Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары Жалпы ережелер



Дата15.06.2016
өлшемі246.5 Kb.
#137174


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы «___»________

№ ______ бұйрығымен

бекітілген


Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары



1. Жалпы ережелер




1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – осы Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиациялық жұмыстарға рұқсат беру тәртібін айқындайды.


2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік (бұдан әрі – куәлік) – авиациялық жұмыстарға рұқсат беруді куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен берілген құжат;



2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) өтінім – өтініш берушінің авиациялық жұмыстарға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жазбаша өтініші;

4) өтініш беруші – авиациялық жұмыстарға рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

5) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;


6) сертификаттық талаптар – «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) бекітілген, әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстары жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптар.

3. Авиациялық жұмыстарға рұқсат беру пайдаланушы сертификаттау талаптарына сай болған жағдайда уәкілетті органмен жүзеге асырылады және осы Қағидалардың 5-қосымшасының нысанына сәйкес пайдаланушыға авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті берумен ресімделеді.

4. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1) өтініш берушінің уәкілетті органға өтінімді құжаттармен қоса беруі;

2) құжаттаманы бағалау мен шешім қабылдау;

3) уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;

4) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру (беруден бас тарту).

5. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімнің жалпы қарау мерзімі өтініш берушінің оны берген сәтінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауы тиіс.

6. Бастапқы және кезекті сертификаттау кезінде жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушыларын қоспағанда, олар үшін куәлік мерзімсіз болып табылатын авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік үш жыл мерзімге беріледі.

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік басқа тұлғаға берілуге жатпайды.

7. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған тәртіпте және мөлшерде алым алынады.

8. Пайдаланушы куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді сақтайды.

2. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру тәртібі


1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру

9. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға бастапқы рұқсатты алу үшін, өтініш беруші ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне сәйкес талап етілген құжаттардың топтамасы бар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жүгінеді.

10. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға кезекті рұқсат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға жоғарыда көрсетілген қосымшаларға сәйкес өзгерістер мен жаңартулар орын алған құжаттары бар өтінімді береді.

2-параграф. Құжаттаманы тексеру және шешім қабылдау
11. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті шешім қабылдайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.

12. Өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес мерзімде қайтару себептерін шешу көрсетіліп, өтінім мен құжаттар қайтаруға жатады.

13. Өтінім мен құжаттар сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган сертификаттық тексеріп қарауды өткізу үшін комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына функцияларына ұшуды пайдалану, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы, авиациялық қауіпсіздігі және авиациялық персоналға куәліктер беруді ұйымдастыру және медицина бойынша мәселелері жататын мемлекеттік авиация инспекторлары кіреді.


3-параграф. Сертификаттық тексеру

14. Комиссия сертификаттық тексеру кезінде мыналарға:

1) куәлік берер алдында, сертификаттау рәсімдеріне жататын азаматтық авиация ұйымдарына қолданылатын сертификаттау рәсімдерінің талаптарына сәйкестігіне;

2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен түзету іс-қимылдарының жоспарын орындауын (қолдануын) тексеруді жүзеге асырады.

15. Сертификаттық тексеру мемлекеттік авиация инспекторлары үшін сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген нұсқаушы материалды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

16. Ұшуды және жердегі қызметтерді тексеріп қарау қойылған міндеттерді шешу үшін авиация персоналының, жердегі құралдардың және жабдықтардың әзірлік дәрежесінің сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиісінше жабдықталғаны және олардың тікелей мақсаты бойынша пайдаланылуы тексеріліп, расталады.

17. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, ұсынымдары және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкіндігі жоқ) туралы қорытындылары көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша сертификаттық тексеру актісі екі данада жасалады. Актіге Комиссияның мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.

18. Сертификаттық тексеруді жүргізу кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші актіге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекіту үшін оларды жою жөніндегі түзету әрекеттерінің жоспарын ұсынады.

Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін өтінім беруші уәкілетті органға тексеру үшін растаушы құжаттаманы қоса бере отырып, жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету әрекеттерінің орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.

19. Пайдаланушы сертификаттау талаптарына сәйкес болған жағдайда, уәкілетті орган пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.


4-параграф. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру,
(рұқсат беруден бас тарту)

20. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру үшін негіз пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі болып табылады. Уәкілетті орган пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті және онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін ресімдеуді және беруді жүргізеді.

21. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беруден бас тарту негізі пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі болып табылады, егер де:

1) өтініш берушінің қызметі сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;

2) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге оған тыйым салатын сот шешімі болса, пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беруден бас тарту жүргізіледі.

22. Уәкілетті орган пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінім берушіге себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды жібереді.




3. Пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының
қолданылуын тоқтата тұру тәртібі

23. Уәкілетті орган:

1) пайдаланушы сертификаттық талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

2) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;

3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шетел мемлекеттерде, белгіленген бірінші деңгейдегі немесе ұшулардың қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған;

4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда, пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуын тоқтата тұрады.

24. Осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган пайдаланушының анықталған бұзушылықтарды жою сәтіне дейін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуын тоқтата тұрады.

Тексеру нәтижелері туралы актімен танысқан немесе инспекторлық ұйғарым берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде пайдаланушы уәкілетті органға бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету әрекеттерінің жоспарын және бұзушылықтар жойылғаннан кейін жоспармен белгіленген мерзімдерде растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, түзету әрекеттерінің орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.

Егер пайдаланушы жоспармен белгіленген мерзімде пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуын тоқтата тұруға әкелген бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті орган пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттаманы қайтарып алады. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттаманы қайтарып алу кезінде пайдаланушы уәкілетті органға авиациялық жұмыстарды орындауға куәліктің түпнұсқасын дереу қайтарады.

25. Пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданысын қалпына келтіру немесе қалпына келтіруден бас тарту жөніндегі шешімді уәкілетті орган тексеру аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.

26. Пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарылып алынған жағдайда, уәкілетті орган қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде пайдаланушыны және әуе қозғалысына қызмет көрсету органды хабардар етеді.


4. Қорытынды ережелер

27. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке өзгерістер:

1) пайдаланушының өтінімі бойынша;

2) пайдаланушыға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешімі бойынша енгізіледі.

28. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесі, ведомстволық тиесілігі өзгерген жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерге әкелсе, куәлікке және пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер енгізу мерзімі өтінім берілген сәттен бастап он жұмыс күнін құрайды.

29. Пайдаланушы пайдаланған бір үлгідегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттары бар өтінімді уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган өтінім келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күн ішінде:

1) ұсынылған құжаттарды қарайды;

2) әуе кемесін тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

30. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгідегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттары бар өтінімді уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган өтінім келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күн ішінде:

1) ұсынылған құжаттарды қарайды;

2) енгізілетін өзгерістерге қатысты бөлікте пайдаланушыны тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.


31. Егер:


1) осы сертификаттық талаптарға сәйкессіздікті әкелетін болса;

2) өтініш беруші ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанына сәйкес келмесе;

3) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің сертификаттың пайдалану ерекшеліктеріне енгізілсе, мәлімделген әуе кемесін авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тарту жүргізіледі.


Уәкілетті орган мәлімделген әуе кемесін пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарымен белгіленген мерзімде бас тартудың себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Пайдаланушыны авиациялық

жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына

1-қосымша      
   

Нысан


Уәкілетті орган басшысына
Өтініш берушінің ЖСН/БСН: _______

Өтініш беруші заңды тұлғаның

немесе жеке тұлғаның банктік
деректемелері: __________________

Өтініш беруші – заңды тұлғаның

орналасқан жері (мекенжайы)
немесе өтініш беруші – жеке тұлғаның

тұрғылықты жері: _______________

Байланыс телефондары/факсы/

электрондық поштасының

мекенжайы,
АФТН коды: ________________


Пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға

өтінімі

бастапқы рұқсат беру/кезекті беру


(қажеттінің астын сызу)
1. _____________________________________________________________
     (өтініш берушінің толық атауы)

___________________________ Әуе кемелерінің негізгі орны әуеайлақтарында (алаңында) авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беруді сұраймын.

2. Мәлімделген авиациялық жұмыс түрлері: _________________________

3. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде


ұшу өңірлері: ________________________________________________________

4. Жоспарланған ұшуды бастау күні: _______________________________

5. Басқарушы персонал


Лауазымы

Т.А.Ә.А., туған жылы, телефоны

Тағайындау туралы бұйрық

Білімі

Маманның сертификаттары (куәліктері)















6. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы




Лауазымы

Т.А.Ә.А, туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі (медициналық қорытынды)

Жалпы ұшу

Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру


















7. Инженерлік-техникалық персонал




Лауазымы

Т.А.Ә.А.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі

Жалпы жұмыс өтілі

Жұмыстарды орындауға рұқсат беру


















8. Әуе кемелері




ӘК типі және борттық нөмірі

Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі

Мемлекет, қала және орналасу әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі













    

9. Өтініш беруші:

сертификаттау рәсімдерін орындауға;

сертификаттық талаптарға жауап беруге;

азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді.

     


____________________________________________________________________
        Өтініш беруші (Т.А.Ә.А., қолы)

     М.О. (бар болса)


Пайдаланушыны авиациялық

жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына

2-қосымша



Пайдаланушыға авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға

өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат.

2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

3. Пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушыны нұсқауының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі.

4. Өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмесі.

5. Өтініш берушінің ақпараты, ол мынаны қамтиды:

өтініш беруші қызметінің негізгі орны;

болжамды ұшу түрлері;

ұшу жұмысын ұйымдастыру;

ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;

ұшуды қамтамасыз ету;

ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігі;

техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;

әуе кемелерінің әзірлігі.

6. Ұйымдық басқару құрылымы және лауазымын, Т.А.Ә.А., білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін көрсете отырып, жауапты тұлғалар.

7. Мынадай қызметтер басшыларының немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:

ұшу пайдалану;

ұшу қауіпсіздігі;

ұшуға жарамдылықты қолдау;

сапаны бақылау;

авиациялық қауіпсіздік;

персоналды даярлау;

ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 килограмм және одан кем болатын әуе кемелерінің пайдаланушысы үшін:

ұшу пайдалану;

ұшу қауіпсіздігі;

ұшуға жарамдылықты қолдау;

авиациялық қауіпсіздік.

8. Авиациялық персонал жөніндегі ақпарат.

9. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау.

10. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы.

11. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент).

12. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының қызметкерлерінің алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері.

13. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.

14. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;

15. Жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесі.

16. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың тізбесі.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Пайдаланушыны авиациялық 

жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына

3-қосымша

Нысан


Авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға
өтінім бойынша шешім


20__ ж. «___» __________ № _____

Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алуға


____________________________________________________________________
(өтінім берушінің атауы)

өтінімін қарап, сіздер ұсынған құжаттар Пайдаланушыны авиациялық


жұмыстарға жіберу қағидаларына сәйкес келетінін (сәйкес келмейтінін)
(құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмейтін тармақ/тармақтар
көрсетіледі) хабарлаймыз.

Сертификаттық тексеріп қарауды өткізу туралы хабарлаймыз (сәйкес болған кезде).



МО    Уәкілетті органның,

не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға

  ________________        _________________

                   (Т.А.Ә.А) (қолы)

Пайдаланушыны авиациялық 

жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына

4-қосымша    

    
Нысан


Сертификаттық тексеру актісі


      __________________________ 20__ жылғы «___» _______ № _________
      (уәкілетті органның атауы)
бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:

Төраға:            __________________________________________________


                                   (Т.А.Ә.А., лауазымы)

Комиссия мүшелері: __________________________________________________


                                   (Т.А.Ә.А., лауазымы)
                   __________________________________________________
                                   (Т.А.Ә.А., лауазымы)
                   __________________________________________________
                                    (Т.А.Ә.А., лауазымы)
____________________________________________________ өтініш берушінің
               (заңды тұлғаның атауы)

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарға және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына сәйкестігіне сертификаттау жүргізді.

Қорытынды мәтіні  ___________________________________________________

Төраға:           __________________________________   ______________


                               (Т.А.Ә.А.)                    (қолы)
Комиссия мүшелері __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.А.)                    (қолы)
                  __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.А.)                    (қолы)

Актімен таныстым:

Жауапты тұлға: ________________________   ________________________
                           (Т.А.Ә.А.)                   (қолы)

Пайдаланушыны авиациялық

  жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына

5-қосымша 


       

Нысан


Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік

және пайдалану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_____________________________________________________
Уәкілетті органның атауы

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік
№ KАZ – 02/001


Қолданылу мерзімінің аяқталу күні:

Пайдаланушының атауы
____________________

Пайдаланушының мекенжайы:


Телефоны:
Факс:
E-mail:

Пайдаланушымен жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

Осы куәлік пайдаланушыға _______________________________________


(пайдаланушының атауы)

қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына және ұшуды жүргізу нұсқауына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беретіндігін куәландырады.

Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.

                       (уәкілетті органның атауы)


      МО                                Уәкілетті органның басшысы не

ол уәкілеттік берген адам     

____________ ________________

                                            (қолы)       (Т.А.Ә.А.)

Берілген күні: 20__ ж. «___» ___________


Уәкілетті орган
______________________________________________________________

(пайдаланушының атауы № __куәлігі)




Пайдалану ерекшеліктері

(пайдалану талаптары мен шектеулері)

А бөлігі - Жалпы ережелер


1. Осы пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің 20__ жылғы _____ № _______ бұйрығымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына сәйкес беріледі.

2. Пайдаланушы ұшуды орындауға дайын.

3. Пайдаланушыға мынадай дайындаушылар мен модельдердегі әуе кемелерін авиациялық жұмыстарды орындау үшін пайдалануға рұқсат
беріледі:


Дайындаушылар

Моделі

Ең жоғары жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы

1

2

3









1-бағанда әуе кемесін дайындаушы зауыт көрсетіледі;

2-бағанда әуе кемесінің типі және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі;

3-бағанда – тоннадағы немесе килограммдағы көрсеткіші және жолаушылар орындарының саны көрсетіледі.


_________________________________________    ___________    _________


(уәкілетті органның басшысы,          (қолы)          (Т.А.Ә.А.)
не ол уәкілеттік берген адам)
       МО
Берілген күні 20__ ж. «___» __________

Уәкілетті орган


______________________________________________________________

(пайдаланушының атауы № __куәлігі)




Пайдалану ерекшеліктері

(пайдалану талаптары мен шектеулері)

В бөлігі – Авиациялық жұмыстарды орындау бойынша

рұқсаттар мен шектеулер
Пайдаланушының «_____» әуе кемелері Қазақстан Республикасының
(уағдаласушы мемлекеттер) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері
мен ұшу қағидаларына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға дайын.

Ұшуға:


Қазақстан Республикасы аумағы шегінде

Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде (өңірлер) рұқсат


етілді.


Әуе кемесінің типі

Авиациялық жұмыс түрлері

Ұшу түрлері (ВҰҚ, ВҰАҚ, АҰҚ)

Тәулік уақыты




































_________________________________________    ___________    _________


(уәкілетті органның басшысы          (қолы)          (Т.А.Ә.А)
не ол уәкілеттік берген адам)
       МО
Берілген күні 20__ ж. «___» __________

Пайдаланушыны авиациялық 

жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына

6-қосымша

Нысан

Уәкілетті органның лауазымды тұлғасына



Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану

ерекшеліктеріне өзгерістер мен толықтырулар (дәлелді құжаттамасына

өзгерістер мен (немесе) толықтырулар) енгізуге арналған

өтінім



____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

____________________________________________________________________
(авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктері, дәлелді құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар)

енгізуді сұраймын,

ұшуды бастаудың жоспарланған күні: ___________________________________

____________________________________________________________________

(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған қолданыстағы куәліктің аяқталу мерзімі, сондай-ақ жаңа пайдалану жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні көрсетіледі).

Басшы ___________________________
                              
(лауазымы/қолы/күні)
      М.О. (бар болса)


Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке
өзгерістер енгізуге арналған құжаттар
тізбесі

1. Әуе кемесін авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке енгізу кезінде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім;

2) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) ұшуға жарамдылық сертификатының көшірмесі, радиостанцияға арналған рұқсат (лицензия), әуе кемесі тұрған жердегі шу бойынша сертификат;

4) ұшуға жарамдылықты ұстау туралы мәліметтер;

5) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;

6) ұшу және техникалық құрам туралы мәліметтер;

7) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының қызметкерлерінің алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері;

8) ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.

2. Экипажсыз жалға алынған әуе кемесінің авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлігіне енгізу үшін құжаттар тізбесі.

Өтініш беруші экипажсыз әуе кемесін жалға алған кезде, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:

1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;

2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;

3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;

4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешімнің көшірмесі (басқа мемлекетте тіркелген әуе кемесін жалға алған жағдайда);

5) әуе кемесінің пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі;

6) ұшу орындалатын аудандар.

3. Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

4. Әуе кемелерін пайдалану тоқтатылған жағдайда, пайдаланушы бұл туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді, бұл аталған әуе кемелерін авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктен алып тастауға негіз болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет