Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі281 Kb.
#11527
  1   2   3
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1441 қаулысымен  
бекітілген     
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жауапкершілік аймағында ұсынылатын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидадағы талаптарды әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын азаматтық авиация кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары және авиациялық персоналы орындайды.
      3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
      1) аэронавигациялық деректер - аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;
      2) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені (бұдан әрі - РІВ) - ұшу алдында дайындалған, айрықша пайдаланылу маңызы бар ағымдағы NОТАМ ақпараты;
      3) геоид толқыны (геоид биіктігі) - геоид беті мен математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид беті арасындағы қашықтық (оң немесе теріс мағына);
      4) геоид - Жердің гравитациялық өрісіндегі теңіздің бекітілген орта деңгейі (МSL) мен оның материктер алып жатқан жалғасына сәйкес келетін баламалы әлеуетті беті. Жергілікті гравитациялық ауытқулардың салдарынан геоид пішіні дұрыс емес қалыптасқан, сондықтан ауыртпалық күшінің бағыты кез келген нүктеде геоид бетіне перпендикуляр;
      5) Аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша (бұдан әрі - АІР) - АІР-тағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда жарияланатын уақытша өзгерістер;
      6) аймақтық навигация (RNAV) - әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша радиомаяктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастырымдарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіншілік беретін навигация әдісі.
      7) ақпарат өнімі - деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;
      8) сапа - меншікті сипаттамалар жиынтығының қойылған талаптарды орындау дәрежесі;
      9) деректер сапасы - ұсынылған деректердің нақтылық, ажыратымдылық және тұтастық тұрғысынан деректерді пайдаланушы қоятын талаптарға жауап бере алатындығының дәрежесі немесе деңгейі;
      10) деректер шоғырының жиынтығы - өнімнің бірдей ерекшеліктеріне сәйкес келетін деректер шоғырының жиынтығы;
      11) циклдық артық кодты пайдалану арқылы бақылау (СRС) - деректерді жоғалып кетуден немесе өзгеруден қорғаудың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін, деректердің цифрлық мәніне қатысты қолданылатын математикалық алгоритм;
      12) деректер шоғыры - деректердің белгілі бір жиынтығы;
      13) сапа менеджменті - ұйымның сапаға қатысты басшылық ету  және басқару жөніндегі үйлестірілген қызметі;
      14) орналасқан жер (географиялық) - нүктенің Жер бетіндегі орналасқан жерін анықтайтын математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид арқылы берілетін координаттар (ені мен ұзындығы);
      15) талап етілетін навигациялық сипаттамалардың ерекшелігі (RNР) - RNР префиксі, мәселен RNР 4, RNР АРСН-пен белгіленетін сипаттамалардың сақталмағандығы туралы ескертулерді сақтау және беруді бақылау үшін қойылатын талап қосылатын, аймақтық навигацияға негізделген навигациялық ерекшелік;
      16) аймақтық навигация ерекшелігі (RNАV) - RNАV префиксі, мәселен RNАV 5, RNАV 1 белгіленетін сипаттамалардың сақталмағандығы туралы ескертулерді сақтау және беруді бақылау үшін қойылатын талап қосылмайтын, аймақтық навигацияға негізделген навигациялық ерекшелік;
      17) сипаттамаларға негізделген навигация (РВN) - ӘҚҚ бағыты бойынша, аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасы немесе белгіленген әуе кеңістігі бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерінің сипаттамаларына қойылатын талаптарға негізделген аймақтық навигация;
      18) сапаны қамтамасыз ету - сапаға қойылатын талаптардың орындалатынына сенім туғызуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;
      19) біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті - пакет мынадай элементтерден тұрады:
      - АІР, түзетулерін қоса;
      - АІР-қа енгізілетін толықтырулар;
      - NОТАМ және РІВ;
      - АІС; және
      - бақылау тізбесі және қолданыстағы NОТАМ тізбесі;
      20) жергілікті жердегі кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі кедергілер (жергілікті жер) туралы деректер жасау мақсатында қолданылатын белгілі шек;
      21) АІР-қа жасалатын түзетулер - АІР-тағы ақпаратқа енгізілетін тұрақты өзгерістер;
      22) кедергі - барлық жылжымайтын (уақытша немесе тұрақты) және жылжитын нысандар немесе олардың мына жерлердегі бөлігі:
      әуе кемелерінің жер бетінде қозғалуына арналған аймақта орналасқан; немесе
      ұшып бара жатқан әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жерде тұрғызылған; немесе
      осы жерлер шегінде орналасқан және әуе навигациясы үшін қауіп төндіретін деп бағаланған;
      23) ААҚ өнімі - аэронавигациялық карталарды қоса алғанда, біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті элементтерінің (NОТАМ-нан) және ұшу алдындағы ақпарат бюллетендерінен (РІВ) басқа) нысанында немесе тиісті электрондық тасымалдауыш түрінде үсынылатын аэронавигациялық ақпарат;
      24) радиохабар тарату арқылы автоматты тәуелді байқау (АDS-В) -  әуекемелері, әуеайлақтағы көлік құралдары және басқа обьектілер тану индексі, тұрған жері туралы деректер, қажет болған жағдайда, деректерді беру желісінің радиохабар тарату режимін қолданып, қосымша деректер сияқты ақпаратты автоматты түрде бере және/немесе қабылдай алатын байқау түрі;
      25) ажырату қабілеті (ажыратымдылық) - қолданылатын өлшенген немесе есептелген мәннің тәртібін анықтайтын бірліктердің немесе цифрлардың саны;
      26) аэронавигациялық ақпараттар жинағы (АІР) - аэронавигация үшін елеулі маңызы бар ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын мемлекет шығарған немесе бекіткен жарияланым;
      27) деректерді беру желісі бойынша «диспетчер-пилот» байланысы (СРDLС) - деректерді беру желісін қолдану арқылы ӘҚБ мақсатында диспетчер мен пилот арасындағы байланыс құралы;
      28) әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты тарату қызметі (АТІS) - келіп қонатын және ұшып шығатын әуе кемелері үшін белгіленген ағымдағы ақпаратты тәулік бойы немесе тәуліктің белгілі бір уақытында автоматты ұсыну;
      29) деректер беру желісін қолдануға негізделген, әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты тарату қызметі (D-АТІS) - АТІS-ті деректер беру желісімен ұсыну;
      30) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (ААҚ қызметі) - нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған қызмет, ол әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттардың деректердің ұсынылуына жауапты;
      31) дәлдік - есептеу немесе өлшеу мәнінің нақты мәнге сәйкес келу дәрежесі. Тұрған жерді өлшеу дәлдігі, әдетте, нақты тұрған жері анықталған ықтимал дәрежесімен белгіленген шектегі хабарланған жерінен бергі қашықтықпен беріледі;
      32) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      33) сапаны басқару - сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджменті бөлігі;
      34) тұтастық (аэронавигациялық деректер) - аэронавигациялық деректердің, оларды дайындаған немесе түзету енгізуге рұқсат етілген сәттен бастап жоғалмағанының немесе өзгермегенінің анықталған кепілі;
      35) аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты (АІС) - NОТАМ шығаруды немесе оны АІР-қа енгізуді қажет етпейтін, бірақ ұшулардың қауіпсіздігі мәселелеріне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкімшілік және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама;
      36) АІRАС (аэронавигациялық ақпаратты регламенттеу және бақылау) - күшіне енудің ортақ күндері негізінде пайдалану практикасына едәуір өзгерістер енгізу қажеттігін тудыратын жағдайлар туралы алдын ала хабарлауға арналған жүйені білдіретін қысқарту;
      37) АSНТАМ - әуе кемелерінің ұшуларды орындауы үшін елеулі маңызы бар жанартау қызметінің өзгеруі туралы, жанартаудың атылуы және (немесе) жанартау күлінен болған бұлт туралы ерекше пішімде ұсынылған ақпарат қамтылған арнайы сериядағы NОТАМ;
      38) NОТАМ - электр байланысы құралдарымен таралатын және кез келген азронавигациялық жабдықты іске қосу, оның жай-күйі немесе өзгерту, қызмет көрсету және ережелер немесе қауіп-қатер туралы ақпаратты, ұшулардың орындалуымен байланысты персонал үшін маңызы аса зор уақтылы алдын алу туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
      39) SNОWТАМ - қар, мұз, еріген қардан болған батпақ немесе тоқтам су, әуеайлақтың жұмыс алаңындағы батпақ пен мұз сияқты қауіпті жағдайлардың орын алғаны немесе оларды жою туралы хабарлайтын, белгіленген пішімдегі арнайы сериядағы NОТАМ.
      4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйекті, сапалы және уақтылы болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.
      5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, нақтылығын және уақтылы берілуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
      6. Аэронавигациялық ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйымының аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі - ААБ қызметі) дайындап, таратады.
      7. Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу (ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру) схемаларын әзірлеуді және аэронавигациялық карталарды дайындауды ААБ қызметі жүзеге асырады.
      8. ААБ қызметі ұшулардың қауіпсіздігі, тұрақтылығы және тиімді орындалуы үшін қажет ақпараттар (деректер) ағынын қамтамасыз етеді.
      9. ААБ қызметі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өз аумағынан тыс жерлердегі әуе қозғалысына қызмет көрсетеді, жауапты аудандарға қатысты аэронавигациялық ақпараттар мен деректерді алады немесе жасайды, тексереді, жинақтайды, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.
      10. Аэронавигациялық ақпарат біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті түрінде де, осы пакеттің жекелеген элементтері түрінде де таратылады.
      11. Біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті мынадай элементтерден тұрады:
      1) аэронавигациялық ақпараттар жинағы, соның ішінде оған енгізілген түзетулер мен толықтырулар;
      2) NОТАМ және ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;
      3) аэронавигациялық ақпарат нұсқаухаты;
      4) бақылау тізбелері мен қолданыстағы NОТАМ тізбелері.
      12. ААБ қызметі Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) құжаты) талаптарына сәйкес, біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтерінің жариялануын қамтамасыз етеді.
2-тарау. Аэронавигациялық ақпаратты жинау және өңдеу
      13. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының АІР-ы), АІР-қа енгізілетін толықтыруларға, NOТАМ-ға, РІВ-ке және аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухатына (бұдан әрі - АІС) енгізу үшін ААБ қызметіне қажет бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттерді азаматтық авиация ұйымдары мен өзінің құрылымдық бөлімшелері арасында бөледі.
      14. Аэронавигациялық ақпаратты жедел және дәл таратуды қамтамасыз ету үшін, ААБ қызметін бастапқы деректермен қамтамасыз етуге жауапты әрбір ұйым мен қызметте ААБ қызметімен тікелей және тұрақты байланысты сақтауға жауап беретін лауазымды тұлғалар тағайындалады.
      15. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ААБ қызметімен келісілген Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер тізбесін, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдері мен пішімдерін бекітеді.
      16. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер аэронавигациялық деректерді, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, аэронавигациялық ақпарат сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынады.
      17. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің (ұйымдардың, басқармалардың, бөлімдердің) басшылары бастапқы деректердің дәйекті, нақты және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
      18. Азаматтық авиацилы ұйымдары және олардың қызметтері (басқармалар, бөлімдер) ААБ қызметімен сенімді және шапшаң байланысу арналарын қамтамасыз етеді.
      19. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер тізбесінде мынадай ақпарат болады:
      1) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілердің атауы;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аэронавигациялық ақпаратты жеткізушіге берген сәйкестендіру нөмірі;
      3) аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілердің заңды және нақты мекенжайы;
      4) байланысатын адамның аты, тегі, лауазымы, телефон, факс, АҒТN (болса) нөмірі және электрондық поштасы;
      5) ұсынылатын ақпараттың мазмұны.
      20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган 10 жұмыс күн ішінде бұрын бекітілген Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер тізбесіне мына жағдайларда анықтаулар енгізеді (толықтырады):
      1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты жаңа ұйым немесе қызмет (басқарма, бөлім) құрған жағдайда;
      2) тізбеге енгізілген ұйымды немесе қызметті (басқарманы, бөлімді) таратқан жағдайда;
      3) тізбеде көрсетілген ұйым немесе қызмет (басқарма, бөлім) туралы ақпарат өзгерген жағдайда.
      21. тізбеде көрсетілген бастапқы аэронавигациялық ақпарат жеткізушілер мынадай ақпарат ұсынады:
      1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық ақпарат аэронавигациялық ақпараттар жинағында жариялауға арналған болса;
      2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық ақпарат  NОТАМ шығаруға арналған болса.
      22. Тиісті уәкілетті орган бекіткен төмендегі құжаттар Қазақстан Республикасының АІР-ына өзгерістер енгізуге қосымша негіз болады:
      1) Әуеайлақ ауданында ұшу жөніндегі нұсқаулыққа (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты) жасалатын түзетулер;
      2) Қазақстан Республикасының әуе трассалары тізбесіне жасалатын түзетулер.
      23. NОТАМ шығару 3-қосымшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының АІР-ына өзгерістер енгізуді Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес, келесіде жазбаша хабарлама беру арқылы, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
      24. Басқа мемлекеттердің аэронавигациялық қызметтерінен алынған аэронавигациялық ақпаратты тарату кезінде, оны берген мемлекеттің рұқсатымен жарияланғанына нақты сілтеме жасалады.
      25. Басқа қол жетімді дереккөздерден алынған аэронавигациялық ақпарат (деректер) таратылар алдында тексеріледі.
      Тексеру жүргізілмеген жағдайда, ақпаратты таратқан кезде оған тексеру жүргізілмегені көрсетіледі.
      26. ААБ қызметінің бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушінің осы Қағидада белгіленген талаптарға жауап бермейтін аэронавигациялық ақпаратын (деректерін) өңдеуге қабылдамайды.
      27. ААБ қызметі жыл сайын төртінші тоқсанда тізбеде көрсетілген бастапқы аэоронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілерге келесі жылы Қазақстан Республикасының АІР-ында жариялауға жататын бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) ұсыну мерзімі мен талаптары көрсетілген хат жібереді.
      28. Халықаралық таратуға арналған, ашық мәтінде жасалған біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтері ағылшын тілінде ұсынылады.
      29. ААБ қызметі аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) таралуын жеңілдету мақсатында қысқартулар қолданады.
      30. ААБ қызметі келіп түскен бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) арнайы журналда тіркелуін қамтамасыз етеді. Онда мыналар көрсетіледі:
      1) бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) келіп түскен күні мен уақыты;
      2) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушінің атауы, байланысатын адамның аты мен тегі;
      3) бастапқы аэронавигациялық ақпарат (деректер) ұсынылған АІР бөлімі;
      4) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) алғаннан кейін онымен жасалған әрбір әрекет, сондай-ақ аэронавигациялық ақпаратты дайындау барысында жасалған өзгерістер туралы белгілер.
      31. ААБ қызметі бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) тіркеу алдында тексереді, қажет болған жағдайда, анықтаулар енгізеді және бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушімен қайта келіседі.
      32. ААБ қызметі, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген аэронавигациялық ақпараттың таратылу түрін ескере отырып, аэронавигациялық ақпаратты Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына сәйкес тарату үшін дайындайды.
      33. ААБ қызметі жеткізушілер ұсынған бастапқы аэронавигациялық ақпарат өзекті болған жағдайда сақтайды.
3-тарау. Аэронавигациялық ақпаратты келісу, бекіту және тарату
      34. Қазақстан Республикасының АІР-ына түзетулер түрінде таратылатын аэронавигациялық ақпаратты түпкілікті пайдаланушыға жіберер алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      35. ААБ қызметі уақытша және қысқа мерзімді сипаттағы NОТАМ түрінде жедел таратылатын аэронавигациялық ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуінсіз таратады.
      36. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын түзетуді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеріп, бекітеді.
      37. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын түзетудің бекітілгендігі туралы ААБ қызметіне жазбаша хабарлайды.
      38. Бекітілген түзетуді алғаннан кейін ААБ қызметі Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын бекітілген түзетудің таратылуын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Аэронавигациялық ақпаратпен алмасу
      39. ААБ қызметі шетел мемлекеттерінің аэронавигациялық қызметтері сұраған Қазақстан Республикасының біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтерін ұсынады.
      40. Аэронавигациялық ақпаратпен халықаралық алмасуды жеңілдету мақсатында ААБ қызметі басқа мемлекеттердің аэронавигациялық ақпарат қызметтерімен тікелей байланыс орнатады.
      41. ААБ қызметі аэронавигациялық ақпаратты тексергеннен кейін, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, оны Халықаралық аэронавигациялық ақпараттың деректер базасына орналастырады.
      42. ИКАО-ның басқа Уағдаласушы мемлекетінің ААҚ сұраған біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің әрбір элементінің бір данасы қағаз бетінде немесе электрондық түрінде немесе екі нысанда да өтеусіз негізде ұсынылады.
5-тарау. Аэронавигациялық ақпаратты ұсыну және тарату
      43. Осы Қағиданың 4-қосымшасында аталған АІRАС жүйесі арқылы таратуға жататын ақпарат ААБ қызметі алдын ала белгілеген күндер бойынша таратылады. Белгілеу, жою немесе едәуір өзгерту 28 күндік аралықпен бір күнде күшіне ену қағидатына негізделеді. Көрсетілген ақпарат уақытша болған және бүкіл кезең бойы сақталмайтын болған жағдайдан басқа жағдайларда, күшіне енген күнінен кейінгі 28 күн бойы өзгертілмейді.
      44. ИКАО-ның бағыт карталарын және (немесе) әуеайлақ карталары мен схемаларын қайта шығаруды талап ететін ақпарат, ААБ қызметіне АІRАС-тың 4 циклынан бұрын (112 күн), басқа жағдайларда АIRАС-тың 3 циклынан бұрын (84 күн) өңделуге ұсынылуы тиіс.
      45. АІRАС циклында өзгерістердің АІRАС жүйесі шеңберінде күшіне ену күндері ретінде 21 желтоқсан мен 17 қаңтарды қоса алғандағы аралық ішіндегі күндер қолданылмайды.
      46. АІRАС жүйесі арқылы таралатын ақпарат қағаз бетінде жарияланады, ААБ қызметі оны алушыларға күшіне ену күнінен 42 күн бұрын таратады.
      47. ААБ қызметі АІRАС жүйесі арқылы электрондық түрде таралатын, 4-қосымшада аталған элементтерге қатысты аэронавигациялық ақпаратты алушыларға күшіне ену күнінен 28 күн бұрын таратады.
6-тарау. NОТАМ хабарламалары
      48. NОТАМ мына жағдайларда тез арада жасалып, шығарылады:
      1) таратуға жататын ақпарат уақытша және қысқа мерзімді сипатта болған жағдайда;
      2) пайдалану тұрғысынан маңызды, ұзақ мерзімді сипаттағы тұрақты немесе уақытша өзгерістерді жедел тәртіппен енгізген жағдайда.
      3) NОТАМ жасаған кезде ауқымды мәтіндік және (немесе) графикалық материал қолданылмайды.
      49. NОТАМ төмендегі ақпаратқа қатысты жасалып, шығарылады:
      1) әуеайлақ (тікұшақ айлағын) немесе ұшу-қону жолағын пайдалануды бастау, тоқтату немесе оларды пайдалану тәртібін өзгерту;
      2) ұшуларды қамтамасыз етуге байланысты қызметтердің (әуеайлақ қызметі, ӘҚҚ қызметі, РТЖБП қызметі, метеоқамтамасыз ету, іздестіру және құтқару қызметі) жұмысын бастау, тоқтату;
      3) ұшуларды және байланысты қамтамасыз етудің радиотехникалық құралдары мен басқа да аэронавигациялық және әуеайлақ (тікұшақ айлақтары) құралдарын пайдалануды бастау немесе тоқтату. Пайдалану параметрлеріне пайдалануды уақытша тоқтату немесе қайта жалғастыру, жиілікті өзгерту, жарияланған жұмыс уақыты, танымдық сигнал, бағдар (бағытталған құралдар), тұрған жері, қуатын 50 % немесе одан да көп пайызға ұлғайту немесе азайту, кестені өзгерту немесе радиохабарлар мазмұны, кез келген электрондық аэронавигациялық құралдардың немесе «әуе-жер» байланысы құралдары жұмысының жүйесіздігі немесе сенімсіздігі жатады;
      4) әуеайлақты жарық техникасымен жабдықтау жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктерін пайдалануды уақытша тоқтату немесе қайта жалғастыру;
      5) аэронавигациялық қызмет көрсету ережесін енгізу, жою немесе өзгерту;
      6) маневр жасау алаңдары шегінде елеулі ақаулардың немесе кедергілердің пайда болуы немесе оларды жою;
      7) отын, май және оттегінің болуына қатысты өзгерістер мен шектеулер;
      8) қолданыстағы құралдар мен іздестіру және құтқару қызметтеріне қатысты өзгерістер;
      9) аэронавигация үшін кедергілерді белгілейтін, бөгейтін жарық маяктарын пайдалануды бастау, тоқтату немесе қайта жалғастыру;
      10) ұшуларды орындау үшін қауіп көздерінің болуы (соның ішінде кедергілер, әскери оқу-жаттығулары, көрсету ұшулары, хабарланған аймақтардан тыс жерлерге парашютпен жаппай секіру);
      11) ұшып шығу (биіктікке көтерілу) аймақтарында, екінші айналымға кету, қонуға кіру және ұшу-қону жолағында ұшуларды орындау үшін кедергілер келтіру, жою немесе өзгерту;
      12) тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды немесе ұшуларды шектеу аймақтарын белгілеу немесе жою (соның ішінде тиісті қызметті бастау немесе тоқтату) немесе осы аймақтардың статусын өзгерту;
      13) тұрған орындарының индекстерін беру, жою немесе өзгерту;
      14) әуеайлақтың талап етілетін белгіленген өрттен қорғау деңгейін едәуір өзгерту;
      15) әуеайлақтың маневрлеу жұмыс алаңындағы қарға, батпаққа немесе мұзға, суға байланысты қауіпті жағдайлардың болуы, оларды жою немесе едәуір өзгерту;
      16) карантиндік іс-шаралар жүргізуді талап ететін індеттің тарауы;
      17) жанартаудың атылғанға дейінгі немесе жанартаулардың атылғанға дейінгі орналасқан жері, күні мен уақыты және (немесе) жанартау күлінен болған бұлттың көлденең және тік көлемі, қозғалыстың бағытын, ұшу эшелондары мен бағыттарын немесе олардың осы бұлт тиетін бөліктерін қоса;
      18) ядролық немесе химиялық жағдайдан кейін радиоактивті материалдар немесе улы химиялық заттардың атомосфераға таралуы, осы жағдайдың орын алған жері, күні мен уақыты, ұшу эшелоны мен бағыты немесе оның осы жағдайдың әсеріне ұшырайтын бөліктері, қозғалыс бағыттары;
      19) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты төтенше жағдайларда қысқа мерзімді іс-шараларды орындау.
      50. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқауы бойынша қосымша NОТАМ шығару ұшулардың қауіпсіз орындалуына ықпал ететін өзге жағдайларда жүзеге асырылады.
      51. NОТАМ төменде келтірілген ақпаратқа қатысты шығарылмайды:
      1) әуе кемелерінің қауіпсіз қозғалуына әсер етпейтін, перрондар мен рульдеу жолдарында техникалық қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы жұмыстар;
      2) егер әуе кемелері қолдағы бар басқа ұшу-қону жолақтарын қауіпсіз қолданатын болса немесе осындай жұмыстар үшін қолданылатын жабдық қажет болған жағдайда жойылатын болса, ұшу-қону жолағын таңбалау бойынша жұмыстар;
      3) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейтін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) айналасындағы уақытша кедергілер;
      4) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарық техникалық жабдықтары жүйесінің жартылай істен шығуы, егер бұлар әуе кемелерінің ұшуына тікелей әсер етпесе;
      5) тиісті қосалқы жиіліктердің бар екендігі және оларды қолдануға болатындығы белгілі болса, «әуе-жер» байланысы құралдарының жартылай уақытша істен шығуы;
      6) қозғалысты ретке келтіру және перрондарға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
      7) тұрған жері мен бағытын көрсететін белгілердің, сондай-ақ әуеайлақтың жұмыс алаңындағы басқа да көрсеткіш белгілердің жарамсыздығы;
      8) көзбен шолып ұшу ережесі бойынша бақыланбайтын әуе кеңістігінде, сондай-ақ бақыланатын әуе кеңістігіндегі хабарланған орындарда немесе қауіпті немесе тыйым салынған аймақтар шегінде парашютпен секіру.
      52. Белгіленген қауіпті және тыйым салынған аймақтарға, сондай-ақ ұшуларды шектеу аймақтары және әуе кеңістігіндегі уақытша шектеулермен байланысты қызметтер туралы ережені қолданысқа енгізу туралы хабарлама 7 күн ішінде жіберіледі.
      53. Аэронавигациялық құрал, құрылғы немесе байланыс қызметтерінің жарамсыздығы туралы хабарлайтын NОТАМ хабарында осы құралдардың жарамсыздық уақытының болжамды кезеңі немесе оларды пайдалануды жалғастырудың болжамды уақыты көрсетіледі.
      54. NОТАМ осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес жазылады.
      55. NОТАМ мәтіні ИКАО қысқартуларымен, индекстермен, анықтағыштармен, көрсеткіштермен, дабылдармен, жиіліктермен, цифрлармен және ашық мәтінмен толықтырылған, NОТАМ ИКАО коды үшін жазылған қысқарған (бірдей) сөз тіркестерін пайдалана отырып жасалады. Қысқарған (бірдей) сөз тіркестері мен ИКАО қысқартулары кіретін NОТАМ ИКАО коды РАNS-АВС құжатында (Dос 8400, ИКАО құжаты) қамтылған.
      56. NОТАМ сериялармен таратылады. NОТАМ сериясын белгілеу үшін  S және Т әріптерін қоспағанда, А-Z әріптері қолданылады.
      57. Әр NОТАМ-ға әріп түрінде серия және төрт цифрдан тұратын нөмір беріледі, бұл нөмірден кейін бөлшек және жылдың екі цифры тұрады. Төрт цифрдан тұратын нөмір, күнтізбелік жыл ішінде біртіндеп көбейе береді.
      58. NОТАМ-да қателіктер болған жағдайда, қатесі бар NОТАМ-ның орнына жаңа нөмірмен басқа NОТАМ шығарылады.
      59. Бұрынғы NОТАМ-ды жоятын немесе ауыстыратын NОТАМ шығарылған жағдайда, бұрынғы NОТАМ-ның сериясы мен нөмірі қойылады. Екі NОТАМ-ның да сериясы, орналасқан орнының индексі (Q-кодының 2 және 3 әріпі) мен мәні бірдей болуы тиіс. Тек бір NОТАМ ғана жойылып немесе екіншісімен алмастырылып отырады.
      60. Тұрақты немесе уақытша сипаттағы ұзақ мерзімді ақпараттан тұратын NОТАМ-ның АІР-қа немесе оған жасалған толықтыруға сілтемесі болады.
      61. NОТАМ мәтініне енетін орналасқан орындарының индекстері «Орналасқан орнының көрсеткілері (индекстері)» құжатында (Dос 7910, ИКАО құжаты) көрсетілген индекстерге сәйкес келеді. Пунктке ИКАО-ның орналасқан орнының индексі берілмеген жағдайда, оның атауы ашық мәтінмен беріледі.
      62. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесі 5-қосымшада келтірілген, NОТАМ пішімін пайдалана отырып, айына кем дегенде бір рет (немесе өтініш бойынша) белгіленген байланыс арналары арқылы біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетін алушыларға беріледі. Әр серияға бір NОТАМ шығарылады.
      63. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесінде соңғы түзетуге, АІР пен АІС-қа жасалған толықтыруға сілтеме болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет