Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы



Дата23.02.2016
өлшемі61 Kb.
#10258



Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы

2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкінің жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;

2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.»;

  1. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Дмитрий Владимирович Панкинді тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін.

  2. «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі №272 қаулысы күші жойылды дет танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

«Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/
с


Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші
мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау
қажеттігінің негіздемесі

2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптары.

3.

Жоба қабылданған
жағдайда болжанатын
әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық
салдар

Жобаның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

4.

Жобаны іске асыруға
байланысты болжанатын
қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтілетін нәтижелердің
мерзімі мен болжанатын
тиімділігі

2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін мақсатында.

6.

Жобада қаралатын
мәселелер бойынша
Президенттің және/немесе
Үкіметтің бұрын
қабылданған актілері
және олардың іске
асырылу нәтижелері
туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 29 мамырдағы № 432; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 1 ақпандағы № 85; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі
№ 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 29 маусымдағы № 1001; «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы
1 маусымдағы №497; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 717; «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" 2006 жылғы
12 сәуірдегі № 272 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы
23 желтоқсандағы № 1384 қаулылары.

7.

Заңнаманы кейін жобаға
сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба кейіннен заңнаманы оған сәйкес келтіруді болжамдамайды.

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында орналасқан

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасқз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Әлеуметтік мәні жоқ


Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі




Б. Сұлтанов

2015 жылғы «__»









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет