Шерхан Мұртаза.
Шерхан Мұртаза –қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер. Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990–2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген.
«Кілт – кітаптың аты», - дейді Шерхан Мұртаза. Ол өзіне қойылған сұраққа осылай жауап қайтады. Жазушының шығармашылық процессінің ең бірінші қадамы шығарманың аты. Атын тапқаннан кейіп барып, ар жағындағы идеяға мән береді, өзін толғандырып жүрген мәселе, соның төңірегіндегі өрбіп жүрген идеяларды қарастырады. Осы бір сәт жайлы жазушы мынандай аналогия келтір кетед: «Бір теректің басына бір құс ұя салса, сол ұяға айналып, құстардың қона беретіні сияқты, ойлар келе береді өзі, арғы жағынан, оқиғалар»,- деп суреттейді. Жазушы шығармасына күндіз сағатына 1-2 сағаттан отырып жазатында айта кетеді.
Сәкен Жүнісов.
Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. "Ақан сері" дилогиясы, "Жапандағы жалғыз үй", "Заманай мен Аманай" романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды.
Бүгінгі студенттік жұмыстың жазылу барысына арқау болған еңбектің бірі «Көркемдік құпиясында» Сәкеннің «Ақан Сері романы қалай жазылды?» деген Халық кеңесінде 1993 жылы жария болған сұхбаты орын алған. Бұл сұхбатында жазушының шығарма барысындағы ойы мен процессі жайлы Сәкеннің жауаптары қамтылған.
«Ақан сері» романы ол ең алдымен тарихи шығарма. Ал тарихи шығарма жазарда жазушы ең алдымен ел аралап, тарихи деректер мен архивтерге көз жүгіртеді. Осы жайлы Сәкен дерек көздерін қайдан алғанын, іздегені жайлы сөз қозғайды. 1963 жылы Ақанның шыққан өлеңдер жинағын іздеген. Содан кейін, Омбыға қатысты архив деректеріндегі орыс зерттеушілерінің еңбектерін алып қарастырып, өзі айтқандай деректерді сөйлетеді. Лобановка деген жерде тұратын Сыздық қарияның қолынан Ақанның домбырасын алып, Құсақ көліне барып, құлазып, жағалауында тұрды. Ақан жайлы ең бірінші мақала жазған – Мағжан Жұмабаевтың да дерегі тыс қалмады.
Жазушы тек архивтердегі деректерді қараумен ғана шектелмеген. Ол Ақанды көрген ұрпақтарына барып үлкен жұмыс атқарады. Ең алдымен, жазушы «Үш тоты құс» деп Ақан ат қойған тотының бірі Майқақ төренің Үрім деген қызына 84 жасында жолығады. Содан кейін, Ақтотының ұлы Жайлау деген кісімен сөйлеседі. Осылайша Ақан ғашық болған сұлу Ақтоты ғашығының «Ақан жанға жара салғанмен, тәнге жара салған жоқ» дейтін сөзін тірілтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |