Фармакология



бет62/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   200
фармакология кітап

Қолдану көрсеткіштері: грамм (-) флора тудырған ауыр инфекцияларда: бактериемия, септицемия, урогенитальды инфекциялар, тыныс жолдарының, АІЖ-ң жұмсақ ұлпалардың ауыр инфекциялары, остеомиелит, операциядан кейінгі қиындықтар, аурухана ішілік және аралас инфекциялар. Егер қоздырғыштың түрі белгісіз болса, аминогликозидтерді пенициллиндермен немесе цефалоспориндермен қиыстыру қажет.
Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері: І буын препараттарындағыдай. Амикациннің ото және нефротоксикалық әсері басым, тобрамицин мен нетилмицинде нефро- және ототоксикалық әсері гентамицинге қарағанда төмендеу.
Amikacini sulfas – амикацин сульфаты: 5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 0,1; 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, б/е және к/т тамшылатып енгізіледі.
Netilmycini syltas – нетилмицин сульфаты -0,05; 0,15 және 0,2 құрғақ зат флаконда шығарылып, 50-200 мл 0,9 % NaCl ерітіндісін тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізеді.
Аминогликозидтердің ІV буыны: изепамицин (исепацин).
Әсер ету спектрі: жоғарыда көрсетілген микроорганизмдермен қоса ацинетобактерге, цитробактерге, аеромоносқа, морганеллаға, листерияларға және нокардияға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері: ІІІ буын препараттарына ұқсас. Жанама әсерлері мен қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.



  1. Полимиксиндер

Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс, бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттары.
Әсер ету механизмі: микроорганизмдердің цитоплазмасының құрылысы мен қызметін бұзып, бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі тар: грамм (-) таяқшаларға: көкірек таяқшаларға, дизентерия мен ішек таяқшаларына
, іш сүзегі мен паратиф таяқшаларына, холера вибрионына, клебсиеллаға, энтеробактерге, гемофильді таяқшаларға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері: полимиксиндер – терапевті әсерінің кеңдігі аз, жоғары уытты препараттар, сондықтан оларды тек өте қажетті жағдайда қолданады. Емдеу ұзақтығы 5-7 күннен аспауы керек. Полимиксиндер АІЖ-де сіңірілмейді және парентеральды енгізгенде ұлпаларға нашар таралады. Полимиксин М сульфаты іріңді жарақаттарды, күйік және жараларды, іріңді отит пен конъюнктивитті емдеу үшін ерітінді немесе жағылма түрінде жергілікті сыртқа қолданылады. Басқа антибиотиктерге (гастроэнтероколит, жіті және созылмалы дизентерия) сезімталдығы төмен көкірің таяқшалары мен басқа да грамм (-) флора тудырған ауыр ішек инфекцияларында, сонымен бірге операция алдында ішекті санация жасау үшін ішке қолданылады. Полимиксин В және Е сульфаттары көкірің таяқшаларымен, клебсиелламен және энтеробактермен шақырылған сепсисте, пневмонияда, эндокардитте, несеп шығару жолдарының созылмалы ауруларында парентеральды енгізіледі. Жанама әсері: полимиксин М сульфатын ішке және жергілікті қолданғанда жанама әсер байқалмайды. Эпигастра тұсының ауырсынулары, диспепсия, аллергия аз байқалып, суперинфекция болуы мүмкін. Полимиксин В және Е сульфаттары парентеральды енгізгенде флебит, нефро- және нефротоксикалық әсер көрсетуі мүмкін. Қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы және жүктілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет