«Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы»



Дата11.06.2016
өлшемі262.07 Kb.
#128336



«Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

салыстырмалы кесте





Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзетулерді енгізу қажеттілігінің негіздемесі

1

2

3

4

5

Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету

Ережелері жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Үкіметі Үкімімен бекітілген.

1


2

3

4


42-тармақ


64-тармақ

65-тармақ

7Қосымша


42. ИКАО-ның басқа Уағдаласушы мемлекетінің ААҚ сұраған біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің әрбір элементінің бір данасы қағаз бетінде немесе электрондық түрінде немесе екі нысанда да өтеусіз негізде ұсынылады

Қазақстан Республикасыныѕ АІР-ында мынадай аэронавигациялық карталар жарияланады:
      1) әуеайлақ картасы (ІСАО);
      2) әуе кемесі айлағының (айлаққа қою)

картасы (ІСАО);


      3) жерісті әуеайлағындағы қозғалыс картасы (ІСАО);
      4) А типіндегі, әуеайлақ кедергілерінің картасы (ІСАО);
      5) қонуға дәл кіру орнының картасы (ІСАО) (II және III санаттағы жабдықталған УҚЖ үшін)
      6) аудан картасы (ІСАО);
      7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) (ІСАО);
      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (SТАR) (ІСАО);
      9) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ІСАО);
      10) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ІСАО).

Жерісті навигациялық құралдар, ұшу жолыныѕ қиылыстары мен нїктелері, картаныс қолданылу мақсатына қарамастан, олар енгізілетін барлық карталарда бірдей негізгі шартты белгілермен белгіленеді.


Жоқтық



42. ИКАО-ның басқа Уағдаласушы мемлекетінің Аэронавигациялық ақпарат қызметі, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындау немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа ұйымдар сұратқан қағаз түріндегі немесе электрондық форматтағы, немесе екі нысандағыбіріктірілген аэронавигациялық ақпарат пакетінің элементтері өтеусіз негізде нақты (поштамен, курьер арқылы) тарату немесе аэронавигациялық ұйымның интернет-ресурсында орналастыру әдісімен ұсынылады
Қазақстан Республикасыныѕ АІР-ында мынадай аэронавигациялық карталар жарияланады:
      1) әуеайлақ картасы (ІСАО);
      2) әуе кемесі айлағының (айлаққа қою)

картасы (ІСАО);


      3) жерїсті әуеайлағындағы қозғалыс картасы (ІСАО);
      4) А типіндегі, әуеайлақ кедергілерінің картасы (ІСАО);
      5) қонуға дәл кіру орнының картасы (ІСАО) (II және III санаттағы жабдықталған УҚЖ үшін)
     6) аудан картасы (ІСАО);
      7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) (ІСАО);
      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (SТАR) (ІСАО);
      9) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ІСАО);
      10) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ІСАО).
11) ӘҚК (ИКАО) ең төмен абсолюттік биіктігін шау картасы

Ереженің 7 Қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағына қосылуына тиіс, Халықаралық азаматтық авиация Конвенциясының «Аэронавигациялық карталар» 4 Қосымшасына сәйкес және Аэронавигациялық карталар бойынша Нұсқамасына сәйкес құрастырылатын және талаптарына жауап беретін, 64 тармақта аталған аэронавигациялық карталар аэронавигациялық карталарды құрастыру талаптарына сәйкес дайындалады (Doc. 8697, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының документі).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы _____________№___ қаулысына қосымша
Әуе кемелері пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасына 7-қосымша

Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат

жинағына енгізілуге тиіс аэронавигациялық карталарды жасауға

қойылатын талаптар
1-тарау. Әуеайлақ картасы


    1. Мақсаты


Бұл картада ұшу экипаждарына әуе кемелері мен тікұшақтардың әуеайлақ аумағы арқылы жер үстінде қозғалуын жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
1.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуге тиіс:

1.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб картада бар барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

1.2.2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты және сол әуеайлақ/тікұшақ айлағының атауы көрсетілуге тиіс.

1.2.3. Магнитті төмен түсу. Картада ақиқат және магнитті солтүстік стрелкалары, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магнитті төмен түсу, сондай-ақ магнитті төмен түсудің жылдық өзгеруі көрсетілуі керек.

1.2.4. Әуеайлақ туралы мәлімет. Бұл картада мыналар көрсетіледі:

1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы бақылау нүктесінің географиялық координаталары;

2) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен әуеайлақ/тікұшақ айлағының және, кейбір тиісті жағдайларда, перронның (биіктікті өлшеу құралдарын тексеру пункттерінің) асып кетуі; ал қонуға дәл емес кіру үшін – ҰҚЖ табалдырығы және жерге қону мен жер бетінен көтерілу ауданының геометриялық орталығы үшін асып кету мен геоид толқыны;

3) қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ табалдырығы, жерге қону және жер бетінен көтерілу аумағының геометриялық ортасы және қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ жерге қону аймағының ең жоғары нүктесінің асып кетуі мен геоид толқыны ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен;

4) нөмірін, ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығын және енін, көтергіштік қабілетін, ығысу табалдырықтарын, соңғы тежеу жолақтарын, кедергіден бос жолақтарды, магниттік меридианға қатысты ең жақын градус мәніне дейінгі дәлдікпен ҰҚЖ бағыттарын, ҰҚЖ бетінің түрі мен таңбасын көрсетумен барлық ҰҚЖ, оның ішінде жаңадан салынып жатқан;

5) әуе кемелері/түкұшақ тұрақтары бар барлық перрондар және, тиісті жағдайларда, жарықсигналды құралдар, таңбалау және басқа визуалды бағыттау мен басқару құралдары, оның ішінде тұраққа визуалды қою жүйелерінің орналасуы мен түрі, тікұшақтар үшін жер бетінің түрі, көтергіштік қабілеті және, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ көтергіштік қабілетінен төмен болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулер;

6) ҰҚЖ табалдырықтары, жерге қону және жерден көтерілу аймағының геометриялық ортасы және/немесе қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағының табалдырығы (қажет болса) үшін географиялық координаталар;

7) жер бетінің түрін көрсетумен тікұшақтарға арналған барлық бұру-жылжу жолақтары және әуе мен жерүсті РЖ, белгілерін, енін, жарықсигналды құралдарды, таңбалауды көрсетумен тікұшақтардың әуеде қозғалу маршруттары, оның ішінде, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары, және «тоқта» сызықтарының оты, басқа визуалды бағыттау мен басқару құралдары, және, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ көтергіштік қабілетінен төмен болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулер;

8) егер анықталған болса, қосымша ақпаратты енгізумен қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

9) РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;

10) егер сондай маршруттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелеріне арналған стандартты маршруттар көрсеткіштерімен бірге;

11) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

12) ҰҚЖ-да көріну ұзақтығын бақылау нүктелерінің орналасуы (RVR);

13) жақындау оттары мен ҰҚЖ оттары жүйесі;

14) олар үшін бастапқы глиссада бұрыш(тар)ымен, ұшқыштың «глиссададағы» сигналды көретін ҰҚЖ табалдырығы үстінен көру деңгейінің ең төменгі биіктігімен, ал егер жүйенің осі ҰҚЖ осьтік желісіне параллель болмаса, ығысу бұрышы және бағытымен, яғни сол жаққа немесе оң жаққа қарай;

15) арналарын және, қажет болса, қосылу адрестерін көрсетумен тиісті байланыс құралдары;

16) бұру-жылжуға арналған кедергілер;

17) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

18) VОR және осы құралдың радиожиілігін тексеру пункті;

19) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

1.2.5. Тікұшақ алаңдары үшін картада 1.2.4-тармақта көрсетілген элементтерден басқа төмендегілер көрсетіледі:

1) тікұшақ алаңының түрі;

2) ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен өлшемдерін, еңкіштігін, бетінің түрін, көтергіштік қабілетін көрсетумен жерге қону және жерден көтерілу аймағы;

3) түрін, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен нақты пеленгті, белгілейтін нөмірін (егер көзделген болса), ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығын және енін, еңкіштік және бетінің түрін көрсетумен қонуға кіру және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағы;
4) беттің ұзындығын, енін және түрін көрсетумен қауіпсіздік аймағы;

5) жер бетінің ұзындығы және пішінін көрсетумен тікұшақтарға арналған кедергіден бос жолақ;

6) түрін және метр немесе футқа дейінгі (ең жақын жоғары мәнге дейінгі) дәлдікпен ең жоғарғы асып кетуді көрсетумен кедергілер;

7) қонуға кіру сұлбаларына арналған визуалды құралдар, қонуға кіру және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағының, сондай-ақ жерге қону мен жер бетінен көтерілу аймағының таңбалануы мен оттары;

8) тікұшақ алаңдарына арналған жарияланған қашықтықтар (тиісті жағдайларда ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен), оның ішінде:

орналастырылатын ұшып-көтерілу қашықтығы;

орналастырылатын үзілген ұшып-көтерілу қашықтығы;

орналастырылатын қону қашықтығы.
2-тарау. Әуе кемесі тұрағының (тұраққа қою) картасы
2.1. Мақсаты
Бұл картада ұшу экипаждарына әуе кемелерінің бұру-жылжу жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жер үстінде қозғалуын және әуе кемелерін тұрақта орналастыру/тұраққа қоюды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
2.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуге тиіс:

2.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб 2.2.3-тармақта келтірілген барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

2.2.2. Магнитті төмен түсу. Картада ақиқат және магнитті солтүстік стрелкасы, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магнитті төмен түсу, сондай-ақ магнитті төмен түсудің жылдық өзгеруі көрсетілуі керек.

2.2.3. Әуеайлақ туралы мәлімет. Бұл картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ алаңы картасындағы барлық ақпарат дәл солай көрсетіледі, оның ішінде:

1) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен перронның асып кетуі;

2) әуе кемелері тұрақтары бар перрондар және, тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті және шектеулер, жарықсигналды құралдар, таңбалау және басқа визуалды бағыттау мен басқару құралдары, оның ішінде тұраққа визуалды қою жүйелерінің орналасуы мен түрі;

3) тұрақ орындарының географиялық координаталары;

4) ҰҚЖ жанында күту орындарымен қоса белгілерді көрсетумен бұру-жылжу жолдарына кіру, және, егер орнатылған болса, аралық күту орындары, «тоқта» сызықтарының оттары;

5) егер анықталған болса, қосымша ақпаратты енгізумен қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

6) РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;

7) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

8) арналарын және, қажет болса, қосылу адрестерін көрсетумен тиісті байланыс құралдары;

9) бұру-жылжуға арналған кедергілер;

10) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

11) VОR және осы құралдың радиожиілігін тексеру пункті;

12) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.
3-тарау
3.1. Мақсаты
Бұл картада ұшу экипаждарына әуе кемелерінің бұру-жылжу жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жер үстінде қозғалуын және әуе кемелерін тұрақта орналастыру/тұраққа қоюды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
3.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуге тиіс:

3.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб 3.2.4-тармақта келтірілген барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

3.2.2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты және сол әуеайлақтың атауы көрсетілуге тиіс.

3.2.3. Магнитті төмен түсу. Картада ақиқат және магнитті солтүстік стрелкалары, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магнитті төмен түсу, сондай-ақ магнитті төмен түсудің жылдық өзгеруі көрсетілуі керек.

3.2.4. Әуеайлақ туралы мәлімет. Бұл картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ алаңы картасындағы барлық ақпарат дәл солай көрсетіледі, оның ішінде:

1) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен перронның асып кетуі;

2) әуе кемелері тұрақтары бар перрондар және, тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті және шектеулер, жарықсигналды құралдар, таңбалау және басқа визуалды бағыттау мен басқару құралдары, оның ішінде тұраққа визуалды қою жүйелерінің орналасуы мен түрі;

3) тұрақ орындарының географиялық координаталары;

4) ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен белгілерін, енін, көтергіштік қабілетін, немесе, қажет болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулерді, жарықсигналды құралдарды, таңбалауды көрсетумен бұру-жылжу жолақтары, оның ішінде, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары, және «тоқта» сызықтарының оттары, басқа визуалды бағыттау мен басқару құралдары;

5) егер анықталған болса, тиісті түрде қосымша ақпаратты енгізумен қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

6) егер сондай маршруттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелері үшін көрсеткіштері бар стандартты маршруттар;

7) РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;

8) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

9) арналарын және, қажет болса, қосылу адрестерін көрсетумен тиісті байланыс құралдары;

10) бұру-жылжуға арналған кедергілер;

11) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

12) VОR және осы құралдың радиожиілігін тексеру пункті;

13) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.
4-тарау. Әуеайлақ кедергілерінің түрлері, «А» түрі
4.1. Мақсаты
Осындай карта түрлері АІР-та жарияланған ақпаратпен бірге пайдаланушыны әуе кемесі әрбір ұшқан сайын ол әуе кемесінің ең төменгі техникалық сипаттамаларға жауап беретіндей етіп жүктелуін қамтамасыз етуге арналған пайдалану шектеулерін сақтау үшін қажетті мәліметпен қамтамасыз етеді.
4.2. Пайдалану талаптары

Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуге тиіс:

4.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картаның көлемі барлық маңызды кедергілерді енгізуге жеткілікті болуға тиіс.

4.2.2. Көлденең масштаб. Көлденең масштаб 1:10 000 мен 1:15 000 аралығындағы шекте таңдап алынуы керек.

4.2.3. Тік масштаб. Тік масштаб көлденең бағыттан он есе көлемді болуы керек.

4.2.4. Формат. Картаға әрбір ҰҚЖ, оған шектес тежеудің шекті жолағының немесе кедергіден бос жолақтың, ұшып көтерілу траекториясы мен маңызды кедергілер аймағының жоспары мен пішіні көрсетілуге тиіс.

4.2.5. Магнитті төмен түсу. Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магнитті төмен түсу және ақпарат күні көрсетіледі.

4.2.6. Белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуге тиіс.

4.2.7. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегілер көрсетілуге тиіс:

1) ұшып көтерілу аймағындағы маңызды кедергілер;

2) ұшып көтерілу траекториясы аймағы;

3) жарияланған арақашықтықтар;

4) жоспардағы көрінісі мен пішіні;

4.2.8. Дәлдік. Картада қол жеткізілетін дәлдік дәрежесі көрсетіледі.
5-тарау. Қонуға дәл кіруге арналған жергілікті карта
5.1. Мақсаты

Бұл карта ұшуды пайдалану кәсіпорындарына биіктікті өлшеу радиоқұралдарын пайдалану кезінде шешім қабылдауға, биіктікті анықтауға жергілікті өңірдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында, жергілікті өңірдің қонуға кірудің соңғы кезеңінің берілген учаскесі шегіндегі пішіні туралы нақты ақпаратты қамтиды.
5.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуге тиіс:

5.2.1. Белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуге тиіс.

5.2.2. Жоспар мен пішін туралы ақпарат. Карта мынаны қамтуға тиіс:

1) ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасынан екі жаққа қарай 60 м учаскеде 1 м (3 фут) интервалымен пішін шектерінде жасалған жергілікті өңірдің жоспары, бұл ретте горизонтальдар ҰҚЖ табалдырығы деңгейіне қатысты белгіленеді;

2) жергілікті өңірдің немесе жоспарда белгіленген кез келген учаске биіктігі биіктікті өлшеу радиоқұралының көрсеткіштерінде көрінуі мүмкін учаскелерді белгілеу;

3) жергілікті өңірдің ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасы бойымен табалдырықтан 900 м. (3000 фут) шегіндегі пішіні;

4) жақындау оттарын орнату, бірақ олар толығымен немесе ішінара осьтік сызық пішінінен ±3 м (10 футқа) ерекшеленетін болса ғана орнатылады.

6-тарау. Ауданның картасы

6.1. Мақсаты
Бұл картада ұшу экипажына маршрут бойынша ұшу кезеңінен әуеайлаққа қонуға кіру кезеңіне ауысу, ұшып көтерілу/екінші айналымға кету кезеңінен маршрут бойынша ұшу кезеңіне ауысу кезінде аспап бойынша ұшуды және ӘҚҚ маршруттары күрделі немесе әуе кеңістігі құрылымы күрделі аудандарда ұшуды орындауға көмектесетін ақпарат қамтылады.
6.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуге тиіс:

6.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картада бейнеленген аудан ұшып шығу және ұшып келу маршруттарын нақты белгілейтін нүктелерді қамтуы керек.

Бұл картада желілік масштаб көрсетілуі керек.

6.2.2. Белгілер: Әрбір картада бейнеленетін әуе кеңістігінің аты көрсетілуге тиіс.

6.2.3. Техногенді орта және топография. Егер олар карта мағынасы үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді күрделі етпейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалық сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

6.2.4. Магнитті төмен түсу. Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магнитті төмен түсу көрсетіледі.

6.2.5. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуге тиіс:

1) осы әуеайлақ ауданында маршруттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

3) радионавигациялық құралдарды, барлық белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік және тік бағытты шекараларын және әуе кеңістігінің тиісті класын қамтитын ӘҚҚ жүйесі;

4) әуеайлақ ауданындағы маршруттарды және олардың арасындағы арақашықтықты белгілейтін негізгі нүктелер;

5) маршруттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері;

6) арналарын көрсетумен байланыс құралдары.

7-тарау. Аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID)
7.1. Мақсаты
Бұл карта ұшу экипажын белгіленген аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты маршруттарының ұшып көтерілу кезеңінен маршрут бойынша ұшу кезеңіне дейінгі қалыптарын орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
7.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуге тиіс:

7.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшып шығу маршруты басталатын нүктені көрсету үшін жеткілікті және ӘҚҚ маршруты бойынша ұшу кезеңі басталуы мүмкін негізгі нүктемен ескертілген болуы керек.

Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштаб көрсетіледі.

7.2.2. Проекция. Картада ішкі жақ бойымен тиісті жерлерде тұрақты интервалдарымен бірге дәйектеу штрихтары көрсетілуге тиіс.

7.2.3. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының ІІ томы І бөлігінің 3-бөлімі 5-тарауы талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты маршрут(тар)ының белгісі (белгілері) көрсетілуге тиіс.

7.2.4. Техногенді орта және топография. Егер олар карта мағынасы үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді күрделі етпейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалық сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

7.2.5. Магнитті төмен түсу. Картада магнитті пеленг, жол сызықтары және радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магнитті төмен түсу бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

7.2.6. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуге тиіс.

7.2.7. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығудың алдын ала белгіленген маршрутына әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

3) радионавигациялық құралдар, оның ішінде координаталар, ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен асып кетуі;

4) аспаптар бойынша әрбір ұшып шығу маршрутының графикалық сипаттамасы, оның ішінде маршруттың (маршруттардың) әрқайсысының бойымен индекс, негізгі нүктелер, жол сызығы немесе радиал, негізгі нүктелердің арасы, маршруттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолютті биіктігі;

5) радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленг және арақашықтығы.

6) күту аймағында қолданылатын сұлбалар;

7) ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі:

8) аспаптар бойынша стандартты ұшу маршрутының (маршруттарының) мәтіндік сипаттамасы;


8-тарау. Аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің картасы (STAR)
8.1. Мақсаты
Бұл карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып келудің стандартты маршруттарының маршрут бойынша ұшу кезеңінен қонуға кіру кезеңіне дейінгі қалыптарын орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
8.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуге тиіс:

8.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшу кезеңі аяқталып, қонуға кіру кезеңі басталатын нүктелерді көрсету үшін жеткілікті болуға тиіс.

Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштаб көрсетіледі.

8.2.2. Проекция. Картада ішкі жақ бойымен тиісті жерлерде тұрақты интервалдарымен бірге дәйектеу штрихтары көрсетілуге тиіс.

8.2.3. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы көрсетілуге тиіс.

8.2.4. Техногенді орта және топография. Егер олар карта мағынасы үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді күрделі етпейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалық сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

8.2.5. Магнитті төмен түсу. Картада магнитті пеленг, жол сызықтары және радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магнитті төмен түсу бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

8.2.6. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуге тиіс.

8.2.7. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің алдын ала белгіленген маршрутына әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

3) радионавигациялық құралдар, оның ішінде координаталар, ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен асып кетуі;

4) аспаптар бойынша әрбір ұшып келудің стандартты маршрутының графикалық сипаттамасы, оның ішінде маршруттың (маршруттардың) әрқайсысының бойымен индекс, негізгі нүктелер, жол сызығы немесе радиал, негізгі нүктелердің арасы, маршруттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолютті биіктігі;

5) радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленг және арақашықтығы.

6) күту аймағында қолданылатын сұлбалар;

7) ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі:

8) аспаптар бойынша стандартты ұшу маршрутының (маршруттарының) мәтіндік сипаттамасы.
9-тарау. Аспаптар бойынша қонуға кіру картасы
9.1. Мақсаты
Бұл үлгідегі карта ұшу экипаждарын ұшуды межелі ҰҚЖ-ға аспаптар бойынша қонуға кірудің бекітілген сұлбасына сәйкес орындауға, оның ішінде екінші айналымға кету және, тиісті жағдайларда, күту аймағындағы белгіленген ұшу сұлбасына сәйкес орындауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

9.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуге тиіс:

9.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасының барлық учаскелерін және осындай қонуға кіру үлгісіне қажет болуы мүмкін осындай қосымша аймақтарды кіргізу үшін жеткілікті болуға тиіс.

Картада жоспар түріндегі сандық та, сызықты да масштаб километрмен көрсетілуі керек.

Ұзақтық масштабы тікелей аспаптар бойынша қону сұлбаларының пішіні түрінде көрсетілуі керек. Ол міндетті түрде жоспарда көрсетілген масштабқа сәйкес болмайды.

9.2.2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының ІІ томы І бөлігінің 4-бөлімі 9-тарауының талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасының белгісі көрсетілуге тиіс.

9.2.3. Техногенді орта және топография. Картаға аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасын қауіпсіз орындау, оның ішінде екінші айналымға кету, тиісті күту сұлбасында және, егер белгіленген болса, визуалды маневрлеу (айналып ұшу) сұлбасы бойынша ұшу үшін қажетті жасанды құрылыстар мен топография туралы ақпарат жазылуға тиіс. Топографиялық ақпарат тек қажет болған жағдайда ғана түсіндірме жазбалармен толықтырылады, және оны түсінуді жеңілдету үшін, кем дегенде, жер беті және ірі көлдер мен өзендердің учаске шекаралары суреттеледі.

9.2.4. Магнитті төмен түсу. Картада магнитті пеленг, жол сызықтары және радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магнитті төмен түсу бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

9.2.5. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуге тиіс.

9.2.6. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) сипаттамалық белгілері әуеден жақсы ажыратылатын барлық әуеайлақтар;

2) ҰҚЖ сұлбасы мыналарға келтіріледі (көруге жеңіл болу үшін үлкейтіп көрсетілген): 1) осы сұлба орындалатын әуежайға; 2) әуе қозғалысы сұлбасына әсер ететін немесе қолайсыз ауа райы жағдайында межелі әуеайлақ ретінде қабылдануы мүмкін болатындай етіп орналасқан әуеайлақтар;

3) әуеайлақ және ҰҚЖ табалдырығының асып кетуі немесе, тиісті жағдайларда, жерлендіру аймағы асып кетуінің ең жоғары мәні;

4) метрге дейінгі дәлдікпен, ұлғаю жағына домалақтап келтірілген барлық маңызды кедергілер;

5) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен ұшу сұлбасын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

6) қонуға кіруді орындау үшін қажетті навигациялық құралдар;

7) қонуға кіруді орындау үшін қажетті радиобайланыс жиіліктері және шақыру белгілері;

8) картаға өзі кіретін секторды анық көрсетумен ең төменгі абсолюттік биіктік енгізілуі керек;

9) қонуға кіру мен екінші айналымға кету сызықтары;

10) пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және арақашықтық немесе сұлбаны орындауға қажетті уақыт;

11) ең төменгі биіктік пен күту аймағындағы ұшу уақытын көрсетумен күту аймағы сұлбасы;

12) пішін, әдетте, жоспардағы бейнесінен кіші болып бейнеленуі және мына мәліметтерді қамтуы керек: әуеайлақ, қонуға кіру сұлбасы жолының сызығы, төмендеу градиенті, пеленгтер, арақашықтықтар немесе уақыт, абсолюттік/салыстырмалы биіктіктер, бақылау нүктелері.

10-тарау. Қонуға визуалды кіру картасы
10.1. Мақсаты
Бұл картада ұшу экипаждарына визуалды бағдар бойынша маршрут бойынша ұшу/қонуға кіруге төмендеу кезеңінен белгіленген ҰҚЖ-ға қонуға кіру кезеңіне ауысуды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылады.
10.2. Пайдалану талаптары
Бұл картада төмендегі негізгі ақпарат берілуге тиіс:

10.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әуеайлақ бедері мен жоспарының барлық элементтерін бейнелеу үшін үлкенірек масштаб қолданылуы керек.

10.2.2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы көрсетілуге тиіс.

10.2.3. Техногенді орта және топография. Картада табиғи және жасанды жерүсті бағдарлары, бедер, жағалық сызықтар, көлдер, өзендер мен бұлақтар көрсетілуге тиіс.

10.2.4. Магнитті төмен түсу. Картада магнитті пеленг, жол сызықтары және радиалдар бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

10.2.5. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуге тиіс.

10.2.6. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) ҰҚЖ орналасуы бойынша барлық әуеайлақтар;

2) көрінетін жерде белгіленген әуеайлақтан асып кету;

3) барлық маңызды кедергілер, бір метрге дейінгі дәлдікпен олардың әуеайлақтан асып кету үстіндегі салыстырмалы биіктігі;

4) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;


11-тарау. ӘҚБ ең төменгі абсолюттік биіктігінің шолу картасы
11.1. Мақсаты
Бұл қосымша картада ұшу экипаждарына ӘҚҚ бақылау жүйелерін пайдаланумен диспетчер белгілеген абсолютті биіктіктерді бақылау және оларды екі жақты тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпарат қамтылған.
11.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуге тиіс:

11.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан векторлау сұлбаларына қатысты ақпаратты көрсету үшін жеткілікті болуға тиіс.

Карта аудан картасы жасалған масштабта орындалуы керек.

11.2.2. Белгілер. Әрбір картада векторлау сұлбасы белгіленген әуеайлақтың атауы көрсетілуге тиіс.

11.2.3. Техногенді орта және топография. Егер олар карта мағынасы үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді күрделі етпейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалық сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

11.2.4. Магнитті төмен түсу. Картада магнитті төмен түсу бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

11.2.5. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуге тиіс.

11.2.6.Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) осы әуеайлақ ауданындағы маршруттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен әуеайлақ асып кетуі;

3) белгілерін көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

4)белгілері көрсетілген радионавигациялық құралдар;

5) тиісті белгіленген кеңістіктің бүйірлік шекаралары;

6) стандартты аспаптар бойынша ұшып шығу және ұшып келу сұлбаларындағы жол нүктелері;

7) ең төменгі абсолюттік векторлау биіктіктері;

8) интервалы 20 км, немесе қолданылатын болса, интервалы 10 км бірдей арақашықтық айналымдары;

9) тиісті ӘҚБ органдарының райдиобайланыс жиіліктері.

Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпаратына қол жеткізуді автоматтандыру және жеңілдету мақсатында

Аэронавигациялық карталарды дайындау мен жарияларды халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 4-қосымшасына және Аэронавигациялық карта бойынша басшылыққа (Doc 8697, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының құжаты) сәйкес келтіру

Аэронавигациялық карталарды дайындау мен жарияларды халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 4-қосымшасына және Аэронавигациялық карта бойынша басшылыққа (Doc 8697, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының құжаты) сәйкес келтіру



Аэронавигациялық карталарды дайындау мен жарияларды халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 4-қосымшасына және Аэронавигациялық карта бойынша басшылыққа (Doc 8697, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының құжаты) сәйкес келтіру





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет