Түсінік хат
Факультатив курсының тақырыбы: «Көркем жазу»
Жүргізу формасы: танымдық сабақ,аралас сабақ , жарыс, дәстүрлі .
Үйірме курсын аяқтау: жаттығу
Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат.
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық,қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
Әріп таңбаларын әдемі,көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді.Таза,әдемі,дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп,жауапкершілікке,ұқыптылыққа үйретеді.Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу үйірме курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.
Ол үшін алдымен оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін таңбаларды таңдап алынады. Буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек сызық, жанастыру арқылы) тәртібі қатаң сақталады.
Бұл үйірме Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы мен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы №500 бұйрығына негізделген.
Мақсаты:
Оқушылардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту,орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу,әріптік,буындық,сөздік,сәйлем,шағын мәтін т.б./арқылы сауатты жазуға үйрету.
Міндеттері:
-бас және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру;
-әріптерді бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;
-сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
-эстетикалық талғамға сай жазу әрекетін игеру арқылы каллиграфиялық көркем жазуын қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |