Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы



Дата23.02.2016
өлшемі74.63 Kb.
#10482
Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" № 176 (28115) 24.07.2013 ж.; "Казахстанская правда" от 24.07.2013 г. № 238 (27512); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 244-құжат;


      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi лицензиар болып белгiленсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 643-құжат);
      2) «Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 310-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң


2013 жылғы 31 қаңтардағы    
№ 77 қаулысымен      
бекiтiлген         

Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi
жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға
сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi




Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) үшiн

1

тиiстi салада кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiмен лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi

лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмiнiң және тиiстi салада кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




2

меншiк құқығында немесе өзге заңды негiзде техникалық-өндiрiстiк базасы (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стендiлiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы)

меншiк құқығында немесе өзге заңды негiзде техникалық-өндiрiстiк базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стендiлiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




3

жобаның мақсаты, өндiрiс өрiстетiлетiн немесе қызметтер көрсетiлетiн аумақ, мәлiмделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық үдерiстiң сипаттамасы көрiнiс тапқан техникалық жоба

жеке тұлға еркiн нысанда бекiткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




заңды тұлғалар үшiн

4

ұйым басшысында жоғары бiлiмiнiң және басшы лауазымында кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болуы

ұйым басшысында жоғары бiлiмiнiң және басшы лауазымында кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




5

штатта тиiстi салада кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiмен лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар мамандардың кемiнде 10% болуы

штатта тиiстi салада кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiмен лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар мамандардың кемiнде 10% болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




6

меншiк құқығында немесе өзге заңды негiзде техникалық-өндiрiстiк база (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стендiлiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы)

меншiк құқығында немесе өзге заңды негiзде техникалық-өндiрiстiк базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стендiлiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




7

жобаның мақсаты, өндiрiс өрiстейтiн немесе қызметтер көрсетiлетiн аумақ, мәлiмделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық үдерiстiң сипаттамасы көрiнiс тапқан техникалық жоба

заңды тұлғаның бiрiншi басшысы еркiн нысанда бекiткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




       * Осы ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны

Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану


саласындағы қызметтi     
жүзеге асыруға қойылатын  
бiлiктiлiк талаптарына   
және оларға сәйкестiктi  
растайтын құжаттар тiзбесiне
қосымша           

Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiне мәлiметтер нысаны

       1. Жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) үшiн:


      1. Лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмiнiң және тиiстi салада кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болуы туралы ақпарат:
      1) мамандығы және бiлiктiлiгi ________________________;
      2) лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi туралы дипломның нөмiрi және берiлген күнi ________________________;
      3) жоғары бiлiмi туралы диплом берген оқу мекемесiнiң атауы __;
      4) жұмыс орны _______________________;
      5) кезеңi, атқаратын лауазымдары ___________________________;
      6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi және/немесе еңбек шартының нөмiрi және күнi
___________________________;
      7) сертификаттың, жеке куәлiктiң, куәлiктiң нөмiрi, берiлген күнi және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ___________________________;
      2. Меншiк құқығында немесе өзге заңды негiзде техникалық-өндiрiстiк базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стендiлiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
      1) техникалық-өндiрiстiк базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүлiктiк жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенiмгерлiк басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмiрi
_________________________;
      2) техникалық-өндiрiстiк базаның немесе үй-жайдың орналасқан жерi _________________________;
      3) шарт жасасқан күн ___________________________;
      4) шарт кiммен жасалды ___________________________;
      5) арнайы зертханалық немесе стендтiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмiрi және күнi ________;
      6) паспорт берген орган _________________________;
      7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
      8) сертификаттың нөмiрi, күнi, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзiмi (болған жағдайда)
___________________________;
      3. Бекiтiлген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
      1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
      2) жобаның негiзгi мақсатының қысқаша мазмұны ________________;
      3) технологиялық процестiң сипаттамасы _______________________;
      4) өндiрiс өрiстетiлетiн немесе қызметтер көрсетiлетiн аумақ
_________________________;
      5) техникалық жобаны кiм бекiткен ____________________________;
      6) техникалық жобаның бекiтiлген күнi ________________________.

       2. Заңды тұлғалар үшiн:


      1. Ұйым басшысында жоғары бiлiмiнiң және басшы лауазымында кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болуы туралы ақпарат:
      1) мамандығы және бiлiктiлiгi ________________________;
      2) жоғары бiлiмi туралы дипломның нөмiрi және берiлген күнi __;
      3) жоғары бiлiмi туралы диплом берген оқу мекемесiнiң атауы
______________________;
      4) жұмыс орны _______________________;
      5) лауазымы ___________________________;
      6) ұйымның орналасқан жерi ___________________________;
      7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi және/немесе еңбек шартының нөмiрi және күнi
___________________________;
      8) сертификаттың, жеке куәлiктiң, куәлiктiң нөмiрi, берiлген күнi және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ___________________________.
      2. Штатта тиiстi салада кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiмен лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар мамандардың кемiнде 10% болуы туралы ақпарат:
      1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бiрлiк)
_______________________;
      2) лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар мамандар саны _______________________;
      3) лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар мамандардың Т.А.Ә., олардың мамандықтары және бiлiктiлiгi ______;
      4) лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар әрбiр маманның жұмыс орны _______________________;
      5) лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар әрбiр маманның лауазымы _______________________;
      6) лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар әрбiр маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмiрi және күнi және/немесе еңбек шартының нөмiрi мен күнi _______________________;
      7) сертификаттың, жеке куәлiктiң, куәлiктiң нөмiрi, берiлген күнi және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiмi бар әрбiр маманның оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) _______________________.
      3. Меншiк құқығында немесе өзге заңды негiзде техникалық-өндiрiстiк базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стендiлiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
      1) техникалық-өндiрiстiк базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүлiктiк жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенiмгерлiк басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмiрi
_________________________;
      2) техникалық-өндiрiстiк базаның немесе үй-жайдың орналасқан жерi _________________________;
      3) шарт жасасқан күн ___________________________;
      4) шарт кiммен жасалды ___________________________;
      5) арнайы зертханалық немесе стендтiк немесе өндiрiстiк немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегiш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмiрi және күнi __________;
      6) паспорт берген орган _________________________;
      7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
      8) сертификаттың нөмiрi, күнi, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзiмi (болған жағдайда)
___________________________.
      4. Бекiтiлген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
      1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
      2) жобаның негiзгi мақсатының қысқаша мазмұны ________________;
      3) технологиялық процестiң сипаттамасы _____________________;
      4) өндiрiс өрiстетiлетiн немесе қызметтер көрсетiлетiн аумақ
_________________________;
      5) техникалық жобаны кiм бекiткен ___________________________;
      6) техникалық жобаның бекiтiлген күнi ________________________.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет