2 – курс
3, 4 – семестрлер
3 семестр
Пәннің аталуы
|
М2а. Философия
|
Қысқартылған атауы
|
Филос.
|
Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық сабақтар, ОҚСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр
|
4 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Есиркепова Г.К., Есимова А.Е.
|
Доцент/оқытушы
|
Ф.ғ.к., доцент, аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ тілі
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Негізгі пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, ОҚСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.
Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.
|
Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері
| Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу. |
3 семестр
Пәннің аталуы
|
М3б. Шет тілі2
|
Қасқартылған атауы
|
ШТ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Практикалық, ОҚСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Курбанбаева С.Н.,Ашимова Т.С
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы, оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Ағылшын тілі,орыс тілі
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Практ.- 45сағ., ОҚСӨЖ-45сағ., СӨЖ –45сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
135 сағ
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі ,Шетел тілі І,
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі
|
«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін (оқу, жазу,сөйлеу,жазу) қолдана отырып,мамандардың кәсіби аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет тілінде қарым-қатынас жасау.
|
Мазмұны
|
Практикалық сабақ ағылшын тілін оқуды жалғастырушы топтарға қарастырылған, -онда төмендегі сұрақтар қаратырылады:ағылшын/неміс тілдерінің терминологиялық лексикасы. Тілдің ғылыми стилінің морфологиясы. Тілдің ғылыми стилінің синтаксисі. Тезистер. Реферат түрлері. Эссе. Баяндама.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ытынды бақылау түрлері
|
Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.
|
3 семестр
Пәннің аталуы
|
М9. Саясаттану
|
Қысқартылған атауы
|
ӘжС
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
3 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Абенов К.К.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орыса
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, практикалық –15, ОБСӨЖ–30, СӨЖ–30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Саясаттану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы саясаттық әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын саясаттанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Саясаттану, саясаттық өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Саясаттану пәніне кіріспе, саясаттанулық теориялар мен концепциялар, нақыты әлеуметтік зерттеулердің методологиясы мен методикасы, қоғамның қалыптасу, даму аспектілері, қоғамның саясаттық құрылымы, стратификациясы, мобильділігі, әлеуметтік институттар, тұлға саясаттануы, девиациялық мінез құлық саясаттануы, мәдениет әлемуеттануы, экономикалық мәдениет, мінез құлық әлеуметтанулық зерттеу аспектісі ретінде, саяси қатынастар және билік әлеуметтануы, бұқаралық коммуникация әлеуеттануы.
Семинарлық сабақтар: Саясаттық білімдер құрылымы, қазақ ағартушыларының әлеуметтік ойлары, әлеуметтік зерттеулерді нарықтық қатынастарды зерттеуде қолдану, қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамның әлеуметтік стартификациясы, тұлға типтері, отбасы әлеуметтануы, экономикалық, саяси, мәдениет, бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.
|
3 семестр
Пәннің аталуы
|
М11б. Физика
|
Қысқартылған атауы
|
Физ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық сабақтар, СӨЖ, ОҚСӨЖ
|
Семестр:
|
3 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Хамза А.Қ.
|
Доцент/оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ , орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс-15 сағ., зертханалық сабақ – 15 сағ. СӨЖ-30сағ., ОҚСӨЖ –30 сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы –90 сағ.
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: жоғары математика, мектеп бағдарламасының физика курсын білу.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Физика саласынан білім мен біліктілікті меңгеру. Осы замандағы әлемнің жаратылыстану ғалами суреттемесі туралы түсініктерді қалыптастыру; Физика саласындағы теориялық білімді, болашақ мамандық бойынша арнаулы пәндерді меңгеру мен жұмыс барысында практикалық есептерді шешуге қолдана білуге үйрету. Студентті физиканың әртүрлі салаларындағы жетістіктерімен таныстырып, әлемнің физикалық көрінісі туралы түсінікті қалыптастыру. Химия мамандығы бойынша оқитын студенттерге өз мамандығына қатысты тақырыптарға ерекше маңыз беріледі.
Курстың мәселелері – маманның дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, физика негіздерін меңгерудегі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыра білуі.
|
Мазмұны
|
Дәрістің мазмұны:
Кинематика. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте түсінігі. Материялық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Механикадағы күштердің түрлері. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс дина-микасының теңдеуі. Штейнер теоремасы. Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялық салдары ретінде. Импульстің сақталу заңы. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі.. Стокс өрнегі. Пуазейл формуласы. Тербелістер мен толқындар. Қума және көлденең тербелістер. Толқындар. Толқын теңдеуі, оның сипаттамалары және оған мысалдар. Статистикалық физика және термодинамика. Молекула-кинетикалық теорияның негіздері. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Статистикалык үлестірулер. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл үлестірілуі. Больцман үлестірілуі. Термодинамика негіздері. Термодинамиканың І бастамасы. Изопроцесстер. Карно циклі және оның п.ә.к. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодина-миканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия. Реал газдар. Ван-дер-Ваальс тендеуі. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күй. Үштік нүкте. Электростатика. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электростатикалық өрістің цинкуляциясы. Потенциал. Тұрақты электр тогы. Металлдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Потенциалдар айырымы, электр қозғаушы күшi, кернеу. Кирхгоф ережелерi. Газдар мен плазмадағы электр тогы. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер күші. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Заттағы магнит ағыны. Магнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей заңы. Ленц ережесі. Максвелл теңдеулері. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Умов-Пойнтинг векторы. Сәулелік (геометриялық) оптика түсініктері. Фотометриялық шамалар. Жарық толқындарының қасиеттері. Жарық толқындарының интерференциясы. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Голография. Заттағы электромагниттік толқындар. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененiң сәулеленуiнiң проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Кванттық теориялардың негізгі идеялары тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Франк және Герц тәжірибелері. Атомдардың сызықтық спектрлерi. Бор постулаттары. Сәйкестік принципі. Корпускула-толқындық екіжақталық. Де-Бройль гипотезасы. Шредингер теңдеулері. Конденсацияланған күй. Металдардың электр өткізгіштігі. Ферми деңгейі. Металлдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының радиактивтi ыдырауы. Ядролық бөлiнудiң реакциясы. Ядролық реактор. Элементар бөлшектер
Зертханалық сабақтар. 1. Көптеген тікелей өлшеулердің нәтижелерін өңдеу. Жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу.
2. Қатты дене айналмалы қозғалысы заңдарын зерттеу.
3. Максвелл Маятнигінің қозғалысын зерттеу .
4. Тербелмелі қозғалыс заңдарын физикалық маятниктің көмегімен зерттеу.
5. Дөңгелеу үйкелісі коэффицентін анықтау.
6. Айналмалы тербеліс әдісімен қатты денелердің инерция моменттерін анықтау.
7. Баллистикалық маятниктің көмегімен снарядтың ұшу жылдамдығын
анықтау .
8. Атвуд машинасының көмегімен ілгерімелі қозғалыс кинематикасының динамикасының заңдарын зерттеу .
5. Больцман тұрақтысын анықтау.
6. Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау .
7. Газдың жылу сиымдылықтар қатынасын табу.
8. Сақинаны ажырату әдісімен сұйықтың беттік керілу коэфицентін анықтау.
9. Электр өрісін модельдеу.
10. Электр кедергісін анықтау әдістері.
11. Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау .
12. Кирхгоф ережелері арқылы тармақталған тізбекті есептеу.
13. Тұрақты ток тізбегіндегі қуатты анықтау
14. Катушканың индуктивтілігін анықтау .
15. Электронның меншікті зарядын магнетрон әдісімен зерттеу.
16. Үлкен сиымдылықтар мен кедергілерді релаксациялық тербелістер көмегімен анықтау.
17. Электр лампасының меншікті қуатын табу.
18. Рефрактометрдің көмегімен сұйықтың сыну көрсеткішін анықтау.
19. Дифракциялық тордың көмегімен кәдімгі жарықтың лазер сәулесінің толқын ұзындыктарын табу.
20. Малюс заңын тексеру.
21. Фотоэлектрлік эффект құбылысын зерттеу.
22. Жылулық сәулелену заңдарын тексеру.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Теориялық білім алу және практикалық есептерді шешу дағдысын меңгеру.
Білім деңгейі: ағымдағы аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
3 семестр
Пәннің аталуы
|
М3в. Мемлекеттік тілде іс жүргізу
|
Қысқартылған атауы
|
Мем.тіл.іс жүрг.
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Практикалық, ОҚСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
3 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Нарманов М.М.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Практикалық –15, ОҚСӨЖ–15, СӨЖ–15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 45 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
1 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Мемлекеттік тілде іс жүргізу курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Мемлекеттік тілде іс жүргізу өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, Мемлекеттік тілде іс жүргізудің құрылымы мен қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәніне кіріспе, мемлекеттік тілде іс жүргізудің теориялары мен концепциялары, нақты мемлекеттік зерттеулердің методологиясы мен методикасы, қоғамның қалыптасу, даму аспектілері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификациясы, мобильділігі, әлеуметтік институттар, тұлға әлеуметтануы, девиациялық мінез құлық әлеуметтануы, мәдениет әлемуеттануы, экономикалық мәдениет, мінез құлық әлеуметтанулық зерттеу аспектісі ретінде, саяси қатынастар және билік әлеуметтануы, бұқаралық коммуникация әлеуеттануы.
Семинарлық сабақтар: Мемлекеттік тілдер білімдері құрылымы, қазақ ағартушыларының іс жүргізу ойлары, әлеуметтік зерттеулерді нарықтық қатынастарды зерттеуде қолдану, қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамның әлеуметтік стартификациясы, тұлға типтері, отбасы әлеуметтануы, экономикалық, саяси, мәдениет, бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |