Фармакокинетика



бет1/5
Дата22.09.2023
өлшемі135.2 Kb.
#478322
  1   2   3   4   5
БИ фарма з ЭКЗ 2022-23


  1. Дәрілердің сіңуін, таралуын, метаболизмі мен шығуын зерттейтін фармакология тарауының атауын белгілеңіз... Фармакокинетика

  2. Ащы ішектен көптеген дәрілер қандай жолмен сіңетінін белгілеңіз... Жай диффузия

  3. Дәрілік зат жалпы қан айналымына түскен соң дамитын әсердің аталуын белгілеңіз... Резорбтивті

  4. Метаболизмдік трансформацияның үрдістерін белгілеңіз... Тотығу, тотықсыздану, гидролиз

  5. Дәрілік заттар конъюгация арқылы қандай типтік бағытта өзгеретінін белгілеңіз... Фармакологиялық белсенділігі төмендейді

  6. Бауыр микросом ферменттерінің тежегіштеріне не тән екенін белгілеңіз... Дәрілердің әсерін күшейтеді

  7. Дәрінің биотиімділігі дегеніміз не екенін белгілеңіз... Дәрінің қан плазмасында бос түрде айналып жүрген мөлшері

  8. Қан плазмасының шартты көлемінің белгілі бір уақытта дәріден тазару уақытын сипаттайтын терминді белгілеңіз... Клиренс

  9. Қан плазмасында дәрілер мөлшерінің 50%-ке азаю уақытын сипаттайтын терминді белгілеңіз... Жартылай элиминациялау кезеңі

  10. Қандай қосындылар бүйрек өзекшелерінен пассивті реабсорбцияланатынын белгілеңіз... Липофилді

  11. «Фармакодинамика» ұғымын белгілеңіз... Әсер ету механизмі және фармакологиялық әсерлері

  12. Арнамалы рецепторлармен әрекеттескенде биологиялық әсерлерге ұқсас өзгерістер тудыратын дәрілердің аталуын белгілеңіз... Агонистер

  13. Бір дәрінің екінші дәрінің әсерін жоятыны қалай аталатынын белгілеңіз... Антагонизм

  14. Дәріні қайталап қолданғанда әсердің төмендеуінің терминін көрсетіңіз... Үйреніп кетушілік

  15. Организмнің жеке қасиеттеріне байланысты дамитын дәрілердің жағымсыз әсерін белгілеңіз... Таңдамалы емес

  16. Дәріге тәуелділік дегеніміз не... Дәріні қайталап қолдануға құштарлық

  17. Абстиненттік синдромға не тән екенін көрсетіңіз... Дәріні қабылдауды тоқтатқанда психосоматикалық бұзылыстар дамуы

  18. «Тахифилаксия» терминінің анықтамасын белгілеңіз... Дәрілік затқа жылдам үйреніп кету

  19. Организмде дәрілік заттардың жинақталуы терминін көрсетіңіз... Кумуляция

  20. Дәрілік заттың қан плазмасында жинақталуы неге әкелетінін белгілеңіз... Әсерін ұзартады

  21. Дәрілердің ұрыққа теріс әсер етіп, баланың кемтар болып туылуына әкелетін жағымсыз әсерінің терминін белгілеңіз... Тератогендік

  22. Дәрілік заттардың мутагендік әсерін белгілеңіз... Ұрпақтың генотипі өзгерісіне әкелетін, генетикалық аппараттың зақымдануы

  23. Дәрілік өсімдіктердің шикізатынан спирт қосу арқылы алынатын дәрілік түрді белгілеңіз... Тұндырмалар

  24. Фармацевтке нұсқау берілген рецепттің бөлігін белгілеңіз... Prescriptio

  25. Инфильтрациялық анестезияға қолданылатын препаратты белгілеңіз... Тримекаин

  26. Тек беткейлі анестезияға қолданылатын препаратты белгілеңіз... Анестезин

  27. Ұзақ әсер ететін (24 сағатқа дейін) жергілікті анестезиялаушы препаратты белгілеңіз... Бупивакаин

  28. Ең улы болып саналатын жергілікті анестетикті белгілеңіз... Дикаин

  29. Суда нашар еритін жергілікті анестетикті белгілеңіз... Анестезин

  30. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын дәрілік топты белгілеңіз... Адреномиметиктер

  31. Дикаин анестезияның қай түрінде қолданылатынын белгілеңіз: Тек беткейлі (терминалды анестезия)

  32. Адсорбциялаушы дәрілерді белгілеңіз... Тальк, белсендірілген көмір

  33. Белсендірілген көмірдің қолданылуын көрсетіңіз... Энтерит, колит, метеоризм

  34. Бүркеуіш дәрілердің қолданылуын белгілеңіз... Тітіркендіргіш дәрілермен біріктіріп қодануға (мысалы, клизма жасағанда)

  35. Аммиак ерітіндісінің қолданылуын көрсетіңіз... Адам ес-түссіз құлағанда тынысты рефлекторлы қоздыруға және этил спиртімен уланғанда

  36. М-холиномиметиктердің анықтамасын көрсетіңіз... Ацетилхолин тәрізді М-холинорецепторларды тікелей қоздырады

  37. Көздің ішкі қысымын төмендететін дәрілерді белгілеңіз... Пилокарпин, ацеклидин

  38. М-холиномиметиктер мен антихолинэстеразалық дәрілердің қолданылуға болмайтын жерлерін көрсетіңіз... Асқазанның жара ауруларында

  39. Ішек атониясында қолданылатын холиномиметикті белгілеңіз... Прозерин

  40. Глаукомада қолданылатын М- холиномиметикті белгілеңіз... Пилокарпин

  41. Пилокарпиннің антагонистін белгілеңіз... Атропин

  42. Н-холиномиметиктерді белгілеңіз... Цититон, лобелин

  43. Н-холиномиметиктердің қолданылуын белгілеңіз: Тыныс орталығының тежелуі

  44. М- және Н-холиномиметикті белгілеңіз... Прозерин

  45. Антихолинэстеразалық дәрілерді белгілеңіз... Физостигмин, прозерин

  46. Қайтымсыз әсерлі антихолинэстеразалық дәрілер тобына жататын препаратты белгілеңіз... Армин

  47. Аккомадацияның салдануын туғызатын және көзішілік қысымды жоғарылататын холинергиялық дәріні белгілеңіз... Платифиллин

  48. Асқазан-ішек жолдарындағы М1 –холинорецепторды таңдамалы түрде тежейтін дәріні белгілеңіз... Пирензепин

  49. Атропинді көзге тамызғанда байқалатын өзгерісті белгілеңіз... Көздің ішкі қысымы көтерілуі

  50. Н-холинолитикті белгілеңіз... Бензогексоний, дитилин

  51. Ганглиолитикті белгілеңіз... Гигроний

  52. Ганглиоблокаторлардың қолданылуын белгілеңіз... Басқарылатын гипотонияға

  53. Ганглиоблокаторлардың жағымсыз әсерін белгілеңіз... Ортостатикалық гипотензия

  54. Қандай холинолитик қаңқа бұлшық етінің тонусын төмендетеді... Дитилин

  55. Қандай препарат қаңқа бұлшық етінің Н-холинорецепторларын тежейді... Пипекуроний

  56. Кураре тәрізді дәрілердің әсер ету орнын көрсетіңіз... Қаңқа бұлшықеттерінің холинорецепторлары

  57. Дитилинмен уланғанда көрсетілетін көмек шараларын белгілеңіз... Жаңа цитратты қан құю, жасанды дем алдыру

  58. Пилокарпиннің фармакологиялық тобын белгілеңіз... М-холиномиметик

  59. Прозериннің фармакологиялық тобын белгілеңіз... Антихолинэстеразалық дәрі

  60. Цититонның фармакологиялық тобын белгілеңіз... Н-холиномиметик

  61. Атропиннің фармакологиялық тобын белгілеңіз... М-холиноблокатор

  62. Бензогексонийдің фармакологиялық тобын белгілеңіз... Н-холиноблокатор

  63. Тубокураринмен уланғанда қолданатын препаратты белгілеңіз... Прозерин

  64. Атропиннің қолданылуын белгілеңіз... Ішектің түйілу аурулары

  65. Тікелей әсерлі адреномиметиктерді белгілеңіз... Адреналин, норадреналин

  66. Жанама әсерлі адреномиметиктерге (симпатомиметиктерге) жататын дәріні белгілеңіз... Эфедрин

  67. Адреналиннің қолданылуын белгілеңіз... Анафилаксиялық талықсу

  68. Кенеттен жүрек тоқтап қалғанда қолданылатын препаратты белгілеңіз... Адреналин

  69. Мезатонға тән қасиетті белгілеңіз... Артериялық қысымды көтереді

  70. Мезатонның әсерін белгілеңіз... Қан тамырларын тарылтады

  71. Бета1 және бета2-адреномиметикті белгілеңіз... Изадрин

  72. Кардиоселективті бета1-адреномиметикті белгілеңіз... Добутамин

  73. Бронхоселективті бета2-адреномиметикті белгілеңіз... Фенотерол (беротек)

  74. Бета2-адреномиметиктердің фармакологиялық әсерін белгілеңіз... Бронхтарды кеңейтуі

  75. Тыныс демікпесінде қолданылатын дәрілердің тобын белгілеңіз... Бета2-адреномиметиктер

  76. Альфа-адреноблокаторларды белгілеңіз... Фентоламин, тропафен

  77. Альфа-адреноблокаторлардың қолданылуын белгілеңіз... Облитерациялаушы эндоартериит

  78. Фентоламиннің қолданылуын белгілеңіз... Микроциркуляцияны жақсартуға

  79. Бета-адреноблокаторды белгілеңіз... Анаприлин

  80. Альфа-адренолитикалық дәріні белгілеңізо... Фентоламин

  81. Бета-адреноблокаторлардың қолданылуын белгілеңіз... Гипертония ауруы, стенокардия, тахиаритмиялар

  82. Бета1,2-адреноблокатордың әсерлерін белгілеңіз... Жүрек жиырылу жиілігі мен күшін төмендетеді

  83. Бета1,2-адреноблокатордың жағымсыз әсерлерін белгілеңіз... Брадикардия, бронхоспазм

  84. Анаприлиннің антагонисін белгілеңіз... Изадрин

  85. Симпатолитиктердің әсерінің орнын көрсетіңіз... Адренергиялық синапстың пресинапсты мембранасы

  86. Симпатолитиктерді белгілеңіз... Резерпин, октадин

  87. Симпатолитиктердің қолданылуын белгілеңіз... Гипертония ауруы

  88. Антигипертензиялық әсері бар адренергиялық препаратты белгілеңіз... Резерпин

  89. Анаприлиннің жағымсыз әсерлерін белгілеңіз... Бронхоспазм, брадикардия, жүректің қан айдағыш күшінің төмендеуі

  90. Бронхолитиктік әсері бар адреномиметикті белгілеңіз... Сальбутамол

  91. Ұйқының құрамына аз ықпал ететін ұйықтататын дәріні белгілеңіз... Нитразепам

  92. «Жылдам ұйқы» фазасын айқын қысқартатын ұйықтататын дәріні белгілеңіз... Фенобарбитал

  93. Организмде аса көп жинақталатын ұйықтататын дәріні белгілеңіз... Фенобарбитал

  94. Ұйықтататын дәрілермен ауыр уланғанда адекватты тынысты қалыптастыру үшін қандай көмек шаралар жасау қажет екенін белгілеңіз... Өкпені жасанды вентиляциясын жасау

  95. Дофаминергиялық әсерді күшейтететін паркинсонизмге қарсы дәріні белгілеңіз: Леводопа

  96. Орталық М-холинорецепторды тежейтін паркинсонизмге қарсы дәріні белгілеңіз... Циклодол

  97. Барбитураттармен уланғанда қолданатын дәріні белгілеңіз... Бемегрид

  98. Мөлшерленбеген жұмсақ дәрілік түрді белгілеңіз... Пасталар

  99. Мөлшерленбеген қатты дәрілік түрлерді белгілеңіз... Сеппелер

  100. Таниннің қолданылуын белгілеңіз... Терінің күйіктері

  101. Науқас А., ауруханаға басының ауырсынуымен, бас айналуымен, қорқыныш сезімімен, эпигастрий және кіндік аймағының ауырсыну сезімімен келіп түсті. Күні бойы бірнеше рет құсу және сұйық нәжіс болған. Тексеру кезінде анықталды: қарашықтардың күрт тарылуы, брадикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚҚ төмендеуі, тыныс алудың қиындауы, бұлшықеттердің фибрилярлы жиырылуы, галлюцинация. Анамнезінде науқас бақша аймағын карбафоспен өңдегені анықталды. Артық дозаланғанда ұқсас әсерлерді тудыратын дәрілік заттың фармакологиялық тобын атаңыз. Жанама әсер ететін М-, Н-холиномиметиктер

  102. Д. науқас жедел ринитке байланысты шырышты қабықтың ісінңін басу мақсатта мұрынына дәрінің тамшы түрінде қолданды. 3 күннен кейін тұрақты пайдалануынан препараттың ісінуге қарсы әсері байқалмады. Қай фармакологиялық топтағы қандай преперат тағайындалды? α2 -Адреномиметик Нафтизин

  103. Х. науқасқа операция кезінде бұлшықеттерді босаңсыту үшін А заты енгізілді. Х. науқасқа енгізілген заттың фонында операция кезінде перифериялық қан тамырлардың кеңеюі, АҚҚ төмендеуі, бронх тонусының жоғарылауы байқалды. Препаратты анықтаңыз және оның қандай топқа жататынын көрсетіңіз. Н-холинолитик, Тубокурарина хлорид, деполяризацияға қарсы миорелаксант

  104. Науқас көрудің күрт төмендеуімен, көздің ауырсынуымен және шыдамайтын бастың ауырсынуымен ауруханаға жеткізілді. Жан жақты тексеру кезінде көзішілік қысымның жоғарылауы анықталды. Глаукома диагнозы қойылды: Науқасқа осы жағдайда дәрілік заттың қандай фармакологиялық топты және қандай препаратты ұсынуға болады? М-холиномиметик, Пилокаприн

  105. В.науқас ауыр жағдайда қабылдау бөліміне түсті. Тексеру кезінде келесі белгілер анықталды: қарашықтың тарылуы, сілекейдің қатты бөлінуі, құсу, іш өту, тыныс алудың қиындауы. Тексеру кезінде жүрек соғу жиілігінің азаюуы және АҚҚ төмендеуі анықталды. Анамнезінде науқастың бір күн бұрын қуырылған саңырауқұлақ жегені анықталды. Қандай у улануды тудырады және осыған ұқсас әсер ететін препараттың фармакологиялық тобын анықтаңыз. Мускарин, М-холиномиметиктер

  106. Терапия бөлімшесіне препаратқа әдеттен тыс реакциясы бар науқас келіп түсті. Тұқымқуалайтын ферментопатиялардың әсерінен дәрілік заттарға сезімталдықтың жоғарылауы және реакциялардың бұрмалануы қалай аталады? Идиосинкразия

  107. Науқаста көз тамшыларын тамызғаннан кейін мидриаз және аккомодация сал ауруы пайда болды. Көзішілік қысым жоғарылады. Қандай топтың препаратты осындай әсерді тудыруы мүмкін? М-холинолитиктер

  108. Науқаста Дитилиннің қолданылуымен, қысқа уақыттық операциялық араласудан кейін, тыныстың тежелуі байқалды. Бұлшықет тонусы қалпына келмеді. Науқасқа қандай көмек көрсету керек? Қан құю

  109. Науқаста бронх демікпесі және АҚҚ төмендеу көрсеткішімен анафилактикалық шок дамыды. Осы симптоматиканы жою үшін науқасқа төменде көрсетілген препараттардың қайсысын енгізу керек? Адреналин гидрохлориді

  110. Н. науқас ұзақ уақыт бойы гипертонялық ауру бойынша диспансерлік бақылауда болды. 10 жыл емделген. Соңғы алты айда ол Х атты препарат қабылдаған. Дәрігер препаратты тағайындаған кезде, тамыр соғу жиілігін бақылау қажет екенін және препаратты кенеттен тоқтатуға болмайтындығын ескертті. Науқас дәрігердің нұсқауларын мұқият орындады. Науқас саяжайда үй шаруасымен жүріп, бірнеше рет дәрі қабылдауды ұмытып кеткен. Ес түссіз жағдайда науқасты аурухананың терапия бөліміне жеткізген. Мұқият сұрастырудан кейін ауыр ұстаманың себебі белгілі болды: препаратты кенеттен тоқтату. Науқас қандай фармакологиялық топтың, қай препаратын қабылдаған? Анаприлин, Бета-адренолитик

  111. С. науқасқа гипертониялық кризге байланысты, Бензогексоний енгізілгеннен кейін, жедел тері жамылғыларының «өлі» бозаруы, еріннің көгеруі, салқын тер, шеткі мүшелердің салқындауы, бет әлпетінің сүйірленуі. Тұруға тырысқанда науқас құлап қала жаздады. Тексеру кезінде: пульсі жиі, жұмсақ әлсіз, жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ күрт төмендеген. Бензогексоний қандай фармакологиялық топқа жатады және оның әсерінен болатын жанама әсерлер қалай аталады? Ганглиоблокатор, ортостатикалық коллапс

  112. Науқас 59 жаста, бүйректі алып тастағаннан кейін, қуықтың парезі дамыған. Қуықтың жиырылу белсенділігін ынталандыру үшін қандай холинергиялық дәріні тағайындаған жөн? Прозерин

  113. 40 жастағы науқас бронх демікпесімен ауырады және де брадиритмия түріндегі жүрек ырғағының бұзылысымен. Бронхоспазмды жою үшін қандай фармакологиялық топтың препараттарын тағайындаған жөн екенін көрсетіңіз: М-холиноблокаторлар

  114. У науқаста., бронхтың түйілуімен және артериялық қан қысымының төмендеуімен көрініс беретін анафилактикалық шок дамыды. Осы симптоматиканы жою мақсатында науқасқа төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау керек? Адреналин гидрохлориді

  115. Науқасқа жүректің ишемиялық ауруын емдеу үшін β – адреноблокатор тағайындаған. Біраз уақыттан кейін бронх түйілуі мен жөтел басталды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осында жанама әсер көрсетеді? Анаприлин

  116. Тіс жұлу кезінде науқаста қан кете бастады. Тіс дәрігері дәрілік заттармен тампон салғаннан кейін, қан кету азайды. Дәрігер қандай преапарат қолданды? Адреналин гидрохлориді

  117. Стенокардиямен ауыратын 44 жастағы науқас әйелге, Метопролол терапиясы динамикасына оң әсер етті. Препараттың емдік әсерінің механизмі қандай? β1-адренерорецепторларды тежейді және миокардтың оттегіге сұранысын төмендетеді

  118. Жансақтау бөлімшесінде жүрегі тоқтап қалған науқасқа, жүрекішілік адреналин гидрохлориді енгізілді. Бұл жағдайда препараттың әсер ету механизмі қандай? β 1-адренорецепторларды қоздырады

  119. Науқас 58 жаста ауруханада терапия бөлімшесінде гипертония ауруымен емделген. 2 апта өткеннен кейін науқаста бронх деміпесі дамыды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осындай жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін? Анаприлин

  120. Науқас 60 жаста. 9 жыл бойы қант диабетімен ауырады, гипергликемияны түзету үшін инсулин алады, сонымен қатар гипертония ауруын анаприлинмен емдеуді бастаған. Гипотензивті препаратты қабылдағаннан кейін гипогликемиялық кома дамыды. Анаприлин препаратын тағайындағанда гипогликемияның даму механизмі қандай? Гликогенолизді басу

  121. Жедел жәрдем бөлімшесіне гипоглиемиялық комамен науқас әйел жеткізілді. Осы патологиялық жағдайда қандай препарат тағайындау керек? Адреналин гидрохлориді

  122. Дәрігер жүрек аймағындағы ауырсынуға (стенокардия) препарат тағайындаған. Әсер ету механизмі: тіл асты аймағындағы салқындық (терморецептор) рецепторларды тітіркендіреді, ол коронарлық тамырларды кеңейтеді және ауырсынуды жеңілдетеді. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. Валидол, тітіркендіргіш заттар

  123. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқасқа Дигоксин препараты тағайындалды. Препараты қабылдағаннан кейін екі аптадан кейін интоксикация белгілері пайда болды. Дәрілік заттың организмде интоксикация тудыратын мөлшерде жиналуына әкелген құбылыс қалай аталады? Материалды кумуляция

  124. Ер адам Н., 40жаста, Бас ми жарақатынан кейін (бас ми жарақаты) денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жеткізілді. Шағымдары: бұлшықетінің әлсіздігі және қозғалыс белсенділігінің бұзылысы. Қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу қабілетін арттыру үшін қандай препарат қолдану керек және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз? Прозерин, холинэстеразаға қарсы заттар

  125. 18 жастағы науқас реанимация бөлімшесіне тері және шырышты қабаттарының құрғақтығы, қарашықтарының кеңею белгілерімен ес түссіз күйде түсті. Анамнезі бойынша ол белладонна жидектерімен уланғаны белгілі болды. Бұл жағдайда науқасқа қандай фармакологиялық топтың және қандай препараттн тағайындаған жөн? Прозерин, холинэстеразаға қарсы заттар

  126. Көз түбін зерттеген науқасқа атропин сульфаты препаратының көз тамшылары қолданылған, содан кейін көз алмасының аймағында қатты ауырсыну пайда болды. Анамнезінен науқаста глаукоманың жеңіл түрімен ауырғаны белгілі болды. Неліктен атропинді глаукома кезінде қолдануға болмайды? Көзішілік қысымды жоғарылатады

  127. Р науқасқа., асқазанның ойық жарасы ауруын емдеу үшін, Пирензепин препаратының болмауына байлананысты, дәрігер Атропин сульфаты препаратын ішке қабылдауға тамшы түрінде тағайындаған. Емдеуден кейінгі үшінші күні науқас ауыздың құрғауына шағымдана бастады. Пирензепин препараты қандай фармакологиялық топқа жатады және оның Атропин сульфатынан артықшылығы неде? Пирензепин, гастроселективті М-холинолитик

  128. Б. студентте қапырық бөлмеде зачет тапсыру кезінде бас айналуы, тері жамылғысының бозаруы, құлағының шулауы, айқын әлсіздік пайда болды. Естен тану –диагнозы қойылды. Қандай препарат қажет және оны қалай енгізу керек? Аммиак, мақтаның бір бөлігіне тамызып иіскету

  129. Жүрек жиырылу жиілігі мен күшін төмендетеді, жүрек автоматизмін тежейді. Қолданып бастағанда қан-тамырлар тонусын күшейтеді, ұзақ қолданғанда төмендетеді. Стенокардияда, жүректік тахиаритмияда және экстрасистолияда, гипертониялық ауруларда қолданады. Жағымсыз әсерлері: перифериялық тамырлардың спазмы, бронхтың тегіс салалы бұлшықет тонусының жоғарылауы. Брадикардия. Атриовентрикулярлы өткізгіштің тежелуі, жүрек жиырылуының қатты төмендеуі (жүрек жетіспеушілігінің күшеюі). Препаратты анықтаңыз. Әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Празозин, α-адренолитик, қан тамырлардағы рецепторларды тежейді

  130. ОЖЖ-дегі және адренергиялық жүйке талшығының ұштарындағы норадреналин қорын азайтады. Үйреніп кетушілік дамымайды. Гипертониялық ауруларды жүйелі емдегенде қолданады. Жағымсыз әсерлері: брадикардия, мұрынның бітелуі, асқазан бездерінің гиперсекрециясы, іш өту, седативті әсер, психикалық депрессия. Препаратты анықтаңыз. Препараттың фармакологиялық тобын анықтаңыз. Резерпин, симпатолитик

  131. Хирургиялық операция кезінде қаңқа бұлшықеттерін босату үшін қолданады. Жүйке-бұлшықет берілуін тежейді. Әсер ету ұзақтығы 30-60 минут. Жағымсыз әсерлері: АҚҚ төмендеуі, бронхоспазм. Антогонисті – антихолинэстеразалық препарттар. Препаратты анықтаңыз. Бұлшықеттерді босаңсыту әсерінің механизмін түсіндіріңіз. Тубокурарин, қаңқа бұлшықеттерінде Н-холинорецепторларды тежейді, релаксацияны тудырады

  132. Көз қарашығын кеңейтеді, аккомадацияның салдануын шақырады, ішкі органдардың біріңғай салалы бұлшықет тонусын төмендетеді, без секрециясын төмендетеді. ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді. Наркоз алдындағы премедикацияда, теңіз және әуе ауруларының алдын алуда қолданады. Препаратты анықтаңыз. Препараттың фармакологиялық тобын көрсетіңіз. Скополамина гидробромид, М-холинолитик

  133. Асқазан бездерінің секрециясын төмендетеді, сілекей бездеріне, ішкі органдардың біріңғай салалы бұлшықет тонусына, жүрек жиырылу жиілігіне және атриовентрикулярлы өткізгіштікке аз әсер етеді. Гематоэнцефалдық тосқауылдан өтпейді. Асқазан мен 12-елі ішек жара ауруларында қолданады. Препаратты анықтаңыз. Препараттың асқазан бездерінің секрециясына әсер ету механизмін және таңдамалығын түсіндіріңіз. . Пирензипин, асқазандағы М1-холинорецепторларды таңдамалы тежейді.

  134. Төртіншілік аммоний қосылысы. Әр түрлі М-холинорецепторларды таңдамасыз тежейді. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет тонусын төмендету үшін ингаляция түрінде қолданады. Резорбтивті әсеріне байланысты жағымсыз әсерлері аз. Препаратты анықтаңыз. Бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз. Ипратропия бромиді, бронхтағы М2-холинорецепторларды тежейді.

  135. Жүрекке айқын стимуляциялық әсер көрсетеді. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет және қан тамырлар тонусын төмендетеді. Ингаляция түрінде және тіл астына енгізеді. Бронхиалды астмада, атриовентрикулярлы блокадада қолданады. Жағымсыз әсерлері: тахикардия, жүректік аритмия, АҚҚ төмендеуі. Препаратты анықтаңыз. Оның бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз. Изадрин, адреномиметик – бронхтағы β1-,β2-адренорецепторларды тікелей ынталандырады

  136. Қан тамырлар тонусын күшейтуі де төмендетуі де мүмкін. Ішке енгізгенде тиімді емес. Парентералды қолданады. Қысқа уақыт әсер етеді (15-30минут). Анафилактикалық шок кезінде қолданылатын препарат (ең тиімді препарат). Бронхиалды астма ұстамасын тоқтатуда, АҚҚ көтерілгенде, жоғары сезімталдықтың баяу түрінде, ашық бұрышты глаукомада, гипогликемиялық комада, жүрек тоқтағанда, атриовентрикулялы блокадада қолданады. Жағымсыз әсерлері: тахикардия, жүректік аритмия. Препаратты анықтаңыз. Препараттың жүрекке әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Адреналин гидрохлориді, миокардта β1-адренорецепторларды ынталандырады

  137. Қан тамырларды тарылтады және АҚҚ жоғарылатады. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет тонусына әсер етпейді. Ішке енгізгенде тиімді емес. Көктамырға енгізеді. Қысқа уақыт әсер етеді (бірнеше минут). Негізгі қолданатын көрсеткіші – АҚҚ-ның күрт төмендеуі. Жүрек тоқтауы кезінде интракардиалды қолдануға болады. Преператты анықтаңыз. Оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. Норадреналин, α-, β1-адреномиметик

  138. Аз дәрежеде жүрек жиырылу жиілігіне, атриовентрикулярлы өткізгіштікке, жүрек автоматизміне әсер ете отырып жүректің жиырылу күшін күшейтеді. Бронх бұлшықеттерінің және қан тамырларының тонусын өзгертпейді. Тек көктамырға енгізгенде тиімді. Қысқа уақыт әсер етеді (бірнеше минут). Жүрек жеткіліксіздігінде кардиотоник ретінде қолданады. Препаратты анықтаңыз. Оның фармакологиялық тобын(топшасын) көрсетіңіз. Добутамин, β1-адреномиметик

  139. Несеп жолы мен қуықасты безінің простатикалық бөлігінің қан тамырларының біріңғай салалы бұлшықет тонусын төмендетеді. Гипертониялық ауруды жүйелі емдеуде, қан тамырлардың спазмында, қуықасты безінің қатерсіз аденомасында қолданылады. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. . Празозин, α1-адренолитик

  140. Көз қарашығын кеңейтеді, көзішілік қысымды төмендетеді, аккомодация спазмын шақырады. Жоғары уытты. Тек глаукомада жергілікті қолданылады. Осы препартпен уланғанда М-холиноблокаторларды және холинэстераза реактиваторларын қолданады. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. Армин, әсері қайтымсыз холинэстеразаға қарсы заттар

  141. У. науқасқа тіс экстракциясы (жұлу) барысында күрделі эфир тобындағы дәрімен анестезия жасалды. Біраздан кейін басының айналуы, жалпы әлсіздік, АҚҚ төмендеуі, терісінің қызаруы, майда бөртпелер, терісінің күлдіреуі байқалды. Ауыр жағдайдағы коллапс және анафилактикалық талықсу дамиды. Науқасқа қандай анестетик енгізілді? Новокаин

  142. Жедел гастрит кезінде эпигастрий аймағындағы ауырсынуды азайту үшін дәрігер жүкті әйелге жергілікті анестетикті, күніне 3 рет 1 ұнтақ тағайындады. Дәрігер науқасты емдеу үшін анестезияның қандай түрін және қандай препаратты қолданды? Терминалдық (беткейлік) анестезия, Анестезин

  143. Бұл препараттың концентрленген ерітіндісін жергілікті анестезия немесе ішке қабылдау үшін қолданғанда артық дозалануы мүмкін. Уланудың алғашқы белгілері қабылдағаннан кейін бірнеше минуттан кейін байқалады. Көңіл күйдің көтерілуі, қозғалыстың қозуы, қанағаттану сезімі, қолдың және бүкіл дененің дірілдеуі тән. Үлкен мөлшерде енгізген кезде іштің ауыруы, терең естен тану, қан айналымы және тыныс алу бұзылыстары байқалады. Препаратты анықтаңыз. Кокаин

  144. Ауырсынуды басу үшін сыртқа қолданылатын дәрілік зат. Теріге және шырышты қабаттарға жаққанда жүйке ұштарының тітіркендіруін шақырады, ол салқындық, аздап шаншу және күйдіру сезімін тудырады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабынуымен жүретін ауруларды жиі қолданылады (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит). Бұл орташа қан тамырларын кеңейтетін әсері бар Валидол препаратының бөлігі. Невроз, истерия кезінде тіл астына қолданылады. Препаратты анықтаңыз. Ментол

  145. Тұтқыр және қабынуға қарсы қолданылатын өсімдік ектес препарат. Тұтқыр әрекеті тығыз альбуминдердің түзілуімен ақуыздардың тұнбасын тудыру қабілетімен байланысты. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, мұрынның қабыну процестерінде күйік, жаралар, жарықтар, төсек жаралары кезінде шаю үшін қолданылады; Препаратты анықтаңыз. Емен қабығының қайнатпасы

  146. Табиғи шығу тегі бар дәрілік зат. Бүркеуші қасиетке ие, асқорыту жолының кілегей қабатын тұз қышқылы, токсин және басқада қоздырушылар әсерінен қорғайды. Іш өту, қыжыл, іштің кебуі кезінде қолданылады. Препаратты анықтаңыз. Крахмал шырышы

  147. Барбитур қышқылының туындысы. Көктамырға бір рет енгізгенде ұзақтығы 20-30 минут наркоз тудырады. Қысқа уақыт әсер етуі заттың организмде қайта бөлінуі – май тіндеріне жинақталуына байланысты. Наркоз кезінде анальгезия әлсіз. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. Тиопентал-натрий

  148. Препарат ұйқы бұзылысында қолданылады. Ұйқы құрылымына аз әсер етеді. Бензодиазепин рецепторларының агонисті, химиялық құрылысы бойынша бензодиазепин туындысы болып табылмайды. Препаратты анықтаңыз және оның ұйықтатқыш әсерінің механизмін түсіндіріңіз. Нитразепам, Бензодиазепин рецепторларын ынталандыру арқылы ГАМҚ-ның ГАМҚА-рецепторларына аффинитетті жоғарылатады және медиатордың тежегіш әсерін арттырады

  149. Эпилепсия кезінде қолданылатын препарат, әсіресе үлкен тырысулық ұстамада науқастың көңіл күйі жақсарады, олар көпшіл, әрекетшіл болады. Тригеминалды невралгия (үшіншілік жүйкелік невралгия) үшін ең таңдаулы препарат болуы мүмкін. Препаратты анықтаңыз және оның эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз? Карбамазепин, мембрана жасушаларында натрий өзекшелерін тежеп, нейрондардың жоғарғы жиілікті импульстарды сақтау қабілетін төмендетеді

  150. Препарат Паркинсон ауруын және паркинсонизм синдромын емдеуге арналған. Глутаматергиялық әсерді тежейтін, NMDA-рецепторларының бәсекелес емес антогонисті. Препаратты анықтаңыз. Мидантан

  151. Медиаторлар мөлшерін жоғарлатып, паркинсонизм кезінде базальды ядролардағы дофаминергиялық процестерді күшейтеді. Жиі жүрек қантамыр жүйесі мен асқорыту мүшелерінің бұзылыстарын шақырады. Препаратты анықтаңыз және паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз? Леводопа, ДОФА декарбоксилаза ферментінің әсерінен дофаминге айналады және D2-рецепторларын ынталандырады

  152. Эпилептикалық статусты тоқтату үшін қолданылады. ОЖЖ-да ГАМҚ-рецепторлардың медиаторларға сезімталдығының артуына байланысты ГАМҚ-ергиялық процестерді күшейтеді. Препаратты анықтаңыз және оның эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз? Диазепам, бензодиазепин рецепторларын ынталандыру арқылы олар ГАМҚ-ның ГАМҚА рецепторларына аффинетті жоғарылатады және эпилептогендік аймақтағы медиатордың тежегіш әсерін арттырады.

  153. Паркинсон ауруы және паркинсонизм кезінде базальды ядолардағы дофаминергиялық процестерді күшейтеді. МАО-В -ны таңдамалы тежейді. Әдетте паркинсонға қарсы тиімділігі жоғары препараттармен бірге қолданылады. Ишемия кезінде нейрондардың зақымдануын және бірқатар нейротоксикалық заттардың ықпалын төмендетіп, нейропротекторлық әсерге ие. Препаратты анықтаңыз. Селегилин

  154. Эпилепсияның кіші ұстамаларының алдын алуда қолданылатын таңдамалы препарат. ОЖЖ кальций каналдарын тежейді. Қан жасау және бүйрек қызметі жағынан бұзылыстар тудыруы мүмкін. Препаратты анықтаңыз. Этосуксимид

  155. Адсорбциялаушы дәрілердің әсер ету механизмін белгілеңіз... Сезімтал нерв ұштарын тітіркенуден қорғайды, өз бетіне химиялық заттарды адсорбциялау арқылы.

  156. Тұтқыр дәрілердің әсер ету механизмін белгілеңіз... Кілегей қабықтың беткей қабатында белок коагуляциясы болуы

  157. Аммиак ерітіндісінің адам ес-түссіз құлап қалғанда терапиялық әсерінің механизмін белгілеңіз... Жоғары тыныс жолдарының сезімтал рецепторларын белсендіріп, тыныс орталық мен қан тамырлар қимылдатқан орталықтың нейрондарын рефлекс арқылы қоздыру

  158. Ауыр металл тұздарымен және алкалоидтармен уланғанда қолданылатын таниннің әсер ету механизмін белгілеңіз... Препарат асқорыту жолынан нашар сіңетін заттармен ерімейтін қосылыстар түзеді

  159. Цититонның әсер ету механизмін көрсетіңіз... Каротид шумақтарының Н-холинорецепторларын қоздырады

  160. Лобелиннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Н-холинорецепторларды тежейді

  161. Прозериннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Ацетилхолинэстеразаны тежейді

  162. Антихолинэстеразалық дәрілердің әсер ету механизмін көрсетіңіз... М- және Н-холинорецепторларды жанама жолмен қоздырады

  163. Платифиллиннің ерекшеліктерін белгілеңіз... Қан тамырларын кеңітіп, артериялық қысымды төмендетеді

  164. Фосфорорганикалық қосылыстардың (армин жәнет.б.) әсер ету механизмін көрсетіңіз... Ацетилхолинэстеразаны қайтымсыз тежейді

  165. Ганглиоблокаторларды қолданғанда ортостатикалық коллапс пайда болу себебін белгілеңіз... Симпатикалық ганглилердің тежелуінен

  166. Бауыр шаншуы бар науқасқа препарат енгізілді. Ұстама жойылды, бірақ та жүрек соғуының жиілеуі, ауыз құрғауы пайда болды. Препаратты анықтаңыз... Атропин

  167. Анаприлин әсерлерін белгілеңіз... Жүрек жиырылу жиілігі мен күшін төмендетеді

  168. Метопрололдың антигипертензивті әсерінің механизмін белгілеңіз... Миокардтың бета – 1-адренорецепторларын тежейді

  169. Анаприлиннің антигипертензиялық әсерінің механизмн белгілеңіз... Миокардта бета1-адренорецепторларды тежейді

  170. Анаприлиннің жағымсыз әсерлерін белгілеңіз... Брадикардия, бронхоспазм

  171. Резерпиннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Адренергиялық талшықтардың ұшында қозудың берілуін тежейді

  172. Барбитураттардың әсер ету механизмін белгілеңіз... ГАМҚ-рецепторларын қоздырады

  173. Фенобарбиталдың әсер ету механизмін белгілеңіз... ГАМҚ-рецепторларын қоздырады

  174. Барбитураттардың ұйықтататын әсерінің механизмін белгілеңіз... ГАМҚ-ның ГАМҚ-рецепторларына ұқсастығын жоғарылатады

  175. Фенобарбиталды ұзақ қолданғанда пайда болатын үйреніп кетушіліктің себебін белгілеңіз... Бауыр микросом ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

  176. Золпидемге тән қасиетті белгілеңіз... ОЖЖ-де ГАМҚ-ергиялық процесстерді күшейтеді

  177. Зопиклонға тән қасиетті белгілеңіз... ОЖЖ-де ГАМҚ-ергиялық процесстерді күшейтеді

  178. Нитразепамның ұйықтататын әсерінің механизмі қандай... ОЖЖ-де бензодиазепин рецепторларын қоздырады

  179. Феназепамның ұйықтататын әсерінің механизмі қандай... ОЖЖ-де бензодиазепин рецепторларын қоздырады

  180. Нитразепамның әсерінен бас мида ГАМК-ергиялық процестердің күшеюінің механизмін белгілеңізеді... Бензодиазепин рецепторларымен байланысады

  181. Ұйықтататын дәрілердің ұйқы құрылымын бұзуына әкелетінін жағымсыз әсерін белгілеңіз... «Кері соғу» феномені

  182. Дифениннің эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Натрий каналдарын тежейді

  183. Қандай препараттың ұйықтататын және эпилепсияға қарсы әсері бар, бауырдың микросом ферменттерінің белсенділігін күшейтеді, кумуляция тудырады.Препаратты наықтаңыз... Фенобарбитал

  184. Паркинсонизммен ауыратын науқасқа сәйкес дәрі тағайындалды. Дәріні қабылдағаннан кейін аурудың белгілері азайды, бірақ науқас жүрек соғуының жиілеуіне, ауыз құрғауына, іш қатуына шағым жасады. Науқасқа қандай препарат берілді... Циклодол

  185. Науқастың саусағындағы панарицияны емдеу үшін жергілікті анестетик қолдану керек. Дәрігер амид туындыларынан ацетанилид туындысы тобынан дәрі тағайындады. Бұл қандай препарат... Лидокаин

  186. Науқас көз түбін тексертуге офтальмологқа келді. Дәрігер көз қарашығын кеңейтетін және аккомадация салын туғызатын дәріні көзіне тамызды. Қандай препарат қолданылды... Атропина сульфаты

  187. 2 жастағы қызда миастенияның ауыр түрі деген диагноз қойылды. Қандай препарат қолданылды... Прозерин

  188. Бала құрамында атропин алкалоиды бар меңдуана жемістерімен уланып қалды. Бұл алкалоид қандай фармакологиялық топқа жатады... М-холиноблокаторлар

  189. 39 жастағы науқасқа гипертониялық кризді жою үшін метопролол ертіндісі енгізілді. Препараттың әсер ету механизмі қандай... Бета-адренорецепторды тежейді

  190. Науқас тыныс демікпесіне байланысты бета-адреномиметиктер тобынан препарат қабылдап жүр. Препаратты атаңыз...  Сальбутамол

  191. Науқасқа жүректің ишемиялық ауруын емдеу үшін β – адреноблокатор тағайындалды. Шамалы уақыттан кейін науқаста жөтел мен бронхоспазм дамыды. Осындай жағымсыз әсерлер қай препаратқа тән... Анаприлин

  192. 39 жастағы науқасқа гипертониялық кризді жою үшін бензогексоний ертіндісі енгізілді. Препараттың әсер ету механизмі қандай... Н-холинорецепторды тежейді

  193. Операция кезінде анестезиолог-дәрігер басқарылатын гипотония шақыру үшін холинотропты дәрі енгізді. Қандай препарат тағайындаған тиімді... Гигроний

  194. Науқаста асқазан резекциясы операциясынан кейін 2-3 күндері ішек перистальтикасы қалпына келген жоқ. Асқазан-ішек жолдарының қызметін қоздыру үшін қандай препарат тағайындаған жөн... Прозерин

  195. Көзге дәрі тамызғаннан кейін науқаста мидриаз бен аккомадация салы пайда болды. Препараттардың қандай тобы осындай жағдайды туғызатын еді... М-холинолитиктер

  196. Глаукомамен ауыратын науқасқа дәрігер көздің ішкі қысымын төмендету үшін физостигминді көз тамшысы ретінді тағайындады. Препараттың әсер ету механизмі қандай... Ацетилхолинэстеразаны тежейді

  197. Тыныс демікпесін изадрин таблеткаларымен емдегеннен соң, 59 жастағы науқаста жүрек аймағының ауырсынуы байқалды. Бұл асқыну немен байланысты... Бета-1-адренорецепторды қоздыруымен

  198. Тыныс демікпесімен ауыратын науқасқа изадриннің 0,5% ертіндісімен ингаляция жасау тағайындалды. Бронхоспазм жойылды, бірақ та науқас жүректің ауруына және жүрексоғуына шағымданды. Науқастың шағымы немен байланысты... Бета-1-адренорецепторды қоздыруымен

  199. Паркинсон ауруын емдеу мақсатында дәрігер науқасқа циклодол тағайындады. Бұл препараттың паркинсонизмге қарсы әерінің механизмін көрсетіңіз... М-холиноблокаторлық әсер

  200. Эпилепсиямен ауыратын науқас ұзақ уақыт бойы 0,4 тәуліктік мөлшерде фенобарбитал қабылдап жүр. Соңғы уақыттары ұстама жиілеп, науқастың көңіл-күйі төмендегені байқалды. Препараттың әсерінің төмендеуі мен науқастың жағдайының нашарлауы немен байланысты... Бауырда монооксигеназалық жүйе ферменттерінің индукциясы

201.58 жастағы ер адам Паркинсон ауруына байланысты дәрігерге қаралуға келді. Сонымен қатар науқаста глаукома бар. Науқасқа тиімді препарат тағайындаңыз... Леводопа


202.Вирусты белоктардың «кеш» синтезін тежейтін дәріні белгілеңіз... саквинавир
203.Вириондардың «құрастырылуын» тежейтін препаратты көрсетіңіз... ремантадин
204.Вирус геномының босап шығу процессін тежейтін препаратты белгілеңіз... ремантадин мидантан
205.Нуклеин қышқылының синтезін тежейтін препаратты көрсетіңіз... ацикловир зидовудин Идоксуридин
206.Интерферондардың индукторынан вирустарға қарсы дәріні белгілеңіз... амиксин

207.АИТВ-ға қатысты белсенді. Аурудың дамуын баяулатады. Жанама әсерлері: лейкопения және агранулоцитоз, бас ауруы, ұйқысыздық, бүйрек қызметінің тежелуі, миалгия. Препаратты анықтаңыз... Азитимидин Зидовудин

208.Вирулоцидтік әсер көрсетеді. Көз және терінің вирустық ауруларында, тұмаудың алдын алу және вирустық ринит емдеу үшін тиімді. Жергілікті қолданылады. Препаратты анықтаңыз... Оксолин

209.Кері транскриптазаның тежегіші-ретровирустарға қарсы дәріні белгілеңіз... Зидовудин
210.Тыныштандырғыш әсері бар шүйгіншөп препаратының механизмін көрсетіңіз... Ми қыртысында қозу процессін әлсіздендіреді

211.«Күндізгі» транквилизаторды белгілеңіз... Медазепам (мезапам)


212.Бромидтердің жағымсыз әсерін белгілеңіз... Кумуляция
213.Седативті дәрілердің қолданылуын көрсетіңіз... Невротикалық бұзылыстар
214.«Атиптік» нейролептикті белгілеңіз...
215.Әсері қысқа бензодиазепинді анксиолитикті таңдаңыз... Мидазолам
216.Онихомикоздарда (тырнақтың зақымдануы) қолданылатын синтетикалық ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы препаратты белгілеңіз... Тербинафин
217.Ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктердің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады
218.Фузидин натрийдің (фузидий қышқылының) микробтарға қарсы әсерінің спектрін көрсетіңіз... Тек грам оң бактерияларға әсер етеді
219.Жалған мембранозды колиттерді туғызатын антибиотикті белгілеңіз... Бициллин
220.Пенициллиндер тобынан ұзақ әсерлі антибиотикті көрсетіңіз... Бициллин
221.Налидикс қышқылының микробтарға қарсы әсерінің механизмін көрсетіңіз… ДНҚ синтезін бұзады
222.Нитроксолиннің әсер ету спектрін белгілеңіз... Антибактериальды, протозойларға және ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы
223.Налидикс қышқылының микробтарға қарсы әсерінің спектрін көрсетіңіз... Тек грам теріс бактерияларға әсер етеді
224.Фторхинолондардың 18 жасқа дейінгі балалар мен қарт және кәрі адамдарда қолданылуын шектейтін жағымсыз әсерін белгілеңіз... Дәнекер тінді зақымдауы
225.Тыныс жолдары инфекцияларының қоздырғыштарына энтеральды қолданғанда тиімді фторхинолондар тобынан препаратты көрсетіңіз... Левофлоксацин
226.Налидикс қышқылының жағымсыз әсерін белгілеңіз... диспепсия аллергия фотодерматоздар, көрудің төмендеуі,бастың ауыруы
227.Бета-лактамазаны өндіретін стафилококкктарға тиімділігі жоғары гликопептидтер тобынан антибиотикті белгілеңіз... Ванкомицин
228.Антибактериальды және қабынуға қарсы әсерлері бар жергілікті қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Фюзафюнжин
229.Басқа макролидтерге қарағанда микробтарға төзімділік сирек дамитын макролидтер тобынан қазіргі антибиотикті белгілеңіз... Джозамицин
230.Макролидтер тобынан әсер ету спектрі кең жартылай синтетикалық антибиотикті белгілеңіз... Рокситромицин
231.Ойлау және физикалық жұмыс қабілетін уақытша жоғарылататын, метилксантиннің туындысын белгілеңіз... кофеин
232.Ноотропты дәріні белгілеңіз... Моноаминоксидазаны (МАО) тежейді
233.Антидепрессантты көрсетіңіз... Ниаламид
234.Ниаламидтің әсер ету механизмін көрсетіңіз... қайтымсыз селективті емес МАО ны тежейді
235.Жартылай синтетикалық пенициллиндер тобынан кең спектрлі антибиотикті белгілеңіз... ампициллин
236.Бензилпенициллиннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Транспептидазаны тежеп, муреин синтезін бұзады
237.Көз тамшысы ретінде қолданылатын сульфаниламидтік препаратты көрсетіңіз... сульфацил натрий
238.Қан түзілуін (анемия, лейкопения) тежейтін антибиотикті көрсетіңіз... Левомицетиндер
239.Асқазан-ішек жолдарына операция жасау алдында ішектерді санациялауға қолданылатын аминогликозидтер тобынан антибиотикті белгілеңіз... неомицин
240.Тетрациклиндер тобынан ұзақ әсер ететін препаратты көрсетіңіз... доксициклин
241.Цефалоспориндердің IV ұрпағынан препаратты белгілеңіз... цефепим (максипим)
242.Цефалоспориндердің 1-ші ұрпағынан ішуге қолданылатын антибиотикті белгілеңіз.. . цефалексин цефрадин
243.Цефалоспориндердің 3-ші ұрпағынан парентеральды қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Цефотаксим
244.Вирустарға қарсы әсері бар паркинсонизмді емдеуге қолданылатын препаратты белгілеңіз... Мидантан
245.Сульфаниламидтік препараттардың микробтарға қарсы әсерін төмендететін дәріні белгілеңіз. .. новокаин
246.Ко-тримоксазолдың (бактрим, бисептол, септрин) құрамына қандай микробтарға қарсы дәрілер кіреді... сульфаметоксазол және триметоприм
247.Сульфаниламидті препараттардың микробтарға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Парааминобензой қышқылымен бәсекелеседі
248.Өте ұзақ әсерлі сульфаниламидтік препаратты белгілеңіз... Сульфален
249.Бисептолға тән қасиеттерді белгілеңіз... Бактериоцидтік әсер ету аймағы кең
250.Сульфаметаксазол мен триметопримнен біріктірілген сульфаниламидті препаратты белгілеңіз... Бисептол
251.Сульфаниламидтердің жағымсыз әсерлерін белгілеңіз... Кристаллурия
252.Өте жиі кристаллурия тудыратын сульфаниламидтік препаратты белгілеңіз... Сульфадимезин
253.Микроб клеткасының парааминобензой қышқылымен конкурентті антагонизміне байланысты әсер ету механизмі бар химиотерапиялық дәрілер тобын белгілеңіз... Сульфаниламидтер
254.8-оксихиолин туындысынан уросептикті белгілеңіз... Нитроксолин
255.Нитрофуран туындыларына жататын антибактериалды дәрілерді белгілеңіз... Фурадонин, фуразолидон, фурагин
256.Несеп шығару жолдарының инфекциясында қолданылатын 8-оксихинолин тобының препаратын белгілеңіз: Нитроксолин
257.Хинолондар тобынан уросептикалық дәріні белгілеңіз: Налидикс қышқылы

258.Ішек инфекциясын емдеуге қолданылатын синтетикалық антибактериалды дәріні белгілеңіз... Фуразолидон


259.Бактерицидті әсер көрсететін антибиотиктерді белгілеңіз... Пеницилиндер (клетка қабырғасының синтезін және цитоплазманың өткізгіштігін бұзатындар)
260.Пенициллинді ашқан және практикаға енгізген ғалымды белгілеңіз... Д. А. Флеминг
261.Бета-лактамдар тобының антибиотиктерін белгілеңіз... Полимиксиндер
262.Әсерінің спектрі тар антибиотиктер тобын белгілеңіз... Полимиксиндер
263.Әсерінің спектрі тар және грамм теріс микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктерді белгілеңіз... Налидикс

264.Микроорганизмдерге бактериостатиктік әсер көрсететін антибиотиктерді белгілеңіз... Тетрациклиндер


265.Микроорганизмдердің клетка қабырғасының тұтастығын бұзатын антибиотиктерді белгілеңіз... Пенициллиндер, цефалоспориндер
266.Цитоплазмалық мембрананың тұтастығын бұзатын антибиотикті белгілеңіз... Полимиксин М
267.Бета-лактамазаға (пенициллиназаға) төзімді пенициллиндер тобынана антибиотикті белгілеңіз... Оксациллин

  1. 268.Әсері ұзақ биосинтетикалық пенициллиндер тобының препаратын белгілеңіз... Бициллин-5

269.Бензилпенициллиндер тобының антибиотиктеріне тән жағымсыз әсерлерді белгілеңіз... Аллергиялық реакциялар


270.Аллергиялық реакцияларды жиі тудыратын антибиотикті белгілеңіз... Бензилпенициллин
271.Цефалоспориндердің микробтарға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Микробтың клетка қабырғасының синтезін бұзады
272.Азалидтер тобына жататын антибиотик белгілеңіз... Азитромицин



  1. 273.Рибосома деңгейінде белок синтезін бұзатын антибиотиктерді белгілеңіз... Эритромицин, тетрациклин, аминогликозидтер, неомицин, стрептомицин

274.Аминогликозидтерге тобына жататын антибиотикті белгілеңіз... Гентамицин


275.Айқын гепатотоксикалық әсері бар антибиотикті белгілеңіз... Тетрациклин


276.Эритромицин мен олеандомицинге тән әсерлерді белгілеңіз... Негізінен грам оң бактерияларға әсер етеді

277.Левомицетиннің микробтарға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Синтомицин


278.Іш сүзегін емдеуге қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Левомицитин
279.Қан түзілуін айқын тежейтін антибиотиктер тобын белгілеңіз... Левомицитиндер

280.Ішек инфекциясын емдеуге қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Тетрациклин


281.Тетрациклиндердің бактерияға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Микроб клеткасының ішінде белок синтезін бұзады

282.Негізінен кокк инфекцияларында қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Бензилпенициллин


283.Тек жергілікті қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Фюзофюнжин


284.Сүйектер мен тістердің өсуін бұзатын антибиотикті белгілеңіз... метациклин Гентамин


285.Көк іріңді таяқшаға белсенділігі жоғары антибиотикті белгілеңіз... Карбенициллин
286.Біріктірілген препаратты (имипенем циластатин)белгілеңіз... Тиенам

287.Монобактамдар тобынан антибиотикті белгілеңіз... Азтреонам


288.Макролидтер тобынан антибиотикті белгілеңіз... Кларитромицин

289.Циклдік полипептидтер тобынан антибиотикті белгілеңіз... Полимиксин М


290.Линкозамидтер тобынан антибиотикті белгілеңіз... Клиндамицин
291.Гликопептидетр тобынан антибиотикті белгілеңіз... Ванкомицин



  1. 292.Қабынуға қарсы әсері бар жергілікті қолданылаатын антибиотикті белгілеңіз... Фюзафюнжин

293.Фюзафюнжиннің қолданылуын белгілеңіз... Мұрын-жұтқыншақ және тыныс жолдарының инфекциялары


294.Жартылай синтетикалық тетрациклиндер тобынан ұзақ әсерлі антибиотикті белгілеңіз... Доксициклин


295.Көк-ірің таяқшасына әсер ететін аминогликозид - антибиотикті белгілеңіз... Гентамицин
296.Грам теріс бактерияларға қарсы әсер ететін пенициллиндердің «атиптік» препаратын белгілеңіз... Певмециллинам
297.Кандидомикозды емдеуге және алдын алуға қолданылатын препаратты белгілеңіз... ... Нистатин, Леворин
298.Жүйелі микоздарда қолданылатын дәріні белгілеңіз... Амфотерицин
299.ЖИТС-ті емдеуге қолданылатын вирустарға қарсы препаратты белгілеңіз... Зидовудин
300.Герпеске қарсы қолданылатын препаратты белгілеңіз... Ацикловир
301.Тұмаудың алдын алуға қолданылатын препаратты белгілеңіз... Ремантидин
302.Грамм-оң флораға әсер ететін антибиотиктерге жатады. Препарат қышқыл ортада және бета-лактамды (пенициллиназа) әсерінен жойылады. Бұл кокк инфекциясы мен мерезді емдеуде таңдаулы препарат. Бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне және эндоьлюмбальды, дене қуыстарына енгізіледі. Бұлшықет ішіне енгізгенде әсер ету ұзақтығы 3-4 сағатты құрайды. Негізгі жанама әсері- аллергиялық реакциялар. Препарат қалай аталады және қандай фармакологиялық топқа жатады… Эритромицин тобы антибиотик макролид
303.Науқас А., 68 жаста пневмониясы бар, грамм-оң флораға әсер ететін антибиотик тағайындалды. Препарат қышқыл ортада және бета-лактамды (пенициллиназа) әсерінен жойылады. Бұл кокк инфекциясы мен мерезді емдеуде таңдаулы препарат. Бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне және эндоьлюмбальды, дене қуыстарына енгізіледі. Бұлшықет ішіне енгізгенде 3-4 сағат әсер етеді. Негізгі жағымсыз әсері – аллергиялық реакциялар. Препаратты анықтаңыз және оның бактерияға қарсы әсер ету механизмін көрсетіңіз… Эритромицин белок синтезін бұзады
304.Науқас С.,паркинсонизммен ауырады, оған вирусқа қарсы белсенділігі бар препарат тағайындалған. Препаратты қабылдғаннан кейін ауру сезімі азайған, бірақ сол уақытта науқас жүрегінің соғуына, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауына, іш қатуға шағымдана бастады.Науқасқа қандай препарат тағайындалды және оның химиотерапиялық тобын көрсетіңіз… Циклодол паркинсонға қарсы орталық жүйке жүйесінде холинергиялық беріліс тежейді
305.Науқас Д., паркинсонизммен ауырады, оған вирусқа қарсы белсенділігі бар препарат тағайындалған. Препаратты қабылдғаннан кейін ауру сезімі азайған, бірақ сол уақытта науқас жүрегінің соғуына, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауына, іш қатуға шағымдана бастады. Вирусқа қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз және препаратты анықтаңыз… Циклодол орталықтан н холинергиялық жүйені тежейді
306.Микробқа қарсы кең спектрлі әсерге ие, микроб жасушасында ақуыз синтезін тежейді, бактериостатикалық әсер көрсетеді, аса қауіпті инфекциялар (оба, тырысқақ, бруцеллез)үшін таңдаулы антибиотик болып табылады және бацелярлылық дизентерияда, терінің ультракүлкін сәулелерге сезімталдығын арттырады, тістің сүйектері мен тіндерінде сақталады. Диспепсиялық бұзылысиар мен дисбактериоз шақырады. Препаратты анықтаңыз және оның микробқа қарсы заттардың қай тобына жататынын көрсетіңіз… Тетрациклин тобыда сол
307.Науқас П., 55жаста, микоплазмамен туындатылған пневмония, микробқа қарсы кең спектрлі антибиотик тағайындалғанбактериостатикалық әсер көрсетеді, аса қауіпті инфекциялар (оба, тырысқақ, бруцеллез)үшін таңдаулы антибиотик болып табылады және бацелярлылық дизентерияда, терінің ультракүлкін сәулелерге сезімталдығын арттырады, тістің сүйектері мен тіндерінде сақталады. Диспепсиялық бұзылыстар мен дисбактериоз шақырады. Әсер ету механизмін түсіндіріңіз және препаратты көрсетіңіз… тетрациклин белок синтезін бұзу
308.Науқас А.35 жаста, жедел пневмониямен 7 күн сульфадемизинмен емделген. Препаратты 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдаған. Емдеу курсынан кейін науқастың жағдайы жақсармаған. Қайталап талдау тапсырған кезінде сезімтал флора бұл препаратқа төзімді болып кеткені анықталды. Препарат қай фармакологиялық топқа немесе топшаға жататынын көрсетіңіз… Сульфаниламидтік препараттар, Резорбтивті әсері үшін қолданылатын препараттар,Әсер ету ұзақтығы орташа(4-6 сағ)
309.Науқас Ж., 18 жаста,жедел пневмониямен 7 күн сульфадемизинмен емделген. Препаратты 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдаған. Емдеу курсынан кейін науқастың жағдайы жақсармаған. Қайталап талдау тапсырған кезінде сезімтал флора бұл препаратқа төзімді болып кеткені анықталды. Препараттың микробқа қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз… бактериостатик, пара аминобензой қышқылының антогонисті,пурин пиримидин синтезін бұзу
310.8 жасар бала ішінің ауырсынуына, тәбетінің нашарлауына, жүрек айнуға, құсуға шағымданды. Қарап тексерген кезде: бозарған, дене салмағы қалыптыдан сәл төмен. Анасының айтуы бойынша, ұл бала жиі есінен танады, басы айналады, кейде ұстама болады. Зертханалыық зерттеуде нәжістен жұмырқұртының жұмыртқасы анықталған. Имидазол туындысынан – препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз және әсер ету механизмін түсіндіріңіз… Мебендозол, альбендозол
311.Туберкулезбен ауыратын науқас көптен бері бірінші топтағы туберкулезге қарсы препараттардың екі препаратын қабылдайды.Соңғы кездері науқас жүйке бойындағы ауырсынуды және сезімталдықтың төмендеуін байқай бастады. Осы жанама әсерді тудыратын препаратты анықтаңыз және оныі топтық тиістілігін көрсетіңіз… Изониазид синтетикалық туберкулезге қарсы зат
312.Науқас Ж., 68 жаста, Туберкулезбен ауыратын науқас көптен бері бірінші топтағы туберкулезге қарсы препараттардың екі препаратын қабылдайды. Соңғы кездері науқас жүйке бойындағы ауырсынуды және сезімталдықтың төмендеуін байқай бастады… Препаратты және оның туберкулез микобактериясына әсер ету механизмін анықтаңыз…


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет