«expo-2017» қоғамдық виртуалды көрмесінің тұжырымдамасы



Дата11.07.2016
өлшемі89.22 Kb.
#192631
«EXPO-2017» қоғамдық виртуалды көрмесінің тұжырымдамасы (жоба 2013 жылғы 1 шілдеде G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында және Коалиция сайтында бастау алды)

«ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесін дайындау және тиісті деңгейде өткізу мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның гүлденуіне және еліміздің халықаралық аренада танылуына үлес қосқысы келетін Қазақстанның қоғамдық ұйымдары мен институттарының азаматтық борышы болып табылады.



«Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп, «Green Transfert Expo G-Global» қоғамдық виртуалды көрмесін ұйымдастырмақ.

«Green Transfert Expo G-Global» виртуалды көрмесі

Коалиция «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі іс-шарасына әлем қоғамдастығын кеңінен тартуға жәрдемдесу үшін 2013 жылғы 1 шілдеде G-Global алаңында және www.greenkaz.kz сайтында бастау алған «Green Transfert Expo G-Global» виртуалды көрмесі жобасын өткізу бастамасын көтерді.


 

Ұйымдастырушылар


«Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «Green Transfert & G-Global» қоғамдық қоры, «Жасыл экономиканың халықаралық иновациялық-білім беру орталығы» ЖШС

Ресми қолдау

«Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығы» ЗТБ


Көрме миссиясы

Green Transfert Expo G-Global – виртуалды көрме форматында іріктеліп алынған жобалар мен технологияларды таныстыруға, сондай-ақ көрмені өткізудің түрлі аспектілері бойынша қоғамдастық ұсыныстарын жинауға, қорытуға және ілгерілетуге арналған мультимедиялық экспозициялық және коммуникативтік алаң.

 

Көрме мақсаты

  • тұрақты энергетика және төмен көміртекті экономика саласындағы технологияларды, тауарлар мен қызметтерді айқындау, демонстрациялау, артықшылықтарын негіздеу және кеңінен таратылуына жәрдемдесу;

  • Халықаралық Көрмелер Бюросының (ХКБ) қамқорлығымен өткізілетін көрмелер адамзаттың озық жетістіктерін айқындау, біріктіру және тарату бойынша бүкіл әлем қоғамдастығының күш-жігерін шоғырландырудың жаңа демократиялық жаһандық институты, инновацияларды «демократияландыру» институты болуда

Көрмені қолдаудың қоғамдық институты

«Expo-2017» халықаралық қоғамдық кеңесін құру, оған Джереми Рифкинді, Альберт Горды, принц Чарльзді, Лестер Браунды, Арнольд Шварценеггерді, Тед Тёрнерді, Тони Блэрді, Николос Данлупты, Дмитрий Скребковты және т.б. шақыру

«ЭКСПО-2017 – болашақ технологияларын тарату құралы ретінде» жобасының өзектілігі 

«ЕКСПО-2017» көрмесін баламалы экономиканы, тиісті жоғары технологиялы материалдарды, жаңартылатын энергия көздерін өндіруді, кадрлар дайындауды және т.б. мәселелерді қамтитын үшінші индустриялық төңкеріске өту орталығына айналдыру маңызды», Н. Ә. Назарбаев, 16.01.2013. Болашақ энергиясын дамытудың 2013 - 2017 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде «Жасыл көпір» мен «Жасыл өсімнің», Жаһандық энергетикалық-экологиялық стратегияның (ЖЭЭС) «барлық бағдарламалық құжаттарын» Көрмені өткізудің ұлттық жоспарымен үйлестіру қажет, Н. Ә. Назарбаев, 06.12.2012. 1992 жылы қабылданған «21 ғасырға арналған күн тәртібінде» эко-технологияларды беруге арналған орталықтар мен халықаралық ақпарат алмасу жүйелерін құру қажеттігі туралы айтылады (34-тарау). IV Астана экономикалық форумының G20 арналған ұсынымдарында (2011 ж.) «Әлем экономикасының төмен көміртекті индустриялық-инновациялық дамуға көшуін жеделдету мақсатында БҰҰ деңгейінде жаңа технологияларды таратуға арналған құрылымдар құру» ұсынылған. Мексиканың Канкун қаласында 2010 жылы желтоқсан айында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясының 16-сессиясында технологияларды беру саясатын әзірлеу үшін жауапты орган ретінде Технологиялар жөніндегі атқарушы комитет құрылды.

БҰҰ, ЭЫДҰ, G-20, G-8, Бүкіләлемдік Экономикалық Форум, АТЭЫ құжаттарында және басқа да құжаттарда «жасыл» экономикаға көшу үшін «жасыл» технологиялық төңкеріс қажеттігі көрсетілген.



1992 жылы қабылданған «21 ғасырға арналған күн тәртібінде» эко-технологияларды беруге арналған орталықтар мен халықаралық ақпарат алмасу жүйелерін құру қажеттігі туралы айтылады (34-тарау).

БҰҰ жақын аралықта World Economic and Social Survey 2011. The Great Green Technological Transformation Overview» - «Ұлы жасыл технологиялық трансформациялауды» жүзеге асыруға шақырады



Жобаның міндеттері

 


  • ҚР Президентінің тапсырмасы шеңберінде Экспо-2017, ЖЭЭС және G-Global қамқорлығымен «Жасыл көпір» халықаралық бағдарламасында мақұлданған Жасыл технологиялар трансфертінің халықаралық орталығы жобасын іске қосу;

  • субсидиялар мен мемлекеттік сатып алу механизмдерін пайдалану арқылы монополизмге тосқауыл қою үшін және «өнертабыстарды енгізуді жеделдету үшін елдер арасында арнайы келісімге қол жеткізу қажеттігі» айтылған «The Great Green Technological Transformation Overview» БҰҰ-ның 2011 жылғы баяндамасының ұсынымдарын Қазақстанның және басқа да елдердің мақұлдауы туралы өтінішті іске асыру;

  • Еуропалық одақпен бірлесіп (www.thethirdindustrialrevolution.com), өңірлердің, компаниялар мен Clean Revolution бүкіләлемдік банкінің (www.thecleanrevolution.org), Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (КӨНК) Технологиялар жөніндегі атқарушы комитетінің әріптестігімен Болашақ технологиялары трансфертінің халықаралық орталығы жобасын дайындау.

Жобаның мазмұны

 


  • Green Public Procurement (мемлекеттік бюджеттер мен халықаралық ұйымдардың сатып алуы) арқылы нарыққа кіруге жәрдемдесу;

  • жаңа «жасыл» технологияларды игеруге арналған «жасыл» бизнес инкубаторларын ұйымдастыру;

  • өнеркәсіптік деңгейге шыққан озық «жасыл» технологиялар нәтижесінде орын алған әлемдік нарықтағы өзгерістерге бағалау жүргізу;

  • БСҰ, ЮНКТАД, ICC, сондай-ақ European Union, НАФТА, АТЭЫ, АSЕАN және басқа да сауда аймақтары арасында басым тауарлармен «жасыл» сауданы дамыту және басым «жасыл» технологиялар трансфертін ынталандыру туралы келісімдерге қол қою;

  • халықаралық ұйымдардың, экологиялық конвенциялар хатшылықтарының, ірі бизнес қауымдастықтарының, трансұлттық компаниялардың, тұтынушылар одақтарының, сауда палаталары мен нарықтағы үстем компаниялардың қатысуымен, жаңа технологиялармен қалыптасатын жаңа «жасыл» нарықтар бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің сектораралық келісімдерін ұйымдастыру;

  • аяқталмаған әзірлемелерге үлестік қатысуға арналған халықаралық венчурлық қорлар құру;

  • Бөлек «Green Transfert Expo G-Global» web-ресурсын құру.

Павильондардың атаулары

  1. Қазақстан және қазақстандық технологиялар павильоны.

  2. Елдер павильондары. Еуропалық Одақ павильоны.

  3. Үкіметаралық ұйымдар, Халықаралық Энергетикалық Агенттік бағдарламаларының павильоны.

  4. Халықаралық қоғамдық бастамалар павильоны.

  5. Отынсыз энергетиканың, «еркін энергия» құрылғыларының баламалы технологиялары павильоны.

  6. Биоотын бойынша инновациялар мен озық практика экспозициялары.

  7. Күн энергетикасы бойынша экспозициялар.

  8. Жел энергетикасы бойынша экспозициялар.

  9. Гидроэнергетика бойынша экспозициялар.

  10. Қалдықтар пиролизі мен биогаз бойынша экспозициялар.

  11. Мұнай-газ саласындағы «жасыл» технологиялар. Мұнай өндірудің жолшыбай газдарын кәдеге жарату. Жанартас газы.

  12. Ранк әсері бойынша табиғи газды, кен метанын, биогазды сұйылту және тазарту.

  13. Жасыл көмір кластері және көмір химиясы.

  14. Аса жоғары өлшемдік флюидтік технологиялар (СО2 кәдеге жаратуға, биоотынға, мұнай-газ саласына, тұрмыстық, өнеркәсіптік және мұнай қалдықтарын кәдеге жаратуға, салмақ ауыстыру процестеріне және т.б. салаларға арналған).

  15. «Жасыл» құрылыс.

  16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу.

  1. Энергетика жағынан автономды экоелді мекендер мен болашақ қалалары, тұрақты урбанизация.

G-Global алаңында қоғамдық талқылауға арналған өзекті тақырыптардың шамамен алғандағы тізбесі

  • Көрмені өткізу тұжырымдамасы.

  • Мақсаттары мен міндеттері. Еxpo-2017 көрмесінің ерекшеліктері мен басқа көрмелерден айырмашылығы.

  • Көрмені өткізу тиімділігінің индикаторлары, оның ішінде көрмелердің жаһандық институциялық нәтижелілігін бағалауға арналған жаңа көрсеткіштер.

  • Көрменің және оның павильондарының брендтері.

  • Көрмені халықаралық бағдарламаларға ықпалдастыру.

  • Институциялық әріптестерді тарту.

  • Халықаралық Қоғамдық Кеңес құру. Интернет-технологиялар негізінде көрмеге зияткерлік қатысуды демократияландыру.

  • Үкіметтік емес ұйымдардың, инноватарлар мен экологтардың, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының қатысуымен көрмені ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар арасында көпжақты келісім дайындау және оны талқылау.

  • Тұрақты энергетика көшбасшыларының (ғалымдар, өнертапқыштар, сарапшылар, ҮЕҰ, зертханалар, ҒЗИ, ЖОО, БАҚ және журналистер, веб-ресурстар мен қоғам белсенділері) тізілімін қалыптастыру.

  • Энергетика және төмен көміртекті экономика бойынша ұлттық бағдарламалар тізбесі.

  • «Қоршаған ортаны қолдайтын танымал тұлғалар» форум-фестивалін өткізу.

  • Көрмеге қызмет көрсетуге арналған демонстрациялық объектілер («жасыл» ғимараттар, компосты дәретханалар, электрлік көлік, ғимараттарға энергия мониторингін жүргізуге арналған жылукөрсеткіші бар, күн батереяларымен жұмыс істейтін дирижабль және т.б.).

  • Көрменің, «Экспо-2017» қорының жобаларына, қалалық инфрақұрылымды дамытуға, көрсетуге арналған өндірістер мен қызметтерді құруға, «жасыл» тауарлардың сауда желілерін, «жасыл» тұтынушылар қоғамдарын дамытуға жеке сектор инвестицияларын тартуға арналған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері.

  • Төмен көміртекті технологиялар мен практикалар трансфертінің жаһандық орталығын ұйымдастыру.

  • Көрме аяқталған соң, оның объектілерін пайдалану перспективалары.

  • Жалпы бұқара халық пайдаланатын басым энергетикалық инновациялар тізбесін дайындау (құқықтық қолдау, ең алдымен, дамушы нарықтарға ие елдерде тарату және дамыту үшін).

Көрменің ықтимал әріптестері

 


  • ЮНЕП Халықаралық экотехнологиялар орталығы, ФАО, ЭЫДҰ Технологиялық және инновациялық саясат жөніндегі жұмыс тобы, Бүкіләлемдік инновациялық қор (www.thewif.org.uk), ЮНКТАД, ЮНИДО Инвестициялар мен технологияларға жердемдесу кеңселері желісі (ITPO), Халықаралық Сауда Палатасы (ICC), КӨНК Жасыл Климаттық Қоры.

  • Дамушы елдерге білім мен жоғары технологияларды беру бойынша – Триестедегі Ғылым және ең жаңа технологиялар жөніндегі халықаралық орталық (International Centre for Science and High Technology—ICST).

  • Азия-Тынық мұхит технологияларды беру орталығы (АТТБО, Asia and Pacific Centre for Transfer and Technology, www.apctt.org) – АТМЭӘК органы.

  • Ресейлік технологиялар трансферті желісі 2002 жылы құрылған. Желіні ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі негізінде Еуропалық релей-желілер (Innovation Relay Centers –IRC network) технологиялары орын алады.

  • Ұлттық таза өндірістер орталықтарының жаһандық желісі (National Cleaner Production Centers—NCPC).

Жобаның күтілетін нәтижелері

 


  • «Жасыл» технологиялардың халықаралық трансфертіне арналған құқықтық негіз құру. Мүдделі тараптар арасында тиісті келісімдерге қол қою.

  • Шарт негізінде «жасыл» технологияларды берудің тұрақты институциялық негізін құру.

  • Негізгі секторларда қолжетімді ең жақсы технологиялардың халықаралық жаңартылатын тізілімін қалыптастыру.

  • ТМД елдерінің аяқталмаған әзірлемелерін инвестициялау үшін Қытайдан және басқа да белсенді инновациялық саясат ұстанатын елдерден инвесторлар табу. Мысалы, электромобильдер үшін энергия сыйымдылығы жүздеген, мыңдаған есе артық «скелетон» аккумуляторлары аса өзекті, алайда, соңғы тәжірибелер мен сертификаттау үшін қаржыландыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет