Сабақтың тақырыбы: «Қан топтары. Қан құю. Резус фактор. Агглютинация. Резус конфликт.»



бет1/3
Дата28.03.2024
өлшемі46.85 Kb.
#496786
түріСабақ
  1   2   3
қан топтары


Сабақтың тақырыбы: «Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт.».



Бөлім:

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт.».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Адамдағы 4 қан топтары туралы түсінік қалыптасады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Агглютинация құбылысын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Резус – фактор және Резус – конфликтті ажырата алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
«Жылулық жүректен» Мұғалім оқушылардан ненің даусын естіп тұрсыздар ол мүшеден не тасымалданады?
Жүректеріңіз белсенді соқсын, жүректегі жылулықтарыңыз өшпесін.

Оқушылар жүрек қағысын анықтап, жүректен қан тасылмалданатын айтады.

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.





Үй тапсырмасын пысықтау
7 мин

«Кездейсоқ дөңгелек» әдісі wordwall.net платформасы арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтар беріледі.
1. Иммунитет дегеніміз....
2. Туа пайда болған иммунитет
3. Жүре пайда болған иммунитет
4. Антидене
5. Белсенді жасанды иммунитет
6. Енжар жасанды иммунитет
7. Жасанды және табиғи иммунитет арасында қандай айырмашылық бар.

(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)



.Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады
ҚБ.Мадақтау арқылы бағалау

wordwall.net платформасы

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
5 мин

Балалар не себепті сендерді қан топтарыңа сай топқа топтастырдым деп ойлайсыңдар? Бүгінгі сабаққа қатысы барма?
Оқушылардың қан топтары жайлы жауабы тыңдалып сабақтың тақырыбы ашылады.Сабақтың мақсаттарынмен таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет