Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ


Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы



Pdf көрінісі
бет20/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы 
ХХ ғасырдағы қазақ романының дамуы 
«Қартқожа» романы 1926 жылы Қызылордада жарияланды. 
Әдебиет-тегі алғашқы қадамдарын ақын ретінде бастаған Ж. 
Аймауытовтың өз өмірі де, Қартқожа сияқты бас кейіпкер өмірі де 
үндесіп жасқан сияқты. Жазушы өзі туралы сауалнамасында: «Ақат 
ағамыз екеуіміз әрі молда, әрі етікші алғашқы, шимайшы, домбыра-
шы болып өстік» - деп баяндайды. Сондықтан да роман сюжетіндегі 
оқиғалар өмінінің өзіндей нанымды, шыншылдығымен шырайлы, жа-
зушының білімі, стильше бірлігі айқын көрінеді. 
«Жүсіпбектің «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнекейдің жазығы» 
сияқты көлемді прозалық туындыларының кейіпкерлері - әлеуметтік 
арпалыстар кезінде, тулаған толқынның үстінде өзіне жол тауып


68
жаңа өмірді жасауға ұмтылған жаңа қаһармандар. Қартқожа – жасы-
нан қағажу көріп өскен, теңсіздіктегі ортадан шыққан қарапайым 
қазақ ұлы» деп жазады академик С.С. Қирабаев. 
«Мен мұндай шешен, сөзге бай, ұшқұр жазушыны ешқашан көр-
ген емеспін... Өз басым қазақта мұндай білімді. Жан-жақты дарынды 
жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек тамаша жазушы, 
тұңғыш роман жазған драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, 
музыкант, ғалым, сынның негізін салған дарын» деп бағалайды Б. 
Майлин. 
Жүсіпбек Аймауытов - шығармашылық еркіндікті жақтаған 
қаламгер еді. Сонымен қатар жазушының өмір сүрген дәуірі- тар жол, 
тайғақ кешкен қатерлі кезең, алмағайып, аласапыран уақыт еді. 
Сол себепті Ж. Аймауытов та саяси қуғын құрбаны болды, онда-
ған жылдардан кейін, қайта құру идеясы нәтижесінде ақталған 
болатын.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романының көркемдік 
ерекшеліктері туралы талдамас бұрын, роман жанры туралы әдебиет 
зерттеуші ғалым, Алаштың ардақтысы, ұлт көсемі А.Байтұрсыновтың 
сөзіне жүгінелік. «Ұлы әңгіме, яки роман деп, тұрмыс сарынын түп-
теп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығарма-
ларды айтамыз. Ұлы әңгіме жазушы көркем сөздің әуезі, толғау, 
айтыс – барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік 
керек -деп айқындайды ғалым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет