Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Қаратөбе мектеп –гимназиясының физика пәнінің мұғалімі
Жұмабаева Жайнагүл Мұратжанқызы
|
Сыныбы:
|
7А уақыты:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
|
Мақсаты:
|
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қозғалыс графигі жөнінде деректерді беріп практикалық түрде қолдана алу дағдысын қалыптастыру
|
Сабақтың түрі:
|
Түсіндірмелі-практикалық
|
Күтілетін нәтижелер:
|
А. бірқалыпты түзусызықты қозғалыс график арқылы анықтай алады;
В. Бірқалыпты қозғалысты берілген шамаларға тәуелді графигін сала алады;
С. әртүрлі жағдайларға байланысты қозғалыстың графигі қандай болатындығын және теңдеуін құру арқылы дәлелдей алады. |
Керекті жабдықтар:
|
Шыны ыдыс, қағаздан жасалған балық, қармақ, ақ беттер, бояу, деңгейлі тапсырмалар, бағалау парағы, рефлексия парағы
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Жеке, жұптық, топтық, «Алтын балыққа арналған аквариум», «Айналмалы бекет», «Ыстық орындық»
|
Тапсырмалар
|
Сұрақтар мен тапсырмалар, А,В,С деңгейлі тапсырма
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе 5минут
|
1. Тұлға аралық байланысты орнату.
2. Сыныппен амандасу.
3. Оқушыларды шеңберге шақыру
|
-мұғаліммен сәлемдесу;
- кезекшілік қызметін атқару;
- шербер құрып орналасады
|
Тұсаукесер
|
Үй тапсырмасын «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісінде әрекетті үш рет қайталату арқылы 3 оқушыға қалған оқушыларға сұрақтар қойдырту арқылы тақырыпты сұрау.
|
оқушы өтілген тақырып бойынша қойылған тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді.
Алтын балықты ұстаған оқушы, сыныптастарының қойған сұрақтарына жауабын айтады.
|
Негізгі бөлім
|
Жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту үшін жетелеу сұрақтарын қоя отырып, топтың мәтінді оқып, талдауына ықпал ету.
Тақырыпқа сай мысалдарды басқа қырынан ұсыну үшін топқа тапсырма беру:
-
берілген мәндер бойынша график салу
-
графикке қарап, қозғалыс теңдеуін жазу
-
кестедегі мәндерге қарап теңдеу құру.
Т
Жасыл-түсіндім
Қызыл-түсінбедім
оптың ұсынуы бойынша сыныптағы оқушылардың меңгеруін білу үші «Бармақ» әдісін қолдану
|
Берілген мысалдарды флипчартка орындап ұсыну
Топ бірін-бірі басбармақтары арқылы бағалайды
|
Қорытынды
|
Сабақты топтаса қортындылау үшін«Айналмалы бекет» әдісі қолданылады. 3 топқа деңгейлі 3 есеп беріп, топтардың топтаса жүріп орындауына мүмкіндік беру, жауаптарының дұрыстығын тексеру үшін шешуі жазылған парақты беру, дұрыс бұрыстығын қарап төмендегі фигуралар бойынша бағалайды.
Есепті дұрыс рәсімдеп, формуласын жазып, шешу жолын және нәтижесін жазған
Есепті дұрыс рәсімдеп, формуласын жазып, шешу жолып көрсеткен
Есепті дұрыс рәсімдеген, бірақ шешу жолын көрсетпеген
Жеке жұмыс: Кім жылдам?
|
Сағат тілі бағытымен оқушылар топтаса жүріп бір бетке 3 топта берілген есептерді шығарады және берілген шығару жолы бойынша қызыл қаламмен тексеріп бағалау критерийіне сәйкес баға қояды.
|
Келесі сабақта енгізетін өзгертулер
|
|
|
Сабақта қолданылатын дидактикалық және көрнекі материалдар
Үйтапсырмасы:
-
Денеге еш нәрсе әрекет етпесе ол қандай күйде болады?
-
Инерция деп нені айтады?
-
Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды? Неліктен?
-
Жылдам келе жатқан көліктің алдынан кесе көлденең өту қауіпті болатыны неліктен?
-
Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалады?
-
Физикада күш деген сөзді қалай түсінеміз?
-
Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?
-
Күш немен сипатталады?
-
Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
-
Қандай күш 1Н-ға тең болады?
-
Сүрінгенде адам қай жаққа қарай және неге құлайды?
-
Ордан неге жүгіріп барып секіру неге жеңіл?
-
Аққу, шортан, хамшаян мысалындағы арбадағы жүк неге қозғалмайды?
Жүкке түсірілген күш туралы не айта аласыз?
-
бірқалыпты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?
-
инерцияның пайдасы жайлы не айтасың?
-
инерцияның зияны жайлы не айтасыз?
20м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүкте қозғалысының графигін сал. Уақыттың бастапқы мезетінде нүкте координаталар басынан оңға қарай 10 м қашықтықта болсын, яғни бастапқы координата х0=10м.
Қозғалыс теңдеуі х= х0+υt бойынша 0с, 2с, 4с, 6с уақыт берілген.
Ойлан, тездет, ұқыпты жаз. 3 минут.
-
υ=2м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуін кестедегі мәндерді пайдаланып жаз.
Ойлан, тездет, ұқыпты жаз. 3 минут.
С Ә Т Т І Л І К
А-1. Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жаз.
А-2. Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады?Формуласын жаз.
В-1. егер бастапқы координата -10м, қозғалу жылдамдығы 5м/с болса, бір қалыпты түзусызықты қозғалыстың координатасының сызығы қандай болар еді?
В-2. Суретте көрсетілген бір қалыпты қозғалысқа сай бөліктерді таңдап алып, сондағы жылдамдықты табыңдар. ОА бөлігіндегі қозғалыс сипатының ВС бөлігінен айырмасы неде?
С-1. Мына жағдайлар үшін бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графиктерін сызыңдар:
А) υ=18км/сағ және x0 = 0;
Б) υ=-3м/с және x0 = 6м
Бақылау жұмысы №1
-
нұсқа
-
Автомашинаның бензин құтысының сыйымдылығы 30 л. Оған толтыра құйылған бензиннің массасын есепте.
-
Массалары 10 кг және 20 кг болатын екі дене өзара соғылысты. Сонда денелердің қайсысының жылдамдығы көп өзгереді және неше есе өзгереді?
-
Ұшқыш 100 км қашықтықты реактивті ұшақпен 2,4 минутта ұшып өтті. Ұшақтың орташа жылдамдығын тап.
Мына жағдайлар үшін бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс графигін сызып көрсетіңдер. А) v = 36км/сағ, х0 =1 м Б) v= 6 м/с, x0 =1,5м
Бақылау жұмысы №1
-
нұсқа
-
Мұзжарғыш кеме тәулігіне 200 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18,7 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?
-
Коньки тебуші екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама –қарсы бағытта 8м/с және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Қай баланың массасы артық және неше есе?
-
Автомашина 1500 м жолды 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.
Мына жағдайлар үшін бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс графигін сызып көрсетіңдер. А) v = 10м/с, х0 =2 м Б) v= 5 м/с, x0 =-10м 1-ШІ НҰСҚА ҮШІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ШКАЛАЛАРЫ
№ 1
4 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
|
1
|
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті шығарып, бензиннің массасын анықтады.
|
№ 2
3 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті дұрыс шығарды, денелердің қайсысының жылдамдығы көп өзгеретіндігін және неше есе өзгеретінін тапты.
|
№ 3
4 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
|
1
|
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті дұрыс шығарды, Ұшақтың орташа жылдамдығын тапты.
|
№ 4
4 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
|
1
|
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті дұрыс шығарды, бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс графигін сызды.
|
БАРЛЫҒЫ: 15 ұпай
| ҰПАЙЛАРДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АЙНАЛДЫРУ:
1-ШІ НҰСҚА ҮШІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ШКАЛАЛАРЫ
№ 1
4 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
|
1
|
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті шығарып, уранның көлемін анықтады.
|
№ 2
3 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті дұрыс шығарды, балалардың қайсысының массасы көп екенін және неше есе өзгеретінін тапты.
|
№ 3
4 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
|
1
|
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті дұрыс шығарды, Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тапты.
|
№ 4
4 ұ
|
0
|
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
|
2
|
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
|
1
|
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
|
1
|
Оқушы есепті дұрыс шығарды, бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс графигін сызды.
|
БАРЛЫҒЫ: 15 ұпай
| ҰПАЙЛАРДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АЙНАЛДЫРУ:
Жинаған ұпайлардың қосындысы
|
Баға
|
11-15
|
«5»
|
8-10
|
«4»
|
4-7
|
«3»
|
0-3
|
«2»
|
Достарыңызбен бөлісу: |