Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


-тарау. Әуеайлақ схемалары мен аэронавигациялық карталарды жариялау



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі281 Kb.
#11527
1   2   3

7-тарау. Әуеайлақ схемалары мен аэронавигациялық карталарды жариялау
      64. Қазақстан Республикасының АІР-ында мынадай аэронавигациялық карталар жарияланады:
      1) әуеайлақ картасы (ІСАО);
      2) әуе кемесі айлағының (айлаққа қою) картасы (ІСАО);
      3) жерүсті әуеайлағындағы қозғалыс картасы (ІСАО);
      4) А типіндегі, әуеайлақ кедергілерінің картасы (ІСАО);
      5) қонуға дәл кіру орнының картасы (ІСАО) (II және III санаттағы жабдықталған ҰҚЖ үшін)
      6) аудан картасы (ІСАО);
      7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) (ІСАО);
      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (SТАR) (ІСАО);
      9) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ІСАО);
      10) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ІСАО).
      65. Жерүсті навигациялық құралдар, ұшу жолының қиылыстары мен нүктелері, картаның қолданылу мақсатына қарамастан, олар енгізілетін барлық карталарда бірдей негізгі шартты белгілермен белгіленеді.
      66. Әр картаның бетінде аэронавигациялық ақпараттың енгізілген күні жазылады.
      67. Барлық жазбалар үшін латын алфавитінің белгілері қолданылады.
8-тарау. Жергілікті жер мен кедергілер туралы электрондық деректер
      68. Жергілікті жер туралы деректер шоғырында белгілі бір тордағы барлық тораптардың (нүктелердің) асып түсу мәндерінің ортақ базасынан есептелетін үздіксіз қатар түріндегі жергілікті жер бетін беретін цифрлық деректер шоғыры болады. Жергілікті жер торы бұрышпен немесе сызықпен жасалады, ол дұрыс немесе дұрыс емес пішінде болады.
      69. Жергілікті жер туралы электрондық деректер шоғыры кедергілерді қоспағанда, тау, төбе, жота, алқап, судың жиналуы, мәңгілік мұз бен қар сияқты табиғи элементтері бар Жер бетінің кеңістіктік (орналасу жері және асып түсуі), мәндік және уақытша аспектілерді сипаттайды.
      70. Аэронавиагациялық деректермен бірге тиісті жағдайларда қолданылатын жергілікті жер мен кедергілер туралы электрондық деректер шоғыры ұшуларды орындау мен әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мынадай қолданыс түрлерін қамтамасыз етеді:
      1) ұшу бағытындағы жер бедерін бағалау функциясы бар, жердің жақын екені туралы ескерту жүйесі және ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктік туралы ескерту жүйесі (МSАW);
      2) екінші айналымға кететін немесе ұшып шығатын кезде апаттық жағдайда қолданылатын қосалқы схемаларды анықтау;
      3) әуе кемесінің пайдалану шектеулерін талдау;
      4) аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы (айналып ұшу схемасын қоса);
      5) бағыт бойынша ұшу кезінде төмендету тәртіптемелерін және апатты жағдайда қону орнын анықтау;
      6) жерүсті қозғалысын басқару және оны бақылаудың жетілдірілген жүйесі (А-SМGСS);
      7) аэронавигациялық карталарды және борттық деректер базасын жасау;
      8) ұшу тренажеры;
      9) әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) кедергілерді шектеу және жою.
      71. 70-тармақта айтылған аэронавиагциялық жүйелерді немесе функцияларды қолдануға байланысты талаптарды орындау мақсатында, жергілікті жер және кедергілер туралы электрондық деректер шоғыры төмендегі аудандарға бөлінеді:
      1) 1-аудан: мемлекеттің бүкіл аумағы - әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) қоса, мемлекеттің бүкіл аумағын қамтиды;
      2) 2-аудан: тораптық диспетчерлік аудан - мемлекеттің АІР-ында көрсетілген немесе әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінен, кішісіне қарай, 45 км радиуспен шектелген тораптық диспетчерлік ауданды білдіреді. АҰЕ бойынша операциялар қамтамасыз етілетін және тораптық диспетчерлік ауданы белгіленбеген әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында), 2-аудан әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінен 45 км радиус шегіндегі аймақты білдіреді;
      3) 3-аудан: әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы - бір (бірнеше) ҰҚЖ-ның бүйір жиегінен (жиектерінен) ҰҚЖ-ның ось желісіне (ось желілеріне) дейін 90 метрге, ал әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жұмыс алаңының басқа барлық бөліктері үшін белгіленген аймақтың (аймақтардың) бүйір жиегінен (жиектерінен) 50 метрге созылатын аймақты қамтиды; және
      4) 4-аудан: II немесе III санаттары бойынша операциялар орындалатын аудан - II немесе III санаттар бойынша қонуға дәл кіру орындалатын және пайдаланушыларға радиобиіктік өлшегіш қолдану арқылы шешім қабылдау биіктігін белгілеуге жергілікті жердің ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін жергілікті жер және тиісті кедергілер туралы толық ақпарат талап етілетін ҰҚЖ-ларда ғана көзделеді. Аудан ені ҰҚЖ-ның созылған ось желісінің екі жағынан 60 метрді, ал ұзындығы ҰҚЖ-ның басталатын жерінен 900 метрді құрайды және ҰҚЖ-ның созылған ось желісі бойымен өлшенеді.
      72. 2-ауданға арналған деректер барлық халықаралық әуеайлақтарға қатысты ұсынылады.
      73. Осы Қағиданың 71-тармағында көрсетілген аудандардың графикалық суреттері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен белгіленеді.
      74. Қамтылатын тиісті аудандарға арналған жергілікті жер туралы электрондық деректер шоғыры 6-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген сандық талаптарға сәйкес келеді, ал кедергілер туралы деректер 6-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген сандық талаптарға сәйкес келеді.
      75. Барлық жергілікті жер және кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар 6-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген.
      76. Жергілікті жер туралы деректер, жергілікті жер туралы деректерді есепке алу шегі мен графикалық суреттерде келтірілген критерийлерді қолдану арқылы, сондай-ақ осы Қағиданың 6-қосымшасының 1-кестесіндегі жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес, осы Қағиданың 71-тармағында көрсетілген аудандар үшін жасалады.
      77. Кедергілер туралы деректерде кедергілер туралы цифрлық деректер шоғыры бар, оған жапсарлас және қоршаған элементтерден жоғары және ұшуларды орындау мақсаттары үшін қауіпті саналатын элементтер кіреді. Кедергілер туралы деректер жасанды нысандардың тік және көлденең көлемінің цифрлық көрінісін береді.
      78. Жылжымайтын (тұрақты немесе уақытша) немесе жылжитын кедергілер, графикалық суреттерге сәйкес, кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі мен келтірілген критерийлер негізінде 71-тармақта көрсетілген аудандар шегінде анықталады, олар туралы деректер 6-қосымшаның 2-кестесіндегі кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес жасалады.
      79. Жергілікті жер туралы деректерге 6-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген міндетті атрибуттар тізбесіне сәйкес сипатталатын элементтердің барлық типтері енгізіледі.
      80. Кедергілер туралы деректерге 6-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген міндетті атрибуттар тізбесіне сәйкес сипатталатын, кедергілер ретінде анықталған элементтердің барлық типтері енгізіледі.
      81. Жергілікті жер туралы деректер бар ақпарат өнімдерінің ерекшеліктеріне қолданылатын дереккөздер мен жергілікті жер туралы деректерді алу үрдістері туралы жалпы ақпарат қамтылған деректерді алу әдісінің сипаттамасы қосылады.
9-тарау. Аэронавигациялық деректердің сапасын басқару жүйесі
      82. Таратылатын аэронавигациялық ақпаратты деректер сапасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келтіру мақсатында ААБ қызметі аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудің барлық үрдістерін қамтитын және аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес таратылуын қамтамасыз ететін сапаны басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз етеді.
      83. Құрылған сапаны басқару жүйесі Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) 9000 сериясындағы сапаға кепілдік беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
      84. ААБ қызметі деректерді дайындау кезеңдерінде немесе қолдану кезінде анықталған қателерді түзету мақсатында, аэронавигациялық деректер көздерін анықтауды қамтамасыз ететін рәсімдер белгілейді.
      85. ААБ қызметі ажыратымдылық дәрежесі осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келетін аэронавигациялық деректердің жариялануын қамтамасыз етеді.
      86. Аэронавигациялық деректердің тұтастығы, оларды өлшеу (дайындау) сәтінен бастап келесі пайдаланушыға (аэронавигациялық ақпарат жеткізушіден аэронавигациялық ақпарат алатын орган) жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық үрдіс бойы сақталады. Аэронавигациялық деректердің тұтастығына қойылатын талаптар деректердің бұрмалануының ықтимал тәуекеліне және деректердің нақты бір элементін қолдануға негізделеді.
      87. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау үшін деректер тұтастығының мынадай сыныптамалары мен деңгейлері қолданылады:
      1) ауыспалы деректер, тұтастық деңгейі 1x10-8: бұрмаланған ауыспалы деректерді қолданған жағдайда ұшуды қауіпсіз жалғастыру және әуе кемесін қондыру үлкен қауіпке және апатқа апару қаупі өте үлкен;
      2) маңызды деректер, тұтастық деңгейі 1x10-5: бұрмаланған маңызды деректерді қолданған жағдайда ұшуды қауіпсіз жалғастыру және әуе кемесін қондыру үлкен қауіпке және апатқа апару қаупі шамалы;
      3) жай деректер, тұтастық деңгейі 1x10-3: бұрмаланған жай деректерді қолданған жағдайда ұшуды қауіпсіз жалғастыру және әуе кемесін қондыру үлкен қауіпке және апатқа апару қаупі өте шамалы.
      88. Көзделген пайдаланушыға ақпарат жіберу ақпарат жеткізудің төмендегідей қолданыстағы әдісінен өзгеше болуы мүмкін:
      1) физикалық тарату - аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) физикалық қаптамада жеткізуді, мысалы почта қызметтері арқылы таралуын қамтамасыз ететін құралдар;
      2) тікелей электрондық тарату - аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) ААҚ пен келесі пайдаланушы арасындағы тікелей электрондық байланысты қолдану арқылы автоматты түрде таралуын қамтамасыз ететін құралдар.
      89. Деректер сыныптамасына қатысты аэронавигациялық деректердің тұтастығына және сапасына қойылатын талаптар осы Қағиданың 1-қосымшасында ұсынылған.
      90. Электрондық тасымалдауыштардағы аэронавигациялық деректер шоғырын сақтау кезінде қорғау, деректер шоғырына арналған қосымшада келтірілген 32-биттік циклдық артық кодты (СRС) қолданып бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.
      91. Біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің бір бөлігі ретінде енгізілетін, шығаруға жататын материал ААБ қызметіне ұсынылар алдында тексеріліп, оның осы Қағидаға сәйкес келуін қамтамасыз етуге жауапты қызметтермен келісіледі.
      92. ААБ қызметі аэронавигациялық деректердің осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген аэронавигациялық деректер сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келетін ажыратымдылық дәрежесінде жариялануын қамтамасыз етеді.
Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына
1-қосымша
Аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптар
1-кесте. Ені мен ұзындығы



Ені мен ұзындығы

Дәлдік/ мәліметтердің түрі

Жарияланатын деректердің рұқсаты

Картаның рұқсаты

Деректер бүтіндігінің сынаптамасы

Ұшу мәліметінің ауданы шекараларының нүктелері

2 км (1 м. миля), жарияланғаны

1 мин

Салынғанға сәйкес

1 х 10 -3, қалыптылар

Р, R, D аудандар шекараларының нүктелері (СТА/СТR шекаралардан тыс)

2 км (1 м. миля), жарияланғаны

1 мин

Салынғанға сәйкес

1 х 10 -3, қалыптылар

Р, R, D аудандар шекараларының нүктелері (СТА/СТR шекаралар ішінде)

100 м, есептісі

1 с

Салынғанға сәйкес

1 х 10 -5, маңыздылар

СТА/СТR шекаралардың нүктелері

100 м, есептісі

1 с

Салынғанға сәйкес

1 х 10 -5, маңыздылар

NAVAJD бағыттары мен бақылау нүктелері, күту пункті, STAR/SID нүктелері

100 м, түсірудің нәтижелері/ есептісі

1 с

1 с

1 х 10 -5, маңыздылар

1-аудан кедергілері (мемлекеттің бүкіл аумағы)

50 м, түсірудің нәтижелері

1 с

Салынғанға сәйкес

1 х 10 -3, маңыздылар

Әуеайлақ/тікұшақ айлағын бақылау нүктесі

30 м, түсірудің нәтижелері

1 с

1 с

1 х 10 -3, маңыздылар

Әуеайлақта/тікұшақ айлағында орналасқан NAVAID

3 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

Салынғанға сәйкес

1 х 10 -5, маңыздылар

1-кестенің жалғасы. Ені мен ұзындығы





2-аудан кедергілері

5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

1 х 10 -5, маңыздылар

3-аудан кедергілері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

1 х 10 -5, маңыздылар

Отырғызуға соңғы кірудің бақылау нүктелері/пунктері және аспаптар бойынша отырғызуға кірудің сұлбасын жасайтын басқа да маңызды бақылау нүктелері/пунктері

3 м, түсірудің нәтижелері/есептісі

1/10 с

1 с

1 х 10 -5, маңыздылар

ҰҚЖ-ның табалдырығы

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

1 х 10 -8, критикалық

4-аудан кедергілері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

1 х 10 -5, маңыздылар

ҰҚЖ-ның соңы

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с



1 х 10 -8, критикалық

ҰҚЖ-ның білік сызығының нүктелері

1 м, түсірудің  нәтижелері

1/100 с

1/100 с

1 х 10 -8, критикалық

РЖ білік сызығының нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

1 х 10 -5, маңыздылар

Жердегі РЖ білік сызығының нүктелері; әуеде рульдеу үшін және транзиттік бағыттардың РЖ нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері/ есептісі

1/100 с

1/100 с

1 х 10 -5, маңыздылар

Әуе кеме/тік ұшақ тұрақтарының нүктесі/ ІNS тексеру пункттері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

1 х 10 -3, қалыптылар

ТLОF геометриялық орталығы немесе ҒАТО табылдырығы (тікұшақ айлағы)

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

1 х 10 -8, критикалық

2-кесте. Асып кету, абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік





Асып кету/абсолютті биіктік/салыстырмалы биіктік

Дәлдік/ деректердің түрі

Жарияланатын деректердің рұқсаты

Картаның рұқсаты

Деректер бүтіндігінің сыныптамасы

Әуеайлақ/тікұшақ айлағынан асу

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

1 х 10 -5, маңыздылар

Әуеайлақтың/тікұшақ айлағының асу жеріндегі WGS-84 геоид толқыны

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

1 х 10 -5, маңыздылар

ҰҚЖ-ның табылдырығы немесе FАТО (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1  фут

1 м немесе 1 фут

1 х 10 -5, маңыздылар

ҰҚЖ-ның табылдырығындағы WGS-84 геоидтік толқыны немесе ТOLF-тың геометриалық орталығындағы FАТО (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фуг, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

1 х 10 -5, маңыздылар

ҰҚЖ-ның табылдырығы немесе FАТО (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

1 х 10 -8критикалық

ҰҚЖ ның табылдырығыңдағы WGS-84 геоидтік толқыны немесе ТLОFтың геометриалық орталығындағы FАТО (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

1 х 10 -8критикалық

Кедіргілерді абсолютті/салыстырмалы биіктігінен ұшып өту (ОСА/Н)

РANS-ОРS (Dос 8168) құжатында көрсетілгендей

-

РANS-ОРS (Dос 8168) көрсетілгендей

1 х 10 -5, маңыздылар

ҰҚЖ табылдырдығыныд ұшып өтуінің салыстырмалы биіктігі

0,5 м немесе 1 фут, есептісі

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

1 х 10 -8критикалық

Отырғызу және ұшуға кіру аймақтарындағы кедіргілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

1 х 10 -5, маңыздылар

Әуеайлақ/тікұшақ айлағының шеңбері бойынша ұшу аймақтарындағы кедіргілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фуг

1 м немесе 1 фуг

1 х 10 -5, маңыздылар

Бағыттағы кедергілердің асып кетуі

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)

3 м (10 фут)

1 х 10 -3, қалыптылар

Қашықтық өлшегіш жабдығы дәлдігі (DМЕ/Р)

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)



1 х 10 -5, маңыздылар

Қашықтық өлшегіш жабдығының артуы (DМЕ)

3 м (100 фут), түсірудің нәтижелері

30 м (100 фут)

30 м (100 фут)

1 х 10 -5, маңыздылар

Аспаптар бойынша отырғызу схемасының абсолюттік биіктігі

РANS-ОРS (Dос 8168) құжатында көрсетілгендей



РANS-ОРS (Dос 8168) көрсетілгендей

1 х 10 -5, маңыздылар

Ең төменгі абсолюттік биіктіктер

50 м немесе 100 фут, есептісі

50 м немесе 100 фуг

50 м немесе 100 фут

1 х 10 -3, қалыптылар

3-кесте. Төмен түсу және магниттік төмен түсу





Төмен түсу/магниттік төмен түсу

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің рұқсаты

Картаның рұқсаты

Деректер бүтіндігінің сыныптамасы

Құралды техникалық күйге келтіру үшін қолданатын NАVАID ӨЖЖ станциясының төмен түсуі

1о, түсірудің нәтижелері

1о



1 х 10 -5, маңыздылар

NDB NАVАID құралының магниттік төмен түсуі

1о, түсірудің нәтижелері

1о



1 х 10 -3, қалыптылар

Әуеайлақтың/тік ұшақ айлағының магниттік төмен түсуі

1о, түсірудің нәтижелері

1о

1о

1 х 10 -5, маңыздылар

ІLS курстік радиомаяк антеннасының магниттік төмен түсуі

1о, түсірудің нәтижелері

1о



1 х 10 -5, маңыздылар

МLS-тің азимуталды антеннасының магниттік төмен түсуі

1о, түсірудің нәтижелері

1о



1 х 10 -5, маңыздылар

4-кесте. Пеленг





Пеленг

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің рұқсаты

Картаның рұқсаты

Деректер бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассаларының учаскелері

1/10о, есептісі

1о

1о

1 х 10 -3, қалыптылар

Бағыттардағы және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелері

1/10о, есептісі

1/10о

1/10о

1 х 10 -3, қалыптылар

Әуеайлақ ауданындағы ұшып шығу/келуінің бағыттарының учаскелері

1/10о, есептісі

1о

1о

1 х 10 -3, қалыптылар

Аспаптар бойынша отырғызуға кіру схемаларының бақылау нүктелері

1/100о, есептісі

1/100о

1/10о

1 х 10 -5, маңыздылар

ILS-тың курстық радиомаяктың шығаруы

1/100о, түсірудің нәтижелері

1/100о, шын

1о

1 х 10 -5, маңыздылар

МLS-тың нөлдік азимутының шығаруы

1/100о, түсірудің нәтижелері

1/100о, шын

1о

1 х 10 -5, маңыздылар

ҰҚЖ және FАТО пеленгі

1/100о, түсірудің нәтижелері

1/100о, шын

1о

1 х 10 -3, қалыптылар

5-кесте. Ұзындық, қашықтық, өлшем





Ұзындық/қашықтық/өлшем

Дәлдік/ деректер түрі

Жарияланатын деректердің рұқсаты

Картаның рұқсаты

Деректер бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассалары учаскелерінің ұзындығы

1/10 км немесе 1/10 м. миля, есептісі

1/10 км немесе 1/10 м. миля

1 км немесе 1 м. миля

1 х 10 -3, қалыптылар

Бағыт және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерінің арасындағы қашықтық

1/10 км немесе 1/10 м. миля, есептісі

1/10 км немесе 1/10 м. миля

2/10 км немесе 1/10 м. миля

1 х 10 -3, қалыптылар

Әуеайлақ ауданындағы ұшып шығу/келу бағыттары учаскелерінің ұзындығы

1/100 км немесе 1/100 м. миля, есептісі

1/100 км немесе 1/100 м. миля

1 км немесе 1 м. миля

1 х 10 -5, маңыздылар

Аспаптар бойынша отырғызуға кіру схемаларының бақылау нүктелерінің және әуеайлақ ауданының арасындағы қашықтық

1/100 км немесе 1/100 м. миля, есептісі

1/100 км немесе 1/100 м. миля

2/10 км немесе 1/10 м. миля

1 х 10 -5, маңыздылар

FАТО немесе ҰҚЖ ұзындығы, ТLOF өлшемдері

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (АD картасы) 0,5 м (АОС карта)

1 х 10 -8, критикалық

Тежеудің шеткі жолағының ұзындығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

0,5 м (АОС картасы)

1 х 10 -8, критикалық

Орналастыратын қону арақашықтығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (АD картасы) 0,5 м  АОС картасы)

1 х 10 -8, критикалық

ILS-тің курстық радиомаяктің антеннасымен ҰҚЖ-тың немесе FАТО-нің табалдырықтың аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептісі

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкеседі

1 х 10 -3, қалыптылар

ILS глиссадалық радиомаягінің антеннасымен ҰҚЖ табалдырықтың аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептісі

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкеседі

1 х 10 -3, қалыптылар

ҰҚЖ табалдырықпен ILS таңбалағыштырдың арасындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептісі

3 м (10 фут)

2/10 км (1/10 м. миля)

1 х 10 -5, маңыздылар

DME ILS антеннасының білікті сызық бойынша ҰҚЖ табалдырықтың аралығында қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептісі

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкеседі

1 х 10 -5, маңыздылар

МLS-тың азимуттық антеннасымен ҰҚЖ аяғының аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептісі

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкеседі

1 х 10 -3, қалыптылар

ҰҚЖ табалдырықпен MLS тың антеннасының аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептісі

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкеседі

1 х 10 -3, қалыптылар

DМЕ/Р МLS-тың антеннасы және ҰҚЖ табалдырықтың аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептісі

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкеседі.

1 х 10 -3, қалыптылар

Әуе кемелерін пайдаланушыларды


аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына
2-қосымша

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет