Ф-об-001/033 Ќазаќстан республикасы білім жєне



бет1/4
Дата25.04.2016
өлшемі3.33 Mb.
#88183
  1   2   3   4

Ф-ОБ-001/033


ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ

ЃЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ќ.А.Ясауи атындаѓы Халыќаралыќ ќазаќ-т‰рік университеті


«Бағдарламалау және ЕТ» кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Ќ Ж ¦ М Ы С
Таќырыбы: “Паскаль тілін оқытуды интерактивті тақта арқылы

ұйымдастыруды программалау”
Орындаѓан: Джузбаева Ш.Ш.

Тобы, студенттіњ аты-жөні

Ѓылыми жетекшісі: П.ғ.к. аға оқытушы Бекмолдаева Р.Б.

аты-жөні, ѓылыми атаѓы, дєрежесі

Шымкент 2008
Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3

  1. Тарау. Delphi программалау ортасы және Паскаль тілінің басқарушы конструкцияларының программалаудағы қолданысы…………………...………………………............................6

1.1. Delphi программалау ортасын қолдану негіздері………………....….6

1.2. Паскаль тілінде өрнектер мен математикалық амалдарды

программалау тәсілдері ………………………………………….........12

1.3. Қарапайым операторлар және оларды қолдану.................................23

1.4. Тармақталу және таңдау операторлары...............................................28

1.5. Паскаль тілінің қайталану операторлары және көмекші

программалары.......................................................................................35

1.5.1. Үшін циклінің ұйымдастырылуы ............................................36

1.5.2. Әзірге циклін қолданып программалау..................................38

1.5.3. Дейін циклін қолданып программалау ................................40



II. Тарау. Паскаль тілін оқытуды интерактивті тақта арқылы ұйымдастыру жолдары ..................................................................................48

2.1. Интерактивті тақта және онымен жұмыс жасау технологиясы........48

2.2. Паскаль тілін оқытуда интерактивті тақтаны қолдану ....................54

2.3. Паскаль тілін оқыту интерфейсін программалау..............................58



Қорытынды………………….……………………………..………………… 64

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................66

Қосымша.............................................................................................................67


Кіріспе

Паскаль тілін 1970 жылдарда Цюрих (Швецария) қаласының жоғарғы техникалық училищесінің профессоры Никлаус Вирт (1968-1971ж) ұсынған. Ол бұл тілді дүние жүзі алғаш есептеу машинасын жасаған ұлы француз ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Паскаль деп атаған.

1970 жылы қабылданған стандаррты Паскаль тілі АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК және басқа да тілдерден қалыспайды және кейінгі нұсқалары жетілдірілген. 1983 жылы Паскаль тілі халықаралық стандартқа енгізілді.

Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кең таралған стандартты программалау тіліне айналды.

Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жазу үшін және жүйелі программалау тілі ретінде де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге көптеген мини және макрокомпьютерлерді қамтамасыз ету осы тілде жазылған. Паскаль тілі бұрын құрылған программалау тілдерінен маңызды ерекшілігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаметальды түсініктер қатарына кіруі.

Паскаль тілінде өңдеудің кең тараған жүйелерінің бірі ретінде Борланд фирмасында шыққан Паскаль тілінің компиляторы және программалаудың интерактивті ортасы қарастырлады.

Турбо Паскаль тілінің ерекшеліктері:

-Деректердің құрылысына қарай сандық белгілк және екілік информация мен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді.

-Жүйелік бағдарлама кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігіне септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда.

Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық студенттер және оқып үйренушілер үшін дайын материал. Студенттер және оқып үйренушілер үшін электрондық оқулық- жоғарғы оқу орынындағылар өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Паскаль тілін оқытуды интерактивті тақта арқылы ұйымдастыруды программалау электрондық оқулығын құру технологиясын дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін электронды оқулықтар, оларды пайдаланудың тиімділіктері, қазіргі кездегі электронды оқулық жасауға мүмкіндік беретін кұралдар, электронды окулық жасауға қойылатын талаптар, тестілеу технологиясы зертелініп, теориялық мағлұматтар қарастырылады.

Зерттеу объектісі:


  • Электрондық оқулықты дайындау технологиялары;

  • Паскаль тілінің командалары;

  • Delphi визуальды программалау ортасы.

Паскаль тілін оқытуды интерактивті тақта арқылы ұйымдастыруды программалау электронды оқулығын құруда Delphi визуальды программалау ортасы мен HTML программалау тілі қолданылды.

Дипломдық жұмыс ЭЕМ – дегі теориялық және практикалық сабақтарға әдістемелік ілесуші құрал ретінде жасалған, мақсаты оқушыларды Паскаль тілімен таныстыру және оны меңгерудегі алғашқы дағдыларды дамыту. Тақырыптық жағынан оқу құралы “Программалау ” курсының бөлімімен байланысқан.

Практикалық сабақтарда оқушылар теориялық мәліметтерді қолдана білуге үйренуі және Паскаль тілінің негізгі кезеңдерін:


  • таңдау операторларымен жұмыс істеу әдістерін;

  • тармақталу операторларымен жұмыс істеу әдістерін;

  • қайталану операторларымен жұмыс істеу әдістерін;

  • үшін циклімен жұмыс істеу әдістерін;

  • әзірше циклімен жұмыс істеу әдістерін;

  • дейін циклімен жұмыс істеу әдістерін;

  • көмекші программаларымен жұмыс істеу әдістерін талдай білуді

меңгеруі тиіс.

Ќазіргі жас жеткіншектердіњ аќпараттыќ технологияларды жаќсы мењгеруі керектігі ќоѓамныњ талабынан туындап отыр. Ќазаќстан бєсекеге ќабілетті елге айналуы ‰шін ењ алдымен азаматтары бєсекеге ќабілетті болуы керек. Білімді азамат, білікті маман ѓана бєсекеге ќабілетті болатынын ескерсек, мектептерді компьютерлендіруге, интерактивті таќталармен жабдыќтауѓа кеткен ќыруар ќаржылар ертењ-аќ еселеп ќайтадыемес пе. Мемлекеттіњ мектептерді интерактивті таќталармен жараќтандыруѓа ж±мсаѓан мол ќаржысы ±стаздар ќауымы осынау ѓажайып ќ±ралды тиімді пайдалана білгенде ѓана µтеледі. Елдіњ ертењін ойлап, Ќазаќстанныњ жарќын болашаѓы ‰шін жас ‰рпаќты білімді азамат етіп тєрбиелейік, интерактивті таќтаны тиімді пайдаланайыќ!




  1. Тарау. Delphi программалау ортасы және Паскаль тілінің басқарушы конструкцияларының программалаудағы қолданысы

1.1. Delphi программалау ортасын қолдану негіздері

Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестің тығыз әрекеттестігіне негізделген: бағдарламаның құруын визуалды (яғни оның Windows-терезесін) көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі, ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа терезелері қолданылады.

Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз байланысын Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формадағы жаңа элемент орналастыруы бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп болады, керісінше бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған кейбір элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компоненттердің жойылуына алып келеді.

Осыны ескере отырып, бағдарламалаушылар жұмысты алдымен қажетті компоненттерді формаға орналастырудан бастайды, сонан кейін (қажет болса) жұмыс барысындағы компоненттің бет алысын анықтайтын бағдарламаның үзіндісін жазады.

Delphi ортасында жұмысты бастамай тұрып, алдымен өз файлдарымызды сақтайтын жұмыс бумасын-каталогын жасап, ортаны қажетті түрде икемдеп алу қажет.

Бағдарламалардың жобасын құру барысында көптеген формалар мен модульдер қолданылуы мүмкін. Сондықтан, осы мәліметтерді табақшадағы файлдар түрінде бөлек бумада (каталогта) сақтаған жөн. Delphi ортасының кейбір стандартты іс-әрекеттерін өзгертіп, сол ортаны өз қажеттілігімізге икемдейік.

Мысалы, бағдарламаға енгізілген соңғы өзгерістерді файлда автоматты түрде сақтайтын тәртіпті орнатуға болады. Ол үшін Tools/Enviroment Options (Құралдар/Ортаның опциялары) пункттерін таңдап, сұқбаттасу терезесінде Preferens парағының екпінділігіне көз жеткізіңіз. Осы парақтың жоғарғы сол бұрышындағы Autosave Options (Автоматты түрде сақтау) тобының Editor Files (Файлдарды редакторлау) және Desktop ауыстырғыштарын тышқан тетігімен сырт еткізу арқылы екпінді күйге келтіріңіз.

Компиляциялау жұмыстарын қадағалап отыру тәртібін орнату Compiling and Running – компиляциялау және іске қосу тобындағы Show Compiler Progress (Компиляциялау және біріктіру әрекеттерін көрсету) ауыстырғышын екпінді күйге келтіру арқылы орындалады.

Енді бағдарламаны орындауға болады.Ол үшін негізгі меню жүйесінде-

гі белгіні, немесе F9 пернесін тек басса жеткілікте. Осындай түрде даярланған бағдарлама компиляциялау (Object Pascal тілінен машина кодына айналдыру), компоновка (қажетті көмекші ішкі бағдарламалармен біріктіру) және орындалу (орындалатын файл жадыға жүктеледі және осы файлға басқару беріледі) кезеңдерін бірден өтейді.

F9 пернесін басқанда, бірден Unit1.pas модульді сақтайтын файл атын және каталогты анықта деген, Save as… сұқбаттасу терезесі ашылады.

Келісімше файл жүйелік BIN каталогында сақталынады. Бұл каталогта Delphi ортасының маңызды файлдары орналасады, сондықтан өз файлдарымызды алдын-ала немесе осы терезеден құрылған My_DELPHI немесе басқаша аталған каталогта сақтаған жөн.

Модулдердің атын Delphi ортасы Unit1.pas, Unit2.pas т.с.с. деп қоюға негізделген. Save as… сұхбаттасу терезесі осы атауды өзгертуге мүмкіндік туғызады, мысалы модулдің атын My_1_U деп өзгертуге болады. Енді Enter пернесін басқанда, Delphi ортасы бағдарлама жобасының атын анықтауды қажет етеді. Келісімше Delphi ортасы жобалардың атауларын Project1.dpr, Project2.dpr және т.с.с. деп қояды. Жобаның анықталған атауы орындалатын .EXE файлдың аты деп саналады. Модуль кодының және жобаның атаулары бірдей болмауы тиіс.

а) Бос форма

Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. File/New Application опцияларын таңдап, бағдарламаны іске қосуға болады.

б) Форма қасиеттерін өзгерту

Сонымен, Delphi ортасындағы ең қарапайым қадамды орындап, жай Windows терезесін құрдық. Өкінішке орай, бұл бағдарлама ешқандай алгоритмді жүзеге асырмайды. Төмендегі келтірілген мәліметтер осы бағдарламаны қажетті іс-әрекеттерді орындатуға арналған.



Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциялағанда кеңейтілуі PAS, DFM және DCU файлдарын құрады. PAS-файлында бағдарлама кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал DCU-файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU-файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін .EXE-файлы құрылады.

в) Формаға компонентті орналастыру

Жаңа компонентті орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшін компоненттер тақташасындағы бір белгіні, мысалы - Label-ді (белгі-шағын хабарды шығаруға арналған элемент) белгілеп, форма аумағының кез келген жерін тышқанмен сырт еткізсе болғаны. Бұл компоненттің мөлшерін, орын-жайын өзгерту үшін компонентті шектеп тұрған төрт бұрыштарылар қолданылады .



г) Оқиғаға сезіндіру

Формаға орналастырылған әр компонент өз параметрлерінен басқа оның сезінетін оқиғалар жиынымен анықталады. Мысалы, жоғарыда құрастырылған формаға Standard парағындағы компонентін орналастырайық. Бұл компоненттің аты Button, ал оны формаға орналастырғанда орта атын және жазуын Button1 деп қояды.

Жұмыс істеп тұрған бағдарламада Button1-ді тышқанның сол жақ батырмасын сырт еткізгенде OnClick оқиғасы орындалады немесе туады деп саналады. Бағдарламаны осы оқиғаға сезіндіру үшін Object Pascal тіліндегі Оқиғаны өңдеуші үзіндіні жазу керек. Бұл үзінді ішкі бағдарлама – процедура түрінде ұйымдастырылады.

Delphi өз бетімен дайындаманы жасайды. Ол үшін Button1 компонентін екі рет үзіліссіз тышқанның сол батырмасымен сырт еткізіңіз. Delphi өз бетімен бағдарламаның интерфейстік бөлігіне procedure Button1Click(Sender: TObject); деп қосып, бағдарламаның орындалатын бөлігінде процедураның қабықшасын келесі түрде шығарады .

Терезедегі procedure TForm1.Button1Click (Sender: TObject) –процедураның тақырыбы. Бұл тақырып procedure арнайы сөзімен басталады, сонан кейін тұрған құрамды атаудағы TForm1-кластың аты, Button1Click-процедураның аты. Кластың және процедураның атаулары нүктемен (“.”) ажыратылады.

Класс деп Delphi ортасындағы үлгі ретінде қолдануға болатын функционалды толық бағдарламаның үзіндісін атайды. Алдын ала класты құрып алып, сол кластың көшірмелерін әр түрлі бағдарламаларға немесе бір бағдарламаның әр түрлі үзінділеріне орналастыруға болады.

Delphi құрамына Inprise корпорациясының жүздеген стандартты кластары кіреді. Delphi ортасындағы барлық компоненттер белгілі бір кластың құрамына жатады. Ал формаға орналастырылған нақты бір компоненттің аты алғы буынның атауы және сандық индекстен тұрады. Delphi ортасындағы барлық кластардың аты Т әрпінен басталады, мысалы TForm кластың туындыларының атаулары TForm1, TForm2 және т.с.с. болып келеді. Егер код терезесіндегі мәтінді басынан қарап шықсақ, онда келесі қатарларды көруге болады:



unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs;

type

TForm1 = class(Tform)

Label1: TLabel;

Button1: TButton;

procedure Button1Click(Sender: TObject);

private {Private declarations}

public {Public declarations}

end;

var

Form1: TForm1;

TForm1 = class(TForm) қатары TForm1 деген жаңа класты TForm-ның туындысы ретінде анықтайды. Стандартты TForm – Windows-тің бос терезесін анықтайды, ал TForm1 – формаға орналастырылған екі компонентті сипаттайды, олар:

Label1: TLabel; - белгі компоненті;

Button1: TButton; - батырма компоненті;

Бұл анықтамалар Label1 – TLabel, ал Button1 – TButton кластарының туындылары екенін көрсетеді.



TForm1.Button1Click процедурасының атынан кейін жақшада нақты параметрі ретінде (Sender: TObject); тұрады. Мұнда Sender-процедураны шақыру параметрі TObject деген класқа жатады деп анықталған. Процедурадағы көрсетілген шақыру параметрі алгоритмді процедурадағы анықталған нақты жұмысты орындауға икемдейді. Осы параметр арқылы Button1Click процедурасы OnClick оқиғасын қай компонент құрғанын анықтай алады. Процедураның тақырыбы “; “ таңбасымен аяқталады.

Процедура тақырыбынан кейін тұрған Beginend; қатарлары процедураның денесі деп аталады. Енді Begin мен end аралығында Button1 басқармасын басқандағы орындалатын операторлардың жиынтығын жазуға болады. Операторлар бір-бірінен “; “ таңбасымен ажыратылады.

Жоғарыдағы формаға орналастырылған Button1-компоненттің атын Label1 сияқты бірден Объектілер бақылаушы терезесінен өзгертуге болады.

Сонымен бірге, осы әрекеттерді динамикалық түрде, яғни бағдарламаның кодын өзгерту арқылы орындауға болады.

Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Жалпы дәлірек айтсақ, компонент алдын ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.

Бұл тарауда Delphi ортасының компоненттерімен танысайық. Delphi ортасының құрамына 200-дей компоненттер кіреді.

Кез келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіреді:


  • Тақырыбы;

  • Интерфейстік бөлігі;

  • Орындалатын бөлігі;

  • Терминатор.

Модуль тақырыбы Unit арнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы және үтірлі нүкте тұрады. Интерфейстік бөлігі Interface түйінді сөзімен, ал орындалатын бөлігі Implementation-мен басталады. Модульдің терминаторы бағдарламаның терминаторы сияқты – нүктелі End.

Интерфейстік бөлігінде аталмыш модульді қолданылатын және оның аты Uses тізімінде көрсетілген барлық модульдер мен бағдарламаларға қол жетерлік мүмкіндігін туғызатын идентификаторлардың анықтамасы орналасады. Сонымен қатар, бұл бөлігінде ортақ тұрақтылар, түрлер, айнымалылар және ішкі бағдарламалар жарияланады. Бұл бөлікте ішкі бағдарламалардың тек қана көрсетіледі.

Модульдің атауы – оны басқа модульдермен және негізгі бағдарламамен байланыстыру үшін қолданылады. Модульдің интерфейстік объектілеріне қол жеткізу үшін бағдарламада қажетті TPU (машина тіліне аударылған) файлдың атын көрсету керек.
1.2. Паскаль тілінде өрнектер мен математикалық амалдарды

программалау тәсілдері

Амалдар негізінен математикада формуламен сипатталады, ал программада негізгі анықтауыш ретінде қолданылады. Амалдар өрнектер мен операндтардан тұрады. Операндтардың санының көптігінен өрнектер унарлы және бинарлы болып екіге бөлінеді. Унарлы өрнектер тек бір ғана операндқа ие.



Мысалы :


Амалдар

Жауабы

-5

-5

-(-7)

7

жалған

Ақиқат

Өрнектер тұрақтылардан,айнымалылардан,стандартты функциялардан тұрады.Амалдар(арифметикалық,логикалық,символдық т.б) жай жақшалар көмегімен құрылады.Амалдарда орындалатын шамаларды операндалар деп атайды.



Арнайы символдар:

+ қосу {} фигуралы жақшалар

- алу . нүкте

* көбейту , үтір

/ бөлу : қос нүкте

= тең ; нүктелі үтір

> үлкен $ доллар белгісі

< кіші

[ ] квадрат жақшалар

( ) жай жақшалар

Программалау тілдерінде бөлінбейтін тұтас таңбалар тізбегі сөз құрайды.



Көмекші сөздер-алдын ала мағынасы анықталған, тілдің құрамының бір бөлігі болып табылатын сөздер.

Әдетте программа белгілі бір объектілермен (тұрақтылар,айнымалылар, функциялар,өрнектер т.б.) әрекет етеді. Программада осы объектілердің әрқайсысы жеке сөздермен белгіленеді,олардың рөлін айнымалылар атқарады.



Айнымалылар дегеніміз-объектілердің аттары.

Стандартты айнымалылар тілдің құрамына кіретін тұрақтылармен айнымалылардың типтерін,тұрақты және айнымалы шамаларды,процедуралар мен функцияларды белгілеу үшін тағайындалады.

Қолданушының айнымалысы белгілі бір ережелерге сүйене отырып,программа жазу барысында құрастырылады.

Айнымалыны құрастыру ережелері:

1.Айнымалыларды құрастыруға үлкен,кіші латын әріптері,цифрлар және төменгі сызықша( _ )пайдаланылады (A,b.x1,y1,AZ_1,…)

2.Айнымалыларда тек қана әріптер немесе төменгі сызықша қолданылады.Бұл ереже таңбалық айнымалыларға қолданылмайды.

3.Екі айнымалының арасына ең болмағанда бір үзіліс қойылады.(Үзіліссіз жазылған айнымалылар бір айнымалы болып есептеледі).

4.Жалпы айнымалылар ұзындығы 127 таңбадан аспауы керек. Айнымалылар бір-бірінен алғашқы сегіз таңба арқылы ажыратылады.

Тұрақтылар мен айнымалылар

Программада өңделетін мәліметтер белгілі бір объектілердің мәндері ретінде қарастырылады,олар тұрақты немесе айнымалы шама болып келеді.



Тұрақтылар дегеніміз-мәндері алдын ала белгілі және программманың орындалу барысында өзгермейтін шамалар.Тұрақтылар үшін Const қызметші сөзі қолданылады.

Жазылуы: Const<тұрақтының аты>=<тұрақтының мәні>;

Мысал: Const m=10; n=20;

P=’мектеп’;

Кейбір тұрақтылар тілдің құрамына енгенде алдын ала анықтауды қажет етпейді.

Мысал: P1 мәні 3.14…,Maxint мәні 32767 т.с.с

Айнымалылар дегеніміз- программаның орындалу барысында мәндерін өзгертуге болатын шамалар.

Айнымалылардың кезекті мәндері компьютер жадында оларға жаңа мән бергенше ғана сақталады.

Тұрақтылар мен айнымалылар Паскаль тіліне негізделген мәліметтердің бір типіне жатуы тиіс.Тұрақтылардың типтері олардың берілуіне байланысты және олар өздігінен анықталады.

Жазылуы: Var <айымалы,…>:<тип айнымалысы >;…

Тип ұғымы

Амалдар мен өрнектерді қарастыру барысыеда тип ұғымы қолданылады.

Программалау тілдерінде ең бір негізгі де маңызды ұғымдардың біріне тип ұғымы жатады.Паскальда программаны құру жолдарын жеңілдету және көрнекілігін арттыру мақсатымен өңделетін мәліметтерді белгілі бір жүйеде жинақтап,тұтасымен қарастыру жолдары ойластырылған.Осындай күрделі мәліметтің типі сол жүйеге кіретін элементтердің қабылдайтын мәндерінің түрін және жинақтау тәсілін көрсетеді де жүйелі тип құрайды.Егер мәліметтер жеке дара қарастырылса,онда олар жай типті мәліметтерге жатады.Сонымен Паскальда қолданылатын типтерді екі топқа бөлуге болады: жай(негізгі) және жүйелі (күрделі).Жай тип стандартты және жасанды болып бөлінеді. Стандартты жай типтерге : бүтін(integer), нақты(real), байттық(byte), логикалық(boolean), символдық (char) типтер жатады.

Жай типтердің real және integer -ден өзгелері реттік (шектелген) тип деп аталады.Реттік типті шамалардың қабылдай алатын мәндерінің саны шектелген болады.

Мысалы,логикалық типті шамалар екі мәннің (0,1) бірін,байттық типті шамалар 256 мәннің (0-255) бірін қабылдай алады.



1-сурет

Стандартты жай типтер
Стандартты жай типтерге бүтін,байттық,нақты,символдық және логикалық типтер жатады.

Бүтін типпен сипаттау үшін integer қызметші сөзі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет