1963
ӘОЖ: 618.3/4:618.2-055.26-039.57
DOI: 10.24411/1995-5871-2020-10102
ЖҮКТІЛІК АЛДЫ ДАЙЫНДЫҚТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
*Ғ.Ж. Билибаева, Д.А. Оспанова, Р. Қажығалиқызы,
Д.Т. Серік, А.Н. Қабылбекова, Ж.К. Бекішева, А. Жексен
Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Алматы қ-сы
ТҮЙІНДІ
Қазіргі медицинаның басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғауды
жетілдіру болып табылады. Әйелдегі экстрагенитальды аурулардың жүктілік және бо-
сану ағымдарына, ұрықтың
және нәрестенің дамуына, оның бейімдік мүмкіндіктері,
аурушаңдық және өлім-жітімге әсерін зерттеуде маңызы зор [1,3]. Соңғы 7 жыл ішінде
экстрагениталды аурулар ана өлімі себептерінің құрылымындағы 1-ші орынды алады.
Сондықтан да зерттеу негізінде жүктілік алды дайындықты ұйымдастыру қарастырылды.
Мақалада зерттеу мақсатында әдеби дереккөздерге (Pubmed, Medline, Cochrane)
талдау жүргізілді. Зерттеу бойынша барлығы 120 мақала қарастырылды.
Кілт сөздер: жүктілік алды дайындық, жүктілікті жүргізу, отбасын жоспарлау.
Кіріспе: Әйел адамның репродуктивті
денсаулығы ұрықтану қабілеті, баланы
көтеру және дені сау баланы босанумен
сипатталады.
Репродуктивті денсаулықты
сақтау – заманауи медицинаның маңызды
міндеттерінің бірі. Адам ресурстары және
әлеуметтік-экономикалық қоғамның даму
болжамы оның шешіміне тәуелді.
Ана мен бала денсаулығы үшін
бала туу қауіпсіздігін
қамтамасыз ету
акушерлік ғылым мен тәжірбиенің басты
мақсаты болып табылады. Соңғы жыл-
дары Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы жүктілік пен босанудың әртүрлі
асқынуларының
себептерін анықтауға,
сондай-ақ ана мен баланы қорғаудың
тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге
бағытталған «Ана мен бала стратегиясын»
әзірледі.
Жүктілік алды дайындық-жүктілікті
жоспарлайтын әйелдерге алғашқы ал-
дын алу көмегінің ажырамас бөлігі. Ең
дұрысы дәрігер акушер-гинеколог әйелдің
репродуктивті
денсаулығын сақтау бой-
ынша жоспар құруы тиіс, ол қажет болған
жағдайда әрбір кейінгі әйелдер кеңесіне
бару кезінде ашылмай, қайта қаралады
және жаңартылады.
Көрінген
қарапайымдылыққа
қарамастан,
уақытша
шектеулер,
медициналық
сақтандырудың
және
қолжетімді
ақпараттық
ресурстардың
болмауы,
халықты скринингтермен ба-
рабар қамтымауы, сондай-ақ әйелдердің
көпшілігі жүктіліктің басталуын жоспар-
ламауы немесе жүктілік
алды дайындық
жүргізу мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы
білмеу фактісі жүктілік алды дайындық
шеңберінде медициналық көмек көрсетуге
кедергі бола алады.
Жүктілік алды дайындықтың негізгі
мақсаттарын атап көрсетуге болады [2, 4, 5]:
1. Жүктілік және оның ұрығы кезінде
ана үшін ықтимал қауіп факторларын
анықтау
2. Қауіп – қатер тобындағы әйелдерді
оқыту және ақпараттандыру;
3.
Акушерлік және перинаталдық
асқынуларды нивелирлеуге немесе қауіп
- қатерді болдырмауға бағытталған іс-
шараларды жүргізу.