
- ық (ік) жұрнағы;
- сы (- сі) және - ымсы (- імсі) жұрнақтары;
- сын (- сін) жұрнағы;
- сыра (- сіре) жұрнағы;
- ра (- ре, - ыра, - іре) жұрнағы;
- ырай (- ірей) жұрнағы;
тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:
- ы, - і (бай - ы, жас - ы, жан - ы, желп - і, кең - і, келк - і, тарп - ы т. б.)
- шы, - ші
- ан, - ен, - ын, - ін, - н
- ырқа, - ірке
- ырқан, - іркен
- ына, - іне
- қа, - ке, - ға, - ге
- ди, - тый, - ти

Етістік негізді етістіктер


Бұл салаға етістік негіздерінен арнаулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады.
Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына амалдың жиілену, еселену, қайталану, үстемелену, солғындау сипаттарын білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады, олар, шартты түрде, амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады.
- ла (- ле, - да, - де, - та, - те)
- қыла (- кіле, - ғыла, - гіле)
- мала (- меле, - бала, - беле, - пала, - пеле)
- ғышта (- қышта, - кіште, гіште)
- ыңқыра (- іңкіре, - ңқыра, - ңкіре)
- ымсыра (- імсіре, - мсыра, - місре)
- ыстрыр (- істір, - стыр, - стір)
Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар жұрнақтары деп аталады. Ерекшелігіне қарай, бұл жұрнақтар етіс категориясының арнаулы формалары болып саналады да, етістердің көрсеткіштері делініп танылады.
- ыс (- іс, е)
- т
- тыр (- тір, - дыр, - дір)
- қыз (- ғыз, - кіз, - гіз)
- ыл (- іл, - л)
- ын (- ін, - н)
Күрделі етістіктер
Күрделі етістіктердің түрлері:
Құранды етістік
Құрама етістік
Сараламалы етістік
Суреттеме етістік
Тұрақты етістік
Құранды етістік
Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.
Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.

Құрама етістік


Бұл етістіктердің әрбір компонентінде өзді - өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір - бірінен кем емес, бір - бірімен парапар я тең түседі.
Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет т. б.

Сараламалы етістік


Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (- а, - е, - й, - ып, - іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грмматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі - түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа - басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала - сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді.
Мысалы: айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.

Суреттеме етістік


Бұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан формаларында болады. Бұларға жәрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің көбі — е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді.
Мысалы: барып едім, барған едің, келетін еді, түсінуші едік, ұйықтап кеткен екенмін, кешігіп қалған екенсің, келсе игі едіңдер, мұғалім едіңіздер, жас екен; бармақ болды, келмек екен, жазатын болды, келетін көрінеді т. б.

Тұрақты етістік


Бұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады.
Мысалы: опық жеді, таяқ жеді, құр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, арам тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу салды, жан алқымға алды, ауыз салды, көз салды, жек көрді, жанын қияды т. б.
Етістік формалары
Етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді:
- Етістік негізі.
- Қимыл атауы категориясы.
- Салттық және сабақтылық категориясы.
- Етіс категориясы.
- Болымдылық және болымсыздық категориясы.
- Амалдың өту сипаты категориясы.
- Есімшелер категориясы.
- Көсемшелер категориясы.
- Рай категориясы.
- Шақ категориясы.
- Жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы.

Етістіктердің мағыналары


Етістіктерді іштей бір - біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ - топқа бөлуге болады:
амал - әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т. б.);
қимыл - қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т..);
қалып - сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т. б.);
ойлау - сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б.);
өсу - өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т. б.);
бағыт - бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т. б.);
көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т. б.);
бейнелеу - еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра т. б.);
дыбыс - сес етістіктері;
көру - есту етістіктері;
мінез - құлық етістіктері
деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады.
Сондай - ақ, сыртқы түр - тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына - мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды
- омоним етістіктер,
- синоним етістіктер,
- антоним етістіктер
деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.
Дара етістіктер - тек қана сөз түбірінен немесе бөлінбейтін негізінен тұратын етістіктер (қаз. бар, кел, ал, т. б.)
Статистикалық етістіктер - халды (қаз. аурып жатырмын), қатынасты (қаз. сәйкестену), сапалар мен қасиеттер көрсетуін (қаз. шөп көгіріп көрмеді) белгілейтін етістіктер.
Фазалық етістіктер - қимылдың бір фазасын (басын, жалғасын, аяғын) белгілейтін етістіктер.
Финитивті етістіктер - жіктеу формадағы етістіктер.
Хамзалы етістіктер - түбір құрамында көмейден шығатын дыбыс (хамза) бар араб тіліндегі етістіктер.

Етістік тұлғаларының қолданылуы


Айтылып, хабарланып отырған іс - әрекеттің иесі етістіктің жақ - тық қосымшалары арқылы көрінетіні мәлім. Кейде текстің, сөздің, ерекшелігіне, алдына қояр мақсатына лайық бірінші жақтың орнына екінші жақтық, әлде III жақтық қосымша қолданылуы мүмкін. Грамматикалық тұрғыдан мұндай қолданыстың ешбір өзгешелігі болмағанмен, мағыналық жағынан, сөз стилі тұрғысынан аса бір ден қоярлық құбылыс.

Әдетте сөйлеушіні бірінші жақтық қосымша арқылы танимыз. Енді мына бір үзіндіге көңіл аударайық. Кейде сенгісі де келмейді. “Өзім де қызбамын ғой. Ашу үстінде аңғармай теріс ұққан шығармын. Қызғаншақ көңіл асыра ойлаған шығар”,— дейді. Бірақ, Раушанның шырылдап Уәлиге ара түскенін ойлап, “жоқ, жығылғаныңды біл, өзіңді өтірік жұбатпа”,— дейді (Т. Ахтанов).


Үзіндіде кейіпкер бірде бірінші жақта сөйлесе (“Өзім де қыз -бамын ғой. Ашу үстінде аңғармай теріс ұққан шығармын”), бірде сөз өзіне арналған кезде, екінші жақтың атынан айтады. (“Жоқ, жығылғаныңды біл, өзіңді өтірік жұбатпа”.) Сөйтіп, бұл жерде бірінші жақтық қосымша мен екінші жақтық қосымша бір ғана мән - де, бір ғана кісіні білдіру үшін қолданылған. Кейде бірінші жақтық мәнде үшінші жақ қолданылады. “Ержан талай мықты командирлерді көрді. Бір адамы қалғанша шегінбей, жаудың батальонын қырған, танктерін қиратқан взвод командирлерінің атын естіді… Солдаттар сол қаһарлы, командирлер үшін жанын беруге бар, оған еріп от пен суға көздерін жұмбай түседі. Сол командирлер жалғыз қызмет дәрежесімен емес, қайратымен, жігерімен қарауындағыларын үйіріп алған жоқ па? Ондай командирге солдат шын ықыласымен беріле бағынады. Командирі күшті болса, солдат та өзін күшті сезінеді. Ал Ержан ше? Ол взводтың жүрегі, ұйытқысы, әкесі емес, өгіздің мүйізіне қонған шыбын сияқты. Бір кездегі дивизия командиріне дейін көтерілмек болған қиялы есіне түсіп, ащы ызамен мырс етті” (Т. Ахтанов).


Алайда бұл арада үшінші жақтың қолданылуында айрықша мотивировка бар. Өзі жайында айқын да ашық айту үшін қалайда басқа бір бейтарап жақтың атынан сөйлеу қолайлы. Жақтық қо - сымшалардың бұл қолданысы өз негізін о баста ауызекі сөйлеу тілінен алса керек. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші өзі жайында мақтанышпен сөйлегенде, оны жасайтын мына дөдең!— деп, үшінші жақта айрықша экспрессиямен айтады. Жазба тілде қалыптасқан жоғарғыдай тәсілдің алғашқы шығар көзі — осы. Жазба тіл, оның ішінде көркем әдебиет тілі ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін бар нәрді өз бойына жиып отырады. Жоғарғы тәсіл (жақтық қосымшалардың қолданылу заңдылықтары) көркем әдебиет стилінде айрықша жиі кездеседі.


Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты


Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика - семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан қырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика - семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай - ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала - құла пікірлер де кездеседі.
Қазақ тіліндегі етістік түбірі - нақтылауды қажет ететін сондай тұстардың бірі.
Түбір - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі екені белгілі. Етістік түбірінің өзіндік ерекшеліктері оның лексика - грамматикалық сипатынан туындайды. Қазақ тіліндегі етістіктің түбірі сыртқы тұлғасы жағынан бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сол себепті қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарда, арнайы зерттеу еңбектерінде «етістіктің түбірі - бұйрық райдың 2 жағы» деп, екеуінің арасында тепе - теңдік белгісі қойылады. «Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау жалғанады.» Қазақ тілінде етістіктің бастапқы түрі бұйрық райдың 2 жақ жекеше түріне ұқсас болып саналады. Әрине, бұл екеуі екі басқа тұлға екені айқын, алайда көріністері бірдей. Бұйрық райдың арнайы көрсеткіші болмағасын түбірге сәйкес келетіндей сыртқы көріністе ғана болады.
«Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі 2 жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы - р, - йтын, - ғалы, - й, - ған, - ып, - с, - ды т. б.
Етістік түбірін арнайы зерттеген А. Хасенова етістік түбірі туралы былай дейді: «Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан келгенде, етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, рай, т. б. грамматикалық категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2 жақ - тың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып (сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады».
Демек, бұл айтылғандар етістіктің түбір тұлғасы өзіне о бастан тән қимыл, іс - әрекетті білдіру мағынасымен бірге, түбір күйінде тұрып бұйрықтық мағынамен 2 жақ жекешелік мағынаны білдіре алады деуге саяды. Яғни етістіктің түбірі мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы бір ұғым болып саналады. Бұл - қазіргі қазақ тілінде қалыптасқан пікір. Етістік түбіріне берілген осы анықтаманың өзі нақтылаумен қатар, етістік түбіріне басқа тұрғыдан келуді қажет етеді. Қалыптасқан анықтама тұрғысынан емес, жаңа тұрғыдан қарайтын болсақ, осы анықтаманың дұрыстығы дау туғызады. Ең алдымен, етістіктің түбір тұлғасы беретін грамматикалық мағына мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы беретін мағынаның арақатынасын ажырату керек.
Қимылдың түбір тұлғасына іс - әрекет, қимылды білдіретін грамматикалық мағына тән. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына оның (етістік түбірдің) бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрінде, яғни етістік белгілі бір тұлғасында беретін мағынасы. Етістік түбіріне 2 жақтық бұйрықтық мағына тән емес. Бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрі – етістік түбірінің бұйрықтық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық формасы.
Ал егер етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2 жағы бір грамматикалық мағынаны білдіріп, бір ұғым болып ұғынылатын болса, бірдей екі нәрсені екі бөліп атаудың қажеті жоқ сияқты. Олай болса, беретін мағыналары бір, сыртқы тұлғалары бір ұғымдарды бір атаумен атаған орынды. Егер етістік түбіріне бұйрықтық мағына о бастан тән болса, етістіктің белгілі бір тұлғадағы көрінісі, яғни бұйрық райдың екінші жақ анайы жекеше түрінде ол қайталанбаған болар еді.
Оларда 2 жақ бұйрықтық, жекешелік мағына бар. Бірақ осы етістіктерді тұтасымен алып түбір деуге болмайтындығы дәлелдеуді қажет етпейді. Мағыналық жағынан сәйкес келетін болымсыз етістік, етіс жұрнақтары жалғанған етістікті түбір деп қарастырмасымыз анық. Ендеше, етістік түбірі мен бұйрық райдың 2 жағы бір нәрсе емес. Сыртқы тұлғасы бірдей болып, қимылды білдір - генімен, екеуін бір нәрсе деп шатастыру дұрыс емес. Етістіктің түбір күйінде тұрып білдіретін грамматикалық мағынасы - қимыл, іс - әрекетті білдіру мағынасы. Бұл мағына етістік қандай тұлғада қолданылса да сақталады. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына етістік түбірінде жоқ, ол сөйлемде етістіктің бастауышпен (сен жіктеу есімдігімен ) қарым - қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын мағына. Етістік түбірі сөйлем ішінде қолданылғаннан кейін бастауышпен тікелей мағыналық қатынасқа енеді, екеуі бұйрықтық, жақтық, шақтық және жекешелік қарым - қатынасқа түседі. Міне, осы жердегі етістікке 2 жақ бұйрықтық мағына үстеледі. Демек, бұйрықтық мағына – етістік түбірінің сөйлеу процесінде қолданылғанда пайда болатын мағынасы.
Етістіктерді мін, ер, түс, айт, жүр деп сөйлем ішінде емес, сен деген бастауыш қызметіндегі жіктеу есімдігімен байланыстырмай жеке алатын болсақ, оларда 2 жақ бұйрықтық мағына жоқ, етістік түбірінде о бастан бар қимыл, іс - әрекетті білдіретін грамматикалық мағына бар. Бұл етістіктер сөйлем ішінде сен бастауышымен жақтық, жекешелік, бұйрықтық жақтарынан байланысып, етістіктің бұйрық рай формасында қолданылып тұр. Бұйрық рай - етістіктің рай категориясындағы белгілі бір тұлғасы, ол бұйрықтық мағынаны білдірудің арнайы грамматикалық формасы болып табылады. Ендеше, осы жердегі етістік түбірінің тағы бір грамматикалық ерекшелігі шығады. Ол ерекшелік етістік түбірінің түбір күйінде қолданылмайтындығында.
«... Етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялану нәтижесінде қалыптасып, туатын жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенімен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым - қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды».
Сөйлемдерге айт, бол, тос, кет етістіктерін алайық.. Бұл етістіктер сыртқы тұлғасы жағынан етістік түбірімен сәйкес келеді де, бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасында қолданылған. Бірақ айт, бол, тос, кет етістік түбірлері мен сөйлемдегі айт, бол, тос, кет деген етістіктер бүтіндей бір емес. Сөйлемдерде етістіктер түбір тұлғаларында емес, бұйрық райдың 2 жақ формаларында қолданылған. Өйткені, сөйлемдерден анық көрінетіндей, айт, бол, тос, кет етістіктері бұл жерде сен деген бастауышпен қиыса байланысып тұр, сөйлемде ол айтылмаса да, оның бар екені грамматикалық байланысынан анық байқалатыны еш күмән тудырмайды. Сонымен бірге етістіктің түбіріне тән, бірінші лексикалық айту, болу, тосу, кету қимылы мағыналары, екінші, сол лексикалық мағыналардың жалпылануы нәтижесінде туатын жалпы қимылды білдіретін грамматикалық мағыналар үстеліп отырады. Мәселен, айт - са - м, айт - қыз - ба - ды, айт - ып - ты, бол - айын, бол - ып, бол - сақ, бол - ғыз - ба, тос - қан, тос - ыңқыра, тос - ып - ты, кет - ті, кет - пе - сек, кет - ер, т. б. тұлғаларда жалпы айту, болу, тосу, кету қимылы сақталған да, бұйрықтық 2 жақтық мағына жоқ.
Етістік түбірінің осы ерекшелігін алғаш байқап, оның бұйрық раймен 1, 2 жақ, жекеше, анайы бір емес, тек сәйкес келетінін айтқан ғалым – Ы. Маманов.
«... Негізгі етістіктер бұйрық райдың 2 жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келеді». Ол етістік түбірінің бұйрық райдың 2 жағымен сыртқы тұлғасы жағынан ғана сәйкес келуін айтумен қатар, қалып етістіктерінен басқа етістік түбірлерінің тікелей жіктелмейтінін айтты. Бірақ Ы. Маманов бұл мәселелерді толық зерттеуге бармай, тек үстірт атап көрсеткен. Ғалымның пікірін С. Исаев дамытты. Ол өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар» еңбегінде етістік түбірінің кейбір грамматикалық ерекшеліктеріне тоқтап өтті. Автор етістік түбірін тілде қалыптасқан қырынан емес, байқалмаған жаңа қырынан таныған.
«Етістік түбірінде 2 жақ бұйрықтық мағына жоқ, ол тек сөйлеу процесінде бастауышпен қатынасқа түскенде ғана пайда болады? Бұл етістік түбірінің бір ғана грамматикалық ерекшелігі».
Қазіргі қазақ тілінде етістік грамматикалық тұлғаларға өте бай. Қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен қатар етістік сөйлемде сол қимылды атқарушы субьектімен және обьектімен әрқилы қатынасына байланысты ( шақтық, жақтық, райға қатысты)
болу - болмауына байланысты т. б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады. Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші етістік, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістіктер болып бөлінуімен, сондай – ақ етіс, шақ, рай категорияларынан, жіктелуінен көрінеді.
Кейде етістіктің болымды және болымсыз, сабақты және салт етістік пен етіс түрлері лексика - грамматикалық категориялары, шақ, рай, жақ 1 жіктелуі түрлері грамматикалық деп те аталады.
Қазақ тіліндегі етістіктің құрылымын жақсы түсіну үшін оның көптеген сөз тудырушы және форма тудырушы аффикстерін, олардың түрлі грамматикалық қызметтерін - функцияларын осы тілдің тұрғысынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру керек.
Етістіктің түбір сөздерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалуын синтетикалық тәсіл дейміз. Сонымен бірге қазақ тілінде сөздердің тіркесуі арқылы да, яғни аналитикалық тәсілмен жаңа мағыналық қимылдық ұғым тудыратын сөздер жасалады.
Бағалады - 1 туынды етістік, жедел өткен шақ 3 жақ жекеше, синтетикалық тәсіл
Ыза болды 1 тіркесу арқылы, аналитикалық тәсіл, жедел өткен шақ, 3 жақ, нөлдік форма.
Қандай сөз табының лексика - грамматикалық сипаты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасының ерекшеліктері (сол семантикасы арқылы сөздер бір топ құрайды) екіншіден, грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадигмалық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз табының лексика - грамматикалық сипаты сөздерді топтастырудың негізгі үш принципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде, етістіктің басты семантикалық ерекшелігі - қимылды, іс - әрекетті, процестерді білдіру. «Оқулық, грамматикаларда етістік - қимыл, іс - әрекеттің атын білдіретін сөз табы деген анықтама беріліп жүр. Бұл - дұрыс емес. Етістік қимыл, іс - әрекеттің, процестің атын емес, нақ өзін білдіреді, ал атауын етістіктің белгілі бір формасы (қимыл атауы) білдіреді».
Етістіктің грамматикалық сипаты жағынан лексика - грамматикалық және таза грамматикалық категориялар жүйесінің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. «Қазіргі қазақ тіліндегі бір жүйеге түсіруді»қажет ететін, жоғарыдағы әңгіме болған жаңсақ пікір етістіктің түбірі.
Құрамы жағынан етістік түбірлер негізгі (оқы, айт, біл т. б.), туынды ( шеге - ле, сан - а т. б.), біріккен (әкел - алып кел, сөйт - солай ет т. Б.) қосарланған (бөліп жару, сылап - сипау т. б.) тіркесті (қор ету, жек көру т. б.) түбірлер болып келеді.
Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолданылады. Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші етістік деп атайды. Көмекші етістіктің мәнді, мәнсіз (Маманов Ы) немесе толымды, толымсыз (Ысқақов А) түрлері болады.
Қазақ тіліндегі етістік формасын лексика - грамматикалық қызметтеріне қарай, алдымен екі үлкен топқа бөледі: 1. Негізгі етістіктер. 2. Функциялық етістіктер. Бұлар өзінің мынадай қасиеттері арқылы бөлінеді. Біріншіден, қазақ тілінде негізгі етістіктер өздігінен жіктелмейді, яғни оларға жіктік жалғаулары, есім сөздер сияқты, тіке жалғанбайды. Ал функциялық етістік тұлғалары жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылы жаққа бөлініп жіктеледі.
Функциялық етістіктердің екінші ерекшелігі, бұлар басқа сөз таптарының грамматикалық функциясын атқарады, яғни басқа сөз таптарымен мәндес болып келеді. Соған орай бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы зат есімге бейім болып келеді. (тұйық етістік, - ғы формантты етістік, - с формантты етістік). Екінші топқа жататындары мағынасы, қызметі жағынан сын есімге бейім болады.
(есімше формалар): Үшінші топқа жататын функциялық етістік тұлғалары үстеуге бейім болады да, Қимыл үстеу деп аталады.
Бұған көсемше формалары, шартты рай формасы жатады. Осы функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктің рай, шақ формалары пайда болады.
Сөйтіп, етістік категорияларын мынадай тәртіппен сатылап бөлуге болады. Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялық етістік тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары.
Негізгі етістіктер - етістіктің грамматикалық категорияларының барлық формаларына негіз болады. Яғни, етістіктің есімше, көсемше, рай шақ формалары осы негізгі етістіктерге арнайы морфемалар жалғану арқылы жасалады. Функциялық етістіктерді негізгі етістіктерден айырудың басты критерийлері, біріншіден, етістіктің болымсыздық түрін жасайтын – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе қосымшалары негізгі етістіктерге тікелей жалғанады. Функциялық етістіктердің грамматикалық көрсеткіштері - морфемалары осы болымсыздық қосымшаларынан соң жалғанады. Былайша айтқанда, болымсыздық қосымшалар – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе негізгі етістік - тер мен функциялық етістіктердің шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады.
Түс - пе - й негізгі етістік түс - пе болымсыз етістіктің қосымшасы - й көсемшенің жұрнағы.
Қорық - па - са негізгі етістік қорық - па болымсыз етістіктің қосымшасы – са шартты рай.
Айт - па - ған - ды ( негізгі етістік айт - па болымсыз етістіктің қосымшасы – ған есімшенің жұрнағы, – ды табыс септігінің жалғауы(нені)
Кешір - ме - йтін (негізгі етістік кешір – болымсыз етістіктің қосымшасы – йтін есімшенің жұрнағы)
Қазақ тілінде етістіктердің есім сөздерден басты бір айыр - масы - жіктелу конструкциясында. Яғни, есім сөздердің түбіріне жіктік, тәуелдік жалғаулары тікелей жалғанып, жаққа бөлінетін болса, негізгі етістіктерге жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайды.
Екіншіден, егер негізгі етістіктер тікелей жіктелмейтін болса, функциялық етістіктер жіктік және тәуелдік жалғаулары жалғану арқылы жаққа бөлініп түрленеді.
Қазақ тілінде етістік негіздерінің болымды және болымсыз түрлеріне арнайы форма тудырушы қосымшалар жалғану арқылы етістікке тән әр түрлі грамматикалық формалар пайда болады. Етістіктің мұндай формалары: есімше, көсемше, тұйық етістік, шартты рай формасы, - ғы тұлғалы және ортақ етіс тұлғалы қимыл есімдері.
Осы формалар өздерінің морфологиялық және синтаксистік қызметіне қарай үш түрлі қызмет (функция) атқарады. Бұлардың бір тобы өзінің семантикасы және синтаксистік қызметі жағынан зат есімдерге жақын келеді. Бұл топқа тұйық етістік және - ғы тұл - ғалы, ортақ етіс тұлғалы (- с) қимыл есімдері жатады. Сондықтан бұл үш форма қимыл есімдер деп аталады. Қимыл есімдерден зат есімдерден зат есімдерге айналған сөздер өте көп. Мысалы: оқу, жазу, егеу, бояу, соққы, түрткі, тескі, тепкі, айтыс, соғыс, күрес,
қатынас, сөгіс, көсеу т. б. Мұндай сөздер қазақ лексикасын байытуда үлкен орын алады. Тұйық етістік пен ортақ етіс туралы қимыл есімі зат есімге тән септік, тәуелдік және көптік форма - ларымен түрленіп, қимылдың есімі түрінде зат есім мағынасында қолданылады да, сөйлемнің бастауышы мен толықтауыш қызметін атқарады. Сондай - ақ автор – ғы тұлғалы қимыл есім тәуелдік жалғау арқылы үш жақта қолданылады да, кел көмекші етістігімен тіркесіп, күрделі етістік түрінде жұмсалады, басқа түрде – ғы тұлғалы қимыл есімі тілімізде қолданылмайтындығы туралы пікірін айтады.
Етістік формаларының екінші тобына жататындары – есімшелер. Есімшелер өздерінің морфологиялық түрленуі және синтаксистік қызметі жағынан сын есімнің функциясын атқарады.
Яғни есімшелер зат есімнің тікелей алдынан келіп, анықтауыш қызметін атқарады да, сол анықтайтын затының қимылдық белгісін білдіреді. Мысалы: мінетін ат, айтар сөз, келген кісі, оқыған адам т. б. Сонымен бірге есімшелер септік, тәуелдік, көптік формала - рында қолданылып, сын есім тәрізді субстансивтенеді. Яғни зат есім мағынасында жұмсалады. Сөйтіп, есімшелер, сын есіммен функциялық ұқсастығына қарай қимыл сын деп аталады.
Етістік формаларының үшінші тобына жататындары - өткен шақ есімше (- ып, - іп, - п) келер шақ көсемше (- а, - е, й), мақсатты көсемше (- ғалы, - гелі, - қалы, - келі), шартты рай формасы (- са, - се).
Бұл формалар өзінің морфологиялық белгісі және синтаксистік қызметі жағынан үстеудің функциясын атқарады. Сондықтан да бұл аталған формалар қимыл үстеу деп аталады. Қимыл үстеуге жата - тын етістік формалары өз алдына жеке тұрғанда, мағынасы тиянақсыз болады да, сөйлем ішінде және сөз тіркесі құрамында басқа етістіктермен қарым - қатынасқа түсу арқылы ғана белгілі ұғымға ие болады. Былайша айтқанда, қимыл үстеулер жақ жалғаулары арқылы жіктелгенде немесе басқа бір көмекші етістіктермен тіркесіп келген жағдайда ғана олардың мағыналары тиянақталады. Мысалы: оқыпсың, оқыпты, жазамын, жазасың, қайтқалы отырсың, барғалы жүрсің, айтсаң етті т. б. Қимыл үстеу етістік формаларының қимыл есім және қимыл сын етістіктерінен өзгешелігі: бұлар зат есімге тән септік, тәуелдік, көптік формаларымен тәуелденбейді. Тек қана жақ жалғаулары арқылы түрленіп, предикаттық қызмет атқарады. Қимыл үстеуге жататын өткен шақ және келер шақ көсемше форма - лары жіктік жалғауы арқылы жіктеледі.( жазамын, жазасың, жаза - сыз, жазады, оқыппын, оқыпсың, оқыпты).
Қимыл үстеудің мақсаты көсемше формасы ешқандай қосымша қабылдамайды.
Сөйтіп, жіктелетін формалары белгілі сөз таптарының функциясына атқаруына байланысты функциялық етістіктер деп аталады. Етістік формаларының ішінде басқа сөз таптарының функциясын атқармайтын, тек жақ жалғауларымен түрленіп, предикатив қызметінде етістік мағынасында ғана жұмсалатын жедел өткен шақ формасы мен бұйрық рай формасы.
Ы. Маманов қазақ тіліндегі барлық етістіктердің тізбегін мына түрде көрсетеді:
1. Негізгі етістіктер
а). Түбір етістік / ә) Модификациялық етістіктер
1. Негізгі түбір / 1. Етістер
2. Туынды түбір / 2. Күшейтпелі етістік
3. Кіріккен түбір / 3. Күрделі етістік
4. Қос түбір
5. Тіркесті түбір

Етістік түбірдің грамматикада көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі – олардың тікелей жіктелмеуі. Ал, бұйрық рай ІІ жағы жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Мұның өзі етістіктің түбірі - бұйрық рай ІІ жағы деген анықтаманың қате екендігін, етістік түбірі басқа сөз таптары түбір сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. Ы. Мамановтың «Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады», деген пікірінің орынды екенін байқаймыз (М. ҚҚТ. - 1 - т 65 - б).


Демек, етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс - әрекетті, процесті т. б. білдіреді және ол – етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі және грамматикалық мағынасы, ал бұйрық рай ІІ жағы – сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым - қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын грамматикалық нольдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық мағынасы болып табылады.
Мен бар + айын Біз бар + айық
Сен бар Сендер бар + ыңдар
Сіз бар + ыңыз Сіздер бар + ыңыздар
Ол бар + сын Олар бар + сын

Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолданылады. Жеке тұғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін білдіріп тұра сыңарын негізгі етістік, күрделі етістіктің негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші етістік деп атайды. Көмекші етістіктің мәнді, мәнсіз (Ы. Маманов) немесе толымды, толымсыз (Ысқақов) түрлері болады.


Мәнсіз етістіктер – е, ет, жазда, де.
Мәнді көмекші етістіктер: өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын түбір етістіктер тұлғасындағы атауыш сөздер (барып келгелі, үре бастады).
Толымды көмекші етістіктер: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел, жібер, кел, қал, таста, тұр, шық, қыл, ет (259. Ысқ.. ҚҚТ).
Толымсыз көмекші етістіктер: е (еді, екен, емес). Бұл көмекшілер өздері тіркескен сөздерге ешқандай да лексикалық мағына я реңк үстемейді, тек грамматикалық мағына ғана жамайды.


Етістіктің шақ категориясы — іс - әрекет, жай - күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым - қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс - әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. Осы шақтың 2 түрі бар: 1) Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ “- а”, “- е”, “- й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. Өткен шақ — іс - әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақытта

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет