Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


пойыздардың қозғалыс кестесін қалыптастыру, әзірлеу және бекіту



бет37/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45

пойыздардың қозғалыс кестесін қалыптастыру, әзірлеу және бекіту

      27. Инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының нормативтік графигін және пойыздардың қозғалыс кестесін тасымалдаушылардан қабылданған өтінімдерді және келісудің жүргізілген үйлестіру рәсімдерін ескере отырып, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бір жылдық кезеңге әзірлейді және бекітеді.


      28. Инфрақұрылым операторы:
      1) пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
      2) инфрақұрылым учаскелерінің өткізу және тасу қабілеті мен теміржол станцияларының қайта өңдеу қабілетін неғұрлым тиімді пайдалануды;
      3) инфрақұрылым учаскелерін күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастырады.
      29. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеу басымдылық (кезектілік) қағидаты ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
      30. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы жексенбісінің 00 сағат 00 минутынан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы сенбісінің 24 сағат 00 минутында қолданысын тоқтатады.
      31. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі мен пойыздардың қозғалыс кестесі жүк пойыздары үшін инфрақұрылым операторы белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін.

IX. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шартты жасасу

      32. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт инфрақұрылым операторы өтінімді келіскеннен кейін, бірақ пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданысқа енгізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады.
      33. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт Қызмет көрсету қағидаларында көзделген ережелер ескеріле отырып жасалады.
      Қосымша өтінімдер бойынша инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт тасымалдар жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін 1 айдан кешіктірілмей жасалуға тиіс.
      34. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушының инфрақұрылым операторының алдында инфрақұрылымдық көрсетілген қызметтер үшін берешегі болған кезде, сондай-ақ аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, тасымалдаушыға шарт жасасудан бас тартуға құқылы.

X. Қосымша өтінімдер

      35. Қосымша өтінім осы Қағидалардың 17 - 19-тармақтарының талаптарына сәйкес ресімделеді.
      36. Қосымша өтінім инфрақұрылым операторының тасымалдаушыға қосымша өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылданған күні және қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген құжатты бере отырып, тіркеуіне жатады.
      37. Қосымша өтінім тасымалдар жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін 2 айдан кешіктірілмей беріледі.
      38. Қосымша өтінімдер келіп түскен кезден бастап бір ай ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады. Қосымша өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша шарт жасалуы не жасалған шарттарға қосымша келісімдер жасалуы мүмкін.
      39. Тасымалдаушылардың қосымша өтінімдері бойынша инфрақұрылым операторы графиктің қосымша тармақтарын бөлу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруы мүмкін.
      40. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімнен кешігіп түскен өтінімдер пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыру кезінде ескерілмейді және қосымша өтінімдер ретінде қаралады.
      41. Қосымша өтінімдер бойынша график тармақтарын бөлу аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      42. Қосымша өтінімдерді ішінара қанағаттандыру немесе қабылдамау тәуекелдерін тасымалдаушылар көтереді.

XI. Ақпарат ұсыну тәртібі

      43. Инфрақұрылым операторы Интернет желісіндегі өзінің ресми сайтында инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін, нормативтік құқықтық актілердің тізбесін, сондай-ақ инфрақұрылым операторының аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын ескере отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу тәртібін регламенттейтін актілерін орналастырады.
      44. Инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын, оның ішінде мемлекеттік құпияға (мемлекеттік сырға) жататын немесе таратылуы шектелген мәліметтерді қамтитын ақпаратты таратуға қойылатын шектеулерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтауға тиіс.

XII. Дауларды шешу тәртібі

      45. Осы Қағидаларды іске асыру кезінде тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      46. Егер тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы келіссөздер барысында келісімге қол жеткізе алмаса, барлық даулар мен келіспеушіліктер аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Еуразиялық экономикалық одақ


шеңберінде Теміржол көлігі 
инфрақұрылымының көрсетілетін
қызметтеріне қол жеткізу  
қағидаларына қосымша    

Нысаны


Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің
инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуге
арналған өтінім


________ жылғы «___»_____________

№____________

__________ жыл мен ________________________ жыл аралығындағы кезеңге.
Инфрақұрылым операторы ______________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (атауы, заңды, пошталық мекенжайы)
Тасымалдаушы ________________________________________________________
                 (атауы, заңды, пошталық мекенжайы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде_теміржол көлігінің инфрақұрылымдық қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі мен күні (болған жағдайда)


_____________________________________________________________________

Осы арқылы өтінімге қоса беріліп отырған ___ парақтағы ___ данадағы мынадай құжаттардың (ақпараттың)* толықтығы мен анықтығын растаймын:


1) ____________;
2) ____________;
...) __________;


____________________
Тасымалдаушының қолы

___________________
Мөрге арналған орын

*Ескертпе: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаларының 17-тармағында көзделген құжаттар (ақпарат) қоса беріледі.

Тарифтік саясат негіздерін қоса


алғанда, теміржол көлігінің 
көрсетілетін қызметтеріне қол
жеткізуді реттеу тәртібіне 
№ 2 қосымша        

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігі


инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар тасымалдау қызметін жоспарлау және ұйымдастыру шеңберінде мүше мемлекеттердің теміржол көлігі инфрақұрылымы учаскелерінің шекарасында қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын, осындай көрсетілетін қызметтердің тізбесін, диспетчерлендірудің және инфрақұрылымның өткізу қабілетін бөлудің бірыңғай қағидаттарын, инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарттардың маңызды талаптарын, инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын айқындайды.

II. Анықтамалар

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «кезектен тыс пойыздар» - пойыздардың қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары, қар тазартқыштар, вагондары жоқ локомотивтер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы состав), пойыздардың қозғалысына кедергілерді жоюға, күтілмеген жұмыстарды орындауға және көлік құралдарының тиісті орнын ауыстыруына арналған пойыздар (олардың жүру тәртібі аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында немесе аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде айқындалады);
      «тасымалдау процесін диспетчерлендіру» - жедел жағдайларда пойыздар қозғалысын және маневрлік жұмысты бақылау, басқару процесі;
      «маневрлік қозғалыстар» - пойыздың составын өзгерту жөніндегі операциялар (жылжымалы составты тіркеу (ағыту), составтарды құрастыру (тарату), составтарды парктен паркке ауыстыру, локомотивтің қозғалуы және оны пойыздың составына қою немесе локомотивті осы составтан алып тастау, вагондарды кірме жолдарға беру немесе осындай жолдардан алу және басқа да операциялар;
      «штаттан тыс жағдай» - инфрақұрылым объектілерінің ақауы болуы салдарынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін не пойыздарды өткізу үшін кедергі келтіретін мән-жай;
      «инфрақұрылым операторы» - инфрақұрылымы бар және инфрақұрылымды заңды негіздерде пайдаланатын және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтерін көрсететін теміржол көлігі ұйымы;
      «тасымалдауды жоспарлау» - қызметтер көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес белгіленген уақыт кезеңіне (жыл, ай, тәулік) инфрақұрылым объектілерінде (учаскелерде және станцияларда) тасымалдау жоспарын әзірлеу;
      «пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспары» - жоспарланып отырған тәулікте тасымалдау процесін диспетчерлендіру және пойыздар қозғалысын ұйымдастыру үшін инфрақұрылым операторы жасаған құжат;
      «техникалық жоспар» - тасымалдаушылардың жиынтық тасымалдау жоспары, техникалық жоспарлары және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі ақпаратының негізінде инфрақұрылым операторы жасаған құжат.
      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада және Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаларында (бұдан әрі - Қол жеткізу қағидалары) айқындалған мағыналарда түсініледі.

III. Инфрақұрылым операторы көрсететін қызметтер

      4. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтер тізбесі) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тасымалдауды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды пайдалануға байланысты негізгі көрсетілетін қызметтер қамтылады.
      5. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтердің құрамына кіретін операциялардың (жұмыстардың) тізбесі тасымалдау процесінің технологиялық ерекшеліктері және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптары ескеріле отырып айқындалады.
      6. Осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары сақтала отырып ұсынылады.
      7. Инфрақұрылым операторы, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, тасымалдаушымен келісу бойынша осы Қағидаларға қосымшада көрсетілмеген өзге де қызметтерді көрсетуге құқылы.

IV. Инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету тәртібі



      8. Инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың мынадай процестері:
      1) тасымалдауды технологиялық жоспарлау және нормалау;
      2) тасымалдауды айлық және жедел жоспарлау;
      3) теміржол көлігінің инфрақұрылымдық қызметтерін көрсету шарты (бұдан әрі - шарт) шеңберінде тасымалдауды жүзеге асыру;
      4) инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында деректер алмасу шеңберінде инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының өзара іс-қимыл жасауын көздейді.
      9. Тасымалдауды жоспарлау мен нормалау, тасымалдау көлемін және пойыздардың қозғалыс графигін түзету осы Қағидаларға, Қол жеткізу қағидаларына, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына, сондай-ақ аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілеріне сәйкес айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      10. Жедел жоспарлау кезінде инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар пойыздар қозғалысының бекітілген тәуліктік жоспарын (пойыздардың қозғалыс графигін және келісілген техникалық жоспарды, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен айқындалған мемлекетаралық түйісу пункттері бойынша пойыздар, вагондар алмасу жоспарын) орындайды.
      11. Тасымалдауды жүзеге асыру инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылардың ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығын білдіреді және осы Қағидаларға, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Инфрақұрылымды пайдалану - аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында, оның ішінде қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға, сондай-ақ аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген нормалар сақтала отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Инфрақұрылымды күтіп-ұстау аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Тасымалдау процесін диспетчерлендірудің және өткізу қабілетін бөлудің бірыңғай қағидаттары:
      1) инфрақұрылымның қызмет көрсетілетін учаскелерінде пойыздар қозғалысын бір диспетчердің басқаруы;
      2) пойыздардың қозғалыс графигіндегі технологиялық нормалар мен нормативтерді, пайдалану жұмысының технологиялық процестері мен техникалық нормаларын орындау;
      3) пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және қызметкерлердің еңбегін қорғауды қамтамасыз ету;
      4) диспетчердің қозғалыс басымдығын беруі болып табылады.
      15. Инфрақұрылымда пойыздардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау процесін диспетчерлендіруді инфрақұрылым операторы не ол уәкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
      Тасымалдау процесін диспетчерлендіру пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспарымен бекітілген пойыздар қозғалысының графигіне сәйкес және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде бекітілген техникалық пайдалану қағидаларында, пойыздар қозғалысы және станциялардағы маневрлік жұмыс жөніндегі, сигнализация және байланыс жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      16. Пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу, инфрақұрылым учаскесінде пайдаланылатын кез келген көлік құралының (жылжымалы составтың) немесе өздігінен жүретін техниканың маневрлік қозғалыстары процестерін инфрақұрылым операторы реттейді.
      Инфрақұрылым операторының көрсетілген процестерге, оның ішінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын, пойыздардың қозғалыс графигінің нормативтерін, инфрақұрылымның желілік бөлімшелері жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімдері (нұсқаулары) тасымалдау процесіне барлық қатысушылар үшін міндетті.
      17. Тасымалдау процесін жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар - аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көлемде ақпарат (деректер) алмасу үшін инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелерін пайдаланады.
      18. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға негізгі ақпаратқа қатысты қосымша ақпаратты жекелеген шарттар негізінде береді.
      19. Инфрақұрылым операторы жасалған шарт болған кезде тасымалдаушыға инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетуден:
      1) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жүктерді, багажды және жүк-багажды тасымалдау тоқтатылған немесе оған шектеу енгізілген, оның ішінде оларды әкелу және (немесе) әкету шектелген;
      2) штаттан тыс жағдайлардың туындауы салдарынан инфрақұрылым қызметтерін көрсету мүмкін болмаған;
      3) тасымалдауларды кезектен тыс пойыздармен жүзеге асырған;
      4) ұлттық қауіпсіздікке қатер төнгенде немесе төтенше жағдайлар, еңсерілмейтін күш мән-жайлары, әскери іс-қимылдар, қоршаулар, эпидемиялар немесе шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін, инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушыларға тәуелді емес өзге де мән-жайлар туындаған;
      5) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетудің өзгеше тәртібін белгілеген;
      6) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бас тарта алады.
      20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларда тасымалдаушыға инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетуден бас тартылған кезде инфрақұрылым операторы тасымалдаушыны шартта көзделген тәртіппен, міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі туралы хабардар етеді.
      21. Инфрақұрылым операторы пойыздардың қозғалыс графигінен ауытқып келе жатқан не осы графикте көзделмеген пойыздардың өткізілуін ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қолданады.
      22. Инфрақұрылым операторының инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету фактісі және көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша олардың нақты көлемі құжаттармен расталады, олардың нысаны аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторы актілеріне сәйкес бекітіледі.

V. Инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және оның маңызды талаптары

      23. Инфрақұрылымдық қызметтер инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында қарапайым жазбаша нысанда жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
      24. Шартта Қол жеткізу қағидаларында және осы Қағидаларда белгіленген қағидаттар мен талаптарға және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келетін нормалар қамтылмауға тиіс.
      25. Егер Шарттың қолданылу кезеңінде тасымалдаушы ұсынған, Қол жеткізу қағидаларының 17-тармағында көрсетілген және Шартта көзделген ақпараттың (болжамды көрсеткіштерді қоспағанда) анық еместігі анықталса, инфрақұрылым операторы шартты аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзуға құқылы.
      26. Осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының шарттан туындайтын талап ету құқығын басқаға беруге тыйым салынады.
      27. Шарттан туындайтын құқықтарды пайдалану мүмкін болмаған кезде, тасымалдаушы инфрақұрылым операторының келісімі бойынша бұл құқықты басқа тасымалдаушыда жасалған шарт болған жағдайда, оған шартта көзделген талаптармен бере алады.
      28. Шартта мынадай маңызды талаптар:
      1) шарттың нысанасы (көрсетілетін қызметтер көлемі, инфрақұрылымның өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны), инфрақұрылым учаскелері);
      2) инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету талаптары мен мерзімдері;
      3) көрсетілетін қызметтер құны (тарифтер, бағалар, алымдардың мөлшерлемелері) немесе оны айқындау тәртібі;
      4) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібі мен талаптары (есеп айырысу тәртібі, ақы төлеу тәсілдері, төлем валютасы);
      5) шарт бойынша тараптардың залал келтіргені, шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы (тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар, шығындарды өтеу);
      6) форс-мажорлық мән-жайлар (еңсерілмейтін күш мән-жайлары);
      7) шарттың қолданысын тоқтату (бұзу) талаптарын қоса алғанда, шарттың қолданыс мерзімі, оның қолданысын тоқтату (бұзу) негіздері мен тәртібі қамтылуға тиіс.
      29. Жасалған шарт (не шартқа қосымша келісім) болған кезде қосымша тасымалдауға қосымша өтінім берген жағдайда, инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының арасында біржолғы шарт жасалуы мүмкін.

VI. Инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының құқықтары мен міндеттері



      30. Тасымалдаушының:
      1) инфрақұрылым операторына тасымалдауларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жіберуге;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын, оның ішінде мемлекеттік құпияға (мемлекеттік сырларға) жататын немесе таралуы шектелген мәліметтерді қамтитын ақпаратты таратуға шектеулерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, осы Қағидаларға және Қол жеткізу қағидаларына сәйкес тасымалдауларды ұйымдастыру үшін қажетті көлемде ақпарат алуға;
      3) шарт талаптарына сәйкес тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде пойыздың жүретін жолында, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік және инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді алуға;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген және (немесе) жасалған шарттарға сәйкес өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
      31. Тасымалдаушы:
      1) инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды инфрақұрылым операторына ұсынуға;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген теміржол көлігіндегі қауіпсіздік талаптарына жылжымалы составтың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      3) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік жөніндегі талаптарды бұзуға әкеп соғатын (әкеп соғуы мүмкін) оқыс оқиғалар мен мән-жайлар туралы инфрақұрылым операторына  хабарлауға, сондай-ақ оларды жою (болғызбау) бойынша шаралар қабылдауға;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      5) инфрақұрылым операторының коммерциялық (қызметтік) құпиясын құрайтын, тасымалдаушыға белгілі болған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
      6) инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша ақы төлеуге, сондай-ақ инфрақұрылым операторына тиесілі өзге де төлемдерді шартта көзделген көлемде, мерзімдерде және жағдайларда жүргізуге;
      7) вагондардың (пойыздардың) көшірілуіне (орын ауыстыруына) және (немесе) тасымалдаушылардың жылжымалы составының станцияларда тоқтатып қойылуына байланысты инфрақұрылым операторы шеккен, жекелеген шарттарда көзделмеген шығындар сомасын өтеуге;
      8) инфрақұрылым операторын шартта көзделген көрсетілетін қызметтерді алудан бас тарту туралы аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімдерде жазбаша нысанда хабардар етуге;
      9) жүктерді ерекше жағдайларда, габаритті емес жүктерді теміржолмен тасымалдау шарттарын аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен келісуді және сақтауды қамтамасыз етуге;
      10) тасымалдаулардың келісілген көлемде болуын және теміржолмен тасымалдаудың өзге де параметрлерінің (шарттарының) теміржол көлігі инфрақұрылымы учаскелерінің тасу қабілетіне және (немесе) жүк өтетін маршрут бойынша теміржол станцияларының өңдеу қабілетіне сәйкес болуын қамтамасыз етуге;
      11) инфрақұрылым операторына және (немесе) үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге;
      12) шартта және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
      32. Инфрақұрылым операторының:
      1) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде:
      инфрақұрылым учаскелерінде пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша және тұрақты шектеулер белгілеуге;
      автоматты түрде және көзбен шолып бақылау құралдары арқылы техникалық бұзылулар табылған және пойыз жүріп келе жатқанда қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін жылжымалы составтың коммерциялық ақаулары анықталған жағдайда, станцияда, аралықта пойыздың қозғалысын тоқтатуға;
      инфрақұрылымның жұмысын қалпына келтіру үшін пойыздар қозғалысына кедергі келтіретін жағдайлар туындаған кезде тасымалдаушының ресурстарын (жылжымалы составын, персоналын) пайдалануға;
      тасымалдаушыға пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын, пойыздардың қозғалыс графигінің нормативтерін, пойыздарды құрастыру жоспары мен тәртібін, инфрақұрылым станциялары (желілік бөлімшелері) жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімдер (бұйрықтар, нұсқамалар, нұсқаулар, ескертулер және басқасын) беруге;
      2) шарт жасасу сатысында тасымалдаушыдан теміржол көлігіндегі қауіпсіздік сертификатын, тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды талап етуге;
      3) шартты орындау сатысында тасымалдаушыдан теміржол көлігінің қауіпсіздік жүйесінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды талап етуге;
      4) тасымалдаушы инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілетінің бөлінген үлесін пойыздардың қозғалыс графигінде белгіленген көлемге қарағанда толық емес көлемде пайдаланған жағдайда, өткізу қабілетінің бөлінген үлесін (график тармақтарын) түзету бөлігінде шартқа өзгерістер мен толықтыруларды біржақты тәртіппен енгізуге;
      5) тасымалдаушы инфрақұрылымды шарттың талаптарын бұза отырып пайдаланған жағдайда, тасымалдаушылардың жылжымалы составын оны тоқтатып қою үшін бос жол мүмкіндігі бар станцияға немесе оқшау инфрақұрылымға көшіру (орнын ауыстыру) және тоқтатып қою туралы шешімдер қабылдауға;
      6) мұндай фактілерді шарт талаптарын бұзу деп танымай, инфрақұрылым операторына байланысты емес себептер бойынша (көршілес (шекаралас) теміржол әкімшіліктерін және (немесе) оқшау инфрақұрылым иелерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың кінәсінан) тасымалдаушының инфрақұрылымға қол жеткізуінен бас тартуға;
      7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде және тасымалдауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар кезінде теміржол қатынасының белгілі бір бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетуді уақытша тоқтату немесе қызметтерді толық емес көлемде көрсету туралы шешімді біржақты тәртіппен қабылдауға;
      8) штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде графиктің бөлінген тармақтарының күшін инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін қажетті мерзімге жою арқылы инфрақұрылымға қол жеткізуді шектеуге;
      9) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және (немесе) жасалған шарттарда белгіленген өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
      33. Инфрақұрылым операторы:
      1) тасымалдаушылардың тасымалдауларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын, сондай-ақ инфрақұрылым қызметтерін көрсету үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды қабылдауға және қарауға;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын, оның ішінде мемлекеттік құпияға (мемлекеттік сырларға) немесе таралуы шектелген мәліметтерге жататын мәліметтерді қамтитын ақпаратты таратуға белгіленген шектеулерді ескеріп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, осы Қағидаларға және Қол жеткізу қағидаларына сәйкес тасымалдарды ұйымдастыру үшін қажетті көлемдегі ақпаратты тасымалдаушыларға уақтылы ұсынуға;
      3) Қол жеткізу қағидаларына сәйкес инфрақұрылымның техникалық және технологиялық қабілеті шеңберінде инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігін бөлуге;
      4) тасымалдаушыға келісілген қызметтер көрсету мерзімдері мен талаптарының өзгеруіне әкеп соғатын пойыздардың қозғалыс графигіндегі өзгерістер туралы шартта көзделген мерзімдерде және тәртіппен хабар беруге;
      5) шартта айқындалған жағдайларда тасымалдаушыны инфрақұрылымдағы авариялар, зақымданулар және инфрақұрылымды пайдаланған кезде өз қызметін жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға кедергі келтіруі мүмкін өзге де мән-жайлар туралы құлақтандыруға;
      6) тасымалдаушылардың коммерциялық (қызметтік) құпиясын құрайтын, инфрақұрылым қызметтерін көрсету барысында инфрақұрылым операторына белгілі болған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
      7) қажетті техникалық құралдарды жарамды жағдайда күтіп-ұстауға және пойыздар қозғалысында табиғи немесе техногендік аварияларға байланысты туындаған үзілістердің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қабылдауға;
      8) шартта және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

VII. Дауларды шешу тәртібі

      34. Осы Қағидаларды қолдану барысында немесе қызметтер көрсету барысында тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      35. Егер тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы келіссөздер барысында өзара келісімге қол жеткізе алмаса, барлық даулар мен келіспеушіліктер аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Еуразиялық экономикалық одақ


шеңберінде теміржол көлігінің
инфрақұрылымдық қызметтерін
көрсету қағидаларына қосымша

Теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерінің



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет