Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»



Дата09.07.2016
өлшемі11.69 Kb.
#187687
Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы

«Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Фильтрлі сигареттерге (қорап):

ұзындығы таңдалған шамадан 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін қырық теңге мөлшерінде;

ұзындығы таңдалған шамадан 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек бағалар белгіленсін.



2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап жиырма жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет