Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Дата26.06.2016
өлшемі111.91 Kb.
#158907


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Метеорология және гидрология кафедрасы





Факультетінің

Ғылыми Кеңесінің отырысында

бекітілген

Хаттама №____«____»_______2012 ж.


«6М061000-Гидрология»

мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама 6М061000-Гидрология мамандығы бойынша тәжірибелік білім беру бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Бағдарламаны г.ғ.д. профессор Р.И. Гальперин, г.ғ.д. профессор С.К. Давлетгалиев, г.ғ.д. профессор М.Х. Сарсенбаев, г.ғ.к. доцент Р.Г. Абдрахимов, г.ғ.к. доцент Л.П. Мазур және г.ғ.к. доцент Л.Ю. Чигринец құрастырған, оқытушы Жанабаева Ж.А.

Бағдарлама метеорология және гидрология кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама № 9 17 сәуір 2012 ж.


Кафедра меңгерушісі____________________Джусупбеков Д.К.

География және табиғатты пайдалану факультетінің әдістемелік бюросының мәжілісінде қарастырылды.

Хаттама № 8 19 сәуір 2012 ж.
Әдістемелік бюроның төрайымы____________________Дүйсебаева Г.Ж.

Ғылыми Кеңес мәжілісінде бекітілді

Хаттама № 10 29 мамыр 2012 ж.
Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы_______________________Сальников В.Г.


Ғылыми хатшы_________________________Баяндинова С.М.

МАЗМҰНЫ
1. Оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері:
- гидрология ғылымы мен педагогикалық қызмет бағытында магистранттардың жеке теориялық және практикалық дайындығын тереңдету;

- гидрологияның өзекті мәселелер және олардың шешімін табу жолдары жөнінде магистранттардың түсінігін кеңейту;

- магистранттардың әлемнің ғылыми көрінісінің біртұтастығын қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды және тиянақты білімді алу.

- ғылымдардың түйісінде магистранттың дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік беретін және дамышу әлемде кәсіби жинақтылығына кепіл болатын іргелі білімді алу;

- білім алушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту, белсенді өмір барысында жаңа білімді қабылдаудың жеке шығармашылық дағдыларды мен талаптарын тудыру;

- азаматтық көзқарасы қалыптасқан, қазіргі ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдай және шешуге қабілетті, жоғарғы оқу орындарында білім бере алатын, зерттеу және басқару қызметін сәтті іске асыра алатын жалпы және кәсіби мәдениеті жоғары дәрежелі мамандарды дайындау;

- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдысына ие болу.
Қабылдау емтиханының түрі – жазбаша емтихан
2. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

«6М061000 – Гидрология» мамандығы бойынша бітіруші келесі құзыреттерге ие болуы тиіс:

- гидросферада жүретін үдерістердің заңдылықтарын білу;

- гидрологияның өзекті мақсаттарын шешуде ғылымдар түйісінде іргелі білімін қолдана білу;

- тәжірибелік сұрақтарды шығармашылық шешу үшін өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту, белсенді өмір барысында жаңа білімді қабылдаудың жеке шығармашылық дағдыларын білу;

- қазіргі заманғы ГАЖ-технологияларын, негізгі гидрометеорологиялық элементердің статистикалық сипаттамаларын есептеуге арналған стандартты бағдарламаларды білу және меңгеру;

- қысқа және ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар жасаудың жаңашыл әдістерін қолдана білу және қолдана алу;

- табиғи сулардың ластануын бақылау міндеттерін орындау;

- су нысандарына антропогендік ықпалды бағалау жасай алу;

- Қазақстан су нысандарының экологиялық жағдайының нашарлауына бағалау жүргізу;

- гидрометеорологиялық мониторинг жүйесін ұйымдастыру саласында шешімдер қабылдау;

- су нысандарының экологиялық жағдайын болжау және бағалай білу.


3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері:
- құрлық гидрологиясы;

- гидрометрия;

- гидрологиялық есептеулер;

- гидрологиялық болжамдар.


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Құрлық гидрологиясы» пәні
1. Су нысандарының су және жылу теңдестігі. Су теңдестігінің теңдеуі. Су теңдестігінің элементтері. Теңдеу нұсқалары. Жылу теңдестігі теңдеуі. Негізгі элементтерді анықтау формуласы.

2. Көлдер. Көлдердің анықтамасы. Көлдердің түрлері. Көл қазаншұңқырларының құрылымы.

3. Батпақ. Батпақтардың анықтамасы. Батпақтардың түрлері. Батпақтардың рельефі және микрорельефі. Батпақтардың қоректенуі.

4. Мұздықтар және олардың режимі. Мұздықтардың анықтамасы. Мұздықтарды әлемдегі және ТМД таралуы. Мұздықтардың қоректену көздері. Абляция. Заттар теңдестігі.

5. Гидрографиялық желі. Анықтамасы. Гидрографиялық желінің буындары. Арналық желі. Өзен желісі. Өзен желісінің жиілік коэффициенті.

6. Өзен алабы және анықтамасы. Жер беті және жер асты су жинау алабы. Алаптың сандық сипаттамалары. Ағындының зоналдық және азоналдық факторлары.

7. Өзендердің жіктелуі. Жіктелу және аудандастыру. М.И. Львович бойынша өзендерді жіктеу. Б.Д. Зайков бойынша өзендерді жіктеу. Қалыпты және біріктірілген режимді өзендер.

8. Судың молекулалық құрылысының ерекшеліктері. Ауыр су. Әр түрлі фазадағы судың диаграммасы және аномалді жағдайы. Судың тығыздығы және оның температураға, тұздылыққа газдар мен органикалық заттарға тәуелділігі.

9. Топырақ-грунттардағы жер асты сулары. Жер асты және жер үсті суларының байланысы. Су-физикалық тұрақтылық. Жер асты суларының пайда болу гипотезалары.

10. Өзеннің қатты ағындысы. Өлшеу механизмі. Жүзбе тасындылар. Ілікпе тасындылар және олардың тасымалдану сипаты. Өзендер лайлылығының ұзындық және қима бойынша таралуы.

11. Өзендердің қыстық режимі. Қыстық режимнің фазалары. Мұз қабатының қалыптасу түрлері. Су түбіне дейін қататын мұз. Мұз қату және өзендердің ашылуы.

12. Өзен суларының химиялық құрамы. Өзен суындағы негізгі иондар. Өзен топтары мен кластары. Өзен суларының химиялық құрамының географиялық заңдылықтары.

13. Арналық үдерістер. Меандр үдеріс бар және жоқ өзендердегі арналық үдерістер типтерінің сипаттамасы. Үдерістер типінің жеке сипаттау
«Гидрометрия» пәні
1. Гидрометия пәні және негізгі міндеттері. ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі принциптері. ТМД елдерінде гидрометриялық қызмет. Гидрометриялық мәліметтердің негізгі басылымдары.

2. Деңгейлік режимді оқу. Су өлшеу байқауларының мақсаттары мен міндеттері. Су өлшеу бекетіндегі белгілер және есеп жүйесі. Су деңгейін өздігінен жазушы су өлшеуіш бекеттер.

3. Тереңдік өлшемдері. Тереңдік өлшемдерінің мәні және мақсаты. Тереңдік өлшеудің әдістері және аспаптары. Өзеннің көлденең және бойлық қималарын тұрғызу.

4. Су ағысының жылдамдығын өлшеу. Ағыс жылдамдығының ағынның тереңдігі мен ені бойынша таралуы. Ағыс жылдамдығын өлшеу әдістері және аспаптары.

5. Гидрометриялық зырылдауықтар. Ағыс жылдамдығын гидрометриялық зырылдауықтармен өлшеу қателігі.

6. Су өтімдерін өлшеу. Су өтімін анықтаудың мақсаттары мен міндеттері. Су өтімі үлгісі. Су өтімін анықтау әдістері.

7. Су өтімдерін гидрометриялық зырылдауықтармен өлшеу. Зырылдауықтармен өлшенген су өтімдерін әртүрлі әдістермен анықтау. Су өтімін беттік қалытқылармен өлшеу және оны өңдеу.

8. Су өтімі және су деңгейі арасындағы байланыс және орташа тәуліктік су өтімдерін есептеу. Су өтімі қисығын тұрғызу. Су өтімі, аудан және жылдамдық қисықтарының қасиеттері. Су өтімі және су деңгейі арасындағы байланыстың бұзылуы және оны туғызатын себептер.

9. Қысқы мерзімде, арнаны шөп басқан, арнаның деформациясы және ауыспалы тіреуіш кезінде орташа тәуліктік су өтімдерін есептеу.

10. Тасындылар ағындысы мен түптік шөгінділерді оқу. Тасындылардың қимыл қима бойынша таралуы. Жүзбе тасындыларды өлшейтін аспаптар. Жүзбе және түптік тасындылар өтімдерін өлшеу. Түптік шөгінділерді сынама алатын аспаптар.

11. Судың химиялық құрамына байқау жүргізу. Байқау бекеттерін таңдау, аспаптар мен құрал-жабдықтар. Далалық және тәжірибелік жағдайда судың химиялық құрамын анықтау. ГЖ және ЖМС судың химиялық құрамы жөнінде мәліметтер.

12. Гидрометрияда аэро әдістерді қолдану. Аэро көзбен шолу байқаулары және тексеру. Ағыстың жылдамдығы мен бағытын өлшеу. Су өтімін аэро әдістермен өлшеу.

13. Су кадастры және суды мемлекеттік есепке алу. Гидрологиялық байқауларды тексеру және метеорологиялық қамтамассыз ету.
«Гидрологиялық есептеулер» пәні
1. Өзен ағындысының физикалық-географиялық факторлары. Гидрологиялық мәліметтерді генетикалық талдау. Гидрологиялық сипаттамаларды талдаудың ықтималдық-статистикалық әдістері.

2. Гидрологиялық бақылау мәліметтері бар болған жағдайда жылдық ағынды нормасын есептеу. Ағындының айырым интеграл қисығын тұрғызу және талдау. Байқау қатарының репрезентативтілігін бағалау. Ағынды ауытқуының циклі.

3. Бақылау мәліметтері жетіспеген жағдайда жылдық ағынды нормасын есептеу. Бақылаулар мәліметтері мүлдем болмаған жағдайда жылдық ағынды шамасын анықтау.

4. Есептік қамтамасыздықта су өтімін анықтау. Бақылау мәліметтері бар болған жағдайда орташа жылдық су өтімдерінің қамтамасыздық қисықтарын тұрғызу және оның параметрлерін есептеу.

5. Бақылау мәліметтері жетіспеген және мүлдем болмаған жағдайда жылдық ағындының қамтамасыздық қисығының параметрлерін анықтау.

6. Бақылау мәліметтері бар болған жағдайда ағындының жыл ішіндегі үлестірімін есептеу (В.Г. Андрянов бойынша).

7. Гидрологиялық бақылау мәліметтері жетіспеген немесе мүлдем болмаған жағдайда ағындының жыл ішіндегі үлестірімін анықтау.

8. Бақылау мәліметтері жеткілікті жағдайда ең жоғарғы ағындыны есептеу.

9. Ұзақ мерзімді байқау мәліметтері бар болған жағдайда ең жоғарғы ағындынының қамтамасыздық қисығының параметрлерін анықтау.

10. Су тасқынының ең жоғарғы ағындысы. Жаңбыр тасқындарының ең жоғарғы ағындысын есептеу. Су тасқындары мен су тасу кезінде ағынды гидрографын тұрғызу әдістері.

11. Бақылау мәліметтері болмаған жағдайда ең жоғарғы су өтімдерін есептеу.

12. Бақылаулар мәліметтері жетіспеген немесе мүлдем болмаған жағдайда ең аз ағынды шамасын есептеу.

13. Жүзбе және ілікпе тасындылар ағындысын есептеу. Тасындылар ағындысын анықтайтын факторлар. Есептеу әдістері.
«Гидрологиялық болжамдар» пәні
1. Гидрологиялық болжамдар жөнінде жалпы мәліметтер. Гидрологиялық ақпараттар. Гидрологиялық болжамдар дұрыстығы және әдістердің сапасын бағалау.

2. Болжау әдістерінің сапасы мен қолдану белгілері. Болжамды ұсынудың түрлері мен тәсілдері. Өзен ағындысының қозғалыс заңдылықтары негізінде су деңгейі мен өтімдерін болжау.

3. Сәйкес су деңгейі әдісі бойынша су өтімі мен деңгейін қысқа мерзімді болжау. Үзілген су тасуды ескеру арқылы су өтіміне болжау жасау. Өзен алабындағы су қоры және арна желісіне судың келуі бойынша ағынды болжау.

4. Жазықтық өзендер ағындысын болжау. Тенденция әдісі бойынша су өтімі мен деңгейін болжау. Су тасу және су тасқындарының пайда болу теориясының жалпы сұрақтары. Әрекет етуші ауданның таралу қызметі.

5. Жазықтық өзендер ағындысын ұзақ мерзімді болжау. Су тасу көлемін болжаудың негізгі әдістері. Жекеленген географиялық зоналарда су тасу кезеңінде ағындыны болжаудың негізгі әдістері

6. Ең жоғарғы су өтімін (деңгейі) ұзақ мерзімді болжау. Жазықтық өзендер ең аз ағындысын ұзақ мерзімді болжау.

7. Таулы өзендер ағындысы факторлары және қалыптасу ерекшеліктері. Таулы өзендер ағындысын болжау әдістемесін дайындауға қажетті негізгі факторларды анықтау.

8. Қар қорының сипаттамалары мен маусымдық қар сызығының биіктігін анықтау. Вегетациялық кезең үшін ағындыны болжау. Маусымдық және тоқсандық ағындыны болжау.

9. Жаңбыр тасқындарын болжау. Жаңбыр ағындысы мен тасқындарын болжаудың негіздері. Ағындының келіп жету қисығын анықтау. Жаңбыр тасқындарын қысқа мерзімді болжау.

10. Өзендер мен көлдердің мұздық құбылысын қысқа мерзімді болжау. Өзендер мен көлдердің қату құбылысын қысқа мерзімді болжау. Мұздың пайда болуы уақытын қысқа мерзімді болжаудың физикалық-статистикалық (эмпирикалық) тәуелділіктері.

11. Өзендер, көлдер мен су қоймаларда мұздың қатуын қысқа мерзімді болжау. Мұз қабатының қалыңдығын болжау.

12. Өзендер, көлдер мен су қоймаларда мұздан ашылу үлгісі. Еритін мұз қабатының беріктілік сипаттамаларын есептеу тәртібі. Өзендердің мұздан ашылуын болжау әдістері.

13. Өзендер, көлдер мен су қоймаларда мұздық құбылысын қысқа мерзімді болжау. Өзендердің мұздан ашылуын физикалық-статистикалық тәуелділіктер арқылы болжау. Мұздық құбылыстарды синоптикалық-статистикалық әдістің негізінде ұзақ мерзімді болжау. Өзендерде мұздың қату және ашылуын ұзақ мерзімді болжаудың жетілдірілген әдістері.



5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Чеботорев А.Н. Общая гидрология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1975.

2. Чеботарев А.И. Гидрологический словарь. – Л.: Гидрометеоиздат, 1978.

3. Михайлов В.Н., Добровольский А.Д., Добролюбов С.А. Гидрология. Москва. Высшая школа. 2005 г. 463 стр.

4. Гальперин Р.И., Мазур Л.П., Сарсенбаев М.Х. Лабораторные работы по курсу «Гидрология суши». – Алма-Ата: КазГУ, 1991.

5. Самохин А.А., Соловьева Н.Н., Догановский А.М. Практикум по гидрологии. – Л.: Гидрометеоиздат, 1980

6.Карасев И.Ф., Васильев А.В., Субботина Е.С. Гидрометрия. – Л.: Гидрометеоиздат, 1991.

7.Быков В.Д., Васильев А.В. Гидрометрия. – Л.: Гидрометеоиздат, 1977.

8. Лучшева А.А. Практическая гидрометрия. – Л.: Гидрометеоиздат, 1972, 1983.

9. Мазур Л.П., Чигринец А.Г.,Молдахметов М.М. Выполнение лабораторных работ по дисциплине « Гидрометрия».Алматы «Казак университетi», 2003.

10. Руководство селестоковым станциям и гидрографическим партиям, вып.1.Организация и проведение работ по изучению селей. М.: Гидрометеоиздат,1990.

11. Владимиров А.М. Гидрологические расчеты.-Л.:Гидрометеоиздат, 1990.

12.Горошков И.Ф. Гидрологические расчеты. .-Л.:Гидрометеоиздат,1979.

13.Рождественский А.В., Чеботарев А.И. Статистические методы в гидрологии. -Л.: Гидрометеоиздат, 1974.

14.Давлетгалиев С.К. Методические разработки по выполнению лабораторных работ по курсу "Численные методы в гидрологии" (Анализ однородности гидрологических величин). - Алматы: КазГУ, 1991, 32 с.

15.Давлетгалиев С.К. Кривые распределения стока//Учебное пособие.- Алматы: КазГУ, 1992, 100 с.

16. Болдырев. В.М. Практикум по дисциплине «Гидрологические расчеты». Алматы. Қазақ университеті. Ч.1, 2000.

17. Болдырев. В.М. Практикум по дисциплине «Гидрологические расчеты». Алматы. Қазақ университеті. Ч.2, 2001.

18. Апполов Б.А., Калинин Г.П., Комаров В.Д. Курс гидрологических прогнозов.- Л.: Гидрометеоиздат, 1974, 419 с.

19. Бефани Н.Ф., Калинин Г.П. Упражнения и методические разработки по гидрологическим прогнозам.- Л.: Гидрометеоиздат, 1983, 390 с.

20. Давлетгалиев С.К. Практикум по дисциплине «Гидрологические прогнозы» уч. пособие. – Алматы. “Қазақ университеті”, 2004-102 с.

21. Давлетгалиев С.К. Гидрологические прогнозы часть 1, Алматы Қазақ университеті. 2006 г.

22. Наставления по службе прогнозов, раздел 3, часть 1. Прогнозы режима вод суши.- Л.: Гидрометеоиздат,1962, 193 с.


Қосымша әдебиеттер:
1.Важнов А.Н. Гидрология рек. – М.: МГУ, 1976.

2. Соколов А.А. Гидрография СССР. – Л.: Гидрометеоиздат, 1964.

3. Гальперин Р.И. Методическая разработка по выполнению курсовой работы по гидрологии суши. – Алматы: КазГУ, 1996.

4. Гальперин Р.И. Материалы по гидрографии Казахстана. Части 1, 2, и 3 (Учебное пособие). – Алматы: КазГУ, 1997.

5.Бурлибаев М.Ж., Волчек А.А., Калинин М.Ю. Гидрометрические измерения и гидрогеологические расчеты для водохозяйственных целей. Алматы: Каганат, 2004. – 358 с.

6. Шамов Г.И. Речные наносы. – Л.: Гидрометеоиздат, 1954.

7. Лебедев В.В. Гидрология и гидрометрия в задачах. – Л.: Гидрометеоиздат, 1971.

8. Железняков Г.В., Данилевич Б.Б. Точность гидрологических измерений и расчетов. – Л.: Гидрометеоиздат, 1966.

9. Железняков Г.В. Теоретическая гидрометрия. – Л.: Гидрометеоиздат, 1976.

10. Шелутко В.А. Численные методы в гидрологии. – Л.: гидрометеоиздат, 1991 – 238 с.

11. Рождественский А.В., Чеботарев А.И. Статистические методы в гидрологии.- Л.: Гидрометеоиздат, 1974, 424 с.

12. Давлетгалиев С.К. Анализ однородности гидрологических данных. Учебное пособие. Алматы: КазГУ, 2000.

13. Дәулетқалиев С.К., Молдахметов М.М. Гидрологиялық мәліметтерді математиқалық әдіспен әндену пәні бойынша практикум. Алматы, Қазақ университеті, 2001, 126 б.

14. Давлетгалиев С.К. Математические методы обработки гидрологических данных.-Алматы: КазГУ, 1998, 166с.

15. Бейленсон М.М. Формирование и разрушение ледяного покрова.-Алма-Ата:Наука, 1989.

16. Руководство по гидрологическим прогнозам, вып.1-2-3 - Л.: Гидрометеоиздат,1989.



17. Попов Е.Г. Основы теории и практики гидрологических прогнозов.- Л.: Гидрометеоиздат,1963. 295 с.

18. Ресурсы поверхностных вод СССР, т.т. 12,13,14,15.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет