Пайдаланған әдебиеттер.
-
Ү. Мусин. “Қазақстан тарихы”
-
К. Аманжолов “Қазақстан тарихы” Дәрістер курсы I-II.
-
ҚАзақстан тарих очерктері.
-
Қазақстан тарих 1-2 том.
-
Көне заманнан бүгінге дейін.Бес томдық.
Лекция мақсаты: Қазақстанның Жаңа экономикалық саясатқа көшуі және Азық –түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру, 1921-1922 жылдардағы аштыққа қарсы күрес, сонымен бірге Орта Азия ұлтының территориялық межелеу, Қазақ жерлерінің біріктірілуі жайлы лекцияны толығрақ шолу және студент өз білімін жетілдіру болып табылады.
Лекция мәтіні:
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, эканомикалық және әлеуметтік- саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстарғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтардың мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.
1920 ж аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары 50,3, орыстары- 31,1, украиндары- 14,4 , пайыз халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып қайта жырту жүйесі, мал шаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шарушылық басым болатын. Егістік көлемі азамат соғысы жылдарында едәір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды.
Қазақстанның өнеркәсібі құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шарушылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді. Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты эканомикалық бірнеше меншік түрі: патриархалдық, ұсақ шаруалық, капиталистік жеке меншік, мемлекеттік- капиталистік және социолистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың эканомикадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан эканомикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.
Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын тудырды. әсіресе ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік көп және қатал әдістермен жиналды.
Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни “әскери коммунизм” саясатынан бас тартуға, жаңа эканомикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр болды.
Қазақстанда жаңа эканомикалық саясатты (НЭП- ті) іске асыру 1921 ж Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық – түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 ж Жетісуі және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 ж салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн. пұттан асқан жоқ. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Алайда, жаңа эканомикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтарда кездесті. Атап айтқанда, 1921 ж жазда Еділ өзенінің бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Бөкей, Ақтөбе, және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Осы қиын қыстау кезіңде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті.
20- жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды ролі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.
1921 ж ақпан айында жер-су реформалары Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су ревормаларын жүзеге асыру бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Қосшы одақтарын құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж.Бөрібаев, О.Жандосов, А.Розыбакиев, т.б. қоғам қайраткерлері көрнекті қызмет атқарды. 1921 ж наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді. Қазақстан еңбекшілерінің халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында бірқатар табыстарға қолдары жетті. 1925 ж аяғында републикада өнеркәсіп өнімін өндіру едәуір өсті.
Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды роль атқарды. 1925-1926 ж шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың , ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.
Республикада өнеркәсіпті қалпына келтіру 1927 жылға дейін созылып, екі жылға кешігіп аяқталды.
Ауыл шаруашылығында жағдай да өте күрелі болды. Ауыл- селолардағы әміршіл-әкімшіл жолмен жүргізілген жер-су реформасы, шаруаларға жерлерді қайта бөліп беру қазақ қоғамының әлеуметтік эканомикалық өзгерістеріне әсерін тигізді.
Қазақстанда жаңа эканомикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің ролі күшейді. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 ж уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болы өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа эканомиклық саясаттың мәнін түсынбеді, бұрынғысынша “әскери коммунизм” әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестердің құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсне қатысқан Қазақ АКСР Орталық Комитеттің тұңғыш төрағасы С.Меңдешев, орынбасары Ә.Жанкелдин, ішкі істер халық комиссары Ә.Әйтиев және және басқалар Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді. 1921ж 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші Съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғшқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. 1922 ж Кеңестер сайлуы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында облыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін, депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. КАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 ж Ә.Жангелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 1922 ж 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкіл одақтық бірінші съезі Кеңестердің Социлолистік Республикалар одағы құрылғанын жариялады. Басқада автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-де Кеңестік Ресей федерациясы құрамында Одаққа кірді. Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межелуі нәтижесінде Түркістан АКСР-нің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-не қарайтын болды. Соның нәтижесінде 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы-1млн. 468 714 адамға өсіп 5230 мыңға жетті. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жерімен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және эканомикалық маңызы болды. 1925 ж сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің бесінші съезі өтті. Ол “Ауылға , қыстаққа және деревнияға бет бұрайық” деген ұран негізінде жұмыс істеп, шаруаларды жерге орналастыру жұмыстарының жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктерді қолдау мәселелерін талқылады.
1925 ж ревпубликаның коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді. Жастардың көптеген танымал басшылары шықты.олардың аасында С.Жақыпов, Қ.Әміров, С. Нұрпейісов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәжібеков, А. Шымболатов және т.б. бар еді.
1928 ж Қазақстанда жаңа әкімшілік-територияларға бөлу іске асырылды. 1929 ж әкімшілік-териториялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан Сібір теміржолының құрылысының бітуі мен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының орталығы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді. Сонымен бірге 20- шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеялогиясы неізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді.
Бақылау сұрақтары:
-
Жаңа Экономикалық саясатқа көшудегі мәні қандай сипатта еді?
-
Қазақстанда жаңа әкімшілік-територияларға бөлу қай жылы іске асырылды?
-
Ауыл шаруашылығының жағдайы қандай болды?
-
1921-1922 ж аштыққа қарсы күрестің тарихи сипаты қандай?.
14-лекция
Тақырыбы: Қазақ АКСР-нің Одақтас Республика болып құрылды .Сталиндік қуғын-сүргін.
Жоспары:
-
Қазақ АКСР-нің Одақтас Республика болып құрылуы.
-
Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі . Жаппай қуғын-сүргінің басталуы .
-
Қазақстан лагерлер жүйесі . Ел мен халық трагедиясының тағлымы.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Ч. Мусин. Қазақстан тарихы.
-
К. Аманжолов . Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы.ІІ
-
Қазақстан тарихы очерктері.
-
Қазақстан тарихы. ІІ – ІІІ том
-
Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық .
Лекция мақсаты: Қазақ АКСР-нің Одақтас Республика болып құрылуы, Сталиндік қуғын-сүргін, Қазақстан лагерлер жүйесі және Ел мен халық трагедиясының тағлымы қарастырылып өтілген. Сол жылғы Қазақстанның саяси - әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, оның одақтас республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социалисттік Республикасының Қабылдауына әкеп соқтырғаны және ол Қазақстанға үлкен роль атқаратыны жайлы шолып өткелі отырмыз.
Лекция мәтіні:
1936 жылы желтоқсанда қабылданған кеңестері Одағының жаңа Конституциясы КСРО – ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардың құрылуын заң жүзінде іске асырды. Осы уақытқа дейін Одақтың құрамында жеті республика болып келсе, енді олардың саны он бірге жеткізілді. Завкавказы Федерациясын таратылып, оған қарап келген Әзірбайжан, Армян, Грузин республикалары енді Одаққа тікелей қарайтын болды. Қазақ, Қырғыз Автономиялық республикалары да Одақтас республикаларға айналды.
Қазақстанның саяси – әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, оның Одақтас Республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социолистік Республикасының Конституциясын қабылдауды қажет етті. Осыған орай Орталық Атқару Комитеті құрған Конституциялық комиссия жасаған Конституциялық Заң жобасы 1937 жылы 9 ақпанда Республика еңбекшілерінің талқылауына ұсынды. Баспасөз бетінде, ұжымдарда кеңінен талқыланған Конституция жобасын 1937 жылы наурыздың 21 – 26 аралығында болған Қазақстан Кеңестерінің төтенше оныншы съезі қарап бекітті.
Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының социолистік мемлекеті екенін, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары кеңесі құрайтынын, сол арқылы бүкіл биліктің еңбекшілердің өз қолдарына топтастырылатыны атап көрсетілді. Республиканың экономикалық негізін шаруашылықтың социолистік системасы және мемлекеттік, сондай – ақ мемлекеттік – коорперативтік меншіктен тұратын социолистік меншік құрайтынын жариялады. Республикадағы ең жоғарғы мемлекеттік орган төрт жылға тікелей сайланатын ҚКСР Жоғарғы Кеңесі деп көрсетілді. Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын және Үкіметті – Халық Комиссарлар Кеңесін құрады делінді.
Конституция барлық азаматтардың демократиялық құқықтарын, бас бостандығы мен міндеттерін белгілеп, республиканың ұлттық ерекшеліктерін ескерді. Онда Қазақстанның Одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті кіретіні, жерінің тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, Қазақ КСР азаматтарының КСРО азаматы болып танылатыны туралы айтылды. Конституцияда тұрғылықты халықтың өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде мектеп, мәдени ошақтар мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетілді. Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ерекшелердің бұрмалануы, демократияны бұзушылық пен заңсыздықтың осы жылдары белеу алғаны қазіргі күндерде белеу алып отыр. Жариялылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты, қалпына келтіруге, боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалып жатқан бүгінгі таңда сол жылдардың тарихиндағы ақтаңдақтар қазір жаңа деректермен, мағлұматтармен шыншылдық тұрғысынан көрсетілуде.
30 жылдардың екінші жартысында, дүние жүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл - әкімшіл басқару жүйесі өзінің бостандығы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес қоғамы аса ауыр да , зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шыншылдық жасап жүр деп орынсыз айтып табу, басқа жүгенсіздіктер мен жолсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, Кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937жылы басталды. Бұл жылы “Халық жауы” деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, О.Исаев, Ү.Қылымбетов, С.Меңдешев, Н.Нұрмақанов, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов, С.Есқараев, Т. Жүргенов, ақын-жазушылар С. Сейфуллин, Б.Майлин, І. Жансүгіров, Ғ. Тоқжанов, А.Қоңыратбаев тағы басқа ғылым мен мәдениеттің өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-ң қанды шеңгеліне ілініп, оның 22 мыңы атылып кетті. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел балаларына дейін қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдарғы зобалау қазақ халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.
Сол тұста болмашы жазығы бар, тіпті ешбір жазығы жоқ адамдар да ұсталып жатты. Оған анелдатқа айналып кеткен. Мына бір кішкене суреттемені келтіруге болады.
Бақылау сұрақтары:
-
Қаз АКСР одақтас Республика болып қай жылы құрылды?
-
Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі және елдегі жаппай қуғын- сүргіннің маңызы қандай еді?
-
Қазақсатндағы лагерьлер жүйесі қандай сипатта болды ?
15-лекция

Бақылау сұрақтары :
-
Кеңестер Одағының Конституциясы қашан қабылданды?
-
Конституция бойынша азаматтардың құқығы қандай болды?
-
Қазақстанның саяси – әлеуметтік өміріндегі өзгерістер қандай болды?
16-лекция
Тақырыбы: Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылыс.
Жоспары:
-
АССР-ның тұңғыш Конституциясының қабылдануы оның негізгі принциптері.
-
Қазақстан мен Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу, біртұтас Қазақстан атырабының қалыптасуы.
-
«Кіші Қазан» идеясы және оның зарбаптары.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.
4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Лекция мақсаты: Өлкедегі Кеңестік мемлекеттік құрылыс тақырыбына лекцияның мәтінін шоли отырып Қаз АССР –ның тұңғыш Конституциясының қабылдануы оның принциптері және Қазақстан мен Орта Азия ұлттық – мемлекеттік межелеу, біртұтас Қазақстанның атырабының қалыптасуы сонымен қатар « Кіші Қазан» идеясының мен зардаптары жайлы қарастырып өтеміз.
Лекция мәтіні:
ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жангелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты, 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарында қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттық-мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші сьезі Кеңестердің Социалистік Республикалар сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.
Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтежесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды. Соның нәтежесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы-1 млн 468 724 адамға өсіп 5230 мыңға жетті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылорда (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызды болды. Атап айтқанда, өлкенің өндіргіш күштерінің дамуына қолайлы жағдай жасады.
1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің бесінші сьезі өтті. Ол «Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрайық» деген ұран негізінде жұмыс істеп, шаруаларды жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығауту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады. Сьезде халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп-қазақ халқы, ал республиканы-Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. Сол жылы кеңестер саулауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды. Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жалдамалы жұмысшылар-6,1 пайыз, кедейлер-70,9, орта шаруа-18,8, қызметшілер-4 пайызын қамтыды.
Сонымен бірге 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюынмен байланысты еді.Елдегі орын алған экономикалық саястың тоқталуымен байланысты одан ары тереңдей түсті. Республикада «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі жұмыс тәсілдері қайтадан жанданды. Халықтың өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократтық тәсіл іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/ П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф. И. Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж желтоқсанында өткен өлкелік парти комитетінің бесінші конференциясында «Ауылды кеңестендіру туралы» шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада «Кіші қазан» революциясын өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұщыратты.
Достарыңызбен бөлісу: |