Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.
Факультеті:Филология
Тобы:Б тобы
БӨЖ
Тақырыбы: Сопылық ілімнің қалыптасуы
Қабылдаған: Бейсенов Айбек
Орындаған: Смайл Арай
Түркістан – 2023
Мазмұны.
I Кіріспе....................................................................................................
II Негізгі бөлім.........................................................................................
1. Сопылық ілімі және оның ерекшеліктері
2. Тасаууф ілімі
III Қорытынды........................................................……………………………….
IVПайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................…
Кіріспе
Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (араб.: خلف=اء الراش=دون) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» (араб.: =العه==د الأم==وي) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі (араб.: =العهد العّباسي) сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылымдар мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы баталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.
Теологтардың пайымдауынша, сопылық - не нәрсені де «әділдік», «ұят» және «сұлулық» өлшемімен бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық – этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс, Құран-хадисті ең жоғары дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім - тасаууф. Ол тәңіртануды, адамзаттың этика – эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасып, танылған.
Достарыңызбен бөлісу: |