Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.69 Mb.
#131484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1 семестр

Пәннің аталуы

Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ҚН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусабекова М.А., Бердібеков С.О.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушылар

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.

Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.



Мазмұны

Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Практикалық сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.


1 семестр

Пәннің аталуы

Мәдениеттану

Қасқартылған атауы

Мәдениеттану

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Еркинбекова Ә.С.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәні, таңдау бойынша компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ –30, СӨЖ - 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60 сағат

Кредиттер /сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Казахстан тарихы, философия, әлеуметтану

Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі

Адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебабтық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде: - жас мамандарды біртұтас және жан жақты тұлға ретінде қалыптастыру;

-олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен қасиеттерін барынша дамыту;

-өркениеттілік құндылықтарға негізделген ілім жүйесін қалыптастыру.



Мазмұны

Дәрістер: Мәдениет ұғымы және оның мәні. Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, саясат, ғылым, құқық. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері. Номадалардың ежелгі мәдениеті. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Антика дүниесінің мәдениеті. Исламдық әлем мәдениеті. Ортағасырлық қазақ мәдениеті. Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері. Қайта жаңғыру мәдениетінің гуманизмі. Орыс мәдениеті – мәдениеттің проваславиелік типі. XVIIIғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті. Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттары. Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты.

Практикалық сабақтар: Мәдениет, оның шығу тегі мен мәні. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет болмысы: формалары, кеңістік және уақыты, даму динамикасы. Мәдениет және өркениет. «Шығыс-Батыс » дилеммасы. Мәдениет типологиясы. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Антика дүниесінің мәдениеті. Ислам дүниесінің мәдениеті. Ортағасырлық Еуропа мәдениеті. Қайта жаңғыру және Жаңа заман мәдениеттері. Орыс мәдениетінің православиелік типі. Кеңестік дәуірдегі қазақ мәдениеті. Еуразиялық мәдени кеңістіктегі қазақ мәдениеті. Ұлттық идеяны қалыптастыру – қазақ қоғамының тарихи-мәдени қажеттілігі.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Студент «Мәдениеттану» пәнін оқу барысында мәдениеттің мәні, құрылымы, функциялары, заңдылықтары және мәдениеттің тарихи типтері жайлы білімін қалыптастырады. Білім деңгейі ағымдық, аралық және қорытынды бақылау – тест түріндегі емтихан арқылы тексеріледі.

1 семестр

Пәннің атауы

Мамандыққа кіріспе

Қысқартылған атауы

Мамандыққа кіріспе

Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә

Ильясова К.

Доцент /оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс–15, практикалық сабақ–15, ОБСӨЖ–15,СӨЖ–15.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

«Мамандыққа кіріспе» пәнін жақсы меңгеру үшін

Ботаника;

Өсімбіктану;

пәндерді білуі тиіс



Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

050801 – «Агрономия», 050808 –«Топырақтану және агрохимия» мамандығы турасында студенттерге жалпы бағыт беру.

Мазмұны

Дәріс: 1 Модуль . Жалпы мәліметтер 050801 Агрономия, 050808 топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы.Кіріспе. Университет структурасы

Кітапхананың пайда болу тарихы. Кітапхана түрлері және типтері.Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Халық шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызы. Ауылшаруашылық ғылымының негізгі зерттеу нысаны.Топырақты өңдеу жүйелері мен технологиялық операциялары, процестері. Кәсіби қызметінің саласы, объектілері, пәні, түрлері, функциясы, типтік міндеттері, бағыттары, мазмұны. Агрономия ж»не Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар.Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар.Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары және пән циклдары бойынша мақсаттары. Жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзіреттілігіне, кәсіби-экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық құзіреттілігіне, кәсіби құзіреттілігіне, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби жағдайлардың өзгерісіне, өтпелілік пен белгісіздік жағдайларының үдей түсуі жағдайында географиялық және әлеуметтік жұмылдыруға дайын болуға қойылатын талаптар.



2Модуль.Ауыл шаруашылығындағы топырақ құнарлылығын жоғарлату және алдыңғы қатарлы өсіру технологияларын енгізу негізінде астық, мал азығы т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін барынша арттыру. 050801 Агрономия, 050808-Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны

Жалпы білім беру пәндер. Базалық пәндер. Кәсіптендіру пәндері. Оқытудың қосымша түрлері. Мемлекеттік аралық бақылау. Мемлекеттік қорытынды аттестация. Өсімдіктердің құрылысы, топырақ, тамыр, клетка, ткань. Дақылдардың анатомиялық және физиологиялық құрылысы. Ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын талаптары. Өсімдіктердің суға тәуелділігі, қажеттілігі. Ылғалдың өсімдік тіршілігіндегі ролі. Транспирация процессі.Транспирациялық коэффициент. Қоректік элементтердің өсімдік тіршілігіндегі ролі. Минералды қоректену. Ауа арқылы қоректену. Фотосинтез. Өсімдіктердің топырақ үстінде вегетативтік мүшелердің көлемі. Өсімдік тіршілік әрекетін күшейту. Жердің негізгі қасиеті, оның құнарлылығы. Ауылшаруашылығы өндірісіндегі топырақтардың маңызы, топырақ құнарлылығы. Топырақтану пәнінің міндеті мен мазмұны. Топырақтар мен өсімдіктер арасындағықарым-қатынас. Қазақстанда кездесетін топырақ түрлері. Топырақ оның пайда болуы және жетілуі. Топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролі. Топырақ құнарлылығы. Топырақ құрамы, топырақтың механикалық құрамы. Топырақ аймақтары және оның негізгі ерекшеліктері. Топырақтың негізгі қасиеттері. Топырақтың ауа режимі және оның өсімдіктер үшін маңызы. Топырақ қабатының қоректік режимі.

Ауылшаруашылығығынң дамуы мен тиімділігін арттыруда әр түрлі тыңайтқыштарды қолданудың жағдайы. Агрохимия ғылымының міндеттері мен тәсілдері. Агрохимияның негізгі зерзаттары. Тыңайтқыштар. Органикалық, минералды, сидератты, бактериялық, микротыңайтқыштар. Тыңайтқыш қолдану және өнім сапасы. Топырақ өңдеудің міндеттері. Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар, өңдеу тәсілдері. Топырақты баптау шаралары. Топырақты өңдеу жүйелері. Су және жел эрозиясына ұшыраған топырақтарды өңдеу. Арамшөптер, олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі. Негізгі биологиялық топтары мен өкілдері. Арамшөптермен күресу және алдын алу жолдары. Өсімдіктерді зиянкестерден және аурулардан қорғау. Ауылшаруашылық нысандарында ауыспалы егістіктерді қолдану. Тұқымды себуге дайындау. Себу мерзімі, мөлшері, тұқым сіңіру тереңдігі. Егіс жұмыстарының сапасын бақылау. Егістік күтіп баптау жұмыстары. Егін жинау. Ауылшаруашылық дақылдарын егу және жинау.

Практикалық сабақтар: Ауылшаруашылығындағы өсімдіктермен танысу. Өсімідіктердің өсуі және дамуы.Топырақ түрлерімен және қабаттарымен танысу.Топырақтың механикалық құрамы.

Топырақ құнарлылығы және қарашірік деңгейін анықтау. Ауылшаруашылығында қолданылатын негізгі тыңайтқыш түрлері.Өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуі. Ауылшаруашылық өндірісінде кездесетін арамшөптер. Әртүрлі шаруашылық нысандарында кездесетін ауыспалы егістер. Екпе дақылдарын ботаникалық және биологиялық жіктеу.



Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Студенттер пәнді зерттеп оқу барысында өзінің болашақ қызметі туралы қажетті білім мен икемділікті меңгереді.


1семестр

Пәннің атауы

Биология (Генетика)

Қысқартылған атауы

БГ

Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә

Есентуреева Г.Д

Доцент /оқытушы:

А.ш.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, лаборатория–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Молекулалық биология», «Генетикалық инженерия», «Ботаника» пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Адамға керекті өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер формасын алу үшін тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті басқару әдістерін оқып-үйрену және организмнің жеке дамуын баскару. Генетикадан,цитологиядан,клеткалық биологиядан және cелекциядан теориялық білім мен практикалық дағдының керекті минимумын беру. Генетиканың маңызды бөлімдерін оқып-үйренудің нәтижесінде студенттің-цитологиялық, молекулалық, тұқымқуалаушылықтың негіздерін; классикалық генетиканың фундаметалдық негізін; өлшемдік белгілерінің тұқымқуалау заңдары мен заңдылықтарын; тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін немесе хромосомалық теориясын; өзгергіштіктің пайда болу себептерін және оны оқып үйренудің әдістерін; популяциядағы гететикалық процесстерді; жеке дамудың генетикасын білу тиіс.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Генетика пәні, мақсаттары. Жасуша - жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен құрылыс негізі Прокариоттар мен эукариоттар Ядро мен цитоплазманың тұқым қуалау қасиеттерді сақтау мен таратудағы маңызы. Хромосома – тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі. Жасушалардың бөлінуі көзінде тұқым қуалау құбылысының таралуы. Митоз фазалары,
биологиялық маңызы. Тұқым қуалаудың молекулалық негіздері. ДНК-ның тұқым қуалау мен өзгергіштікке қатысатын көрсететін тікелей дәлелдер . ДНК- негізгі тұқым қуалаушлықты тасмалдау ДНК- негізгі тұқым қуалаушлықты тасмалдау. Жасушада ақуыздық синтөз. Трансляция. Эукариот гендерінің құрылысы. Экзондар мен интрондар. Мендельге дейінгі тұқым қуалау туралы түсінік. Мендель жасаған гибридиологиялық талдау тәсілінің ерекшеліктері мен маңызы. Генетикалық символика, будандастыру мен оның қорытындыларын тіркеу. Моногибридті будандастыру. Дигибридті және полигидбридті будандастыру. Ген байланыстары белгілерінің тұқыс қуалауы . Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясының құрылуы. Дрөзофила – генетикалық зерттеу ортасы. Жыныс генетикасы. Кроссинговер, оның түрлері. Хромосоманың генетикалық картасы және оның құрылу жолдары. Тұқым қуалаудағы хромосома теориясының негізгі жағдайлары. Жасушадағы тұқым қуалау материалының жүйесі Өзгергіштік туралы түсінік. Полиплоид туралы түсінік. Алшақ будандастыру туралы түсінік. Инбридинг және аутбридинг. Жеке дамудың генетикалық негізі . . Популяция.

Лабораториялық сабақтар: Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Пияз қабықшасының жасаушаларының құрлысын зерртеу. Тұрақты

препараттардан мейоз кезендерін анықтау. Қосарынан ұрықтану

Тозаңның құрылысы. Мендель заңдары. Гендердің бір-біріне комплементарлы әсері. Тіркесімтік топтары және оларды анықтау. Кроссинговер, оның түрлері. Полиплоидия және өсімдіктерде полиплоидия алу тәсілдері. Инбридинг және гетерозис. Инцухт линия .


Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Теориялық білімен қаруланып және практикалық іскерілген арттыра білуі. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті анықтайтын оқу құралдарын пайдалана алу қажет/емтихан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет